Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Басқарушылар кеңестерiндегі Қазақстан Республикасының өкiлдерiн тағайындау туралы" 2002 жылғы 18 наурыздағы № 323 және "TACIS бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасынан Ұлттық үйлестірушіні тағайындау туралы" 2002 жылғы 27 наурыздағы № 357 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 желтоқсандағы № 1615 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) «Басқарушылар кеңестерiндегі Қазақстан Республикасының өкiлдерiн тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 наурыздағы № 323 қаулысында:
      1-тармақта:
      1) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Басқарушының орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Руслан Ерболатұлы Дәленов;»;
      3) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Басқарушының орынбасары – Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда вице-министрі Абай Мұқашұлы Ескендіров;»;
      4) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Басқарушы – Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі Ерболат Асқарбекұлы Досаев,»;
      5) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Басқарушы – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Өрентайұлы Исекешев,»;
      2) «TACIS бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасынан Ұлттық үйлестірушіні тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 27 наурыздағы № 357 қаулысында:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
       «1. TACIS бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасынан Ұлттық үйлестіруші болып Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі Асқар Ерболатұлы Досаев белгіленсін.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                С. Ахметов