Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 31.10.2015 № 870 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі.
ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м. а. 2015 жылғы 29 мамырдағы № 7-1/498 бұйрығын қараңыз.
«Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 18-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Жануарларды өсіруді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптар бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 13 қарашадағы
№ 1439 қаулысымен
бекітілген
Жануарларды өсіруді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс
объектілеріне қойылатын ветеринариялық
(ветеринариялық-санитариялық) талаптар
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жануарларды өсіруді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптар (бұдан әрі – талаптар) «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 18-1) тармақшасына сәйкес әзірленген, мамандандырылған фермаларда (кешендерде, құс фабрикаларында), бордақылау алаңдарында (бұдан әрі – өндіріс объектісі) жануарларды өсіруді, өткізуді және оларды ішкі сауда объектілерінде (бұдан әрі – жануарларды өткізу объектісі) өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды айқындайды әрі жеке және заңды тұлғалар үшін міндетті болып табылады.
2. Өндіріс объектісін салуға арналған учаскені биік, тегіс, құрғақ, тасқын су мен нөсер жаңбыр суының астында қалмайтын және дауыл желдің өтуінен қорғалған жерде таңдайды.
3. Жаңа өндіріс объектілерін салуға арналған учаскені бұрынғы мал шаруашылығы үй-жайларының, мал қорымдарының, көң қоймаларының және ет өңдейтін кәсіпорындардың орнынан таңдауға жол берілмейді.
4. Өндіріс объектілерінің аумағын елді мекендерден санитариялық-қорғау аймағымен бөледі. Санитариялық-қорғау аймағының көлемі Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес айқындалады.
Адамдар мен жануарлардың бақылаусыз өтіп кетуіне тосқауыл қою үшін өндіріс объектісінің аумағы биіктігі кемінде 2 метр қоршаумен қоршалады, ал жол жүру бөлігі қатты су өтпейтін жол-құрылыс материалымен жабылады.
5. Өндіріс объектісінің аумағында ғимараттар мен құрылыстарды орналастыру функционалдық аймақтау қағидаты бойынша жүзеге асырылады, әрбір аймаққа технологиялық үдерістің ортақтығымен біріктірілген құрылыстар орналастырылады.
6. Өндіріс объектісінің аумағы мынадай аймақтарға бөлінеді:
1) өндірістік немесе негізгі мақсаттағы (А аймағы) – негізгі табынды ұстауға және өнім өндіруге арналған үй-жай, мал туатын бөлім, жаңа туылған төлдерге арналған профилакторий, төлдерді, мал басын толықтыратын табынды ұстауға арналған үй-жай, жануарларды қолдан ұрықтандыратын пункт (құс фабрикаларынан басқа), оқшаулағыш және карантиндік бөлім (басқышы бар үй-жай, жануарларды ветеринариялық өңдеуге арналған шарбақ), жемазық қоспаларын дайындау бойынша азық цехы;
2) қызмет көрсетуші персоналға арналған санитариялық өткізу орны бар ветеринариялық-санитариялық блок (Б аймағы);
3) әкімшілік-шаруашылық (В аймағы);
4) жемазық сақтау (Г аймағы);
5) көңді сақтауға арналған оқшауланған орын (Д аймағы).
7. Өндіріс объектісінің аумағына (аумағынан) барлық кіреберістерде (шығаберістерде) автокөліктің қозғалғыш бөлігін зарарсыздандыруға арналған дезинфекциялық тосқауыл (бұдан әрі – дезинфекциялық тосқауыл) орнатылады. Дезинфекциялық тосқауылдың үстіне екі жағынан қабырғалармен жабылған қалқа орнатылады. Дезинфекциялық тосқауыл жылдың кез келген уақытында жұмыс істеу қалпында ұсталады (қыс кезеңінде жылытуды қамтамасыз етеді немесе төменгі температураларда қатпайтын ерітінділер қосылады).
8. Көң сақтайтын орынды өндірістік ғимараттардың желден ық жағында кешен аумағының сыртында кемінде 60 метр қашықтықта орналастырады.
9. Өндіріс объектісінің кіреберісінің жақын маңына өндіріс объектісі мамандарының жеке көліктерін қоюға арналған алаң жасайды.
10. Технологиялық үдерісті қамтамасыз ету және өндірістік аймақта қызмет көрсету үшін өндіріс объектісінің ішінде қолданылатын арнайы көлік бөлінеді.
11. Жануарларды ұстауға арналған үй-жайларының құрамына мынадай объектілер кіреді:
1) жануарларды (төлдер мен ересек малдарды) ұстауға арналған қоралар;
2) қалқалары, оттықтары, суаратын астаулары, жіктері, басқыштары мен таразысы бар жануарларды жаюды ұйымдастыруға арналған қоршаулы мал жайлары;
3) бір кіреберісі және шығаберісі бар, периметр бойынша қоршалған және арық салынған көңді және сұйық көңді сақтауға арналған алаңша.
12. Карантиндік бөлім және оқшаулағышты бірыңғай блокта орналастырғанда, олардың арасында тамбур жабдықталады, онда жұмысшылардың арнайы киімдеріне (бұдан әрі – арнайы киім) арналған шкафтар, қолжуғыштар, дезинфекциялық ерітінділер бар ыдыстар, аяқкиімдерді дезинфекциялауға арналған дезинфекциялық төсеніштер орнатылады.
13. Мал қоралардың едендері, қабырғалары, оттықтары, сұйық көң жинағыштары мен басқа жабдықтары өндіріс объектісінің ветеринариялық дәрігері жасаған кестеге сәйкес мерзімді жүргізілетін дезинфекция жасауына ыңғайлы материалдардан жасалады.
14. Мал шаруашылығының қора жайларында ағаштан жасалған оттықтар, астаулар және басқа жабдықтардың пайдалануына рұқсат етілмейді.
15. Жануарларды ұстауға арналған үй-жайлар мен қоршалған ашық алаңдарды мерзімімен көңнен тазартып отырады.
16. Әрбір мал шаруашылығы қора үй-жайларының (базаның), жемшөп дайындайтын цехтардың, жемшөп сақтайтын қоймалардың, астық сақтайтын қоймалардың және басқа объектілердің терезелері, есіктері, желдету тесіктері жабайы құстардың ұшып кірмеуі үшін торлы рамалармен жабдықталады.
17. Өндіріс объектілерінің жұмысын жабық үлгідегі кәсіпорындардың қағидаты бойынша ұйымдастырады. Өндіріс объектісінің аумағына бөгде адамдардың, сондай-ақ өндіріс объектісіне тікелей қызмет көрсетумен байланысты емес кез келген көлік түрінің кіруіне рұқсат етілмейді.
18. Өндірістік объектілерге кіреберістегі әкімшілік-шаруашылық және өндірістік аймақтардың қоршауының бойында қызмет көрсетуші персонал мен келіп-кетушілер үшін санитариялық өткізгіш жабдықталады.
19. Оқшауланған үй-жайлардың (секциялардың) 15 см тереңдігіне дейін дезинфекциялық ерітінділермен толтырылған дезинфекциялық астаушалар орнатылады.
20. Санитариялық өткізгіштің құрамында арнайы киімдер мен аяқкиімдерді (бұдан әрі – арнайы киімдер) дезинфекциялауға, жууға және кептіруге арналған бөлме көзделеді.
21. Санитариялық өткізгіштің өтетін жерінде тәулік бойы кезекшілік жасалады.
22. Өндіріс объектісі аумағының сыртқы жағынан да, өндірістік аймағы жағынан да санитариялық өткізгішке кіреберістің алдында дезинфекциялық ерітінділермен ылғалдандырылған аяқкиімді дезинфекциялауға арналған дезинфекциялық тосқауылдар (ысқышы немесе ағаш үгінділері бар кюветтер) орнатылады.
23. Өндірістік объектінің санитариялық өткізгіш бөлмесінде жұмысшылар үйден киіп келген киімдерін және аяқкиімдерін шешіп, үй киімі гардеробында (әр қызметшіге бекітілген шкафта) қалдырады, душ қабылдайды, жұмыс киімдеріне арналған гардеробтан таза зарарсыздандырылған арнайы киім киеді.
24. Өндіріс объектісінен арнайы киімді ауыстырғаннан кейін шығуға рұқсат беріледі.
25. Қосалқы бөлмелерде қолды жуу үшін сабынмен (сұйық сабынмен), щеткамен, дезинфекциялық ерітінділерге арналған ыдыстармен, бір рет пайдаланатын орамалмен немесе электр кептіргіштермен қамтамасыз етілген суық және ыстық су ағатын араластырғышы бар раковиналар орнатылады.
26. Ауыз су мақсатына арнайы су шүмектері орнатылады, ауыз суының температурасы +80 С төмен және +200 С жоғары болмауы тиіс.
27. Өндіріс объектісінің ветеринариялық дәрігерінің рұқсаты бойынша және арнайы киімді ауыстырып кигеннен кейін өндіріс объектісіне бөгде адамдардың енуіне рұқсат етіледі.
28. Қызмет көрсетуші персонал арнайы киімдермен, жабдықтармен, құралдармен және басқа да заттармен қамтамасыз етіледі, олар таңбаланады және бөлімге (цехқа) бекітіледі.
Көрсетілген заттарды бір бөлімнен басқа бөлімдерге зарарсыздандырғаннан кейін беруге рұқсат етіледі.
29. Өндіріс объектісі жеткілікті мөлшерде сумен қамтамасыз етіледі.
30. Өндіріс объектісінің басшылығы тоқсанда кем дегенде бір рет суды қауіпсіздік көрсеткіштеріне зертханалық зерттеулерден өткізіп тұрады.
31. Артезиан ұңғымасы санитариялық-қорғау аймағымен және қоршаумен қамтамасыз етіледі. Санитариялық-қорғау аймағының көлемі Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес айқындалады.
32. Су жинақтаушы ұңғымалар, шахталық құдықтар кәсіпорынның аумағында орналасқан болса, онда оларды мал шаруашылығы үй-жайларынан кемінде 50 метр қашықтықта орналастырады.
33. Компрессорлық қондырғыға, аумақты суландыруға, автомашиналардың сыртын жууға техникалық су пайдаланылады, суды айыру (жинау) нүктелерінде «техникалық су» және «ауыз суы» деген жазулар орнатылады.
34. Шаруашылық-ауыз суы және өртке қарсы мұқтаждықтар үшін суды сақтау үшін кем дегенде екі резервуар орнатылады.
35. 3 айлық төлдерді суаруға температурасы +14-дан +160C-қа дейінгі суды, 6 айдан асқан төлдерге +80С-тан төмен емес суды қолдануға рұқсат беріледі.
36. Жануарларға арналған үй-жайларда жас ерекшелігіне және күтіп ұстау әдісіне байланысты микроклиматтың оңтайлы көрсеткіштері сақталады және оларға жүйелі бақылау жүргізіліп отырады.
37. Оқшауландырылған секциялар мен үй-жайлар оңтайлы ауа алмасуды және жануарлар орналасқан барлық аймақ бойынша таза ауаның біркелкі таралуын қамтамасыз ететін желдеткіш жүйелерімен жабдықталады.
38. 6 айдан асқан жануарларды ұстайтын тор едені бар үй-жайларда көң жиналатын каналдардан ауаны тартатын ауа сорғыш қондырғысы орналатылады.
39. Өндірістің барлық объектілері және өндіріс объектісінің аумағы жеткілікті және біркелкі жарықпен (күндіз – табиғи, түнде – жасанды) қамтамасыз етіледі.
40. Табиғи жарық кезінде терезелердің жалпы көлемі еден көлемінің 30 % құрайтын болуы қажет.
41. Люминесценттік шамдары бар шамдалдар қорғау торымен, ал қыздыру шамдары бар шамдалдар тұтастай қорғау шынысымен қапталады.
42. Мал шаруашылығы үй-жайларында тарту-сору желдеткіші орналастырылады, ал қысқы уақытта сырттан кіретін суық ауа жылытылады.
43. Үй-жайлардың желдетілуі ғимараттардың жылулықты сақтауын, бөлінетін жылу, ылғал мөлшерін, көңді шығару тәсілін, қысқы кезеңде түрлі жастағы мал басы үшін сараланған температуралық-ылғалдылық режиммен және үзіліссіз ауа алмасуымен қамтамасыз етілетін жануарларды ұстау жүйесін есепке алумен қамтамасыз етіледі.
44. Төлді ұстауға арналған ғимараттарда ішкі ауаның барлық басқа қалыпты көрсеткіштері сақталғанда және үй-жайлардың қабырғалары мен төбесінде конденсатты болдырмау шартында ішкі ауаның барынша жоғары салыстырмалы ылғалдылықтың 85 %-ға дейін көтерілуіне рұқсат етіледі.
45. Мал шаруашылығының (жаңа туылған төл үшін) және қосалқы үй-жайлары жылытумен қамтамасыз етіледі.
46. Жылытқыш құралдар құрылысы бойынша тазалауға және жөндеуге ыңғайлы болуы қажет.
47. Карантиндік ғимарат төлдерді бір кезеңде өсіретін үй-жайлармен қатар салынады, оның көлемі мал басының келіп түсу циклограммасына және қозғалысына сәйкес айқындалады, оның құрамына мыналар кіреді:
1) төлді қабылдауға және ветеринариялық-санитариялық өңдеуге арналған бөлім (құс шаруашылықтарынан басқа);
2) ветеринариялық маманға арналған бөлмеден тұратын амбулатория;
3) ветеринариялық дәріхана;
4) дезинфекциялық және жуу заттарына арналған қойма;
5) ингаляторий;
6) жарып-сою бөлмесі;
7) жануарларды өңдеуге арналған бөлме (құс шаруашылықтарынан басқа);
8) жануарларды өңдеудің алдында және одан кейін ұстайтын жинақтау ашықтары (құс шаруашылықтарынан басқа);
9) жануарларды ветеринариялық өңдеуге арналған жіктер және оларды қозғалтпай ұстайтын станоктар (құс шаруашылықтарынан басқа);
10) қосалқы үй-жайлар;
11) жұқпалы емес аурулары бар жануарларды емдеуге арналған стационар (құс шаруашылықтарынан басқа);
12) дезинфекциялық блок;
13) жұмыртқа салатын ыдыстарды дезинфекциялау орны (құс шаруашылықтарына арналған).
48. Мал сою пункті өндіріс объектілерінде салынады (құс шаруашылықтарынан басқа), ол өндіріс объектісі қоршауының бойына орналастырылады, оның құрамына мыналар кіреді:
1) мал союға арналған үй-жайдан тұратын сою бөлімі;
2) тері тұздауға және уақытша сақтауға арналған үй-жай;
3) ұшалар мен субөнімдерді уақытша сақтауға арналған тоңазытқыш камералары;
4) автоклав немесе өліксе өртейтін пеш қойылған пайдаға асыру бөлімі;
5) душ қабылдайтын бөлме;
6) қызмет көрсетуші персоналға арналған қосалқы үй-жай.
