Салалық конструкторлық бюролардың жұмыс істеуі қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 10 қыркүйектегі № 1170 Қаулысы

Қолданыстағы

      «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының 4-бабы 15) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Салалық конструкторлық бюролардың жұмыс істеуі қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 10 қыркүйектегі
№ 1170 қаулысымен
бекітілген    

Салалық конструкторлық бюролардың жұмыс істеуі қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Салалық конструкторлық бюролардың жұмыс істеуі қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының 4-бабының 15) тармақшасына сәйкес әзірленді және салалық конструкторлық бюролардың жұмыс істеу тәртібін айқындайды.
      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:
      1) салалық конструкторлық бюро (бұдан әрі – СКБ) – материалдық-техникалық кешенге иелік ететін, жаңа немесе жетілдірілген тауарлар өндіруді ұйымдастыруда индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне жәрдемдесу үшін технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институты құрған заңды тұлға;
      2) өтініш беруші – жаңа немесе жетілдірілген тауарларды өндіруді әзірлеумен және енгізумен байланысты индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыратын заңды немесе жеке тұлға;
      3) өтінім – осы Қағидалардың талаптарына сәйкес қажетті құжаттарды қоса бере отырып, белгіленген үлгідегі өтініш;
      4) тауар – СКБ қызметтерін көрсету нәтижесінде алушы дайындауға тиіс зат немесе заттар жиынтығы;
      5) инжинирингтік қызметтер – өнімдерді (тауарлар, жұмыстар, қызметтер) өндіру процесіне дайындау, жоба алды және жобалық қызметтерді (техникалық-экономикалық негіздемелерді дайындау, жобалық-конструкторлық жұмыстар, басқа да сүйемелдеуші қызметтер) көрсету бойынша инженерлік-консультациялық қызметтер;
      6) инфрақұрылым – ғимараттар, құрылыстар, технологиялық жабдықтар кешені, тәжірибелік-өнеркәсіптік учаске, көлік құралдары;
      7) сынақ – тауар қасиеттерінің сандық және сапалық сипаттамаларын оған әсер ету нәтижесі ретінде сараптамалық айқындау;
      8) өндірістің конструкторлық дайындығы – нақты дайындаушы кәсіпорынның сериялық өндірісі шарттарына қатысты конструкторлық құжаттамаларға бейімделу мақсатын көздейтін іс-шаралар кешені;
      9) Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік (бұдан әрі – Агенттік) – технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институты;
      10) алушы – осы Қағидаларға сәйкес СКБ қызметтерін көрсету үшін өтінімі қабылданған өтініш беруші;
      11) роялти – өнімді өндіру кезіндегі техникалық құжаттаманы, лицензияларды, патенттерді және меншіктің басқа түрлерін пайдаланғаны үшін, мөлшері СКБ мен алушы арасында жасалатын СКБ қызметін көрсетуге арналған шартпен белгіленетін өткізілген өнім құнынан пайыз түрінде төленетін ақшалай өтем;
      12) сертификаттау – сәйкестікті растау жөніндегі орган жазбаша тауардың, қызметтің белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын рәсім;
      13) бірлесіп орындаушы – алушыға СКБ қызметін көрсету шеңберінде жеке іс-шараларды іске асыру үшін мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы негізінде СКБ-ға тартылған, қажетті ресурстар мен мамандықтарды меңгерген жеке немесе заңды тұлға;
      14) техникалық құжаттама – жаңа немесе жетілдірілген өнімдер өндіруді ұйымдастыруға, сондай-ақ оны пайдалану мен жөндеу үшін қажетті конструкторлық, технологиялық және нормативтік құжаттама;
      15) өндірісті технологиялық даярлау – өндірістің конструкторлық, технологиялық дайындығын және өндіріске тауарларды жеткізу жүйесін регламенттейтін нормативтік-техникалық іс-шаралар кешені;
      16) өндірісті техникалық даярлау – нақты өндіру шарттарын ескере отырып, анағұрлым оңтайлы тәсілмен жаңа тауардың өндірістік процесінің орындалу бірізділігін айқындайтын жұмыстар жиынтығы;
      17) технологиялық меморандум – индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органның ұлттық басқарушы холдингтермен, ұлттық холдингтермен, ұлттық компаниялармен және олармен аффилиирленген заңды тұлғалармен жасалатын және сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің тізбесін айқындайтын келісім;
      18) жоба – СКБ қызметтерін көрсету процесінде және оның нәтижелерін пайдалана отырып, өтініш беруші іске асыруға жоспарлаған немесе алушы іске асыратын индустриялық-инновациялық жоба.
      3. СКБ-ның жұмыс істеу процесінде туындайтын және осы Қағидалармен реттелмейтін мәселелерді шешу Агенттіктің құзыретіне жатады және оның шешімімен ресімделеді.

