"Стратегиялық маңызы бар жер қойнауы учаскелерінің, кен орындарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 қазандағы № 1137 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 1640 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 28 маусымдағы № 389 қаулысымен.

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 28.06.2018 № 389 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Стратегиялық маңызы бар жер қойнауы учаскелерінің, кен орындарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 қазандағы № 1137 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 56, 793-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген стратегиялық маңызы бар жер қойнауы учаскелерінің, кен орындарының тізбесінде:

      реттік нөмірі 129-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

129

Көмірсутек шикізаты

Исатай

Каспий теңізі

с.к. 45037/ ш.ұ. 51030/

с.к. 45052/ ш.ұ. 51030/

с.к. 45052/ ш.ұ. 52000/

с.к. 45045/ ш.ұ. 52000/

с.к. 45045/ ш.ұ. 52015/

с.к. 45037/ ш.ұ. 52015/


      ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 129-1-жолмен толықтырылсын:

      "

129-1

Көмірсутек шикізаты

Шағала

Каспий теңізі

с.к. 46000/ ш.ұ. 52000/

с.к. 46015/ ш.ұ. 52000/

с.к. 46015/ ш.ұ. 52030/

с.к. 46000/ ш.ұ. 52030/


      ".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

С. Ахметов