49. Мал сою және пайдаға асыру бөлімі жеке кіреберіспен (шығаберіспен) қамтамасыз етіледі. Олардың арасындағы іргелес қабырғада тағамдық мақсатқа жарамсыз конфискаттарды және ұшалар бөліктерін мал сою бөлімінен жіберетін люктың болуы көзделеді.
50. Мал сою орнынан шығатын ағынды сулар өндіріс объектісінің жалпы желісіне шығарардың алдында жеке кәріз құдықтарына жиналады және зарарсыздандырылады.
51. Өндірістік үй-жайлардан ауру жануарларды мал сою пунктіне тасымалдау үшін арнайы көлік құралдары бекітіледі.
52. Жалпы шаруашылық оқшаулағыш болмаған кезде оқшаулағыш жобалауға тапсырма бойынша салынады, оны жертөлесі және өзінің ішкі ауласына шығуға арналған құрылысы бар биіктігі 2 м тұтас дуалмен қоршаған кезде өндіріс объектісінің басқа ветеринариялық объектілерімен бекітуге рұқсат етіледі.
53. Өндіріс объектілеріндегі дезинфекция өндірістің жалпы технологиялық кезеңінің құрамдас бөлігі болып табылады және ол малды көбейту, өсіру және бордақылау технологиясының ерекшеліктерін ескере отырып жасалған жоспар бойынша жүргізеді.
54. Дезинфекциялық жұмыстар жоспарында негізгі өндірістік және қосалқы үй-жайларды, көлік құралдары мен басқа объектілерді дезинфекциялауды жүргізу мерзімдері, әдістері мен режимдері, сондай-ақ дезинфекциялау және жуу заттарына, дезинфекциялау және жуу техникасына қажеттілік, дезинфекция сапасын бақылау тәсілдері қарастырылады.
55. Үй-жайларды және басқа объектілерді дезинфекциялау алдында дезинфекциялауға жататын үстіңгі жерлерге міндетті түрде мұқият механикалық тазарту жүргізіледі.
56. Мұқият механикалық тазарту деп үстіңгі беті материалының құрылымы мен түсі анық көрінетін және көзбен қарағанда тазалау үшін қиын қол жетпейтін жерлердің өзінде көңнің, азықтың және басқа ластанулардың түйіршіктері көрінбейтін тазарту дәрежесі түсініледі.
57. Өндіріс объектісінің немесе оның бірінші кезегінің құрылысын салу, жабдықтарды баптау және іске қосу толық аяқталғаннан кейін өнеркәсіптік аймақтың аумағында орналасқан барлық ғимараттарға және құрылыстарға механикалық тазарту және іске қосар алдындағы дезинфекция жүргізіледі.
58. Мал шаруашылығы үй-жайларын пайдалану үдерісінде төлдерді ұстауға арналған жеке үй-жайларға дезинфекция жүргізуді тиісті технологиялық циклдерді аяқтағаннан және жануарлардан босатқаннан кейін жүргізеді.
59. Ересек жануарлар тұруға арналған орынды айына 1 рет және әрбір рет жануарларға сұрыптама жүргізілгеннен кейін, жаңа жануарларды қояр алдында жүргізеді.
60. Жемазықтарды таратуға арналған жабдықтар мен құралдар әрбір азықтандырудан кейін қоқыстан мұқият тазартылады және аптасына 1 рет дезинфекцияланады.
61. Жұқпалы аурулар пайда болған жағдайда өндіріс объектісінде дезинфекция жүргізіледі.
62. Өндіріс объектілерін тышқан тәріздес кеміргіштерден қорғау барлық өндірістік және қосалқы ғимараттарда және қоршаған санитариялық-қорғау аймағының 3 км радиусында үнемі жүзеге асырылып отырады.
63. Кеміргіштермен күресу үшін дератизацияның түрлі тәсілдері: тамақ және су қармақ жемдер, тозаңдату және улы көбіктер қолданылады.
64. Кеміргіштерді жойғанда бақылау күнде немесе күнара, ал алдын ала жойғанда - он күн сайын жүзеге асырылады.
65. Өндіріс объектісінің әкімшілігі айына бір рет үй-жайларға профилактикалық дезинфекция жүргізумен санитариялық күн өткізеді.
66. Көңді және бөкпені тасымалдауға арналған көлік күн сайын мұқият тазартылады, жуылады және дезинфекцияланады.
67. Жануарларды (құстарды) жасына және өнімділігіне сәйкес келетін рациондар бойынша сапалы, толымды жемшөптермен азықтандырады.
68. Әкелінген жемшөптердің сапасы міндетті түрде аккредиттелген ветеринариялық зертханаларда тексеріледі, қажет болған жағдайда (осы жемшөппен азықтандырылған жануарлар (құстар) ауырған кезде) жемшөптер республикалық ветеринариялық зертхананың облыстық филиалдарына жіберіледі, ол үшін қолданыстағы қағидаларға сәйкес құрама азықтың, мал жемінің және басқа жемшөптердің әрбір партиясынан сынамалар алынады.
69. Құрама азықтың, мал жемінің келіп түскен әрбір партиясынан орташа сынамалар алынады, олар 1,5 ай бойы +120С аспайтын температурада жабық түрде сақталады. Егер көрсетілген мерзім өткеннен кейін осы жемшөптерден жануарларда (құстарда) ауру шықпаса, орташа сынамалар жойылады.
70. Жануарларды азықтандыру рациондарын олардың қоректендіру заттарға, минералды тұздарға және дәрумендерге қажеттілігін толық қанағаттандыратындай етіп құрастырады. Олардан ауытқу болған жағдайда, рациондарды жетіспейтін дәрумендермен, макро- және микроэлементтермен толықтыру бойынша шаралар қолданылады.
71. Сүрлемдік-пішендік рациондарда азық қоспаларына олардың жемшөптерде болуын ескерумен фосфор-кальций минералды үстемелерін және «Д» дәруменін қосымша қосады.
72. Жануарлар мен құстарды шаруашылық жүргізу субъектілерден тікелей өткізу (сату) алдында мынадай ветеринариялық іс-шараларды өткізеді:
1) өткізілетін жануарлар жалпы табыннан бөлініп, оларды суаруды және азықтандыруды ұйымдастырумен оқшау орналастырылады;
2) індетке қарсы іс-шаралардың жоспарына сәйкес диагностикалық зерттеулер жүргізіледі және жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы профилактикалық егулер жасалады;
3) іріктеп термометрия жүргізумен жануарларды күнделікті ветеринариялық қарап-тексеру жүзеге асырылады;
4) жүргізілген барлық ветеринариялық іс-шаралар арнайы есеп беру журналында тіркеледі;
5) ветеринариялық-санитариялық іс-шараларға ветеринариялық іс-шаралардың түрі көрсетілген акт жасалады.
2. Жануарларды өсірумен айналысатын өндіріс объектілеріне
қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптар
1. Шошқаларды өсірумен айналысатын объектілерге қойылатын
ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптар
73. Асыл тұқымды, тауарлық, репродукторлық және бордақыланатын шошқаларды ұстайтын өндіріс объектілерінде мынадай талаптардың сақталуын қамтамасыз ететін технология қолданылады:
1) технологиялық үдерісті репродукция учаскелерінен бордақылау цехына бағыттау;
2) торайлау учаскесінде 30 бас аналық шошқадан, бағып өсіру цехында – 300 торайдан аспайтын санмен шошқаларға арналған үй-жайларды оқшауланған секцияларға бөлу;
3) өндірістік ғимараттардың жануарлардың жас және физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес мамандандынуы;
4) аналық шошқалардың торайлануына және торайларды бағып өсіруге, шошқа басын толықтыратын төл өсіруге және жануарларды бордақылауға арналған үй-жайларды (секцияларды) «бәрі бос емес - бәрі бос» қағидаты бойынша пайдалану. Басқа үй-жайларда жекелеген топтық станоктарды немесе жеке станоктар топтарын оларда жаңа жануарларды орналастырудың алдында жануарлардан босауына қарай кезек-кезекпен өткізу, тазалау, санитариялық жөндеу және дезинфекциялау мүмкіндігі қамтамасыз етіледі;
5) өндірістің технологиялық циклдері арасында санитариялық үзілістің ұзақтығы бес тәуліктен кем болмайды;
6) бастапқыда құрылған әрбір торайлар тобының құрамын кейінгі өндіріс сатыларында: шошқа басын толықтыратын бағып өсіру, өсіру және бордақылау кезінде жеке өндірістік бірлік ретінде сақтау.
74. Асыл тұқымды өндіріс объектілері мен асыл тұқымды репродукторлардағы барлық шошқа басына, сондай-ақ өндіруші қабандар, буаздығы мен қысырлығы анықталған шошқа басын толықтыратын ұрғашы төлдерді (топпен ұстағанда) тауарлық өндіріс объектілері мен өнеркәсіптік үлгідегі кешендерде бос ұстау жүйесі қарастырылады.
75. Ғимараттың ішінде шошқаларды топтық және жеке станоктарда орналастырады.
76. Шошқаларды топтық станоктарға және секцияларға жинақтау мынадай талаптарға сәйкес жүргізіледі:
1) буаздығы анықталған аналықтарды ұрықтанған уақыты 1-3 күнге дейінгі айырмашылықпен топтық станоктарға біріктіріледі;
2) топтағы бордақыланатын шошқалардың, шошқа басын толықтыратын және аналықтан бөлінген төлдердің жастарының айырмашылығы 3 күннен аспауы керек.
77. Барлық шошқалар топтарын азықтандыру станоктарда жүзеге асырылады. Азықтандыру үшін сапалы, құнарлы, минералдық қоспалар және дәрумен заттар бойынша теңестірілген құрғақ жемазықтар: концентраттар, шөп ұны, картоп, қызылша және басқа азықтардан тұратын ылғалды жемазық қоспалары (ылғалдылығы 60-75 %), кептірілген түйіршіктелген немесе шашыраңқы құрама жемазық (оттықта ылғалдандырумен) немесе алдын ала суға араластырылған (судың массасының құрама жемге қатынасы 3:1 аспайды) құрама жемазық пайдаланылады.
78. Тамақ қалдықтарын бордақыланатын шошқаларға азық ретінде пайдаланар алдында арнайы қазандарда кем дегенде +1000С температурада және 2 сағат экспозицияда зарарсыздандырудан өткізеді.
79. Шошқаларды азықтандыруға келіп түсетін барлық сүт өнімдері, сүт өңдеу кәсіпорындарында термиялық өңдеуден өткеніне қарамастан, тікелей өндіріс объектісінде қайнатылуға жатады.
80. Ылғалдау тәсілімен азықтандырғанда оттықтар, автосуарғыштар, жемөткізгіш, азық таратқыштар әрбір азықтандырғаннан кейін азық қалдықтарынан және ластанулардан тазартылып, жылы сумен жуылады.
81. Шошқаларды оңтайлы ұстауға жағдай жасау, олардың аяқ-қолдарының жарақаттануының алдын алу үшін үй-жайлардың едендері тайғанақ емес, жылуды аз өткізетін, су өткізбейтін, қажалуға және дезинфекциялық заттардың әсеріне берік болатындай жасалады.
82. Топтық станоктардағы еденнің еңістігі көң каналы жағына қарай 5 %-ды құрайды. Шошқалар үшін (екі айлық жасқа дейінгі торайлардан басқа) саңылаулы (торлы) темірбетонды едендерді салғанда, планканың ені: аналықтан бөлінген төлдер, шошқа басын толықтыратын және бордақыланатын шошқа басына - 40-50 миллиметр, қабандар мен мегежіндер үшін - 70 миллиметр, планкалардың арасындағы саңылаудың ені тиісінше 20-22 және 26 миллиметр етіп алынады.
83. Аталған топтағы жануарлар үшін басқа материалдан жасалған едендерде планкалар арасындағы саңылаулардың ені 20 миллиметр мен планкалардың ені 35-40 миллиметрге дейін азайтылады.
84. Репродукция цехында аналық шошқа торайлаған кезде шуын және өлі туған төлді жинау үшін ылғал өткізбейтін ыдыстар қойылады. Тәулігіне екі рет (таңертең және кешке) осы ыдыстарды мал сою пунктінің кәдеге жарату бөлімшесіне немесе ет-сүйек ұнын өндіру үшін шикізат жинау пунктіне шығарады. Ыдыс босатылғаннан кейін оларды мұқият жуып, дезинфекциялайды және репродукция цехына қайтарады.
85. Шошқалар басының зат алмасу жай-күйін бақылау үшін өндірістің әрбір технологиялық учаскесінде жануарларды диспансеризациялау жүйесі жүзеге асырылады. Аналық шошқаны диспансеризациялауды екінші рет төлдегеннен кейін жүзеге асырады. Бұл ретте клиникалық, гематологиялық, иммунологиялық зерттеулер емізу кезеңінің жиырма алтыншы күнінен бастап жүргізіледі. Өндіруші қабандардың қанын, күпектің жуындысын және ұрығын тексереді. Зерттеу нәтижелерінің негізінде зат алмасудың бұзылуын емдеуге және алдын алуға, шошқа организмінің табиғи резистенттілігін көтеруге бағытталған іс-шаралар кешені жүргізіледі.
86. Шошқаларға арналған үй-жайларда жас топтарына, ұстау тәсілдеріне қатысты үнемі бақыланатын микроклиматтың оңтайлы көрсеткіштері сақталады.
87. Шошқаларды ұстауға арналған үй-жайлар (оқшауланған секциялар) қалыпты температуралық-ылғалдық көрсеткіштерді және ауадағы зиянды газдардың концентрациясын ұстап тұру үшін қажетті ауа айналымын қамтамасыз ететін желдетумен жарақтандырылады. Үй-жайларда жұмыс істеп тұрған жылыту желдету жабдығының шуының деңгейі 60 дБ аспауы тиіс.
88. Микроклиматтың қалыпты көрсеткіштерін ұстап тұру үшін суық кезеңде үй-жайларға ауаның келуі 1 центнер шошқаның тірі салмағына кемінде 130 шаршы метр/сағат, ауыспалы және жылы кезеңдерде 1 центнер тірі салмаққа 145 және 60 шаршы метр/сағат көлемінде қамтамасыз етіледі.
89. Шошқаларға арналған үй-жайлардың ішкі ауасының температурасы мен салыстырмалы ылғалдылығының нормалары осы талаптарға 1-қосымшаға сәйкес белгіленеді.
