Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Стратегиялық маңызы бар жер қойнауы учаскелерінің, кен орындарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 қазандағы № 1137 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 56, 793-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген стратегиялық маңызы бар жер қойнауы учаскелерінің, кен орындарының тізбесінде:
реттік нөмірі 129-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
129 |
Көмірсутек шикізаты |
Исатай |
Каспий теңізі |
»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 129-1-жолмен толықтырылсын:
«
129-1 |
Көмірсутек шикізаты |
Шағала |
Каспий теңізі |
».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов