"Зейнетақы төлемдерін алушыларға жинақтаушы зейнетақы қорларындағы міндетті зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы жөніндегі мемлекеттің кепілдіктерін алушының зейнетақы төлемдеріне құқықты иеленуі кезіндегі инфляцияның деңгейін ескере отырып орындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 ақпандағы № 204 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазандағы № 1383 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 ақпандағы № 125 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 12.02.2013 № 125 қаулысымен (01.01.2013 бастап қолданысқа енгізіледі).

      БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Зейнетақы төлемдерін алушыларға жинақтаушы зейнетақы қорларындағы міндетті зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы жөніндегі мемлекеттің кепілдіктерін алушының зейнетақы төлемдеріне құқықты иеленуі кезіндегі инфляцияның деңгейін ескере отырып орындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 ақпандағы № 204 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 33, 421-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Зейнетақы төлемдерін алушыларға жинақтаушы зейнетақы қорларындағы міндетті зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы жөніндегі мемлекеттің кепілдіктерін алушының зейнетақы төлемдеріне құқықты иеленуі кезіндегі инфляцияның деңгейін ескере отырып орындау қағидаларында:
      2-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Зейнетақы жинақтарын алған және кейін міндетті зейнетақы жарналарын жинақтаушы зейнетақы қорына қайта аударған жағдайда зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие болу сәті зейнетақы жинақтарын бастапқы алған күнге белгіленеді.»;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Өтінішке айырма төлемін алуға құқығы бар адамның мынадай құжаттары қоса беріледі:
      1) жеке басын куәландыратын құжаттардың (Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлігінің, паспортының, азаматтығы жоқ адам куәлігінің, шетел азаматының тұруға ықтиярхатының) көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқасы;
      2) әлеуметтік жеке код (ӘЖК) берілгені туралы куәліктің көшірмесі;
      3) осы Қағидалардың 1 және 2-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша ақпарат;
      4) тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың (мекенжай анықтамасы не село және/немесе ауыл әкімдерінің анықтамасы) көшірмесі;
      5) салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН) куәлігінің көшірмесі.
      Егер айырма төлеміне Орталықтан зейнетақы мен өзге де төлемдерді алушы өтініш берген жағдайда, өтінішке осы Қағидалардың 6-тармағының 3) тармақшасында көзделген нысандар бойынша ақпарат қана қоса беріледі, олар Орталықтан берілетін зейнетақы немесе өзге де төлемдер бойынша істер макеттеріне жинақталады.
      Айырма төлемін алуға құқығы бар және Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кеткен міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын алушы болып табылатын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың өтінішіне мынадай құжаттар қоса беріледі:
      1) пошта байланысы құралдары немесе сенім білдірілген өкіл арқылы берген кезде:
      азаматтығы жоқ адамның паспортының не куәлігінің көшірмелері;
      осы Қағидалардың 1 және 2-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша ақпарат;
      2) алушы өзі өтініш берген кезде:
      азаматтығы жоқ адамның паспортының не куәлігінің көшірмесі және салыстыру үшін олардың түпнұсқалары;
      осы Қағидалардың 1 және 2-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша ақпарат.
      Айырма төлемін алуға құқығы бар адам қайтыс болған жағдайда, оның мұрагерлері мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
      2) мұрагердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және салыстыру үшін құжаттың түпнұсқасы не оның нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      3) алушының қайтыс болуы туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      4) мұраға құқық туралы куәліктің түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі не мұраға берілетін мүлікті бөлу туралы келісімнің түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі, заңды күшіне енген сот шешімі.»;
      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Сенім білдірілген өкіл айырма төлемін тағайындау туралы өтініш берген кезде ол осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттардан басқа:
      1) сенім білдірілген өкілдің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін және салыстыру үшін оның түпнұсқасын;
      2) сенімхаттың түпнұсқасын немесе оның нотариалды куәландырылған көшірмесін (егер сенімхатта сенім білдірушінің бір мезгілде бірнеше ұйымда мүддесін білдіру жөніндегі өкілеттігі қамтылса) ұсынады.
      Сенім білдірілген өкілдің айырма төлемін алушыға айырма төлемін тағайындау туралы өтініш беруі оның өзі келген кезде жүзеге асырылады.»;
      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «11. Қорлар сұрау келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар адамның зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие болу сәтіндегі зейнетақы жинақтарының сомалары туралы мәліметті Орталыққа электронды форматта ұсынады.»;
      2-қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 31 қазандағы
№ 1383 қаулысына  
қосымша      

Зейнетақы төлемдерін алушыларға жинақтаушы  
зейнетақы қорларындағы міндетті зейнетақы   
жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы
жарналары мөлшерінде сақталуы жөніндегі    
мемлекеттің кепілдіктерін алушының зейнетақы
төлемдеріне құқықты иеленуі кезіндегі инфляцияның
деңгейін ескере отырып орындау қағидаларына 
2-қосымша                   

Зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие болған күнге жеке
зейнетақы шотының болуы және міндетті зейнетақы жарналарының
есебінен зейнетақы жинақтарының сомалары туралы мәліметтер
_______________________________________________________
Жинақтаушы зейнетақы қорының атауы

Өтінімнің №

Салымшының
Т.А.Ә

Салымшының туған күні

Салымшының
ӘЖК

Зейнетақы жинақтарын алу құқығына ие болған күнгі (күні, айы, жылы) зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы

Бірінші рет алу күні

Бірінші рет алу сәтіндегі зейнетақы жинақтарының сомасы

Бірінші рет алудың себебі

1

2

3

4

5

6

7

8

























      М.О. Жинақтаушы зейнетақы қоры филиалының директоры
      _______________________________________________________
            (Т.А.Ә.)                               (қолы)
      М.О. Жинақтаушы зейнетақы қорының маманы
      _______________________________________________________
            (Т.А.Ә.)                               (қолы)