90. Шошқаларды ұстауға арналған үй-жайлардың ауасындағы көмірқышқылының шекті концентрациясы 0,2 % (көлемдік), аммиак 20 мг/шаршы метр, күкіртті сутегі 10 мг/шаршы метрді құрайды.
91. Ауаның нормативтік параметрлері шошқаларды орналастыруға арналған аймақта, яғни шошқалар ұсталатын еденнің немесе алаңның деңгейінен биіктігі 1 метрге дейін кеңістігінде қамтамасыз етіледі.
92. Емізетін аналықтарға арналған станоктардағы еметін торайларды жылыту үшін арнайы жергілікті жылыту жүйесі (еденді жылыту, сәулелі жылыту) орнатылады.
93. Бір станоктағы еденнің жылытылатын ауданы 1,0-ден 1,5 шаршы метр, ал жылытылатын еденнің үстіңгі бетінің температурасы торайларды аналықтардан бөлуге қарай оны біртіндеп + 220С-қа төмендетумен + 300С (±2) қабылданады.
94. Шошқаларды ұстауға арналған үй-жайлардағы ауа қозғалысының нормалары осы талаптарға 2-қосымшаға сәйкес белгіленеді.
2. Мүйізді ірі қара малды өсірумен айналысатын өндіріс
объектілеріне қойылатын ветеринариялық
(ветеринариялық-санитариялық) талаптар
95. Мүйізді ірі қара малды өсіру жөніндегі кәсіпорынды орналастыруға арналған аумақ «Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының бас жобасы» Н-97-76 ҚНжЕ, өртке қарсы талаптарды, ветеринариялық-санитариялық қағидаларды және қоршаған ортаны қорғау талаптарын ескерумен таңдалады.
96. Мүйізді ірі қара малды бордақылау алаңдарын елді мекендерге қатысты басқын желдердің ық жағына, ең тиімдісі жалпы еңістігі 4–60 болумен оңтүстік және оңтүстік батыс беткейлеріне орналастырады. Сонымен қатар, әр ашықтың мал оттықтарынан және демалу орындарынан 2–30 еңіс болуы тиіс.
97. Мүйізді ірі қара мал өсірумен айналысатын кәсіпорындар мен басқа ауылшаруашылық кәсіпорындары мен жекелеген объектілер арасындағы зооветеринариялық қашықтықтар осы талаптарға 3-қосымшаға сәйкес белгіленеді.
98. Жануарлар климат жағдайларына байланысты үй-жайларда және қалқа астындағы ашықтарда ұсталады.
99. Мүйізді ірі қара малдарға арналған жайылу-азықтандыру алаңдары аудандарының нормалары осы талаптарға 4-қосымшаға сәйкес белгіленеді.
100. Ашық және жартылай ашық үлгідегі алаңдар маусымдық және жыл бойы пайдаланатын болып бөлінеді.
101. Маусымды алаңдар жылдың жылы кезеңінде қолданылады, оларды пайдалану мерзімі ауданның және құрылыстың климаттық жағдайына байланысты болады және әрбір нақты жағдайда жобалауға арналған тапсырмамен айқындалады.
102. Барлық маусымдық алаңдар оттықтармен, суарғыштармен және қажет болған жағдайда көлеңке беретін қалқалармен және минералды қоректендіру үшін астаулармен жабдықталған малға арналған секциялар (айдамдарды) құрумен ашық болып жобаланады.
103. Жануарларды азықтандыруға арналған оттықтардың көлемдері осы талаптарға 5-қосымшаға сәйкес белгіленеді.
104. Жыл бойы қолданылатын алаңдарды оңтүстік және қоңыржай климаты бар аймақтарда салады. Есептік қысқы температурасы минус 200C дейінгі аудандарда алаңдар қалқалармен және желден қорғау құрылғыларымен (желдің бағытын өзгертетін қалқандар, ықтар, тал өсіру) жабдықталады, ал есептік қысқы температурасы минус 200C төмен болатын аудандарда – үш қабырғалы қалқалармен немесе мал еркін шыға беретін жеңіл жабық үй-жайлармен жабдықталады.
105. Малдарды ашық және жартылай ашық үлгідегі алаңдарда ұстаған кезде жануарларды азықтандыру бір басқа шаққанда кем дегенде 0,28 м азықтандыру фронтымен жайылу-азықтандыру аулаларында жүргізіледі.
106. Жануарлар жылдың қысқы кезеңдерінде суды жылытумен топтық үлгілік суарғыштардан суарылады.
107. Алаңдар нөсерлік кәріз жүйесімен жабдықталады, жануарлар терең ауыстырылмайтын төсемдерде ұсталады.
108. Өндіріс объектілерінде табынды жинақтау белгіленген нысандағы ветеринариялық сертификатпен (ветеринариялық анықтамамен) куәландырылатын жануарлардың жұқпалы және инвазиялық аурулары бойынша қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектілердің рұқсат етіледі.
109. Тасымалдауға іріктеліп алынған төлдер тасымалдаудың адында эпизоотиялық жағдайға сәйкес алдын ала қолданыстағы нұсқаулықтар мен нұсқамаларға сәйкес ірі қара мал төлінің жұқпалы ауруларына қарсы егіледі. Сол кезеңде 5-8 күндік жануарларды жіберу үшін таңдалған өнім беруші шаруашылықтарда жылдың көктемгі және күзгі кезеңдерінде жәндіктер ұшуы басталғанға дейін және аяқталғаннан кейін химиялық немесе термиялық тәсілмен зарарсыздандырады. Аталған жұмыстарды өнім беруші шаруашылықтың ветеринариялық дәрігерлері орындайды.
110. Өндіріс объектілеріне әкелінуге жататын жануарларды іріктеп алу және қабылдауды өндіріс объектісінің ветеринариялық дәрігері тікелей өнім беруші шаруашылықтың аумағында жүргізеді. Әрбір жануар клиникалық қарап-тексеріледі және оның дене қызуы өлшенеді. Әлсіз, жетілмеген, ауру белгілері (жөтел, мұрын қуысынан маңқасы аққан, дене қызуы жоғары) бар, сондай-ақ көзге көрінетін экстерьерлік кемістіктері бар жануарлар өндіріс объектісін толықтыруға жіберілмейді.
111. Жануарлар өндіріс объектісінің арнайы жабдықталған көлігімен тасымалданады.
112. Жануарларды тасымалдауға арналған автокөліктің шанағы жылу жібермейтін материалдармен жабылады және тиімді мәжбүрлі желдетумен қамтамасыз етіледі. Жылдың суық кезеңдерінде ішке кіретін ауа жылытылады.
113. Қысқы уақыт кезеңінде машина шанағында микроклиматтың мынадай көрсеткіштері ұсталып тұрады: ауаның температурасы - + 15-160C, ылғалдылығы 70 %, ауаның қозғалыс жылдамдығы - 0,1-0,2 м/с, ол автомашинаның кабинасында орнатылған арнайы датчиктермен бақыланады.
114. Автомобиль шанағының еденін су өтпейтін және жуу мен дезинфекциялау кезінде ластанулардан тез тазаратын материалмен жабдықтайды. Бұзауларды тиер алдында, шанақтың еденіне сабан немесе жануарлардың тайғанауы мен жарақаттануына бөгет жасайтын басқа төсем төселеді. Төсем ретінде қолданылатын ағаштың үгіндісін сабанмен араластырып пайдаланады. Тасымалдау кезінде жануарлардың жарақаттануын болдырмау үшін автомашина шанағының ішінде шығып тұрған болттар мен басқа да өткір заттарды алып тастау керек.
115. Тасымалдау кезінде салмағы 40-80 кг бір бұзауға ең аз ауданы 0,4-0,75 шаршы метрді құрайды.
116. Әрбір рейстен кейін көлік құралдары тазалануға және дезинфекциялануға жатады.
117. Жануарларды кешенге қабылдауды бұзауларды қабылдайтын бөлімде өткізеді.
118. Бұзауларды қабылдайтын бөлімде барлық жануарларды міндетті түрде дене қызуын өлшеумен және санитариялық өңдеумен клиникалық тексеріп қарайды, бұл ретте жануарлардың жүнін 1 % хлорофоспен сәл ылғалдандырылған арнайы щеткамен тазалайды, кірлеген жерлерін жылы сумен жуады, тұяқтарын көңнен тазалап, профилактикалық мақсатта қолда бар дезинфекциялық құралдардың бірімен өңдейді. Ауру немесе ауруға күдікті, сондай-ақ дене қызуы жоғары жануарлар оқшаулауға жатады.
119. Жылдың суық кездерінде бұзауларды құрғатылған және жылытылған секцияларда орналастырады.
120. Карантин кезінде өндіріс объектісінің ветеринариялық дәрігерінің рұқсатынсыз орын ауыстыруға (жануарларды басқа үй-жайларға, сондай-ақ карантиндік үй-жайдың басқа секцияларына ауыстыру) жол берілмейді.
121. Жануарлардың жаңа тобымен әрбір толықтыру алдында секцияны санациялау (механиқалық тазалау, дезинфекциялау) өткізіледі.
122. Санациядан соң профилактикалық үзіліс кем дегенде 5 тәулік болуы тиіс. Аталған іс-шараларды орындау «бәрі бос - бәрі бос емес» қағидаттарының орындалуын қамтамасыз етеді, оны жануарларды ұстаудың барлық кезеңдерінде сақтау керек.
123. Үй-жайлар топтық ультракүлгінді (УК) сәулелеу қондырғыларымен жабдықталады.
124. 2 сағаттық демалыстан кейін әкелінген бұзауларға сүт немесе қаймағы алынбаған сүт алмастырғышын (бұдан әрі - ҚСА) береді. Автосуарғыштарды бұзауларды қабылдағаннан соң 5-7 сағаттан кейін іске қосады.
125. Бұзаулар кешенге әкелінген соң 65 күн бойы қайтадан қалпына келтірілген сүтпен немесе ҚСА-мен қоректендіріледі.
126. Азықтандыру алдында сүт температурасы 30-400C қоспаны жасау үшін ауыз су сапасындағы суық сумен керек мөлшерге дейін араластырылады.
127. ҚСА тарату желісі жабық жүйе болуы тиіс: сольвилат - құбыр - сольвилат. Сонымен қатар, желінің құрамына бұзауларға сүт беретін шелектер, шлангілер, мөлшерлеп құятын пистолеттер кіру керек.
128. Бұзауларды әрбір тамақтандырғаннан кейін құбыр мен сольвилатты сүттің қалдықтары толық кеткенге дейін 3-4 минут бойы жылы (25-300C) сумен жуады, одан кейін құбырды 5-7 атмосфералық қысыммен ыстық (650C кем емес) сумен жуады және келесі қоректендіруге дейін ыстық суды толтырып қалдырады. Бұзауларды тамақтандырудың алдында суды құбырдан шығарады және 3-4 минут бойы ағынды әдіспен ыстық сумен жылытады. Сүт шүмектерін күн сайын бөлшектейді (алдындағы тамақтандырғаннан кейін) және жылы 0,5 пайыздық жуу ертіндісімен ысқышпен жуады, сумен шайып, құбырға құрастырады.
129. Он күнде бір рет ҚСА тарату желісін жуады және дезинфекциялайды.
130. Бұзауларды тамақтандырғаннан кейін сүт қалдықтарын жою үшін шелектерді жылы сумен шаяды, одан кейін жуғыш құралдардың жылы ерітіндісімен щеткамен жуады және қысыммен келген ыстық сумен (650C) 1 минут бойы шаяды.
131. Шлангілер мен пистолетті құбырлар жүйесімен бірге ағынды әдіспен жылы сумен жуып-шаяды, одан кейін оны құбырдан ағытып, жылы 0,5 пайыздық жуғыш ерітіндімен ваннада жуады, пистолетті ысқышпен тазалайды да содан кейін ыстық (650C) сумен жуып-шаяды және кептіру үшін кронштейндерге іліп қояды.
132. Бұзауларды қайта қалпына келтірілген сүтпен тамақтандырудың алдында шлангіні пистолетпен бірге ҚСА-ны тарату желісіне құрастырады және сонымен бірге қыздырады.
133. ҚСА-ны тарату желісінің санитариялық жай-күйін тексеру кезінде сольвилаттың, құбырдың, сүт шлангілерінің, пистолеттердің және шелектердің жай-күйіне назар аударады, оларды кешкі санитариялық өңдегеннен кейін күнде қарап-тексереді.
134. Құбырды қарап-тексеруді мақтадан жасалған тығындар арқылы жүргізеді, олармен келесі бөлшектер мен топтардың ішкі жақтарын сүртеді:
1) құбырдардың ішкі қабырғалары;
2) құбырлардың муфталармен жалғанған жерлері;
3) сүт шлангілері;
4) шелектер.
135. Жасы үлкенірек жануарлар тұратын үй-жайлардың ішіндегі оттықтарды, жемшөп беретін алаңдарды, жемазық таратқыштарды күн сайын жемазық қалдықтарынан және ластанулардан тазалау керек.
136. Ірі қара малдарды өсірумен және бордақылаумен айналысатын өндіріс объектілерінде мынадай талаптарды сақтауды қамтамасыз ететін технология қолданылады:
1) қолайлы шаруашылықтардан бір жастағы жануарлармен қатаң кестеге сәйкес өндіріс объектілерін жыл бойы біркелкі толықтыру;
2) жас ерекшелігіне сәйкес жануарларды әкелуден өткізгенге дейінгі кезеңдерде жануарларды бағып-ұстау циклінің бөлшектенуі;
3) жануарларға арналған үй-жайларды бөлек секцияларға бөлу;
4) белгілі бір бағып-ұстау кезеңіне дейін төлдерді ұстауға арналған үй-жайлардың мамандануы;
5) жануарлардың бастапқы құрылған тобын өсірудің барлық кезеңдерінде жеке өндірістік бірлік ретінде сақтау.
137. Етті тұқымды құнажындарды өсірумен айналысатын өндіріс объектілерінде байлаудағы кезде де, жазғы жайлаудағы кезде де жеңілдетілген құрылымдардан салынған жылытылмайтын үй-жайларда еркін жайылып жүріп ұстауды қарастыру қажет. Төлдерді азықтандыру және суару қатты жабындымен жабылған, қалқалармен, сондай-ақ желден және қардан қорғау қоршауларымен жабдықталған жайылу-азықтандыру аулаларында жүргізеді.
138. Түрлі мақсаттағы барлық кешендерде байламай ұстаған кезде бұзауларды топтармен келесі секцияларда орналастырылады:
1) төсенішсіз тор еденде міндетті түрде сенімді жылу жібермейтін едені бар жеке бокстарда;
2) жануарлар жататын алмастырылатын жылы төсемі немесе жылытылатын демалыс орындары бар бірыңғай еденде.
