Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінің республикалық мемлекеттік кәсіпорындарының мәселелері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қарашадағы № 1433 Қаулысы

Жаңартылған

      «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінің «Қазақстан Республикасының ұлттық ядролық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны оған оның шаруашылық жүргізу құқығындағы мынадай еншілес мемлекеттік кәсіпорындарын қосу жолымен:
      1) «Атом энергиясы институты», Курчатов қаласы;
      2) «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты», Курчатов қаласы;
      3) «Қазақ жарылыс жұмыстары мемлекеттік ғылыми-өндірістік орталығы», Алматы қаласы;
      4) «Байкал», Курчатов қаласы болып қайта ұйымдастырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының мынадай шаруашылық жүргізу құқығындағы еншілес мемлекеттік кәсіпорындары:
      1) «Ядролық физика институты» Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінің «Ядролық физика институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып;
      2) «Геофизикалық зерттеулер институты» Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінің «Геофизикалық зерттеулер институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – кәсіпорындар) болып қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігі кәсіпорындарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына басшылық етуді жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті орган болып белгіленсін.
      4. Кәсіпорындар қызметінің негізгі мәні мемлекетке тиесілі стратегиялық объектілерді пайдалану және ұстау, атом энергиясын пайдалану саласындағы ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру болып белгіленсін.
      5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
      6. Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 12 қарашадағы
№ 1433 қаулысымен   
бекітілген     

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігі» деген бөлім:
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 539, 540-жолдармен толықтырылсын:
      «539. Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінің «Ядролық физика институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Алматы қаласы.
      540. Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінің «Геофизикалық зерттеулер институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Курчатов қаласы.».
      2. «Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 214-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген жалпымемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігі» деген бөлім:
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 304, 305-жолдармен толықтырылсын:
      «304. Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінің «Ядролық физика институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны
      305. Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінің «Геофизикалық зерттеулер институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны».
      3. «Базалық қаржыландыру субъектілері болып табылатын ұйымдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 мамырдағы № 511 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 38, 461-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген базалық қаржыландыру субъектілері болып табылатын ұйымдардың тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі» деген бөлімде:
      реттік нөмірлері 108, 109, 110, 111, 112, 113-жолдар алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы бөліммен және реттік нөмірлері 162, 163, 164-жолдармен толықтырылсын:

«

Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігі

162.

Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінің «Қазақстан Республикасы ұлттық ядролық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

163.

Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінің «Ядролық физика институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

164.

Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінің «Геофизикалық зерттеулер институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

».

      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 26.02.2013 N 186 қаулысымен.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 12 қарашадағы
№ 1433 қаулысымен   
бекітілген     

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 9 шілдедегі
№ 926 қаулысымен   
бекітілген     

Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінің
қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi

      1. Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінің «Қазақстан Республикасының ұлттық ядролық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      2. Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінің «Ядролық физика институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      3. Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінің «Геофизикалық зерттеулер институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.