2. СКБ-ның жұмыс істеу тәртібі

      4. «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен айқындалған міндеттерге сәйкес СКБ алушыларға мынадай қызмет түрлерін көрсетеді (бұдан әрі – СКБ қызметтері):
      1) оның негізінде тауарларды өндіруді ұйымдастыру үшін техникалық құжаттамаларды сатып алу (қажет болған жағдайда – пысықтау, бейімдеу);
      2) технологиялар трансфертіне жәрдемдесу;
      3) жаңа немесе жетілдірілген тауарларды шығаруға жәрдемдесу;
      4) техникалық құжаттаманы әзірлеу;
      5) өндірісті техникалық (конструкторлық және технологиялық) даярлау бойынша қызметтер;
      6) консультациялық және инжиниргтік қызметтер;
      7) аккредиттелген сынақ зертханаларында (орталықтарында) жаңа немесе жетілдірілген өнімдерге сынақ жүргізу кезінде жәрдемдесу;
      8) аккредиттелген уәкілетті органдарда жаңа немесе жетілдірілген өнімдерді сертификаттау кезінде жәрдемдесу.
      5. Қажет болған жағдайда көрсетілетін қызметтердің қажетті сапасы мен толықтығын қамтамасыз ету мақсатында СКБ қызметтерді қөрсетуге бірлесіп орындаушыларды тарта алады.
      6. СКБ мен алушы арасындағы шартта айқындалған алушы қажеттілігіне байланысты СКБ қызметтерінің нәтижелері мыналар болып табылады:
      1) техникалық құжаттама, дайындау құқығына лицензиялар немесе патенттер;
      2) өнімнің тәжірибелі үлгісі (партиясы);
      3) сынақ (сертификаттау) нәтижелерін және өнімнің қажетті параметрлерін растайтын құжаттар;
      4) осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес СКБ мен алушы арасындағы шарт негізінде СКБ қызметін көрсету аяқталғаннан кейін алушыға берілетін басқа да құжаттар немесе активтер.
      7. СКБ қызметін көрсету:
      1) СКБ қызметін көрсетуге жұмсалған шығындарды СКБ қаражатынан қаржыландыра отырып және кейіннен роялти нысанында алушы тарапынан өтей отырып, технологиялық меморандумдарды іске асыру;
      2) СКБ қызметін көрсетуге жұмсалған шығындарды өтініш берушінің жеке қаражатынан қаржыландыра отырып, өтініш беруші бастамасы бойынша қызмет көрсету;
      3) СКБ қызметін көрсетуге жұмсалған шығындарды СКБ қаражатынан қаржыландыра отырып және кейіннен роялти нысанында алушы тарапынан өтей отырып, өтініш беруші бастамасы бойынша қызмет көрсету шеңберінде жүзеге асырылады.
      8. СКБ қызметін көрсетуге жұмсалған шығындарды СКБ қаражатынан қаржыландыра отырып және кейіннен роялти нысанында алушы тарапынан өтей отырып, технологиялық меморандумдарды іске асыру шеңберінде СКБ қызмет көрсетуі мынадай кезеңдерді қамтиды:
      1) кәсіпорынның экономикалық орындылығы және техникалық мүмкіндіктері ұстанымымен технологиялық меморандумдарға енгізілген өнімдерді талдау;
      2) СКБ-ның өнім өндіруді ұйымдастыру үшін өтініш беруші ұсынатын өнімдер тізбесін бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру;
      3) өтініш берушіден СКБ қызметін көрсетуге өтінім қабылдау;
      4) СКБ өтінімдерін жинау және алдын ала іріктеу;
      5) өтініш беруішілерге СКБ қызметін көрсету туралы немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдау;
      6) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес үлгілік шарттарға сай СКБ мен алушы арасында қызмет көрсетуге және қызмет көрсету нәтижелерін пайдалану құқығын беруге шарттар жасасу;
      7) СКБ қызметін көрсету;
      8) алушының СКБ қызметін қабылдауы;
      9) СКБ-мен бірлесіп, Агенттік жүзеге асыратын СКБ қызметінің нәтижелерін пайдалану бөлігінде алушының шарт талаптарын орындауына мониторинг жүргізу;
      10) СКБ қызметін көрсетуге арналған шартты іске асыру нәтижелерін бағалау.
      9. Осы Қағидалардың 7-тармағының 2) тармақшасына сәйкес СКБ қызметін көрсетуге жұмсалған шығындарды өтініш берушінің жеке қаражатынан қаржыландыра отырып, өтініш беруші бастамасы бойынша қызмет көрсету, сондай-ақ олардың қаражаты есебінен кез келген ұйымның тапсырысы бойынша қызмет көрсету осы Қағидалардың ережелерін қолданбай, өтініш беруіші мен СКБ арасында жасалған азаматтық-құқықтық шартқа сәйкес жүзеге асырылады.
      Бұл жағдайда СКБ қызмет көрсетуі туралы шешімді СКБ басшысы СКБ-ның тарифтік саясатына және өтініш беруші ұсынған талаптарға сәйкес уақтылы қызмет көрсету үшін ресурстардың бар болуына сүйене отырып, қабылдайды.
      10. СКБ қызметін көрсетуге жұмсалған шығындарды СКБ қаражатынан қаржыландыра отырып және кейіннен роялти нысанында алушы тарапынан өтей отырып, өтініш беруші бастамасы бойынша қызмет көрсету мынадай кезеңдерді қамтиды:
      1) өтініш берушіден СКБ қызметін көрсетуге өтінім қабылдау;
      2) кәсіпорынның экономикалық орындылығы және техникалық мүмкіндіктері ұстанымымен өнімдерді талдау;
      3) СКБ өтінімдерін жинау және алдын ала іріктеу;
      4) өтініш беруішілерге СКБ қызметін көрсету туралы немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдау;
      5) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес үлгілік шарттарға сай СКБ мен алушы арасында қызмет көрсетуге және қызмет нәтижелерін пайдалану құқығын беруге шарттар жасасу;
      6) СКБ қызметін көрсету;
      7) алушының СКБ қызметін қабылдауы;
      8) СКБ-мен бірлесіп, Агенттік жүзеге асыратын СКБ қызметінің нәтижелерін пайдалану бөлігінде алушының шарт талаптарын орындауына мониторинг жүргізу;
      9) СКБ қызмет көрсетуге арналған шартты іске асыру нәтижелерін бағалау.