139. Малдың басын толықтыратын төл байлаусыз ұсталғанда, міндетті түрде жеке бокстарды құрумен қалың төсемде немесе жылытылған тор еденде топтармен секцияларда орналастырылады.
140. Жануарларды өсірудің немесе бордақылаудың кезекті технологиялық кезеңі аяқталғанда, оларды басқа үй-жайларға немесе секцияларға ауыстыру өндіріс объектісінің ветеринариялық дәрігерінің рұқсатымен ғана жүргізіледі.
141. 6 айдан ересек жануарларға арналған планканың рұқсат етілетін ені - 100-120 миллиметр, саңылаулар ені - 40-45 миллиметр. Торлардың орналасуы жануарларды азықтандыру бағытына қатысты перпендикуляр болуы тиіс.
142. Технологиялық іс-шаралар жоспарында ересек жануарлардың тұяқтарын мерзімді қарау, жануарлар топтарын емдеу ерітінділерімен толтырылған профилактикалық ванналардан өткізу жолымен профилактикалық өңдеу, сондай-ақ тұяқтарды уақытында тазалау және қию көзделеді.
143. Жануарларда зат алмасу жай-күйін бақылау үшін олар әкелінген кезде және бір жас тобынан екінші топқа әрбір технологиялық ауыстырылған кезде мал басын диспансеризациялау жүйесі және жануарлардың бақылау топтарын ай сайын клиникалық-зертханалық зерттеу өткізіледі. Әр топты зертханалық зерттеу нәтижелері нормативтермен және алдағы зерттеу деңгейімен салыстырылады.
144. Анықталған өзгерістер мен бұзушылықтар технологияны тиісті түзету және емдеу-алдын алу іс-шараларын өткізуге негіз болады.
145. Жазғы кезеңде үш айдан асқан жануарларды кешеннің (өндіріс объектісінің) айналасында 2 километр радиусындағы жерлерде арнайы жасалған суармалы, дақылды немесе табиғи жайылымдарда жаяды. Жануарлар жайылған кезде оларды суару жылжымалы автосуарғыштар арқылы ұңғымалардан немесе артезиан құдықтарынан алынған сумен жүзеге асырылады. Бұзаулар жайылатын жерлерде көңді, жуынды суларды төгуге, сондай-ақ басқа жануарларды жайылуына тыйым салынады.
146. Ірі қара мал төлдерін бағып күткенде жоғарыдағы көрсетілген шаралардан басқа, аталған аймаққа тән паразитарлық ауруларға, сондай-ақ қан паразитарлық ауруларға қарсы алдын-алу шаралары, бөгелектер мен қансорғыш жәндіктерге қарсы күрес жүргізіледі.
147. Өндіріс объектісіне әкелінетін жануарлар қажет болған кезде ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жоспарына сәйкес отыз күндік жасында теміреткіге, тыныс органдары ауруына қарсы толық егілуге жатады.
148. Жануарлар өсіру барысында сібір жарасына қарсы вакцинаны қолдану нұсқаулығында көрсетілген мерзімдерде оған қарсы міндетті түрде иммунитеттендіріледі.
149. Эпизоотияға қарсы іс-шаралар жоспарына сәйкес және эпизоотиялық жағдайға байланысты барлық қажетті диагностикалық зерттеулерді, егулер мен өңдеулерді жүргізеді.
3. Құс өсірумен айналысатын объектілерге қойылатын
ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптар
150. Құс фабрикасының құрылысын жобалағанда, шаруашылық ішіндегі жол желісінің жоспарлануы құстың саңғырығын, инкубация қалдықтарын, құс өлекселерін және санитариялық блоктағы құстарды тасымалдайтын жолдардың жемазық, тамақтық және инкубациялық жұмыртқалар, құстардың балапандарын тасымалдайтын жолдармен қиылысу мүмкіндігін жоққа шығаруы тиіс.
151. Әрбір құс қорасын бірыңғай жастағы құстармен толықтыруды қарастыру керек. Көп қабатты және бір-біріне қосып салынған құс қоралар зал бойынша бір жастағы құстармен жасақтауға жол беріледі, бұл ретте барлық үй-жай үшін балапандардың жасы 7 күннен, ересек құстардың жасы – 15 күннен аспауы тиіс.
152. Құс шаруашылықтары үй-жайларының арасында өртке қарсы арақашықтықтар сақталады, технологиялық және жоспарлық талаптарға байланысты қажеттілік туындаса, оларды ұлғайтуға болады (арақашықтықтарда серуендеу алаңдарының орналасуы, учаскенің бедері, табиғи желден қорғау жолақтарын сақтау). Бір қабатты қосып салынған және көп қабатты құс қораларды жобалау кезінде арақашықтықтар жобалауға арналған тапсырмаларда айқындалады, алайда өртке қарсы арақашықтықтан кем болмауы тиіс және осы талаптарға 3-қосымшаға сәйкес белгіленеді.
153. Негізгі құс басын толықтыруға арналған жас құстарға арналған ғимараттар мен инкубаторий құстарға және елді мекенге арналған басқа ғимараттардың жел жағына орналастырылады.
154. Өнеркәсіптік құстар тобы аналық топқа қатысты ық жағында орналастырылады.
155. Қойма үй-жайларды (жем, төсемдер, жұмыртқа қоймасы), жұмыртқаларды іріктейтін және өңдейтін цехтарды (ыдыстарды дезинфекциялау орнымен) сырттан келген автокөліктердің шаруашылықтың өндірістік аймағына енуі және ішкі көлікпен және қайтарылатын ыдыспен қатынасу мүмкіндігін жоққа шығару үшін өндірістік аймақтың қоршау желісі бойынша орнатады.
156. Жұмыртқа және ет өндіретін тауарлы құс шаруашылықтары, сондай-ақ асыл тұқымды құс шаруашылықтары үшін сою пункті бар ветеринариялық және ветеринариялық-санитариялық объектілер салынады.
157. Құс сою цехының болуына қарамастан сою пункті әрбір құс шаруашылығында қарастырылады.
158. Ветеринариялық зертхана, сою пункті және дезинфекциялық блок жалпы шаруашылық ветеринариялық объектілері болып табылады және әкімшілік-шаруашылық аумақта (В-аумағы) орналасады.
159. Құстардың аналық тобын толықтыруды бір жерден – құстардың жұқпалы аурулар бойынша қолайлы асыл тұқымды құс шаруашылығынан (өндіріс объектісінен) инкубациялық жұмыртқаларды немесе шаруашылықта өнеркәсіптік топтың балапандарынан оқшау өсірілетін бір тәуліктік балапандарды сатып алу жолымен жүзеге асырады.
160. Өнеркәсіптік топтарды толықтыру өзінің аналық тобын қалпына келтіру арқылы жүзеге асырады.
161. Өндірістік бірлестік негізінде біріккен шаруашылықтарға құстардың жұқпалы аурулары бойынша қолайлы арнайы шаруашылықтардан әкелу есебінен құстардың өнеркәсіптік топтарын толықтыруға рұқсат етіледі.
162. Инкубациялық жұмыртқалар мен құстар шаруашылықтың жұқпалы аурулар бойынша қолайлы екенін растайтын құстардың туберкулезге, пуллорозға тексерілген, сондай-ақ Ньюкасл ауруына, шешекке және басқа ауруларға қарсы егілген күні көрсетілген құжаттардың негізінде қабылданады.
163. Құстардың келесі тобын орналастырғанда цикл аралық профилактикалық үзілістер қарастырылады:
1) жас тауықтарды тор ішінде асырағанда 1-30, 31-60 технологиясы бойынша және 1-10-50 күндік және жылына бір рет бір ай үзіліс;
2) түрлі жас құстарды торларда 60 күннен астам асырағанда – 20 күн;
3) үйректің балапанын тор еденде 10 күнге дейін өсіргенде – 4 күн және бір жыл ішінде бір ай үзіліс;
4) үйректің балапанын еденде 10 күнге дейін өсіргенде – 7 күн және бір жыл ішінде бір ай үзіліс;
5) әр түрлі жас құстарды 1-60 күн технологиясы бойынша еденде өсіргенде - 14 күн және бір жыл ішінде бір ай үзіліс;
6) негізгі топты толықтыруға арналған жас құстарды еденде 60 күннен астам асырағанда – 20 күн;
7) тауықтардың, үйректердің, күрке тауықтардың және қаздардың етке арналған балапандарын еден үстінде асырағанда – 14 және бір жыл ішінде бір ай үзіліс;
8) ересек құстарды торда асырағанда - 20 күн;
9) ересек құстарды еден үстінде асырағанда - 30 күн;
10) инкубаторийде жас құстарды соңғы шығарғаннан келесі жұмыртқаларды салар алдандағы аралықта – жылына кем дегенде 6 күн үзіліс.
164. Әрбір жеке тұрған құс қорасы немесе оқшауландырылған залда бір жастағы құстар партиясын ғана орналастырады. Залдар бойынша жинақтау кезінде барлық үй-жай бойынша жас құстардың жас айырмашылығы 7 күннен аспауы тиіс. Өлген немесе жарамсыз болған құстардың орнына қосымша құстарды отырғызу ұсынылмайды.
165. Жас құстарды залдарда (торларда) технологиялық талаптарда қарастырылған мерзімдерден артық ұстауға рұқсат етілмейді. Жас құстарды (құстардың барлық түрлерін) өсіру кезінде олардың ересек құстармен қатынас жасауына жол берілмейді.
166. Құстарды келесі технологиялық жас тобы үй-жайына ауыстырған кезде мұқият сұрыптау жүргізіледі. Жарамсыз құстар союға жіберіледі.
167. Өсіру кезінде әр партиядағы жас құстардың жүріс-тұрысын, жемазық жеуін, су қабылдауын, салмақ қосу серпінін, қауырсын жамылғысының жай-күйін бақылау арқылы жас құстардың денсаулық жағдайы жүйелі түрде қадағаланады. Физиологиялық нормалардан ауытқыған жағдайларда осы ауытқулардың себептерін анықтайды және жояды. Қажет болған жағдайда тиісті зертханалық зерттеулер жүргізіледі.
168. Әр топтағы құстарды ұстау үшін өндірістік үй-жайлардың ішкі ауа температурасы мен ылғалдылығы осы талаптарға 7-қосымшаға сәйкес белгіленеді.
169. Жылдың жекелеген кезеңдерінде тауықтар мен күрке тауықтарға арналған үй-жайларда қатыстық ауа ылғалдылығының 75 %-ға дейін, үйректер мен қаздардың балапандары үшін – 85 %-ға дейін қысқа мерзімді көтерілуі, сондай-ақ ересек күрке тауықтар үшін - 45-50 %-ға дейін, ал жас күрке тауықтар үшін - 30-50 %-ға дейін; ересек үйректер мен қаздар үшін - 60%-ға дейін, ал жас құстар үшін - 50 %-ға дейін ылғалдылықтың төмендеуіне жол беріледі.
170. Үлкен жастағы жас құстарды және ересек құстарды ұстауға арналған барлық үй-жайларда қысқы кезеңде температураны 180С-қа дейін көтеруге рұқсат етіледі.
171. Ашық және жартылай ашық құс қораларында құстарды ұстауға арналған үй-жайлар ішіндегі ауа көрсеткіштері нормаланбайды.
172. Жылдың жылы кезеңінде (сыртқы ауаның температурасы +100С-тан жоғары болғанда) құстарды ұстауға арналған үй-жайдың ішіндегі есептік ауа температурасы ең ыстық айдың күндізгі сағат 13-те сыртқы ауаның орташа айлық температурасы 50С-тан жоғары емес, алайда +330С жоғары емес, ал ылғалдылығы – 60-70 %-тан кем болмауы тиіс. Үй-жай ішіндегі жылылық құрамы 60 күннен асқан балапандар үшін 16 ккал/кг және 60 күнге дейінгі балапандар үшін 17 ккал/кг. аспауы керек. Сыртқы ауаның жылулық құрамы 16 ккал/кг. және одан да жоғары болатын аудандарда ауаны политропиктік салқындату режимі бар үй-жайларда ауаны суытуды қарастыру қажет.
173. Құстарды ұстауға арналған үй-жайлардағы ауа қозғалысының оңтайлы жылдамдығы осы талаптарға 8-қосымшаға сәйкес белгіленеді.
174. Жылдың суық мезгілінде инкубаторий мен жұмыртқа сақтау қоймасының негізгі өндірістік үй-жайларындағы ауа көрсеткіштері осы талаптарға 9-қосымшаға сәйкес белгіленген.
175. Жұмыртқаларды пароформалинмен дезинфекциялау камерасында ауа температурасы +300С болу керек.
176. Құстарды ұстауға арналған үй-жайлардағы зиянды газдар мен будың рұқсат етілетін концентрациялары: көмірқышқыл 0,18-0,20% көлемі бойынша, аммиак 0,015 мг/л, күкірт сутек 0,005 мг/л.
177. Құстарды ұстауға арналған үй-жайларды сорғының үстінде ауаның келуін көбейтумен ішкі ауаның белгіленген көрсеткіштерін ұстап тұруды қамтамасыз ететін автоматты түрде басқарылатын ауаны тарту-сору желдеткішімен жабдықтау қажет. Жылытуды орнату қажеттілігі мен жылыту және желдету жүйелерінің өнімділігі үй-жайлар ішіндегі ауаның белгіленген көрсеткіштеріне, құстар шығаратын жылу, көмір қышқылы, су булары мөлшерін, төсемдер, қаңылтыр табалардың үстінен зиянды газдардың шығуына байланысты, сондай-ақ сыртқы ауаның есептік көрсеткіштеріне байланысты есеппен айқындалады. Бұдан басқа, аталған үй-жайлардың қоршау құрылымдарының жылу техникалық сипаттамасы есепке алынады.
178. Механикалық желдеткішпен жабдықталған құс қораларда желдеткіш істен шыққан жағдайда оның авариялық ретінде табиғи желдету мүмкіндігі көзделеді.
179. Құс қораларындағы, инкубаторийлердегі және жұмыртқалар қоймасындағы үй-жайлардың ішкі қабаттары (қабырғалары, аралық қабырғалары, төбелері) кертештерсіз және саңылауларсыз тегіс болып, ылғалға төзімді бояулармен ашық түстерге сырлануы (ақталуы) керек. Құстарды сою, ұшаларын өңдеу және қалдықтарды кәдеге жарату цехтарында қабырғаларды 1,8 метр биіктігіне дейін плиткалармен қаптайды.
180. Инкубаторийлер мен шығаратын залдардың, жуатын және жемазық дайындайтын бөлмелердің қабырғалары еден деңгейінен 1,8 метр биіктікке дейін оларды тазартуға, дезинфекциялауға және ылғалды жинауға болатын ылғалға төзімді материалдармен қапталады немесе сырланады.
