Мемлекеттік астық ресурстарына жеткізілетін астықтың сатып алу бағасын белгілеу туралы және "Мемлекеттік астық ресурстарына жеткізілетін астықтың сатып алу бағасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 қазандағы № 1118 қаулысының

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 желтоқсандағы № 1496 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 қазандағы № 1250 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.10.01 № 1250 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      «Астық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңының 5-бабының 12) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Сатып алу бағасы:
      1) мемлекеттік сатылатын астық ресурстары үшін:
      ҚР СТ 1046-2008 3-сыныпты жұмсақ бидайдың (Triticum aestivum L.) бір тоннасына 25000 (жиырма бес мың) теңге мөлшерінде (ҚҚС төлеушілер үшін);
      2) мемлекеттік жемдік астық ресурстары үшін:
      ҚР СТ 1046-2008 4-сыныпты жұмсақ бидайдың (Triticum aestivum L.) бір тоннасына 23700 (жиырма үш мың жеті жүз) теңге мөлшерінде;
      ГОСТ 28672-90 2-сыныпты арпаның бір тоннасына 19400 (он тоғыз мың төрт жүз) теңге мөлшерінде;
      3) мемлекеттік тұқым ресурстары үшін:
      жаздық жұмсақ бидай және арпа тұқымдарының репродукциялары мен егіс стандартының сыныптары бойынша осы қаулыға қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. «Мемлекеттік астық ресурстарына жеткізілетін астықтың сатып алу бағасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 қазандағы № 1118 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 58, 561-құжат) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2011 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 1496 қаулысына  
қосымша   

Жаздық жұмсақ бидайдың және арпаның сорттық тұқымдарын сатып алу бағасы

                                             1 тоннаға теңге

Дақылдың атауы

I репродукция

II репродукция

III репродукция

1-сынып

2-сынып

1-сынып

2-сынып

1-сынып

2-сынып

Бидай

48 333

41 556

40 111

40 167

33 056

31 334

Арпа

42 500

34 750

35 500

30 250

26 667

23 500