3. Өтінімдерді ресімдеуге қойылатын талаптар

      11. Өтініш берушілер СКБ-ға мыналарды қамтитын өтінім береді:
      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаны іске асыру үшін СКБ қызметін алуға өтініш;
      2) техникалық тапсырма;
      3) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бизнес-жоспар;
      4) қызметтерді көрсетуге жұмсалған шығындарды СКБ қаражатынан қаржыландыра отырып және кейіннен роялти нысанында алушы тарапынан өтей отырып, өтініш берушінің бастамасы бойынша қызмет көрсету кезінде - өнім сұранысын растайтын құжаттар (ұзақ мерзімді шарт, бастапқы шарт, келісім, меморандум және басқалары) (тиісті құжаттар болса);
      5) өтінімде көрсетілген тауарларды өндіру бойынша қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін қажетті лицензиялардың көшірмелері;
      6) патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, дипломдардың және өтінім мен техникалық тапсырмада көрсетілген ақпаратты растайтын басқа да құжаттардың көшірмелері (тиісті құжаттар болса);
      7) өтініш берушінің құқықтық мәртебесін растайтын құжаттар:
      жеке тұлғалар үшін – жеке басын растайтын құжат көшірмесі, кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркеу туралы құжаттардың көшірмесі, салық төлеушінің тіркеу нөмірінің, жеке сәйкестендіру нөмірінің (бар болса) көшірмелері;
      заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы куәліктің көшірмесі, бизнес сәйкестендіру нөмірі (бар болса);
      8) қажетті біліктілігі бар мамандардың болуын және өтінімде көрсетілген тауарларды өндіруді ұйымдастыру үшін жеткілікті санын растайтын құжаттар;
      9) өтінімде көрсетілген тауарларды өндіруді ұйымдастыру үшін қажетті инфрақұрылымның болуын растайтын құжаттар.
      12. Өтініш берушіге қажетті СКБ қызметінің нақты тізбесін өтінімді ресімдеу кезінде өтініш беруші осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген қызметтер қатарынан белгілейді.
      13. Өтінім СКБ-ға мемлекеттік немесе орыс тілдерінде, қағаз тасығышта екі дана – түпнұсқа және түпнұсқа көшірмесі, сондай-ақ электронды түрде ұсынылады.
      Өтінімнің түпнұсқасына міндетті тәртіппен өтініш беруші қол қоюы және мөрмен куәландыруы, соңғы беті өтініш беруішінің қолымен және мөрімен куәландырылған беттері нөмірленіп, тігілген түрінде бірыңғай папкаға жинақталуы тиіс.
      Өтініш беруші өтінімнің көшірмесін тікпейді.
      14. Құжаттардың түпнұсқалығын, осы Қағидалардың 11-тармағына сәйкес өтінім құрамында берілетін көшірмелерді кейіннен өтініш берушіге қайтарылатын түпнұсқасымен салыстыра отырып, өтінімдерді жинау және тіркеу үшін жауапты СКБ қызметкері белгілейді.
      15. Өтінім басып шығарылған немесе өшірілмейтін сиямен жазылған, өтініш берушінің қолы қойылған және мөрмен бекітілген (жеке тұлға үшін – егер бар болса) болуы тиіс.
      16. Өтінімде жолдар арасында ешқандай жазбалар, өшірулер немесе қосып жазу болмауы тиіс.
      17. Өтініш беруші ұсынылған құжаттардың, өтінімде қамтылған шығыс деректердің, есептеулердің, негіздемелердің толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз етеді. Өтініш берушінің толық емес немесе дұрыс емес деректерді ұсынуы өтінімнен бас тарту үшін негіз болып табылады.

4. Өтінімдерді жинау және алдын ала іріктеу

      18. СКБ басшысы СКБ-ның штаттық қызметкерлері қатарынан өтінімді жинау және тіркеу үшін жауапты қызметкерді анықтайды.
      19. Өтінімді жинау және тіркеу үшін жауапты қызметкер олардың тіркелуін түсуі бойынша жүзеге асырады. Өтінімді тіркеу күні СКБ-ға өтінімнің келіп түскен күні болып табылады.
      20. СКБ басшысы анықтайтын СКБ қызметкерлері өтінімді тіркеген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оны қажетті құжаттардың болуы, ақпараттың мазмұны мен толық ашықтығы бөлігінде өтінімді осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарауды қамтамасыз етеді.
      21. Өтінім осы Қағидалардың талаптарына сәйкес болмаған жағдайда, СКБ екі жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш берушіге ескертулер көрсетілген хабарламаны өтінімде өтініш беруші көрсеткен байланыс құралдарының бірі бойынша жібереді.
      Өтінім өтініш берушіге ескертулерін жою және СКБ-ға қайта тапсыру үшін қайтарылады.
      22. Өтініш беруші осы Қағидалардың барлық талаптарына сәйкес анықталған ескертулерді жойып, өтінімді қайта тапсыра алады. Өтініш берушінің СКБ-ға өтінімді қайта ұсынуы ескерту алған күнінен бастап жиырма жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүзеге асырылуы тиіс.
      23. СКБ пысықталған өтінімді алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ескертулердің жойылғандығын тексереді.
      Қайтадан ескертулер болмаған жағдайда СКБ өтінімді қайта ұсынған күннен бастап он жұмыс күні ішінде өтініш беруші сұратқан СКБ қызметінің құнын есептейді, одан кейін тиісті есепті өтініш берушіге келісу үшін жібереді.

5. СКБ қызметін көрсету немесе қызмет көрсетуден
бас тарту туралы шешім қабылдау

      24. Өтініш беруші сұратқан СКБ қызметінің құны СКБ қызметінің құнын есептеуді өтініш берушіге ұсынған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей өтініш берушімен келісіледі. Бұл ретте СКБ өтініш берушіге СКБ қызметінің құнын есептеу негіздемесі үшін барлық қажетті материалдарды ұсынады.
      25. СКБ қызметінің құнын келісу СКБ және өтініш беруші қол қоятын СКБ қызметін көрсетудің шарттық құны мен СКБ қызметінің нәтижелерін пайдалану құқығын келісу хаттамасымен (бұдан әрі – хаттама) ресімделеді.
      26. Егер СКБ қызметінің құны хаттамаға сәйкес үш мың есе көлеміндегі ең төмен есеп көрсеткішінен аспаған жағдайда, СКБ қызметін көрсету туралы немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы шешімді СКБ басшысы қабылдайды және бұйрық ресімделеді. Бұл ретте шешім хаттамаға қол қойылған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей қабылданады.
      27. СКБ қызметін көрсету туралы бұйрықта оны қабылдау негізі (негіздеме) және СКБ қызметін көрсетуге арналған шығындарды қаржыландыру көздері көрсетіледі. Бұйрыққа өтінім, хаттама және СКБ қызметін көрсету туралы шешім қабылдау үшін негіз болатын материалдар қоса беріледі.
      28. СКБ қызметін көрсетуден бас тарту туралы бұйрықта бас тарту үшін негіз болған материалдар қоса беріле отырып, бас тарту себептері көрсетіледі.
      29. Осы Қағидалардың 2728-тармақтарына сәйкес қабылданған СКБ шешімі ол қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтініш берушіге хабарланады.
      30. Егер СКБ қызметінің құны хаттамаға сәйкес үш мың есе көлемінде ең төмен есеп көрсеткішінен асып кеткен жағдайда, СКБ хаттамаға қол қойылған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей қорытынды дайындайды.
      31. Қорытындыда қойылатын іріктеу өлшемдеріне жобаның сәйкестігін бағалау қамтуы тиіс:
      1) осы Қағидалардың 17-тармағына сәйкес өтінімде көрсетiлген құжаттардың, бастапқы деректердің, есептеулердің, негіздемелердің толықтығы мен сенімділігі;
      2) осы Қағидалардың 24-тармағына сәйкес СКБ қызметі құнымен өтініш берушінің келісуі, СКБ қызметін көрсетудiң келiсiлген құнын хаттамамен ресiмдеу және СКБ қызмет нәтижелерiн пайдалану құқығы;
      3) осы Қағидалардың 42-тармағының 2) тармақшасына сәйкес қызметтер нәтижелерi шартқа сәйкес СКБ-дан алушыға берілген күннен бастап бес жылдан артық емес мерзімде қызмет көрсету процесінде СКБ-ның келтірілген шығыстарының өтелуі;
      4) өнімдердің сұранысқа ие болуы.
      Сонымен қатар, қорытынды ұсынымдардың негіздемесімен қоса беріле отырып, өтініш берушіге СКБ қызметiн көрсету немесе одан бас тарту туралы ұсынымдарды қамтуы тиіс.
      32. Қорытынды оған СКБ басшысы қол қойған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде СКБ қызметін көрсету туралы немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдау үшін Агенттікке жіберіледі. Қорытындыға өтінім көшірмесі мен хаттама қоса беріледі.
      Өтінім түпнұсқасы СКБ-да сақталады.
      33. Агенттік осы Қағидалардың 32-тармағында көрсетілген құжаттарды алған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде оларды СКБ қызметін көрсету туралы немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдау мақсатында қарастырады. Қажет болған жағдайда, жобалардың күрделілігі мен құнына байланысты Агенттік өтініш беруші ұсынған жоба саласында біліктілігі бар тәуелсіз сарапшыларды тартады.
      Тәуелсіз сарапшыларды тарту тәртібін, олардың қызметі мен сараптамалық қорытынды нысанын Агенттік айқындайды.
      34. Өтінімді және оған қоса берілген материалдарды қарастыру нәтижесі бойынша Агенттік СКБ қызметін көрсету туралы немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды, ол қабылданған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде СКБ-ға және өтініш берушіге хабарланады.