181. Құс шаруашылығы үй-жайларының едендері қатты, жылуды аз өткізетін, аққан сұйықтың және дезинфекциялық заттардың әсеріне шыдамды, су өткізбейтін және қалың төсемді жинауға мүмкіндік беретін жабынмен төселеді. Инкубаторийлер мен жұмыртқа қоймаларының едендері тақтайшалармен қапталады.
182. Өндірістік үй-жайлардың таза еденнің деңгейінен жабынның (ара жабынның) шығып тұрған құрылымдарының ішкі ең төмен биіктігі мынадай:
1) құстарды еден үстінде ұстайтын, жемшөп дайындайтын, жуатын үй-жайларда, зертханаларда, жұмыртқа сақтайтын қоймаларда, қызметтік және басқа да өндірістік үй-жайларда төбесінің биіктігі - 2,0-ден 2,4 метрге дейін бола алады;
2) құстарды торларда ұстауға арналған залдарда және инкубаторийлерде –жабдықтардың габариттілігіне байланысты болады.
183. Құс қораларының секциялары арасындағы тасалар және жаятын жерлер мен солярийлердің қоршаулары осы талаптарға 10-қосымшаға сәйкес орнатады.
184. Құс қоралардың ішіндегі тасалар мен қоршаулардың жоғарғы жағында құруға арналған және жайылатын орындардағы торлардың ұяшықтары мынадай көлемдерден аспауы тиіс: 60–70 күнге дейінгі тауық балапандары және 120 күнге дейінгі күрке тауық балапандары үшін – 30х30 миллиметр; ересек тауықтар және күрке тауықтар үшін, сондай-ақ 60–70 күннен асқан жас тауықтар және 120 күннен асқан күрке тауықтар үшін – 50х50 миллиметр болу керек.
185. Құс қоралардың жекелеген секцияларының рұқсат етілетін сыйымдылығы және құс қораларында құстарды орналастыру нормалары осы талаптарға 11 және 12-қосымшаларға сәйкес белгіленеді.
186. Құс шаруашылықтарында құстарды жаймай ұстау қабылданған, онда жаюды орнату қажеттілігі болғанда мынадай жағдайлар ескеріледі:
1) асыл тұқымды шаруашылықтарда ересек тауықтар үшін жылу беретін жарықты бір басқа 0,2 ш.м., күрке тауық үшін – 0,4 ш.м., құс басын толықтыратын тауық пен күрке тауықтың балапандары үшін - 100 % құс қорасының ауданы, үйректер үшін табиғи жайылымдар - 1 басқа 2 ш.м. болады;
2) асыл тұқымды құстарды лагерьде ұстағанда (жылжымалы үйшіктерде немесе қалқанның астында) бір басқа жайылымды мына есеппен бөледі: тауықтар мен олардың басын толықтыратын балапандары үшін – 10 ш.м., күрке тауық пен олардың басын толықтыратын балапандары үшін - 25 ш.м.;
3) солярийді тормен қоршайды және тиісінше құс қорасы секцияларының торлы тасаларына көлденең бөледі, ал селекциялық құс қораларының солярийлерінің үстін де тормен қоршайды;
4) үйректерге арналған солярийді (сыртқы жағынан) ағатын суарғыштармен жабдықтайды;
5) жазы ыстық және құрғақ аудандарда солярий мен табиғи жайылу жерлерде көлеңке қалқалар жасалады.
187. Тауарлы шаруашылықтарда балапандарды етке (бройлер) және тауықтардың басын толықтыруға арналған жас тауықтарды өсіргенде жайылу (солярий) көзделмейді.
188. Құстарды жайылуға және солярийлерге шығару үшін еден үстінде ұстайтын құс қораларының қабырғаларында соқпақтар жасалады. Соқпақтардың саны мен олардың көлемі осы талаптарға 13-қосымшаға сәйкес белгіленеді.
189. Тауықтарды, күрке тауықтарды, үйректерді және қаздарды азықтандыру және су беру фронты осы талаптарға 14-қосымшаға сәйкес белгіленеді.
190. Тауықтар, күрке тауықтар және жас тауықтар мен күрке тауықтар бақандарының көлемдері осы талаптарға 15-қосымшада көрсетіледі.
191. Ересек құстарды еден үстінде ұстауға арналған құс қораларды ұялармен (бақылау, қарапайым, жеке немесе топтық) жабдықтайды, олардың көлемдері мен саны осы талаптарға 16-қосымшада көрсетіледі.
192. Аналық топтан алынатын инкубациялық жұмыртқаларды күніне кемінде үш рет жинайды және таза, алдын ала дезинфекцияланған қораптарға салады, оның сыртына жұмыртқаның алынған күні мен құс қораның нөмірі қойылған затбелгілер жапсырылады.
193. Қыста жұмыртқаларды жылытылған көлікпен тасымалдайды.
194. 10 күнде бір рет әрбір құс қорадан 15-19 жұмыртқаны алып, оның сарыуызындағы каротиноидтардың, А және В2 дәрумендерінің мөлшерін, ақуыз тығыздығын және аққабығының сапасын тексереді.
195. Инкубация үшін жұмыртқаның бір грамм сарыуызында осы талаптарға 17-қосымшада көрсетілген А және В2 дәрумендерінің және каротиноидтерінің саны (мг) бар жұмыртқаларды пайдаланады.
196. Етті бағыттағы тауықтардың асыл тұқымды тобын толықтыру мақсатында инкубацияға пайдаланылатын жұмыртқалардың салмағы кем дегенде 52 грамм, күрке тауық жұмыртқаларының салмағы 70 грамм, қаз жұмыртқаларының салмағы 120 грамм болуы тиіс.
197. Инкубация үшін тек қана биологиялық толыққұнды, жұмыртқалағаннан кейін 10 күннен артық сақталмаған жұмыртқалар іріктеледі.
198. Инкубациялық жұмыртқалар таза, дұрыс пішінді, жақсы тығыз аққабықты, овоскопиялау кезінде сарыуыз ортада орналасуы қажет. Ауа камерасы (пуга) жұмыртқаның жалпақ жағында орналасып, қозғалмаған болуы керек.
199. Инкубациялық жұмыртқаның әр партиясына белгіленген тәртіппен ветеринариялық сертификат немесе анықтама беріледі, онда шаруашылықтың құстардың жұқпалы аурулары бойынша қолайлығы расталады және жұмыртқаның сарыуызында А және В2 дәрумендердің және де каротиноидтердің құрамы көрсетіледі.
200. Инкубаторийде инкубациялық және балапан басып шығару шкафтарына арналған залдар, жұмыртқаларды сақтауға арналған қоймалар, жұмыртқаларды инкубацияға дейінгі дезинфекциялау камерасы, жас құстарды жынысы бойынша іріктеу үй-жайы, тәуліктік жас құстарды тапсыру-алуға арналған үй-жай мен жуатын бөлімді бір-бірінен оқшаулайды. Залдардың және қосалқы қызметтердің (инкубаторий) жоспарлануы инкубациялық жұмыртқалардың және басып шығарылған жас құстардың ықтималды ауру жұқтыруды болдырмау мақсатында технологиялық ағынның реттік кезектілігін қамтамасыз етуі тиіс.
201. Инкубациялық жұмыртқалар мен бір тәулік жас құстарды тасымалдауға арналған қораптарды дезинфекциялау инкубация цехының жанында қарастырылған.
202. Инкубациялық жұмыртқаларды жұмыртқаланғаннан кейін 2 сағаттан аспайтын уақыт ішінде және екінші рет инкубаторға салған кезде формальдегид буымен дезинфекцияланады. Бұл ретте камера үй-жайының 1 текше метріне 30 мл. формалин (40 пайыздық), 15 мл су және 20 г калий перманганатын қолданады. Экспозиция ұзақтығы ауа температурасы 30–370С және ылғалдылығы 73–80 % болғанда - 20 минут.
203. Жаңа шығарылған балапандардың әр тобын таза, алдын ала дезинфекцияланған жәшіктерге немесе көлемі 60х60 және биіктігі 15 см картонды қораптарға салады. Желдету үшін жәшіктің жоғары шетінің бойымен әр жағынан диаметрі 1-2 сантиметр 20 тесік жасалады, жәшіктерді төрт біркелкі секцияға бөледі (бір секцияда 25 тауық балапаны, 20 күрке тауық және үйрек балапаны және 15 қаз балапаны).
204. Тәуліктік жас құстарды отырғызардың алдында жәшіктің түбіне таза қағаз төсейді.
205. Инкубаторийде бір күндік жас құстарды 8 сағаттан артық ұстауға болмайды.
206. Өткізуге іріктеп алынған жас құстарды басқалардан оқшауланған үй-жайда ұстайды. Балапандарды жынысына қарай бөлуді арнайы бөлмеде жүргізеді. Басқа шаруашылықтарға бір тәуліктік жас құстарды тікелей инкубациялық цехтардан өткізуге тыйым салынады.
207. Өсіру үшін жақсы дамыған, құрсағы кішкентай жұмсақ, қатпаршағының айналасының жүндері таза клиникалық тұрғыдан сау жас құстарды іріктеп алады.
208. Бір тәуліктік жас құстарды бекітілген көлікпен арнайы жәшіктерде (қораптарда) тасымалдайды. Жәшіктерді әрбір жәшікке (қорапқа) ауа кедергісіз өтетіндей орналастырады. Қысқы уақытта жас құстарды жылытылған көлікте тасымалдайды.
209. Әрбір партия жұмыртқалар инкубациядан өткен соң барлық инкубациялық қалдықтарды, оның ішінде өлген, әлсіз, барабар емес балапандарды, аққабықты ауызы тығыз жабылатын өткізбейтін металды жәшіктерге салып, азыққа қайта өңдеу үшін пайдаға асыру цехына жібереді немесе өртейді.
210. Әрбір басып шығарғаннан кейін инкубаторийдің құралдары мен басып шығарған секцияларын щеткалармен тазалайды, ыстық сумен жуады және 1 пайыздық күйдіргіш натриймен немесе формальдегид буымен зарарсыздандырады.
211. Инкубация алдында және соңында инкубаторийді және оның ішінде орналасқан жабдықтар мен мүккәмалды, сондай-ақ қойма және қосалқы үй-жайларды дезинфекциялайды.
4. Қой өсірумен айналысатын өндіріс объектілеріне қойылатын
ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптар
212. Қой шаруашылығы өндіріс объектілерінде санитариялық мәдениетті, жануарлардың денсаулығын және жоғары өнімділігін, сапалы өнім алуды қамтамасыз ететін ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүйесін қатаң сақтайды.
213. Қойлардың терісін акарацидтық құралдармен өңдеуге арналған құрылғыларды, әдетте, аталған құрылғылардың бір немесе бірнеше өндіріс объектілерінің жануарлар басына қызмет көрсету бойынша өткізу қабілетін есепке алумен қой қырқатын пункттердің жанына салады.
214. Кой қыстауда тұрғанда, уақыттың көбінде оларды ашық айдамдарда, ал жауынды-шашынды ауа-райы болғанда, қатты аяздарда және қоздау кезінде үй-жайларда (қой қораларда, жылы үй-жайларда) ұстайды.
215. Қойларды жақсы жарықтандырылған және желдетілетін қой қырқу пункттерінде қырқады. Қой қырқу пунктінің жанында ашықтар мен жіктер орналастырылады.
216. Қой қырқу пункттерін медициналық және ветеринариялық дәрі қобдишаларымен қамтамасыз етеді.
217. Жұқпалы аурулар бойынша қолайсыз отарлар тұрақты орналасқан жерінде ақырғы кезекте қырқылады. Қырқудан кейін қырқу машиналарын, арнайы киімдерді, мүкәммал мен үй-жайды дезинфекциялайды.
218. Қой шаруашылығының өндіріс объектілерін ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтаумен жұқпалы аурулар бойынша қолайлы пункттерден толықтыруға рұқсат етіледі.
219. Шаруашылыққа жаңадан әкелінген жануарлардың әрбір партиясына Ветеринариялық құжаттар беру қағидаларына сәйкес ветеринариялық сертификат немесе ветеринариялық анықтама беріледі. Жануарлар өндіріс объектісіне келіп түскенде, мал басын ветеринариялық байқаудан өткізіп, 30 күн бойы профилактикалық карантинде ұстайды.
220. Өндіріс объектілерінде қойларды қолдан ұрықтандыру әдісін қолданғанда, аналық отарларда, сондай-ақ қошқарлар және сынамалық қошқарлар арасында барлық профилактикалық ветеринариялық іс-шараларды бір ай бұрын аяқтайды.
221. Қызмет көрсетуші персонал клиникалық ауру белгілері бар жануарларды жеке топқа бөледі және ол туралы өндіріс объектісінің ветеринариялық дәрігеріне хабарлайды. Ауру жануарларды өндіріс объектісінде уақытша ұстау үшін әрбір қой қорасында мал басының 0,5 % есебінен бөлек секция жабдықтайды.
222. Аурудан жазылған жануарлар жарамсыз деп танылып, бордақылауға жатады.
223. Жануарлар өлекселерін, түсіктерді және шуды арнайы су өтпейтін ыдыстарға жинап, ветеринариялық дәрігердің нұсқауымен жару бөлмесіне апарады. Ветеринариялық зертханаға жіберу үшін патологиялық материалды алғаннан кейін, өлексе қалдықтарын Беккари шұңқырына (мал қорымына), ал шуды жару бөлмесіне апармай, тікелей Беккари шұңқырына апарады.
224. Қой арасында жұқпалы ауру пайда болған жағдайда, аурудан қолайсыз отар ауру толық жойылғанға дейін басқа отарлардан оқшаулап ұсталады.
3. Жануарлар мен құстарды өткізуге қойылатын
ветеринариялық-санитариялық талаптар
1. Жануарларды өткізетін объектілердің орналасуына және
аумағына қойылатын талаптар
225. Объектілерді салу, орналастыру үшін жер учаскесін таңдау, жануарларды өткізу объектілерінің құрылысын, қайта құрылысын жобалау, қайта жабдықтау және пайдалануға енгізу мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет белгілеген санитариялық-қорғау аймақтарын сақтаумен ветеринариялық-санитариялық, санитариялық-эпидемиологиялық және экологиялық қорытындылары болған кезде жүргізіледі.
226. Жануарларды өткізу объектілері тегіс, құрғақ, тасқынды және нөсерлі су баспайтын аумақта орналастырылады.
Жануарларды өткізу объектілері қалалық және ауылдық жерлердің шетінде зиянды заттар шығаратын өнеркәсіптік ұйымдарға, санитариялық-техникалық құрылғыларға қатысты жел жағынан және тұрғын үйлерге, емдеу-алдын алу мекемелеріне, мәдени-тұрмыстық ғимараттарға, балалардың мектепке дейінгі және оқу-тәрбие мекемелеріне қатысты ық жағынан елді мекендерден кем дегенде 200 метр қашықтықта орналастырылады.
