Республикалық маңызы бар Ақдала мемлекеттік табиғи қаумал (ботаникалық) аумағын азайту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 1658 Қаулысы

Қолданыстағы

      «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Республикалық маңызы бар Ақдала мемлекеттік табиғи қаумал (ботаникалық) № 1 учаскесінің аумағы (бұдан әрі – қаумал) 1000 гектарға азайтылсын.
      2. «Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 10 қарашадағы № 1074 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 42, 457-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесінде:
      «Оңтүстік Қазақстан» деген бөлімде:
      реттік нөмірі 101-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

101

Ақдала мемлекеттiк табиғи қаумалы (ботаникалық)

2000

Арыс ауданы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Орман және аңшылық шаруашылығы комитетi

»

       3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                            С. Ахметов