6. Қызметтерді көрсетуге арналған шарттар жасасу

      35. СКБ мен өтінімдері бойынша СКБ қызметін көрсету туралы шешім қабылданған өтініш берушілер арасында қызметтерді көрсетуге арналған шарт Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында айқындалған тәртіппен жасалады.
      36. СКБ мен өтініш беруші арасындағы шарттың ажырамас бөлігі мыналар болып табылады:
      1) өтініш берушіге көрсетілетін СКБ қызметінің тізбесі мен көлемін қамтитын техникалық тапсырма;
      2) әрбір кезең құнын және қол жеткізуге жоспарланған нәтижені көрсете отырып, оны іске асыру процесінің кезең-кезеңмен сипаттамасын қамтитын жобаны іске асырудың күнтізбелік жоспары;
      3) СКБ қызметін көрсетудің шарттық құнына және СКБ қызметінің нәтижелерін пайдалану құқығына келісу хаттамасы.
      37. СКБ қызметін көрсетуді бастау күні СКБ мен алушы арасында шарт жасау күні болып саналады.

7. Қызметтерді көрсету шеңберінде СКБ-ны қаржыландыру

      38. Өтініш берушілерге СКБ қызметін көрсетумен байланысты СКБ-ның күрделі және ағымдағы шығындарын қаржыландырудың көздері мыналар болып табылады:
      1) тиісті қаржылық-экономикалық негіздемеге сәйкес СКБ-ның жарғылық капиталының қаражаты;
      2) индустриалық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау жөніндегі іс-шараларды іске асыруға арналған бюджеттік бағдарламалар шеңберінде республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат;
      3) шарттық міндеттемелер шеңберіндегі өтініш берушінің жеке қаражаты;
      4) СКБ мен алушы арасындағы шартқа сәйкес СКБ қызметінің нәтижелерін пайдалану құқығы үшін төлем ретінде алушы төлейтін роялти.
      39. СКБ-ның тарифтік саясаты оның жұмыс істеуінің өзін-өзі ақтауын қамтамасыз ету қағидаттарына сүйене отырып қалыптастырылады.
      40. СКБ-ның қаражатынан жасалған СКБ қызметіне арналған шығындарды өтеу алушының роялти төлеуі арқылы жасалады.
      41. Алушы СКБ қызметінің нәтижелерін пайдалану үшін роялти мөлшері, оны төлеу мерзімдері мен тәртібі хаттама негізінде СКБ мен өтініш беруші арасында жасалған СКБ қызметін көрсетуге арналған шартта айқындалады.
      42. Роялти мөлшерін айқындау кезінде мынадай шектеулер қолданылады:
      1) роялти мөлшері – СКБ қызметінің нәтижелерін пайдалана отырып, алушы өндіретін өнімнің бірлігін іске асыру бағасынан бір пайыздан кем емес;
      2) СКБ қызметін көрсету процесінде СКБ тартқан шығындарды қайтару мерзімі – шартқа сәйкес алушы СКБ-дан қызмет нәтижелерін беру күнінен бастап бес жылдан аспайды;
      3) роялтиді төлеудің жалпы мерзімі – СКБ мен алушы арасында жасалған шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін, бірақ СКБ қызметін көрсету процесінде СКБ тартқан шығындарды қайтару кезеңінен бір жылдан кем емес.
      43. СКБ мен алушы арасында жасалған шарттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін алушы шартта көзделген роялти көлемін төлеу шарттарында, егер өзгесі шарт талаптарында көзделмесе, СКБ қызметінің нәтижелерін иелену құқығы алушыға беріледі.
      44. Алушы СКБ мен алушы арасында жасалған шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін – мерзімінен бұрын белгіленген көлемдегі роялти төлеу бойынша міндеттемелерін орындауға құқылы. Бұл ретте СКБ қызмет нәтижелерін иелену құқығы алушыға беріледі.

