"Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жөнінде комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 9 наурыздағы № 181 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 1661 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жөнінде комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 9 наурыздағы № 181 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

Боданов                – Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа
Айвар Жиреншіұлы         және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
                         агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының
                         орынбасары (келісім бойынша)
Изатуллин              – «Атамекен» Одағы» Қазақстанның ұлттық
Данияр Қайырбекұлы       экономикалық палатасы» заңды тұлғалар
                         бірлестігінің құқықтық мәселелер жөніндегі
                         басқарушы директоры (келісім бойынша)
Шәйкенова              - Қазақстан қонақүйлер және мейрамханалар
Рашида Рашидқызы         қауымдастығының президенті (келісім бойынша)
Қонысбаев              – Alatau IT City ақпараттық технологиялар
Әмірет Тұяқұлы           паркін дамытуға ықпал ету қауымдастығының
                         президенті (келісім бойынша);
      көрсетілген құрамнан: Дәулет Рымтайұлы Айтжанов, Рүстем Дәулетбекұлы Жаппарбеков шығарылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С. Ахметов