Жалпы мемлекеттік, облыстық, қалалық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарынан қашықтығы кем дегенде 50 метр, темір жол түйіндерінен 300 метр болуы тиіс.
227. Жануарларды өткізу объектілерінің кіреберіс жолдары асфальтталады немесе бетондалады. Жануарларды өткізу объектісі иесінің шешуі бойынша ішкі жолдар, тротуарлар және түсіру (тиеу) алаңдары атмосфералық жауын-шашындар мен еріген суларды бұруға арналған еңісі бар қатты жабынмен қамтамасыз етіледі.
228. Жануарларды өткізу объектілерінің аумағын лас және таза аймақтарға бөледі. Таза аймаққа мыналар кіреді:
1) жануарларды өткізу объектісінің аумағына кіру/шығу;
2) жануарларды өткізу объектісінің әкімшілік ғимараты;
3) мал сатып алушыларға арналған қатты жабыны бар ашықтар секцияларының бойында тротуары бар қарау алаңы;
4) келушілерге арналған санитариялық тораптар.
Объектінің лас аймақтарына мыналар кіреді:
1) автокөліктің кіруіне және шығуына арналған қақпа;
2) жануарларды өткізу объектісіне жануарларды өткізуге әкелген жануарлар иелеріне арналған кіреберіс және шығаберіс;
3) дезинфекциялық заттарды сақтауға арналған қойма;
4) жемшөп сақтауға арналған орын;
5) жануарларды тасымалдаған автокөлік құралдарына арналған уақытша тұрақ;
6) пандус басқышы және тасып әкелінген немесе ертіп әкелінген жануарларды түсіруге арналған кіреберісі бар жинақтаушы ашық;
7) пандус басқышы және сатып алынған жануарларды тиеуге немесе шығаруға арналған шығаберісі бар жинақтаушы ашық;
8) ауру және ауруға күдікті жануарларды уақытша ұстайтын оқшаулағыш;
9) ветеринариялық пункт;
10) қызмет көрсетуші персоналға және жануарлардың иелеріне арналған санитариялық тораптар;
11) түрлері бойынша өткізу үшін жануарларды орналастыруға арналған ашық секциялары.
Барлық кіреберістер/шығаберістер есіктермен және аяқкиімді дезинфекциялауға арналған төсеніштермен жабдықталады.
Жануарларды өткізу объектісінің аумағына автокөліктердің кіреберісінде/шығаберісінде қақпалар, бақылау-өткізу пункттері және дезинфекциялық тосқауылдар орналастырылады.
Дезинфекциялық тосқауылдар автокөліктердің көлемі кем дегенде 3х12 метр жүру бөлігін зарарсыздандыру мүмкіндігін есепке алумен жасалады. Дезинфекциялық тосқауылдың үстінен бүйір жақтарынан қабырғалармен жабылған атмосфералық жауын-шашындардан қорғайтын қалқа жабдықталады. Дезинфекциялық тосқауыл кез келген жыл мезгілінде жұмыс жасайды, қысқы кезеңде жылытатын қондырғымен жабдықталады.
Жануарларды өткізу объектісінің әкімшілігі дезинфекциялық тосқауылдың және аяқкиімді дезинфекциялауға арналған төсеніштердің жұмыс істеуіне жауапты қызметкерді бекітеді.
229. Жануарларды өткізу объектісінің аумағына қаңғыма ауылшаруашылық және ет қоректі үй жануарлардың енуін, сондай-ақ аумаққа белгіленбеген жерлерге келушілердің өтуіне жол бермау үшін жануарларды өткізу объектісінің аумағын периметрі бойынша биіктігі кем дегенде 2 метр тұтас немесе торлы дуалмен қоршайды.
230. Жануарларды өткізу объектісіне кіреберісте жануарларды өткізу объектісінің толық атауы, жануарларды өткізу объектісінің мамандануы, жұмыс кестесі көрсетілген маңдайша, сондай-ақ жануарларды өткізу объектісінің барлық стационарлық объектілері, жаяу жүргіншілер мен көлік бағыттары, апаттық шығаберістері, өрт қалқандары және өрт сөндіруге арналған су бағаналары немесе ыдыстары көрсетілген графикалық тәсілмен орындалған аумақтың жоспар-кестесі орналастырылады.
Жануарларды өткізу объектісінің әкімшілігі және басқа да қатысушылары еңбек қауіпсіздігі ережелерін және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жүйесін сақтауды қамтамасыз етеді.
Таза және лас аймақтар шелектері, багорлары, балталары, күректері, құм салынған жәшіктері мен өрт сөндіргіші бар өртке қарсы қалқандармен қамтамасыз етіледі.
231. Жануарларды тасымалдаған көлік құралдарына арналған уақытша тұрақ жануарларды түсіруге арналған жинақтаушы ашықтың жанында орналастырылады. Автокөлікке арналған орындар саны жануарларды сату объектісінің жануарларды өткізу қабілетін есепке алып айқындалады.
2. Технологиялық үдеріс
232. Жануарларды өткізу объектілерінің барлығы жануарлар, персонал және келушілер қозғалысының бағыты қағидаты бойынша оның аумағын таза және лас аймақтарға бөліну есебімен орналастырылады. Жануарларды өткізу объектісіне тасып әкелінетін (ертіп әкелінетін) және аумақтан тасып шығарылатын (ертіп шығарылатын) жануарлардың бір-біріне қарсы ағындарына жол берілмейді.
233. Түрлері бойынша өткізілетін жануарларды ұстауға арналған орындар қалқасы, оттығы және суарғышы бар секциялардан тұратын ашықтармен жабдықталады. Жануарларды суару жүйесі автоматтандырылған болуы тиіс. Жануарларды азықтандыру иесінің шешуі бойынша қолмен жүзеге асырылады. Ашықтар жануарларды тәуліктік өткізу қажеттілігін ескерумен салынады.
Жануарларды ашық қораларда орналастыру мынадай норманы есепке алумен жүзеге асырылады:
1) ірі жануарлар үшін (түйелер, жылқылар, мүйізді ірі қара малдар – бұдан әрі – ірі жануарлар) – бір жануарға 3 м2;
2) ұсақ жануарлар үшін (қойлар, ешкілер, шошқалар) – бір жануарға 1,7-2 м2.
Ашық қораларда ірі малдарға қосымша байлағыштар жасалады.
Ашық қораларды металл құрылыстарынан жасайды, олардың биіктігі:
1) ірі жануарлар үшін кем дегенде 1,5 м;
2) ұсақ жануарлар үшін кем дегенде 1 м.
Секциялар мен ашық қоралардағы шарбақтарды, қақпалар мен ілмектерді жануарларды жарақаттау мүмкіндігін болдырмайтындай етіп жасайды.
234. Жануарларды жинақтағыштан (түсіру ашығынан) жануарларды ветеринариялық байқау және ветеринариялық құжаттарын тексеру үшін жануарларды қозғалтпай ұстап тұратын арнайы станокпен жабдықталған жікке қамайды. Ветеринариялық тексеруден өткен жануарларды өткін бойынша жіктен ашық қорасының секциялары бойынша бөлінеді.
235. Жануарларды сатып алғанда сатып алушылардың таза аймақтан лас аймаққа өтуі қалқасы мен аяқкиімді дезинфекциялауға арналған төсеніштері бар таза аймақтың тротуары бойынша жүзеге асырылады.
236. Сатып алынған жануарларға кейіннен қажетті ветеринариялық құжаттарды берумен сатып алынған жануарлар ашық қоралар секцияларынан жануарларды қысып ұстайтын арнайы станогы бар жинақтаушы шығаратын өткін бойынша шығарылады.
237. Жануарларды өткізу объектісінің аумағында қалқасы мен бетондалған едені бар, есігі бар тығыз материалмен қоршалған жемазықты сақтауға арналған орынды жабдықтайды. Жануарларды өткізу кезінде жануарларды азықтандыру және суару жануарлар иелерінің шешуі бойынша жүзеге асырылады.
238. Қоқыстарды жинап шығару жануарларды өткізу объектісі жұмыс істеп тұрған кезеңде жүргізіледі. Ашық қоралар жануарлар тұрған кезде тазалықта ұсталады.
239. Жануарларды өткізу объектісінің әкімшілігі көңді, қоқысты тазалап шығарудың, сондай-ақ дезинфекция, дератизация және дезинсекция жасаудың кестесін бекітеді.
240. Жануарлар күннің қараңғы кездерінде, жануарларды өткізу объектісінде тұрған жағдайда, жануарларды өткізу объектісінің аумағы мен олар тұратын жерлер жасанды жарықпен жарықтандырылады. Тәулік бойы күзетпен қамтамасыз етіледі.
241. Жануарларды өткізу объектісінің аумағында қоғамдық тамақтану объектілерінің орналасуына және тамақ өнімдерін сатуға тыйым салынады.
3. Ветеринариялық куәландыру
242. Жануарларды өткізу объектісінің ветеринариялық дәрігері нөмірленген, бау өткізілген және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бас ветеринариялық дәрігерінің мөрімен және қолымен бекітілген арнайы журналда өткізу үшін жануарларды өткізу объектісіне келіп түсетін жануарлар туралы мәліметтерді (өткізілетін жануардың иесі, жеке нөмірі, жасы, түсі, түрі, жынысы, ветеринариялық байқау нәтижелері) тіркеу жүргізіледі, олар кейіннен дерекқорға енгізіледі.
243. Жануарларды өткізу объектісінің ветеринариялық пункті:
1) жұмыс кабинетімен;
2) жануарларды ветеринариялық қарап-тексеру үшін тиісті ветеринариялық құралдар мен аспаптар жиынтығымен;
3) жануарларды өткізу объектісіне әкелінген жануарлар туралы ақпаратты ауылшаруашылық жануарларды сәйкестендіру дерекқорымен салыстырып тексеру (мәліметтер: түрі және тұқымы, жынысы, жасы, түсі, сәйкестендіру нөмірі, ветеринариялық өңдеулері, диагностикалық зерттеулер нәтижелері, иесі, жануардың шыққан жері) үшін интернетке қолжетімділігі бар компьютермен жабдықталады.
244. Жануарларды өткізу объектісінің ветеринариялық дәрігері дезинфекциялық тосқауылдарды, төсеніштерді белгіленген тәртіппен қолданылуға рұқсат етілген дезинфекциялық құралдармен уақытында толтырылуын үнемі бақылауды жүзеге асырады.
4. Ауру және ауруға күдікті жануарларды уақытша ұстау үшін
оқшаулағышқа қойылатын талаптар
245. Оқшаулағыш ауру немесе ауруға күдікті жануарларды уақытша ұстау үшін арналады және жануарларды өткізу объектісінің аумағында бөлек салынады.
Оқшаулағыш ауданы жануарларды өткізу объектісінің ашықтар секцияларында бар мал басының 10 % есебімен айқындалады.
246. Ірі жануарларға арналған оқшаулағышта жеке бөлімдер; ұсақ жануарларға арналған оқшаулағышта – жеке станоктар орнатады. Шағын сандағы топтық станоктарды орнатуға (2-4 басқа арналған) рұқсат етіледі.
Оқшаулағышта бөлімдер мен станоктарды жеке тамбуры мен шығаберісі бар бокстар жүйесі бойынша орнатады; ұсақ жануарларға арналған екі жеке станокқа бір тамбур мен шығаберіс жасалады.
247. Бөлімдерді жануалардың түрін, жасын ескерумен бір жануарға арналған есеппен, жануарлар мен адамдардың басылуы мен жарақаттануын болдырмайтындай жабдықтайды.
Оқшаулағыштар бөлімдерінің аудандарын мынадай есеппен жабдықтайды:
1) сиырлар (бұқалар), жылқылар, түйелер үшін – бір жануарға 3х4 м;
2) мүйізді ірі қара малдың, жылқылардың, түйелердің төлі үшін – бір жануарға 3х3 м;
3) ұсақ жануарлар үшін – кем дегенде 0,8-1,0 м.
Оқшаулағыш бөлімдері арасындағы тасалар тұтас болуы керек.
248. Оқшаулағыш үй-жайларының таза еден деңгейінен жабынның (ара жабынның) шығып тұрған құрылымдарының астына дейінгі ішкі биіктігі жануарлардың бос жүруін қамтамасыз ету үшін кем дегенде 2,4 м болуы тиіс.
249. Оқшаулағыш оттықпен және суарғышпен жабдықталады. Оқшаулағышта жануарларды суару және азықтандыру режимін оның иесі белгілейді. Жемазықтарды тарату қолмен жүзеге асырылады.
250. Бөтен адамдардың оқшаулағышқа кіруіне тыйым салынады, кіреберісте аяқкиімді дезинфекциялауға арналған төсеніш салынады.
5. Сумен жабдықтауға және кәрізге қойылатын талаптар
251. Жануарларды өткізу объектілерінде қолданылатын су МЕМТ және СанЕжН белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкес болуы керек. Жануарларды өткізу объектісінде шаруашылық-ауыз су мұқтаждықтарына арналған орталықтандырылған сумен жабдықтау болмаған жағдайда жергілікті көзден алынған суды немесе әкелінген суды қолдануға рұқсат етіледі.
252. Қолданылған су мен шайындыларды орталық кәрізге ағызу үшін түбі мен қабырғасынан су өтпейтін арнайы шұңқыр дайындалады. Арнайы шұңқырды Қазақстан Республикасында аумағында қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялық заттармен зарарсыздандырады. Қолданылған су мен шайындылар арнайы шұңқырда зарарсыздандырылғаннан кейін ғана орталық кәрізге ағызылады.
Ағын суларды жинақтайтын орталық кәріз болмаған жағдайда ағынды суларды Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялық құралдармен зарарсыздандыруды жүргізумен жергілікті тазалау құрылғыларын (лагунаны) салуға, орнатуға рұқсат етіледі. Тазалау құрылғылары жануарларды өткізу объектісінің сыртында жел жағында орнатылады. Тазалау құрылғыларының көлемдері жануарларды өткізу объектісінің өткізу қабілетіне сәйкес белгіленеді.
Жануарларды ұстайтын ашық қораларда 3-60 кәріздік каналдарға қарай еңістік көзделеді. Кәріздік каналдар жинағыш шұңқырға қарай 3-50 еңістікпен жасалады. Жинағыш шұңқырлар су өткізбейтін қабырғалармен және түбімен, сондай-ақ суды соруға арналған қақпамен және сорғымен жабдықталады. Жинағыш шұңқырда ағынды сулар Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялық құралдармен зарарсыздандыру жүзеге асырылады. Зарарсыздарғыннан кейін ағынды сулар сорғының көмегімен лагунаға тартылады. Лагуна қиық конус тәрізді шұңқыр болып табылады. Бөктерлері мен түбінің үстіне саз балшық жағылады, ол қабырғалар мен түбінен суды өткізбеуді (саз құлып) қамтамасыз етеді. Саз балшық қабатының қалыңдығы 3-5 см құрайды. Суды өткізбеуді қамтамасыз ету мақсатында полиэтиленді қабыршақты пайдалануға болады.