8. СКБ-ның жұмыс істеу мониторингі

      45. СКБ-ның жұмыс істеу мониторингін жүргізудің мақсаты жоспарланған іс-шаралар, күнтізбелік жоспар мен нәтижелерге сәйкес жобаны іске асырудың нақты барысын көрсету болып табылады.
      46. Агенттік жыл сайын, есепті жылдан кейінгі 1 ақпанға дейінгі мерзімде өткен күнтізбелік жыл ішіндегі қызметтің нәтижелері туралы СКБ есептерін тыңдауды ұйымдастырады. Есептерді тыңдауды өткізу тәртібін Агенттік айқындайды.
      47. СКБ қызметтерін көрсетудің аяқталуы жоспарлы немесе мерзімінен бұрын болуы мүмкін.
      48. СКБ қызметін көрсетудің жоспарлы аяқталуы қызметтерді көрсету мерзімінің өтуін білдіреді.
      49. Қызметтерді көрсетудің мерзімінен бұрын аяқталуы мынадай жағдайларда жүзеге асырылуы мүмкін:
      1) іске асыру нәтижелерін ағымдағы бағалау нәтижелері бойынша жобаны одан әрі іске асырудың орындылығы туралы шешім қабылдау;
      2) жоспарланған нәтижелерге мерзімінен бұрын қол жеткізу және жобаны одан әрі іске асырудың орындылығының болмауы;
      3) СКБ тарапынан тартқан шығындарды өтеу шарттарында өтініш беруішінің жобаны одан әрі іске асырудан бас тартуы.

9. СКБ жұмыс істеу тиімділігін бағалау

      50. СКБ жобаларын іске асыру шеңберінде СКБ-ның жұмыс істеу нәтижелерін бағалаудың екі түрі қолданылады:
      1) ағымдық бағалау – тоқсан сайын, әрбір іске асырылатын жобалардың бірін іске асыру барысы туралы тоқсан сайынғы есептер негізінде;
      2) қорытынды бағалау – алушыға СКБ қызметін көрсету аяқталған соң.
      51. Ағымдағы бағалау іске асырылған іс-шаралардың тиімділігін айқындау, жобаның одан әрі дамуы бойынша ұсынымдар әзірлеу және өткен кезең ішінде нәтижелілігін бағалау мақсатында жасалады.
      52. Қорытынды бағалау нақты алушының жобасы бойынша СКБ қызметін көрсету аяқталған соң жүргізіледі.
      53. СКБ жұмыс істеу нәтижелерін ағымдағы және қорытынды бағалауды Агенттік жүзеге асырады.
      54. СКБ-ның жұмыс істеу тиімділігін бағалау нәтижеліліктің негізгі көрсеткіштерінің жүйесіне (Key Performance Indicators - KPI) сәйкес жүргізіледі. Қорытынды бағалау нәтижелері бойынша танылған жобалардың іске асырылатын жобалардың жалпы санына қатынасы СКБ-ның жұмыс істеу тиімділігін бағалау үшін негіз болады.

Салалық конструкторлық
бюролардың жұмыс істеуі
қағидаларына   
1-қосымша    

Қызмет көрсету және қызмет нәтижелерін
пайдалану құқығын беру
ШАРТЫ № ______

____________ қаласы                        2012 жылғы «___» ________

      Бұдан әрі «СКБ» деп аталатын «_________________________________ конструкторлық бюросы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің атынан Жарғы негізінде әрекет ететін директоры _________________________ бір тараптан және бұдан әрі «Алушы» деп аталатын _______________________ атынан ______________________________________________ негізінде әрекет ететін _______________________________________, ______ қаласы, екінші тараптан, бірлесіп «Тараптар» және жеке әрқайсысы «Тарап» деп аталатындар,
      мыналарды:
      1) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі мен __________________________________________ (бар болса) арасында жасалған _____ жылғы _______ №__ технологиялық келісімді;
      2) ___________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
назарға ала отырып, төмендегілер туралы осы қызмет көрсету және қызмет нәтижелерін пайдалану құқығын беру шартын (бұдан әрі - Шарт) жасасты.

1. Терминдердің анықтамалары

      Осы Шартта пайдаланылатын мынадай терминдердің мағыналары:
      1) техникалық құжаттама – жаңа немесе жетілдірілген өнімді өндіруді ұйымдастыру үшін, сондай-ақ оны пайдалану және жөндеу үшін қажетті конструкторлық, технологиялық және нормативтік құжаттама;
      2) жоба – белгіленген уақыт мерзімі ішінде іске асырылатын технологиялар трансферттерді, жаңа немесе жетілдірілген өнімдерді, технологияларды, тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді жасауға бағытталған индустриалық-инновациялық сипаттағы іс-шаралар кешені;
      3) құпиялылық – Шартта көзделген мәліметтерді үшінші тұлғаларға кездейсоқ немесе алдын ала тарату жөніндегі шараларды сақтау;
      4) есепті кезең – өнімдер өндірісін игеруге дайын болған сәттен бастап өнім өндірудегі қызмет нәтижелерін Алушы пайдаланғаны үшін роялти төлеудің аяқталу мерзіміне дейін әр жылдың 31 наурызында, 30 маусымында, 30 қыркүйегінде, 31 желтоқсанында аяқталатын әр тоқсанның ішінде осы Шарттың талаптарын орындау бойынша Алушының қызмет кезеңі.
      5) нетто төлемдері – барлық ықтимал алымдар мен салықтар бойынша СКБ-ға төленетiн төлемдер;
      6) технологиялық меморандум – индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органның ұлттық басқарушы холдингтермен, ұлттық холдингтермен, ұлттық компаниялармен және олармен аффилиирленген заңды тұлғалармен жасалатын және сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің тізбесін айқындайтын келісім;
      7) өнімнің түпкілікті тұтынушысы – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігімен технологиялық меморандум жасасқан ұлттық компания, ірі жер қойнауын пайдаланушы, жүйе құрушы кәсіпорын;
      8) қызмет нәтижесі – осы Шартқа сәйкес қызмет көрсету нәтижесінде алынуға және Алушыға берілуге тиіс барлық активтерді атап көрсету.

