Астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 1635 Қаулысы

Қолданыстағы

      «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметi бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын бiлiктiлiк талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі бекітілсін.
      2. Облыстардың жергілікті атқарушы органдары астық қолхаттарын бере отырып қойма қызметi бойынша қызметтер көрсету жөнiндегi қызметті лицензиялауды жүзеге асыратын лицензиар болып айқындалсын.
      3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) «Астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызмет көрсету жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 қыркүйектегі № 769 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 33, 365-құжат);
      2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесінің кейбір мәселелері туралы» 2004 жылғы 27 сәуірдегі № 470 және «Астықты қабылдау, өлшеу, кептіру, тазалау, сақтау және тиеп жөнелту жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» 2007 жылғы 5 қыркүйектегі № 769 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 ақпандағы № 213 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 33, 428-құжат).
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 1635 қаулысымен   
бекітілген     

Астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметi бойынша қызметтер
көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын
бiлiктiлiк талаптары және оларға сәйкестікті растайтын
құжаттардың тізбесі

Р/с №

Бiлiктiлiк талаптары мыналардың болуын қамтиды

Құжаттар

Ескертпе

1

2

3

4

1

санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы талаптарына жауап беретін меншік құқығындағы астық қоймасы (элеватор, астық қабылдау пункті)

астық қоймасына меншік құқығын және үшінші тұлғалардың міндеттемелері бойынша оған салынған ауыртпалықтың жоқ екенін растайтын жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалған мәмілелерді тіркеу органының заңнамада белгіленген нысан бойынша анықтамасының түпнұсқасы;
санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылық саласындағы органның қорытындысы


2

технологиялық жабдық (астық тазалау машиналары, астық кептіру жабдығы), таразы жабдығы (белгіленген тәртіппен тексерілген), тиеу-түсіру құрылғылары, көтергіш-көлік жабдығы, жылжымалы көлік жабдығы, белсенді желдету жабдығы, астық сақтауға арналған ыдыстар, сақтау кезінде астықтың температурасын және ылғалдылығын бақылауға арналған жабдық, асфальтталған алаңдар


заңды тұлға қызметін жүзеге асыратын жерде тексерілуі тиіс

3

өткізу режимі, аумақтың қоршалуы


заңды тұлға қызметін жүзеге асыратын жер бойынша тексерілуге жатады

4

астық сапасын айқындауға арналған, өлшеулердің жай-күйі бағалаудан өткен және мыналармен:
үлгісін бекіту мақсатында сынақтардан немесе метрологиялық аттестаттаудан өткен, Қазақстан Республикасының мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесінің тізіліміне енгізілген және белгіленген тәртіппен тексерілген зертханалық жабдықпен және аспаптармен (ылғал өлшегіштермен, кептіру шкафтарымен, зертханалық таразылармен, дәнді ұнтақтауға арналған диірмендермен, елеуіштер жиынтығымен, сынама іріктегіштермен, ыдыстармен, ақуыз құрамын дән маңызының құрамы мен сапасын анықтауға арналған құрылғылармен, астықтың бүлінгенін анықтауға арналған оптикалық аспаптармен); астық үлгілерін сақтауға арналған сөрелермен жабдықталған өндірістік-технологиялық зертхана;

зертханадағы өлшеу құралдарының жай-күйі туралы куәліктің көшірмесі, өлшеу құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификаттарының көшірмелері (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған нұсқасы)


5

тиiстi бiлiмi бар (басшылар үшiн – жоғары техникалық, технологиялық немесе агрономиялық бiлiм, мамандар үшiн – ортадан кейінгі (техникалық, технологиялық немесе агрономиялық бiлiм) техникалық басшылар мен мамандардың бiлiктi құрамы

дипломдар көшірмелерін (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған нұсқасы) қоса отырып, өтініш беруші қол қойған және мөрмен бекітілген тегін, атын, әкесінің атын, білімі бойынша мамандығын, лауазымын, мамандығы бойынша жұмыс өтілін қамтитын штат кестесінен үзінді көшірме және жиынтық кесте