6. Көң мен қоқыстарды жоюға және уақытша сақтауға қойылатын
талаптар
253. Көңді, жемазық қалдықтары мен төсеніштерді уақытша сақтау үшін жануарларды өткізу объектісі аумағының маңында жел жағынан 1 метрге жерге қазылған тікбұрышты алаң түрінде болатын уақытша көң қоймасы жабдықталады. Көң қоймасының қабырғалары мен түбі су өткізбейтін материалмен (бетон, кірпіш және т.б.) жабдықталады. Көң қоймасының ені мен ұзындығы жануарларды өткізу объектісінің өткізу қабілетіне сәйкес айқындалады. Көң қоймасы қалқамен жадықталады.
Жануарларды өткізу объектісінің әкімшілігі көң мен қоқысты уақытында тазалауды қамтамасыз етеді.
254. Көңді кейіннен биотермиялық зарарсыздандыру үшін уақытша көң қоймасынан жергілікті атқарушы орган белгілеген арнайы орынға шығару күн сайын жүзеге асырылады.
Жануарларды өсіруді және өткізуді жүзеге
асыратын өндіріс объектілеріне қойылатын
ветеринариялық (ветеринариялық-
санитариялық) талаптарға
1-қосымша
Шошқаларға арналған үй-жайлардың ішкі ауасының температурасы
мен салыстырмалы ылғалдылығының нормалары
Үй-жайлардың атауы |
Ауа температурасы, 0С |
Салыстырмалы ылғалдылық, % |
|||
оңтайлы |
ең көп |
ең аз |
ең көп |
ең аз |
|
Қысыр, төлдейтін аналықтар және қабандарға арналған үй-жайлар |
16 |
19 |
13 |
75 |
40 |
Аналықтан бөлінген торайлар мен мал басын толықтыратын төлге арналған үй-жай |
20 |
22 |
18 |
70 |
40 |
Шошқаларды бордақылауға арналған үй-жай |
18 |
20 |
14 |
75 |
40 |
Тууға жақын буаз аналықтар мен емізетін аналықтарға арналған үй-жай |
20 |
22 |
18 |
70 |
40 |
Жануарларды өсіруді және өткізуді жүзеге
асыратын өндіріс объектілеріне қойылатын
ветеринариялық (ветеринариялық-
санитариялық) талаптарға
2-қосымша
Шошқаларды ұстауға арналған үй-жайлардағы ауа қозғалысы
нормалары
Үй-жайдың атауы |
Ауаның қозғалысы, м/сек |
|
Жылдың суық және ауыспалы кезеңдері |
Жылдың жылы кезеңі |
|
Қысыр, төлдейтін аналықтар және қабандарға арналған үй-жайлар |
0,3 |
1,0 |
Аналықтан бөлінген торайлар мен мал басын толықтыратын төлге арналған үй-жай |
0,2 |
0,6 |
Шошқаларды бордақылауға арналған үй-жай |
0,3 |
1,0 |
Тууға жақын буаз аналықтар мен емізетін аналықтарға арналған үй-жай |
0,15 |
0,4 |
Жануарларды өсіруді және өткізуді жүзеге
асыратын өндіріс объектілеріне қойылатын
ветеринариялық (ветеринариялық-
санитариялық) талаптарға
3-қосымша
Мүйізді ірі қара мал өсірумен айналысатын кәсіпорындар мен
басқа ауылшаруашылық кәсіпорындары мен жекелеген объектілер
арасындағы зооветеринариялық қашықтықтар
Ауылшаруашылық кәсіпорындар мен жекелеген объектілердің атауы |
Мүйізді ірі қара мал өсірумен айналысатын кәсіпорындарға дейінгі ең төменгі зооветеринариялық ара қашықтықтар, м |
1 |
2 |
1. Кәсіпорындар: |
|
- мүйізді ірі қара мал өсіруші |
150 |
- шошқа өсіруші |
|
а) фермалар |
150 |
б) өндірістік үлгідегі кешендер |
1000 |
- қой өсіруші |
150 |
- жылқы өсіруші |
150 |
- түйе өсіруші |
150 |
- аң және қоян өсіруші |
300 |
2. Құс шаруашылықтары |
|
- фермалар |
200 |
- құс фабрикалары |
1000 |
3. Ет-сүйектен ұн жасайтын зауыттар |
1000 |
4. Биотермиялық шұңқырлар |
500 |
5. Құрылыс материалдарын, бөлшектерін және құрылымдарын жасайтын кәсіпорындар: |
100 |
- саз балшық және силикатты кірпіштерді, керамикалық және отқа төзімді бұйымдар |
100 |
- әк және басқа тұтқыр материалдар |
300 |
6. Ауыл шаруашылығы техникасын жөндейтін кәсіпорындар, гараждар және жалпы шаруашылық мақсаттағы техникалық қызмет көрсету пункттері |
100 |
7. Шарушылықаралық және мемлекеттік құрама жемазық зауыттары |
150 |
8. Қайта өңдеу кәсіпорындары: |
|
- көкөніс, жеміс және дәнді дақылдарды |
100 |
- сүтті, өнімділігі тәулігіне 12 тоннаға дейін тәулігіне 12 тоннадан астам |
50 |
200 |
|
- мал мен құстарды, өнімділігі: |
|
ауысымда 10 тоннаға дейін |
300 |
ауысымда 10 тоннадан астам |
1000 |
9. Астық, жеміс, картоп және көкөніс сақтайтын қоймалар |
50 |
10. Жолдар: |
|
- І және ІІ санатты жалпы мемлекеттік және республикалық маңызы бар теміржол және автомобиль жолдары |
300 |
- ІІІ санатты республикалық және облыстық маңызы бар автомобиль және жануарларды айдайтын (жобалайтын кәсіпорынға байланысты емес) жолдар |
150 |
- шаруашылықішілік автомобиль (кәсіпорынға келетін жолдардан басқа) жолдары |
50 |
Ескертпелер:
1. Құрылысы тығыз орналасқан аудандарда мүйізді ірі қара мал өсірумен айналысатын кәсіпорындардан құс фабрикаларына дейінгі зооветеринариялық қашықтықтар ветеринария саласындағы уәкілетті органның келісімімен 500 метрге дейін қысқартыла алады.
2. 1200 және одан астам сиырларға арналған сүтті, сиыр етін өндіретін және көлемі 3000 мал орны бар мал басын толықтыратын құнажындарды өсіретін кешендер және басқа мал, құс, аң шаруашылықтары объектілері мен құрама жемазық шығаратын зауыттардың арасындағы арақашықтықтарды кем дегенде 1000 метр деп қабылдау керек.
3. Көлемі 4000 сиырдан кем және төлдерге 1200-ден кем мал орны бар мүйізді ірі қара мал өсірумен айналысатын кәсіпорындар мен шаруашылық ішіндегі жолдар арасындағы арақашықтықтар ветеринария саласындағы уәкілетті органның келісімімен қысқартыла алады.
4. Мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін және осы өндіріс объектісінің құрама жемін шығаратын кәсіпорындар қызмет көрсетілетін өндіріс объектісімен бір алаңда орналасуы мүмкін, бірақ олардың қоршауы және жалпы пайдаланатын жолға жеке шығатын жері болуы тиіс.
Жануарларды өсіруді және өткізуді жүзеге
асыратын өндіріс объектілеріне қойылатын
ветеринариялық (ветеринариялық-
санитариялық) талаптарға
4-қосымша
Мүйізді ірі қара малдарға арналған жайылу-азықтандыру алаңдары
аудандарының нормасы
Жануарлардың тобы |
1 басқа жайылу-азықтандыру алаңдары аудандарының нормасы м2 |
|
Бордақылау алаңындағы төлдер мен ересек малдар |
5 |
15 |
Бұзаулары бар ет тұқымды сиырлар (репродукторлар) |
8 |
20-25 |
Ескертпелер:
1. Жануарларға белсенді моцион ұйымдастырылғанда, жайылу алаңдарының ауданы 50% дейін қысқартылады, бұзаулайтын сиырларға жайылу алаңдарын тек қана жаңа туған сиырларға ұйымдастырады.
2. Кестеде көрсетілген нормалардан ауытқу 5% шегінде рұқсат етіледі.
Жануарларды өсіруді және өткізуді жүзеге
асыратын өндіріс объектілеріне қойылатын
ветеринариялық (ветеринариялық-
санитариялық) талаптарға
5-қосымша
Жануарларды азықтандыруға арналған оттықтар көлемдері
Оттықтар мен суарғыштар түрлері |
Оттықтардың көлемдері, метр |
||||
ені |
биіктігі |
шеті бойынша ұзындығы (есептік) |
|||
жоғарыдан |
түбінен |
алдыңғы ернеуі |
артқы ернеуі |
||
Оттықтар: |
0,7 |
0,6 |
0,4 |
0,6 |
бір басқа - 0,6-0,8 |
- жайылу аулаларындағы тұрақты және жануарларды байлаусыз ұстайтын үй-жайларда |
0,4 |
0,3 |
0,3 |
0,4 |
бір басқа - 0,3-0,4 |
- 14-20 күндіктен 6 айлық жасқа дейінгі бұзауларға арналған оттықтар |
Жануарларды өсіруді және өткізуді жүзеге
асыратын өндіріс объектілеріне қойылатын
ветеринариялық (ветеринариялық-
санитариялық) талаптарға
6-қосымша
Құс өсіруші шаруашылықтар мен басқа өндірістік кешендер және
жекелеген объектілер арасындағы зооветеринариялық қашықтығы
Өндірістік кешендер мен жеке объектілер атаулары |
Құс шаруашылықтарына дейінгі ең аз зооветеринариялық қашықтықтар, метр |
|
Құс фермасына дейін |
Құс фабрикасына дейін |
|
1 |
2 |
3 |
1. Мүйізді ірі қара мал фермалары |
200 |
1000 |
2. Шошқа фермалары |
200 |
1000 |
3. Қой фермалары |
200 |
1000 |
4. Жылқы фермалары |
200 |
1000 |
5. Құс фермалары |
200 |
1000 |
6. Құс фабрикалары |
1000 |
1000 |
7. Аң және қоян өсіретін фермалар |
1500 |
1500 |
8. Құрылыс материалдарын, бөлшектер мен құрылымдар, саз балшық және силикатты кірпіш, әк және басқа да тұтқыр материалдар дайындайтын кешендер |
500 |
500 |
9. Республикалық маңызы бар І және ІІ санатты теміржол және автомобиль жолдары |
500 |
500 |
10. Облыстық маңызы бар ІІІ санатты автокөлік жолдары және мал айдайтын жолдар |
200 |
200 |
11. IV-V санатты жергілікті маңызы бар өзге жолдар (құс шаруашылығына баратын жолдардан басқа) |
100 |
100 |
Жануарларды өсіруді және өткізуді жүзеге
асыратын өндіріс объектілеріне қойылатын
ветеринариялық (ветеринариялық-
санитариялық) талаптарға
7-қосымша
Құстардың түрлі топтарын ұстауға арналған өндірістік
үй-жайлардың ішіндегі ауа температурасы мен ылғалдылығы
Құстардың түрлері мен жас топтары |
Жылдың суық мезгілінде құстарды ұстау кезіндегі есептік температура, 0С |
Үй-жайлардағы оңтайлы салыстырмалы ауа ылғалдылығы, % |
||
еден үстіндегі |
тордағы |
|||
үй-жайларда |
жергілікті жылыту орындарында (брудерлермен және т.б.) |
|||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1. Ересек құстар: |
||||
тауықтар |
12-16 |
0 |
16 |
60-70 |
2. Жас тауықтар: |
||||
1 - 30 күн |
22 |
35-22 |
24 |
60-70 |
3. Жас күрке тауықтар: |
||||
1 - 20 күн |
22 |
35-22 |
24 |
60-70 |
4. Жас үйректер |
||||
1 - 10 күн |
22 |
26 |
22 |
65-75 |
5. Жас қаздар |
||||
1 – 20 (30 күн) |
22 |
30 |
20 |
66-75 |
Ескертпе:
кестенің 3-тармағындағы температуралар жергілікті жылыту қондырғыларының қуаттылығын және пайдалану кезінде оларды реттеу шектерін есептеу үшін келтірілген.
Жануарларды өсіруді және өткізуді жүзеге
асыратын өндіріс объектілеріне қойылатын
ветеринариялық (ветеринариялық-
санитариялық) талаптарға
8-қосымша
Құстарды ұстауға арналған үй-жайлардағы ауа қозғалысының
оңтайлы жылдамдығы
Үй-жайлардың атауы |
Жылдың суық мезгілінде үй-жайлардағы ауа қозғалысының жылдамдығы, м/сек |
|
оңтайлы |
ең жоғарғы |
|
1. Ересек тауықтарды және күрке тауықтарды ұстауға арналған үй-жай |
0,3 |
0,6 |
2. Ересек үйректерді және қаздарды ұстауға арналған үй-жай |
0,5 |
0,8 |
3. Жас тауықтарды, күрке тауықтарды, үйректерді және қаздарды ұстауға арналған үй-жай |
0,2-0,3 |
0,5 |
Ескертпелер:
1. 30 күннен үлкен барлық жас құстар түрлерін және ересек құстарды ұстауға арналған үй-жайларда жылдың жылы мезгіліндегі ауа қозғалысының жылдамдығы 1,2 м/сек, ал 30 күнге дейінгі жас құстар үшін – 0,6 м/сек аспауы керек, сыртқы ауаның есептік температурасы +330С жоғары климаттық аймақтарда ересек құстар мен үлкен жастағы жас құстарды торда ұстаған кезде ауа қозғалысының жылдамдығы 2м/сек дейін және еден үстінде ұстағанда – 1,5 м/сек дейін рұқсат етіледі.
2. Құстарды ұстауға арналған үй-жайлардағы ауаның температурасы мен қозғалыс жылдамдығының параметрлері суық кезең үшін келтірілген және құстарды орналастыру аймағына жатады. Құстарды орналастыру аймағы мыналар болып есептеледі: еден үстінде ұстағанда – еден деңгейінен 0,8 м-ге дейінгі биіктіктегі кеңістік, бақандармен және ұялармен жабдықталған тауықтар мен күрке тауықтарды ұстауға арналған үй-жайларда – ең жоғары көтерілген бақандар мен ұялардан 0,5 м жоғары; торда ұстағанда – тор батареяларының барлық биіктігі бойынша кеңістік.