2. Шарттың мәні

      1. Осы Шарт бойынша мына міндеттемелерді Алушы тапсырады, ал СКБ өзіне қабылдайды:
____________________________________________________________________
               мынадай нұсқалардың бірі толтырылады:
      1) ______________________ жобасы бойынша осы Шарт талаптарында
            (жобаның атауы)
Алушының техникалық тапсырмасымен жасалған техникалық құжаттаманы сатып алу (пысықтау, бейімдеу)1 бойынша қызметтер көрсету;
      2) ________________________________ жобасы бойынша осы Шарттың
                 (жобаның атауы)
талаптарында Алушының (немесе өнімнің түпкілікті тұтынушысының)* техникалық тапсырмасымен жасалған техникалық құжаттаманы әзірлеу бойынша қызметтер көрсету;
      3) ________________________________ жобасы бойынша осы Шарттың
                (жобаның атауы)
талаптарында Алушының (немесе өнімнің түпкілікті тұтынушысының) техникалық тапсырмасымен жасалған өндірісті техникалық даярлау бойынша қызметтер көрсету;
      4) ________________________________ жобасы бойынша осы Шарттың
                (жобаның атауы)
      талаптарында Алушының (немесе өнімнің түпкілікті тұтынушысының) техникалық тапсырмасымен жасалған консультациялық және инжинирингтік қызметтер көрсету;
      5) ________________________________ жобасы бойынша осы Шарттың
                 (жобаның атауы)
талаптарында Алушының (немесе өнімнің түпкілікті тұтынушысының) техникалық тапсырмасымен жасалған өнімдердің тәжірибелік үлгілеріне сынақ өткізуге жәрдемдесу бойынша қызметтер көрсету;
      6) ________________________________ жобасы бойынша осы Шарттың
                (жобаның атауы)
талаптарында Алушының (немесе өнімнің түпкілікті тұтынушысының) техникалық тапсырмасымен жасалған өнімді сертификаттауды жүргізуге жәрдемдесу бойынша қызметтер көрсету;
      7) басқа да қызметтер (атап көрсету).
      2. Алушыға мыналар берілсін:
      ____________________________________________________________
                 мына нұсқалардың бірі толтырылады:
      1) осы Шарттың техникалық тапсырмасына (1-қосымшаға) сәйкес осы Шарттың қолданылу мерзіміне қызмет нәтижелерін пайдалану құқығы;
      2) алушы осы Шартта белгіленген роялтиді толық көлемде төлеген жағдайда осы Шарттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін (немесе Алушы осы Шарт бойынша роялти төлеу бөлігінде міндеттемелерді мерзімінен бұрын орындаған жағдайда) осы Шарттың техникалық тапсырмасына (1-қосымшаға) сәйкес қызмет нәтижелеріне меншік құқығы.
      3. Осы Шарттың мәні бойынша Алушы (немесе өнімнің түпкілікті тұтынушысы) СКБ көрсететін қызметтерге қоятын техникалық, экономикалық, экологиялық, эргономикалық және өзге де талаптар осы Шарттың 1-қосымшасына сәйкес техникалық тапсырмада көрсетіледі.
      4. Алушы СКБ қызметін көрсеткені және қызмет нәтижелерін өнім өндірісінде пайдалануға құқығын бергені үшін СКБ-ға мынадай түрдегі сыйақысын төлеуге міндеттенеді:
      1) 7-бөлімнің 2-тармағында көзделген мөлшердегі роялти;
      2) ____________________________________________________________
            қажет болған жағдайда басқа төлеу тәсілдері көрсетілсін
      5. Қызмет нәтижелерін пайдалануды Алушы _________________________________________ мақсатында жүзеге асырады.
техникалық құжаттама қалай пайдаланатындығы көрсетілсін__________________________________________
*жақшада көрсетілген қосымша іс-шаралар қажет болған жағдайда қосылады

3. Шарт бойынша жұмыстардың орындалу және аяқталу мерзімдері

      1. Қызмет көрсетудің түпкілікті мерзімі ______________________.
                                                 (күні, айы, жылы)

      2. Қызмет көрсетудің жеке кезеңдерінің аралық орындалу және аяқталу мерзімдері осы Шарттың 2-қосымшасына сәйкес тараптар келіскен жұмыстардың күнтізбелік жоспарында айқындалған.
      3. Осы Шарт бойынша қызмет көрсету мерзімдері Тараптардың өзара келісімі бойынша өзгертілуі мүмкін.

4. Техникалық құжаттама

      1. Осы Шарттың 1-қосымшасында көрсетілген Тізбе бойынша қызмет нәтижесі болып табылатын барлық техникалық құжаттама орыс тілінде 2 (екі) данада СКБ-ның 3-бөлімнің 1-тармағына сәйкес қызмет көрсетудің түпкілікті мерзімі басталған күннен бастап __________________________ ішінде _________________ мекенжай бойынша Алушының уәкілетті өкіліне жіберіледі.
      2. Техникалық құжаттаманы беру кезінде Тараптардың уәкілетті өкілдерінің қолдары қойылып, қабылдау-беру актісі жасалады. Техникалық құжаттаманы беру күні қабылдау-беру актісіне қол қойылған күн болып табылады.
      3. Егер Алушы беру кезінде немесе ол қызмет көрсету нәтижелерін алғаннан кейін 1 (бір) айдың ішінде СКБ-дан алынған техникалық құжаттаманың толық еместігін немесе дұрыс еместігін анықтаған жағдайда, онда СКБ жазбаша наразылығы түскеннен кейін ___ (_____) күн ішінде жетіспеген құжаттаманы беруге немесе кемшіліктерді түзетуге және түзетілген құжаттаманы Алушыға беруге міндеттенеді.
      4. Алушы құпиялылықты қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемені сақтаған жағдайда өз мұқтаждығы үшін құжаттаманы көбейте алады.

5. Жетілдіру және жақсарту

      1. Осы Шарттың қолданылу мерзімі ішінде Тараптар қызметтер мен оларды пайдалана отырып өндірілетін өнімдер нәтижелеріне қатысты олар жасаған барлық жетілдірулер мен жақсартулар туралы бір-бірін жедел хабардар етіп отыруға міндеттенеді.
      2. Тараптар бірінші кезекте барлық жоғарыда көрсетілген жетілдірулер мен жақсартуларды бір-біріне ұсынуға міндеттенеді. Осы Шартта айтылған талаптардан басқа, бұл жетілдірулер мен жақсартуларды беру талаптарын тараптар қосымша келісетін болады.
      3. Өнімдерге қатысты барлық әзірлемелер, өнертабыстар, ноу-хау, жетілдірулер мен жақсартулар, сондай-ақ осы Шарттың мәні болып табылмайтын кез-келген Тараптар жасаған немесе жетілдірулер мен жақсартулар нәтижесінде алынған ерекше құндылықтар мен өзге де зияткерлік және өнеркәсіптік меншік объектілерін жетілдіру мен жақсарту құқығы СКБ-ның меншігі болып табылады. Жетілдірулер мен жақсартулар жасаған Тарап зияткерлік және өнеркәсіптік меншік объектілерінде СКБ пайдасына қатаң құпиялылықты сақтау және қорғау құжаттарын алу арқылы СКБ құқығын қорғауды қамтамасыз етуге міндеттенеді.

6. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      1. СКБ:
      1) 2-бөлімнің 1-қосымшасында көзделген қызметтерді осы Шарттың 2-қосымшасына сәйкес Тараптар келіскен күнтізбелік жоспарда белгіленген көлемде және мерзімдерде көрсетуге;
      2) техникалық тапсырмаға сәйкес жай-күйде Алушыға қызмет нәтижелерін беруге;
      3) үшінші тұлғаларға тиесілі зияткерлік қызметінің қорғалатын нәтижелерін пайдалану және оларды пайдалану құқығын сатып алу қажеттілігін Алушымен келісуге;
      4) басқа тұлғалардың айрықша құқықтарын бұзбайтын, осы Шарт бойынша алынған қызмет нәтижелерін беруге Алушыға кепілдік беруге;
      5) өз есебінен қызмет көрсетуді тапсырудың түпкілікті күнін бұзбай, оның өз кінәсі бойынша жіберілген кемшіліктерді, сондай-ақ техникалық тапсырмада немесе Шартта көзделген техникалық-экономикалық параметрлерден кері тартуға әкелетін есептемелер мен талдамалық қорытындылардағы қателерді жоюға;
      6) Алушыға техникалық құжаттамаға тиісті өзгерістерді енгізу үшін барлық ақпаратты жедел жіберуге міндетті.
      2. СКБ:
      1) Алушыға берілетін қызмет нәтижелерін пайдалана отырып, дайындалған өндіріс пен өнімді тұтыну көлемін растайтын деректерге тексеру жүргізуге;
      2) Алушы осы Шарттың 6-бөліміне сәйкес СКБ-ға сыйақы төлеу бойынша міндеттемелерді орындамаған жағдайда, Алушыдан осы Шарт шеңберінде қызмет нәтижелерін пайдалана отырып, шығарылатын өнім өндірісін Алушы тарапынан бұзушылықтар жойылғанға дейін тоқтатуды талап етуге;
      3) 2-бөлімнің 1-тармағында көрсетілген міндеттемелерді орындау кезінде бірлесіп орындаушыларды тартуға құқылы.
      3. Алушы:
      1) осы Шартқа қол қойылған күннен бастап ______ ай ішінде осы Шарттың 1-қосымшасында көрсетілген өнімді дайындау бойынша өндірісті ұйымдастыруға, оның іске асырылуын Техникалық меморандумда* көрсетілген көлемдерде қамтамасыз етуге;
      2) СКБ-ның алғашқы талабы бойынша Шарт бойынша міндеттемелерді орындау барысы туралы ақпараты ұсынуға;
      3) Қазақстан Республикасының аумағынан тыс елдерден алынатын қызмет нәтижелерін пайдалана отырып, дайындалған өнімге барлық сұраныстарды СКБ-ға беріп отыруға;
      4) СКБ талабы бойынша олардың көрсеткен мерзімінде осы Шарт бойынша берілген қызметтер нәтижелерін пайдалана отырып, өндірілген өнімнің өндірісі мен өткізу көлеміне қатысты деректерді ұсынуға және қажеттілік болған жағдайда СКБ-ға оларды тексеруге мүмкіндік беруге;
      5) осы Шарт бойынша СКБ алдындағы міндеттемелерді уақтылы және толық орындау үшін барлық қажетті шараларды қабылдауға;
      6) 13-бөлімнің 1-тармағында көрсетілген қолданылу мерзімі өткеннен кейін 1 (бір) ай ішінде____________________________________ мекенжайы бойынша орыс тілінде 2 (екі) данада және оның барлық көшірмелерін осы Шарттың 1-қосымшасында көрсетілген Тізбе бойынша қызмет нәтижелері ретінде алынған барлық техникалық құжаттаманы СКБ-ға беруге міндетті.
      Техникалық құжаттамалар мен олардың көшірмелерін беру кезінде екі Тараптың уәкілетті өкілдерінің қолы қойылып қабылдау-беру актісі жасалады. Құжаттаманы беру күні қабылдау-беру актісіне қол қойылған күн болып табылады.
      4. Алушы:
      1) егер осы Шартта қызмет нәтижелерін меншік құқығын беру көзделсе, шарттық бағаға келісу хаттамасында (осы Шартқа 3-қосымша) көзделген осы Шарт қолданысының барлық кезеңінде сыйақы (роялти) көлемін төлеу бөлігінде осы Шарт бойынша міндеттемелерді мерзімінен бұрын орындауға;
      2) СКБ-ның операциялық-шаруашылық қызметіне араласпай, 2-бөлімнің 1-тармағында көзделген жұмыстарды орындау барысы мен сапасын тексеруге құқылы.
      5. Осы Шарт бойынша қызметтерді көрсету барысында үшінші тұлғаларға тиесілі қорғалатын зияткерлік қызметінің нәтижелерін пайдалануға қатысты тараптардың құқықтары мен міндеттемелері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен және қорғалатын зияткерлік қызметтің нәтижелерінде көрсетілген құқық иеленушілермен жасалған шарт талаптарымен айқындалады.
___________________________________
*немесе осы Шарт кіріспесінде назарға алынатын басқа құжат

7. Қызметтердің құны мен төлеу тәртібі

      1. Қызмет көрсету құны және шарттық бағаны келісу хаттамасына сәйкес осы Шарт бойынша қызмет нәтижелерін пайдалану құқығын беру (осы Шартқа 3-қосымша) цифрмен және жазбаша көрсетілсін теңгені құрайды.
      2. Қызметтерді көрсету және осы Шартта көзделген қызмет нәтижелерін пайдалану құқығын беру үшін Алушы СКБ-ға мыналарды төлейді:
      1) қызмет нәтижелерін пайдалана отырып дайындалған, өткізілген өнімнің құнынан __ (_____) пайыз мөлшерінде сыйақы (роялти);
      2) ____________________________________________________________
____________________________________________________________________.
      2. Ағымдағы роялтиді аударуды есептік кезеңнен кейінгі 5 (бес) жұмыс күні ішінде Алушы жасайды. Есептік кезең әр жылдың 31 наурызында, 30 маусымында, 30 қыркүйегінде, 31 желтоқсанында аяқталатын _________ жылдан бастап _________ жылға дейінгі әр тоқсан болып табылады.
      4. Осы Шарт бойынша барлық төлемдер СКБ пайдасына нетто төлемі ретінде түсініледі.

