Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай облысының Амангелді және Жангелдин аудандарының аумағында жалпы алаңы 489766 гектар, оның ішінде республикалық маңызы бар Сарықопа мемлекеттік табиғи қаумалы аумағын енгізіп Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің «Алтын Дала» мемлекеттік табиғи резерваты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мекеме) құрылсын.
2. Осы қаулыға қосымша сәйкес жалпы алаңы 489766 гектар, оның ішінде Қостанай облысының Амангелді ауданының аумағында - 133987 гектар және Қостанай облысының Жангелдин ауданының аумағында - 355779 гектар жер учаскелері тұрақты жер пайдалануға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мекемеге берілсін.
Көрсетілген жер учаскелері босалқы жерлер санатынан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлері санатына ауыстырылсын.
3. Қостанай облысының әкімдігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мекеме жерлері төңірегінде күзет аймағын белгілеп, осы аймақ шегінде экологиялық жүйелердің жай-күйіне және оларды қалпына келтіруге келеңсіз әсер ететін кез келген қызметке тыйым салсын және (немесе) шектесін.
4. Мекемені қаржыландыру республикалық бюджетте ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұстауға көзделетін сома есебінен және шегінде республикалық бюджеттен жүзеге асырылады деп белгіленсін.
5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 26 қарашадағы
№ 1496 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және
аңшылық шаруашылығы комитетінің «Алтын Дала» мемлекеттік табиғи
резерваты» мемлекеттік мекемесіне тұрақты жер пайдалануға
берілетін жер учаскелерінің экспликациясы
гектар
Р/с № |
Жер санаттарының атауы |
Жалпы көлемі |
Оның ішінде алқаптар бойынша |
|||||
А/ш алқаптары жиыны |
оның ішінде |
суасты жерлері |
жол астындағы жерлер |
басқалары |
||||
жайылым |
шабындық |
|||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
1. |
Қостанай облысы Жангелдин ауданының босалқы жерлері |
355779,0 |
297879,0 |
293586,0 |
4293,0 |
44554,0 |
486,0 |
12860,0 |
2. |
Қостанай облысы Амангелді ауданының босалқы жерлері |
133987,0 |
121427,0 |
115282,0 |
6145,0 |
360,0 |
600,0 |
11600,0 |
Барлығы: |
489766,0 |
419306,0 |
408868,0 |
10438,0 |
44914,0 |
1086,0 |
24460,0 |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 26 қарашадағы
№ 1496 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 14, 168-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-5-жолмен толықтырылсын:
«21-5. «Алтын Дала» мемлекеттік табиғи резерваты» мемлекеттік мекемесі».
2. «Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 10 қарашадағы № 1074 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 42, 457-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесінде:
«Қостанай облысы» деген бөлімде:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 65-1-жолмен толықтырылсын:
«
65-1 |
«Алтын дала» мемлекеттік табиғи резерваты |
489766 |
Амангелді және Жангелдин аудандары |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті |
»;
реттік нөмірі 68-жол алынып тасталсын.
3. «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
6-бөлімде:
мына:
«
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде: |
11656 |
»;
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде: |
11768 |
»;
мына:
«
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде: |
5645 |
»;
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде: |
5757 |
»;
мына:
«
«Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты |
86 |
»;
деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«
«Алтын Дала» мемлекеттік табиғи резерваты» |
112 |
».