Жануарларды өсіруді және өткізуді жүзеге
асыратын өндіріс объектілеріне қойылатын
ветеринариялық (ветеринариялық-
санитариялық) талаптарға
9-қосымша
Инкубаторийдің және жұмыртқа қоймасының негізгі өндірістік
үй-жайларындағы жылдың суық мезгіліндегі ауа параметрлері
Параметрлер |
Инкубаторийдің инкубаторлық және басып шығаратын залдарында |
Жұмыртқаны сақтауға арналған үй-жайларда (инкубаторий мен жұмыртқа қоймаларында) |
Температура 0С |
20-22 |
8-12 |
Ескертпе:
Жылдың суық мезгілінде үй-жайларда бір тәуліктік балапандарды сұрыптау үшін есептік температураны +22-ден +240С аралығында, салыстырмалы ылғалдылықты - 30-70% қабылдау керек.
Жануарларды өсіруді және өткізуді жүзеге
асыратын өндіріс объектілеріне қойылатын
ветеринариялық (ветеринариялық-
санитариялық) талаптарға
10-қосымша
Құс қораларындағы секция арасындағы тасалардың және жайылу мен
солярий қоршауларының көлемдері
Құстардың түрлері мен жас топтары |
Тасалар мен қоршаулардың биіктігі, м. |
|
Құс қораларында, еден деңгейінен жоғары |
Жайылымдар мен солярийлерде, жер деңгейінен жоғары |
|
1. Жұмыртқа бағытындағы тауықтар және 60 күннен жоғары жас тауықтар |
Үй-жайдың барлық биіктігінде |
2,2 – 2,4 |
2. Ет бағытындағы тауықтар және 60-70 күннен жоғары жас тауықтар |
сондай |
1,8 |
3. 60-70 күнге дейінгі балапандар |
сондай |
1,5 - 1,6 |
4. Күрке тауықтың ересегі және 120 күннен жоғары жас құстар |
сондай |
2,2 - 2,5 |
5. 120 күнге дейінгі күрке тауық балапандары |
сондай |
0,6 - 1,9 |
6. Үйректің ересегі және жас үйректер |
0,6 |
0,6 |
7. Қаздардың ересегі және 66 күннен 180 күнге жас қаздар |
1,25 |
1,5 |
8. 60 күнге дейінгі қаздың балапандары |
0,6 |
0,6 |
Ескертпе:
тауықтарға, күрке тауықтарға, үйректерге, қаздарға, тауық балапандарына, күрке тауық балапандарына, қаз балапандарына және үйрек балапандарына арналған (құс қорасында) секциялардың арасындағы тасалардың төменгі жағы 0,6 м биіктікке, күрке тауықтар үшін 1,25 м биіктікке дейін бітеу (тұтас) болады.
Жануарларды өсіруді және өткізуді жүзеге
асыратын өндіріс объектілеріне қойылатын
ветеринариялық (ветеринариялық-
санитариялық) талаптарға
11-қосымша
Құс қораларының жекелеген секцияларының рұқсат етілетін
сыйымдылығы
Құстардың түрлері мен жас топтары |
Секцияның еден үстінде ұстағанда рұқсат етілетін сыйымдылығы, бас |
Ересек құстар: |
|
тауықтар |
1500 |
Жас құстар: |
|
тауықтардың басын толықтыратын жас тауықтар |
2500 |
Жануарларды өсіруді және өткізуді жүзеге
асыратын өндіріс объектілеріне қойылатын
ветеринариялық (ветеринариялық-
санитариялық) талаптарға
12-қосымша
Құс қораларындағы құстардың орналасу нормалары
Құстардың түрлері мен жас топтары |
Құстарды еден үстінде ұстайтын құс қораларына орналастырғанда, еденнің 1 ш.м. бас саны |
|
қалың төсеніште |
қабатты немесе торлы еденде |
|
1 |
2 |
3 |
А. Ересек құстар |
||
1. Жұмыртқалағыш тауықтар тұқымы |
||
аналық тобы |
3,5 - 4 |
3,5 – 4 |
2. Тауықтардың етті тұқымы |
3 - 3,5 |
3 - 3,5 |
3. Күрке тауықтар |
1,5 |
0 |
4. Үйректер |
3 |
0 |
5. Қаздар |
Ұрғашылары 1,5 |
0 |
Б. Құс басын толықтыру үшін өсірілетін жас құстар |
||
1. Жұмыртқа бағытындағы жас тауықтар: |
25 |
0 |
1 - 30 күндік |
16 |
0 |
31 - 60 күндік |
17 |
17 |
1 - 70 күндік |
9 |
9 |
61 - 140 күндік |
10,5-11 |
|
141-180 күн (аналық тобы) үшін |
4,5-5,5 |
4,5-5,5 |
141-180 күн (өнеркәсіптік тобы) үшін |
5,5 |
5,5 |
2. Ет бағытындағы жас тауықтар: |
||
1 - 150 күндік |
7-8 |
0 |
151 - 210 күндік |
3,0-3,9 |
0 |
3. Жас күрке тауықтар: |
0 |
|
1 - 20 күндік (тордың ішінде) |
0 |
0 |
21 - 120 күндік |
4 |
5 |
121 - 240 күндік |
2 |
0 |
4. Жас үйректер: |
||
1 - 55 күндік |
8 |
0 |
56 - 150 күндік |
3,5 |
0 |
151 - 180 күндік |
3,2 |
0 |
5. Жас қаздар: |
||
1 - 30 күндік |
8 |
0 |
31 - 65 күндік |
4 |
0 |
66 - 180 күндік |
3 |
0 |
В. Бір ғимаратта қайта отырғызылмай өсірілген тауықтар: |
||
1 - 480 күндік (етті бағытта) |
8 |
0 |
1 - 515 күндік (жұмыртқа бағытында) |
8-8,5 |
8-8,5 |
Г. Ет үшін өсірілетін жас құстар |
||
бройлерлер 1 ден 63-65 күнге дейін; |
14 |
0 |
2. Жұмыртқа бағытындағы жас құстар: 1-75 күндік; |
16 |
16 |
3. Күрке тауық балапандары: |
||
1 - 20 күндік (тордың ішінде) |
0 |
0 |
21 - 120 күндік |
4 |
4 |
1 - 120 күндік |
4 |
4 |
4. Үйрек балапандары: |
||
1 - 20 күндік |
14 |
16 |
21 - 55 күндік |
8 |
8 |
1 - 55 күндік |
9 |
9 |
5. Қаз балапандары: |
||
1 - 20 (30) күндік |
10-8 |
16-12 |
21 (30) - 65 күндік |
4 |
0 |
1 – 65 күндік |
4 |
0 |
Ескертпелер:
1.Отырғызу тығыздығы құстардың бастапқы жастарына көрсетілген.
2. Құстарды торда ұстау кезінде отырғызу тығыздығының нормалары торды дайындаушы зауыттың паспорттық деректері бойынша қабылдайды (тордың түріне және құрылымына байланысты).
3. Асыл тұқымды ересек құстардың отыру тығыздығын аталық топтың нормалары бойынша қабылдайды.
Жануарларды өсіруді және өткізуді жүзеге
асыратын өндіріс объектілеріне қойылатын
ветеринариялық (ветеринариялық-
санитариялық) талаптарға
13-қосымша
Құстарды жайылуға және солярийге шығару үшін соқпақтардың саны
және олардың көлемдері
Ғимараттардың түрлері |
1 соқпаққа есептегендегі бас саны |
Соқпақ көлемдері, м |
||
ені |
еденнен биіктігі |
соқпақтардың төменгі биіктігі |
||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1. Ересек құстарға арналған құс қораларына: |
||||
тауықтар |
500 |
0,4 |
0,4 |
0,2 |
2. Жас құстарға арналған құс қораларына: |
||||
тауықтар |
500 |
0,3 |
0,3 |
0,10 |
Ескертпелер:
1. Әр секцияда кемінде бір соқпақ болуы тиіс.
2. Құстарды қалық төсеніште ұстағанда соқпақтардың биіктігін кестеде көрсетілген шамаларға қарағанда 0,2-0,4 м ұлғайту керек.
3. Құстарды қабатты еденде ұстағанда соқпақтар еденнің деңгейінде орналастырылуы тиіс.
4. Барлық жастағы үйректер мен оның балапандарына, тауық пен күрке тауықтың 60 күнге дейінгі балапандарына жайылу жағына қарай пандустармен, ал құстарды терең төсеніште ұстағанда – ішкі жағынан да пандустармен жабдықтайды.
Жануарларды өсіруді және өткізуді жүзеге
асыратын өндіріс объектілеріне қойылатын
ветеринариялық (ветеринариялық-
санитариялық) талаптарға
14-қосымша
Тауықтарды, күрке тауықтарды, үйректерді және қаздарды
азықтандыру және су беру фронты
Құстардың түрлері және жас топтары |
Бір басқа шаққанда азықтандыру фронты, см (кем дегенде) |
Бір басқа шаққанда суару фронты, см (кем дегенде) |
|
Құрғақ азықтандыру |
суландырып азықтандыру |
||
1 |
2 |
3 |
4 |
А. Ересек құстар |
|||
1. Тауықтар: |
|||
Негізгі топты толықтыратын 141 – 151-ден 180 - 210 күндік жас тауықтар |
8 |
14 |
2 |
2. Күрке тауықтар |
8 |
20 - 30 |
4 |
3. Үйректер |
4 - 6 |
15 |
3 - 6 |
4. Қаздар |
6 |
20 |
4 |
Б. Жас құстар |
|||
1. Жұмыртқалағыш тұқымды тауықтар: |
|||
1 - 30 күн |
2,5 |
3,5 |
1 |
2. Етті тұқымды тауықтар (бройлерлер): |
|||
1 - 65 күн |
5 |
6,5 |
2 |
3. Күрке тауықтар: |
|||
1 - 20 күн |
2 |
3 |
1 |
4. Үйректер: |
|||
1 - 55 күн |
3 |
10 |
2 |
56 - 180 күн |
4 |
15 |
3 |
1 - 20 күн |
2 |
5 |
2 |
21 - 55 күн |
3 |
10 |
2 |
5. Қаздар: |
|||
1 - 20 (30) күн |
3 |
8 |
1 |
Ескертпелер:
1. Цилиндр тәрізді жем бергіштерді қолданғанда азықтандыру енін 25% дейін кішірейту керек.
2. Жаңа технологияны және оған сәйкес жабдықтар енгізілгенде азықтандырудың түрі жобалауға тапсырмамен анықталады.
Жануарларды өсіруді және өткізуді жүзеге
асыратын өндіріс объектілеріне қойылатын
ветеринариялық (ветеринариялық-
санитариялық) талаптарға
15-қосымша
Тауықтар, күрке тауықтар мен олардың жас құстарына арналған
бақандардың көлемдері
Құстардың түрлері мен топтары |
Бақандардың көлемі, см |
Еден деңгейінен бақандардың ең жоғарғы биіктігі, см |
||
Бір басқа шаққанда, кесек ұзындығының көлемі |
Кесектің ені |
Кесектер арасындағы алшақтығы (осьтер бойынша) |
||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1. Ересек құстар: |
||||
Жұмыртқалағыш тұқымды тауықтар |
18 |
4 |
30 - 35 |
60 |
Ет тұқымды тауықтар |
20 - 25 |
4 |
35 - 40 |
60 |
Ет тұқымды күрке тауықтар |
35 - 40 |
6 |
50 - 60 |
45 - 50 |
2. Жас құстар: |
||||
60 күннен асқан балапандар |
12 - 15 |
4 |
20 - 25 |
50 - 60 |
20 күннен асқан (немесе 120 күннен) асқан күрке тауықтар |
25 - 35 |
5 |
45 - 50 |
40 - 50 |
Ескертпе:
бройлерлерді өсіруге арналған және құстарды қабатты еденде ұстайтын құс қораларда, сондай-ақ планкалармен жабылған саңғырық қораптары бар құс қораларында бақандар қарастырылмайды.
Жануарларды өсіруді және өткізуді жүзеге
асыратын өндіріс объектілеріне қойылатын
ветеринариялық (ветеринариялық-
санитариялық) талаптарға
16-қосымша
Құстарды еден үстінде ұстағанда ұялардың көлемдері (м) мен
олардың саны
Құстар |
Табалдырықтың биіктігі, м |
Қарапайым ұялар |
Бақылаудағы ұялар |
Жеке ұялар |
Топтық ұялар |
||||||||
Ені, м |
Тереңдігі,м |
Биіктігі, м |
Бір ұяға қанша бас |
Ені, м |
Тереңдігі, м |
Биіктігі, м |
Бір ұяға қанша бас |
Ені, м |
Тереңдігі, м |
Биіктігі, м |
Бір ұяға қанша бас |
||
Тауықтар |
0,08 |
0,3 |
0,4 |
0,3 |
3 |
0,3 |
0,4 |
0,3 |
6-8 |
2 |
0,5 |
0,4 |
100 |
Күрке тауықтар |
0,15 |
0,4 |
0,7 |
0,6 |
2 |
0,4 |
0,7 |
0,6 |
4-7 |
- |
- |
- |
- |
Үйректер |
0,1 |
0,3 |
1 |
0,4 |
0,2 |
0,3 |
0,4 |
0,4 |
3-4 |
- |
- |
- |
- |
Қаздар |
0,08 |
0,4 |
0,6 |
0,5 |
1 |
0,4 |
0,6 |
0,5 |
2-3 |
- |
- |
- |
- |
Ескертпелер:
1. Қарапайым, жеке және топтық ұялардың табалдырықтарының биіктігі бақылаудағы ұялар үшін көрсетілген көлемдер бойынша қабылданады.
2. Тауықтардың ұяларын еденнің үстінен немесе қалың төсеніштен 0,5-0,6 м биіктіктен жоғары емес; күрке тауықтар, үйректер мен қаздардың ұяларын еденде орналастырады.
Жануарларды өсіруді және өткізуді жүзеге
асыратын өндіріс объектілеріне қойылатын
ветеринариялық (ветеринариялық-
санитариялық) талаптарға
17-қосымша
Инкубациялауға арналған жұмыртқалардың 1 грамм сарыуызында бар
А және В2 дәрумендерінің және де каротиноидтердің (мкг) саны
Жұмыртқалар |
Дәрумендер, мкг |
Каротиноидтер, мкг (кем емес) |
|
А |
В2 |
||
Тауықтар |
6-8 |
4-6 |
15 |
Күрке тауықтар |
9-12 |
4-5 |
15 |
Үйректер |
10-12 |
6-7 |
20 |
Қаздар |
1-13 |
5-6 |
20 |