Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң «Мемлекеттiк ресурстарға 2012 жылғы егiннiң астығын сатып алу туралы» 2012 жылғы 10 сәуiрдегi № 438 және «Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы» 2012 жылғы 16 тамыздағы № 1055 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 желтоқсандағы № 1622 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1) «Мемлекеттiк ресурстарға 2012 жылғы егiннiң астығын сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 10 сәуірдегі № 438 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 42, 561-құжат):
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Мемлекеттiк ресурстарға 2012 жылғы егiннiң астығын сатып алуды жүзеге асыруға арналған бюджет қаражатының сомасы көктемгi-жазғы қаржыландыру арқылы 6750000000 (алты миллиард жеті жүз елу миллион) теңге мөлшерiнде белгіленсін.»;
      2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 16 тамыздағы № 1055 қаулысында:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiне 2012 жылғы егiннiң астығын қабылдау үшін Ақмола, Қостанай және Солтүстiк Қазақстан облыстарының астық қабылдау кәсiпорындарынан көрсетілген облыстардағы элеваторлық қуаттарды босату мақсатында, неғұрлым бос астық қабылдау кәсiпорындарына «Азық-түлiк келiсiм шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлiк қоғамы Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты, бюджет, меншiктi және тартылған кредит қаражаты есебiнен сатып алған мөлшері 457012,176 (төрт жүз елу жеті мың он екі тонна бір жүз жетпіс алты килограмм) азық-түлiктiк астығының орнын ауыстыру (оның ішінде 2012 жылғы қаңтардан басталған) бойынша шығындарды төлеуге 2012 жылға республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шұғыл шығындарға арналған резервiнен 1745426100 (бір миллиард жеті жүз қырық бес миллион төрт жүз жиырма алты мың бір жүз) теңге сомасында ақшалай қаражат бөлiнсiн.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов