"Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялау мен будандандастыруды жүргізуге, сондай-ақ жаңадан жерсіндірілген жануарларды алып қоюға рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 маусымдағы № 572 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 1646 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялау мен будандандастыруды жүргізуге, сондай-ақ жаңадан жерсіндірілген жануарларды алып қоюға рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 маусымдағы № 572 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 38, 332-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялау мен будандастыруды жүргізуге рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қоса беріліп отырған Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялау мен будандастыруды жүргізуге рұқсаттар беру қағидалары бекітілсін.»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялау мен будандандастыруды жүргізуге, сондай-ақ жаңадан жерсіндірілген жануарларды алып қоюға рұқсаттар беру қағидаларында:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялау мен будандастыруды жүргізуге рұқсаттар беру қағидалары»;
      12 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялау мен будандастыруды жүргізуге рұқсаттар беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 15-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және жануарлар дүниесін пайдаланушыларға сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлардан басқа, жануарлардың мекендеу ортасына жануарларды және олардың будандасқан нысандарын интродукциялауға, реинтродукциялауға, будандастыруға рұқсаттар (бұдан әрі – рұқсат) беру тәртібін айқындайды.
      2. Ерекше қорғалатын аумақтарда жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялау мен будандастыруды жүргізуге рұқсаттар беру Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнамасының талаптарын есепке ала отырып жүзеге асырылады.
      3. Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялау мен будандастыруды жүргізуге және кейіннен жануарларды мекендеу ортасына шығармай-ақ будандастыруды жүргізуге рұқсат талап етілмейді.»;
      5-тармақ алынып тасталсын:
      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «11. Жануарлар дүниесін пайдаланушы рұқсатты ала отырып, онда көрсетілген мерзімде интродукциялауды, реинтродукциялауды немесе будандастыруды жүзеге асырады.
      Рұқсаттың қолданылу мерзімі күнтізбелік бір жылдан аспайды.»;
      14-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялау мен будандастыруды жүргізуден өз еркімен бас тарту;»;
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялау мен будандастыруды жүргізген кезде Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайтуын және пайдалану саласындағы заңнамасының талаптарын бұзу негіз болып табылады.»;
      көрсетілген Қағидалардың 123 және 4-қосымшалары осы қаулының 123 және 4-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 1646 қаулысына   
1-қосымша     

Жануарларды интродукциялауды,
реинтродукциялау мен     
будандастыруды жүргізуге  
рұқсаттар беру қағидаларына
1-қосымша         

_____________________________________________________________________
                  (уәкiлеттi органның толық атауы)
_____________________________________________________________________
   (заңды тұлғаның атауы не жеке тұлғаның (толық) тегi, аты, әкесiнiң
                               аты
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
              (мекенжайы, телефон және факс нөмiрi)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялау мен
будандастыруды жүргiзуге рұқсат беруге өтiнiм

      Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялау мен будандастыруды жүргiзуге (қажеттiсiнiң астын сызыңыз) рұқсат берудi сұраймын.
      Интродукциялауды, реинтродукциялау мен будандастыруды жүргiзудiң мақсаты___________________________________________________
_____________________________________________________________________
Жануар түрi _________________________________________________________
Жануардың саны мен салмағы __________________________________________
      Интродукциялауды, реинтродукциялау мен будандастыруды жүргiзудiң мерзiмi __________________________________________________
Интродукциялауды, реинтродукциялау мен будандастыруды жүргiзетiн аудан _______________________________________________________________

      20 __ жылғы ______                         ____________________
      (өтiнiм берiлген күн)                         (қолы, Т.А.Ә.)

М.О. (заңды тұлға үшiн)

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 1646 қаулысына   
2-қосымша     

Жануарларды интродукциялауды,
реинтродукциялау мен     
будандастыруды жүргізуге  
рұқсаттар беру қағидаларына
2-қосымша         

Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялау мен
будандастыруды жүргiзуге рұқсат
(қажеттiсiнiң астын сызыңыз)

Берiлдi (заңды тұлғаның атауы, жеке тұлғаның, дара кәсiпкердiң Т.А.Ә.)


Интродукциялауды, реинтродукциялау мен будандастыруды жүргiзудiң мақсаты


Рұқсат етiледi (жануардың атауы, саны және т.б.)


Интродукциялауға, реинтродукциялау мен будандастыруға арналған жануарларды аулайтын орындар және оның әдiстерi


Қолданылу мерзiмi


Ерекше шарттар (куәландыратын және басқа да құжаттардың болуы, пайдаланылған және пайдаланылмаған рұқсаттар туралы есептi ұсыну)


Уәкiлеттi органның
      басшысы             ______________________________
                                 (қолы, Т.А.Ә.)

____________________________
   (Орындаушының Т.А.Ә.)

М.О. (уәкiлеттi органның)

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 1646 қаулысына   
3-қосымша     

Жануарларды интродукциялауды,
реинтродукциялау мен     
будандастыруды жүргізуге  
рұқсаттар беру қағидаларына
3-қосымша         

Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялау мен
будандастыруды жүргiзуге рұқсаттар берудi тiркеу журналы

Рұқсат
нөмірі

Пайдалану түрi (жануардың түрi, саны)

Қолданылу мерзiмi

Кiмге берiлдi

Рұқсаттың күнi және
нөмірі

Алушының деректерi (Т.А.Ә., жеке куәлiгiнiң нөмірі )

Алушының қолы

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 1646 қаулысына   
4-қосымша     

Жануарларды интродукциялауды,
реинтродукциялау мен     
будандастыруды жүргізуге  
рұқсаттар беру қағидаларына
4-қосымша         

Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялау мен
будандастыруды жүргiзуге рұқсаттарды пайдалану нәтижелерi
туралы
ЕСЕП

орындалған жұмыстардың атауы


iс-шараларды өткiзу мақсаты


iс-шараларды өткiзу мерзiмi


пайдаланылған жануарлар саны (көлемi)


жүргiзiлген жұмыстардың орны мен әдiстерi


Интродукциялау, реинтродукциялау мен будандастыру жүргiзiлген сыртқы тіршілік ету ортасы жағдайларының көрсеткiштерi


Интродукциялауды, реинтродукциялау мен будандастыруды жүргiзу кезiндегi жануарлардың жай-күйi