Астана және Алматы агломерацияларын дамыту мәселелері бойынша комиссия құру туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2012 жылғы 19 желтоқсандағы № 1617 Қаулысы

Жаңартылған

      «Өңірлерді дамыту бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 шілдедегі № 862 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда Астана және Алматы агломерацияларын дамыту мәселелері бойынша комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылсын.
      2. Қоса беріліп отырған Комиссия туралы ереже бекітілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                        С. Ахметов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің     
2012 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 1617 қаулысына   
қосымша     

Астана және Алматы агломерацияларын дамыту мәселелері бойынша комиссияның құрамы

      Ескерту. Құрамға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 29.04.2013 № 410 қаулысымен.

Сағынтаев            - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Бақытжан Әбдірұлы      бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасының
                       Өңірлік даму министрі, төраға

Өскенбаев            - Қазақстан Республикасының Өңірлік
Қайырбек Айтбайұлы     даму бірінші вице-министрі, төрағаның
                       орынбасары

Жұманғарин           - Қазақстан Республикасының Өңірлік даму
Серік Мақашұлы         вице-министрі, хатшы

Әбденов              - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты
Серік Сақбалдыұлы      әлеуметтік қорғау министрі

Жәмішев              - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
Болат Бидахметұлы

Жұмағалиев           - Қазақстан Республикасының Көлік және
Асқар Қуанышұлы        коммуникация министрі

Жұмағұлов            - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым
Бақытжан Тұрсынұлы     министрі

Қаппаров             - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны Нұрлан Жамбылұлы       қорғау министрі

Нұрғалиев            - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш
Ерғазы Мейірғалиұлы    агенттігінің жауапты хатшысы

Сафинов              - Қазақстан Республикасы Мұнай және газ
Қанатбек Бейсенбекұлы  министрлігінің жауапты хатшысы

Ашуев                - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі
Айдын Жұмабекұлы       төрағасының орынбасары

Құсайынов            - Қазақстан Республикасының Экономика және
Марат Әпсеметұлы       бюджеттік жоспарлау вице-министрі

Байжүнісов           - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау
Ерік Әбенұлы           вице-министрі

Қырықбаев            - Қазақстан Республикасының Мәдениет және
Арман Оразбайұлы       ақпарат вице-министрі

Шәйжүнісов           - Қазақстан Республикасы Спорт және
Аллен Сержанұлы        дене шынықтыру істері агенттігі
                       төрағасының орынбасары

Петров               - Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар
Валерий Викторович     вице-министрі

Толыбаев             - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы
Марат Еркінұлы         вице-министрі

Тұрғымбаев           - Қазақстан Республикасының Ішкі істер
Ерлан Заманбекұлы      министрінің орынбасары

Аймұхаметов          - Ақмола облысының әкімі
Қосман Қайыртайұлы

Мұсаханов            - Алматы облысының әкімі
Аңсар Тұрсынханұлы

Тасмағамбетов        - Астана қаласының әкімі
Иманғали Нұрғалиұлы

Есімов               - Алматы қаласының әкімі
Ахметжан Смағұлұлы

Әмірин               - «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік»
Асланбек Кемеңгерұлы   акционерлік қоғамының басқарма төрағасының
                       орынбасары (келісім бойынша)

Баймағанбетов        - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару
Батырбек Өтегенұлы     агенттігі «Жер кадастры ғылыми-өндірістік
                       орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны
                       бас директорының орынбасары

Бишімбаев            - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры
Қуандық Уәлиханұлы     акционерлік қоғамының басқарма төрағасының
                       орынбасары (келісім бойынша)

Қизатов              - «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы»
Ермек Әнуарбекұлы      акционерлік қоғамының вице-президенті (келісім
                       бойынша)

Мұқанов              - «Экономикалық зерттеулер институты»
Мақсат Нұрдәулетұлы    акционерлік қоғамының президенті (келісім
                       бойынша)

Мусина               - «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі»
Лилия Сәкенқызы        акционерлік қоғамының басқарма төрағасының
                       орынбасары (келісім бойынша)

Мұсабаев             - «Қазақ ғылыми-зерттеу және
Тұрлыбек Турікпенұлы   жобалау-эксперименталдық сейсмикаға төзімді
                       құрылыс пен сәулет институты» акционерлік
                       қоғамының Астана қаласындағы филиалының
                       директоры (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің        
2012 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 1617 қаулысымен   
бекітілген       

