«Астық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңының 5-бабының 12) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналардың:
1) мемлекеттік сатылатын астық ресурстары үшін:
ҚР СТ 1046-2008 3-сыныпты жұмсақ бидайдың (Triticum aestivum L.) бір тоннасына 40000 (қырық мың) теңге (ҚҚС төлеушілер үшін) мөлшерінде;
2) мемлекеттік жемдік астық ресурстары үшін:
ҚР СТ 1046-2008 4-сыныпты жұмсақ бидайдың (Triticum aestivum L.) бір тоннасына 36000 (отыз алты мың) теңге мөлшерінде;
ГОСТ 28672-90 2-сыныпты арпаның бір тоннасына 32000 (отыз екі мың) теңге мөлшерінде;
3) мемлекеттік тұқым ресурстары үшін:
осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаздық жұмсақ бидай және арпа тұқымдарының репродукциялары мен егіс стандартының сыныптары бойынша сатып алу бағасы белгіленсін.
2. «Мемлекеттік астық ресурстарына жеткізілетін астықтың сатып алу бағасын белгілеу туралы» және «Мемлекеттік астық ресурстарына жеткізілетін астықтың сатып алу бағасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 қазандағы № 1118 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 желтоқсандағы № 1496 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 7, 136-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 1 қазандағы
№ 1250 қаулысына
қосымша
Жаздық жұмсақ бидайдың және арпаның сорттық тұқымдарын сатып
алу бағасы (1 тоннаға теңге)
Дақылдың атауы |
I репродукция |
II репродукция |
III репродукция |
|||
1-сынып |
2-сынып |
1 -сынып |
2-сынып |
1-сынып |
2-сынып |
|
Бидай. |
77 200 |
66 400 |
64 160 |
64 240 |
52 880 |
50 120 |
Арпа |
70 080 |
57 280 |
58 240 |
49 600 |
43 840 |
38 720 |