РҚАО-ның ескертпесі!
ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 23 маусымдағы № 52 бұйрығы.
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 69-бабына және «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 84-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарын тұрмыстық техникамен, құрал-жабдықтармен және мүкәммал мүліктермен жабдықтаудың заттай нормалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары тұрмыстық техниканы, құрал-жабдықтарды және мүкәммал мүліктерді сатып алуды кезең-кезеңмен тиісті жылға арналған республикалық бюджеттен бөлінген қаражат шегінде заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С Ахметов