Астана және Алматы агломерацияларын дамыту мәселелері бойынша комиссия туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Астана және Алматы агломерацияларын дамыту мәселелері бойынша комиссия (бұдан әрі – Комиссия) «Өңірлерді дамыту» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылы 26 шілдедегі № 862 қаулысына сәйкес құрылды.
      2. Комиссия Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік кеңесші орган болып табылады.
      3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және Қазақстан Республикасының заңдарын, өзге де нормативтік-құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады

2. Комиссияның міндеттері мен функциялары

      4. Комиссияның негізгі міндеттері:
      1) агломерацияларды дамытудың моделін қалыптастыру жөніндегі мәселелерді қарастыру және ұсыныстар әзірлеу;
      2) республикалық және өңірлік нарықтарда агломерацияларды экономикалық позициялау.
      5. Өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес Комиссияның функциялары:
      1) агломерациялардың әсер ету аймағына кіретін шекаралар мен елді мекендерді (серіктес қалаларды, көршілес қалаларды, кенттерді, ауылдарды қоса алғанда) айқындау;
      2) жерлерге түгендеу жүргізу, агломерацияны дамыту мақсатында аумақтарды резервтеу арқылы ерекше қала құрылысы реттеуін белгілеу (тұрғын үй құрылысы, өнеркәсіптік алаңдар, магистральдық инфрақұрылым, рекреация аймақтары, жасыл және «азық-түлік» белдеулер және басқалар);
      3) озық инновациялық және технологиялық шешiмдердi қолдана отырып (әлемдік үрдістерді ескере отырып) өндірістік, энергетикалық, инженерлік, көліктік, телекоммуникациялық, су шаруашылығы, әлеуметтік-мәдени және рекреациялық инфрақұрылымдарды үйлестіре дамыту жолымен агломерациялар халқының тыныс-тіршілігі үшін қолайлы орта құру (ұзақ мерзімді жоспарлау арқылы);
      4) кластерлік дамуды қамтамасыз ету инфрақұрылымын қалыптастыру, құрылысқа жеке капиталды тарту, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік (МЖӘ) тетіктері арқылы инфрақұрылымдық объектілерді пайдалануды қалыптастыру;
      5) инновациялық технологияларды пайдалана отырып, агломерациялардың инфрақұрылымын үйлестіре дамыту;
      6) әлемдік бизнес үшін олардың тартымдылығын арттыру мақсатында агломерациялардың кәсіпкерлік ахуалын және имиджін жақсарту;
      7) агломерацияларды қалыптастыру кезінде Астана және Алматы қалаларының бәсекелестік басымдықтарын тиімді пайдалану;
      8) астананың, республикалық маңызы бар қаланың және оларға іргелес облыстардың әкімдіктері арасындағы меморандумдардың мазмұны бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

3. Комиссияның құқықтары

      6. Комиссия өз міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру үшін заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) орталық және жергілікті атқарушы органдардан және өзге де ұйымдардан Комиссияның міндеттерін іске асыру үшін қажетті материалдарды сұратуға және алуға;
      2) мемлекеттік органдардың және мемлекеттік ғылыми-зерттеу ұйымдарының мамандарын өңірлердегі ахуалды талдау және зерделеу үшін қажеттілігіне қарай тартуға;
      3) Комиссия отырыстарында Комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдар мен өзге де ұйымдардың өкілдерін тыңдауға құқылы.

4. Комиссия қызметін ұйымдастыру

      7. Комиссия төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, оны отырыстарында төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және оның қызметіне жауапты болады. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын орынбасары орындайды.
      8. Комиссия хатшысы Комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындауды және отырыстан кейін хаттама ресімдеуді жүзеге асырады.
      9. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі комиссияның жұмыс органы болып табылады.
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.04.2013 № 410 қаулысымен.
      10. Комиссияның отырыстары оның мүшелерінің кемінде үштен екісі болған жағдайда, қажеттілігіне қарай, бірақ жарты жылда кемінде бір рет өткізіледі.
      11. Комиссия шешімдері ашық дауыспен қабылданады және егер оларға Комиссия мүшелері жалпы санының көпшілік дауысы берілсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі
      Комиссияның отырыстарын өткізудің нәтижелері бойынша оның барлық мүшелері міндетті түрде қол қоятын хаттама жасалады.

5. Комиссияның қызметін тоқтату

      12. Комиссияның қызметін тоқтату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.