8. Құпиялылықты қамтамасыз ету

      1. Тараптар осы Шарт бойынша берілген қызмет нәтижелерін пайдалана отырып, өнім өндірісіне қатысты СКБ-дан алынған қызмет нәтижелері мен ақпараттың құпиялылығын сақтау бойынша, сондай-ақ осы Шарттың орындалуы мен мазмұнына қатысты міндеттемелерді өздеріне алады.
      Көрсетілген мәліметтерді толықтай немесе ішінара таратуды немесе жазбаша түрде ресімделген өзара уағдаластықсыз онымен үшінші тұлғаларды таныстыруды болдырмау үшін Тараптар барлық қажетті шараларды қабылдайды.
      2. Берілген қызмет нәтижелерімен тек Алушы персоналы құрамының адамдары және оның осы Шарт бойынша берілген қызмет нәтижелерін пайдалана отырып, өндірілген өнім өндірісімен тікелей байланысты кооперациясы бойынша әріптестері таныса алады.
      3. Құпиялылықты сақтау жөніндегі міндеттемелер осы Шарттың қолданылуы тоқтағаннан немесе кейінгі __ (____) жыл ішінде ол мерзімінен бұрын тоқтатылғаннан кейін өз күшін сақтайды.
      4. Алушы немесе оның әріптестері берілген техникалық құжаттама мен ақпаратта қамтылған кооперация бойынша мәліметтерді жариялап таратқан жағдайда, Алушы осыған байланысты келтірілген шығындардың СКБ-ға өтеуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген жауапкершілікті тартуға міндетті.

9. Берілетін құқықтарды қорғау

      1. Осы Шарттың барлық қолданылу мерзімі ішінде Алушы осы Шарттың 1-қосымшасында көрсетілген тізбе бойынша техникалық құжаттаманы СКБ құқықтарының жарамдылығын мойындайды және мойындайтын болады.
      2. Алушыға мәлім болған қызметтер нәтижелерін үшінші тұлғалар заңсыз пайдаланған жағдайда ол жедел түрде СКБ-ға хабарлайды.
      Егер Алушыға осы Шарт бойынша қызмет нәтижелерін пайдаланумен байланысты үшінші тұлғалардың олар тарапынан құқықтарын бұзуы бойынша арыздар немесе шағымдар жасалса, Алушы бұл туралы СКБ-ға хабарлайды. Осы екі жағдайда да СКБ мұндай арыздарды реттеуге немесе Алушы үшін шығыстар мен залалдардың пайда болуын болдырмаудың өзге әрекеттерін жасауға міндеттенеді.
      3. Егер Алушы Шарт бойынша қызмет нәтижелерін пайдалана отырып, өндірілетін өнімді экспорттаудың орынды еместігі туралы қорытындыға келген жағдайда, бұл туралы СКБ-ға хабарлайды. Төлемдер тәртібі мен валютасы СКБ пайдасына шешілсе, бұл жағдайда Тараптармен қосымша келісілетін болады.

10. Тараптардың жауапкершілігі

      1. Басқа Тарап Шарт бойынша міндеттемелерді орындамау немесе тиісінше орындалмау нәтижесінде мүліктік мүдделері немесе іскерлік беделі бұзылған жағдайда, Шарт Тарабы оған осы Тарап келтірген шығындарды толық өтеуді талап етуге құқылы, ол құқығы бұзылған Тарап өз құқықтары мен мүдделерін, оның ішінде: жоғалту, мүлікті бүлдіру немесе зақымдау (нақты зиян), егер оның құқығы мен мүдделері бұзылмаса (қолдан кеткен табыс), іскерлік айналымның қарапайым шарттарында осы Тарап алған, алынбаған табыстарды (оның ішінде роялти) қалпына келтіру үшін жасаған немесе жасайтын шығыстарды білдіреді.
      2. Шарт бойынша міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған осы Шарт Тараптарының кез келген кінәсі (ниет немесе байқаусыздық) болған кезде жауапқа тартылады.
      3. Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындалмауы үшін кінәсі болмағандығын міндеттемелерді бұзған Тарап дәлелдейді.
      4. Осы Шарттың 7-бөлімінде көрсетілген төлемдерді төлеу мерзімдері бұзылған жағдайда, Алушы төлемнің кешіктірілген әр күні үшін СКБ-ға 0,1 (нөл бүтін оннан бір) пайызын, бірақ төлеуге жататын жалпы соманың 10%-нан аспайтын пайызын төлейді.
      5. Тиісті құқықсыз өнімдер өндірілген жағдайда, Алушы СКБ ұсынған шоттар негізінде СКБ-ға болжамды қолдан кеткен пайданы өтейді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапқа тартылады.
      6. Алушы осы Шартқа сәйкес СКБ-дан пайдалануға алған қызметтер нәтижелерін сақтау үшін материалдық жауапкершілікті толықтай алады, егер жоғалтып не бүлдіріп алса, СКБ оның толық құнын өтейді. Сондай-ақ СКБ бұл жағдайда Алушыға ұсынылған шоттар негізінде шығындарды немесе алынбаған табыстарды (қолдан кеткен табыс) өтеуді талап етуге құқылы.
      7. Осы Шартты орындау Тараптарды тұрақсыздық айыбын және айыппұлдар төлеуден босатпайды.
      8. Осы Шартта көзделген міндеттемелер орындалмаған немесе тиісті орындалмаған өзге жағдайларда, Тараптар осы Шартқа және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мүліктік жауапкершілікке тартылады.

11. Еңсерілмейтін күш жағдайлары (форс - мажор)

      1. Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған Тарап оның талаптарын орындау кезінде, егер міндеттемелерді нақты кезең уақытында нақты талаптарында еңсерілмейтін күш (форс-мажор), яғни төтенше немесе еңсерілмейтін жағдайлар салдарынан тиісінше орындамау мүмкін болғаны дәлелденбесе, жауапкершілікке тартылады. Осы Шарт Тараптары еңсерілмейтін күш жағдайларына мынадай жағдайларды: адамның қалыпты өмір тіршілігіне мүмкіндік бермейтін, осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындау орнында стихиялық сипаттағы (жер сілкіну, топан су басу, найзағайдың соғуы, жанартаудың атқылауы, сел, шөккін), температура, желдің күші және жауын-шашын деңгейін; билік және басқару органдарының мораторийі; белгіленген заңнамалық тәртіпте ұйымдастырылған бас көтерулер, міндеттемелерді тиісінше орындамау үшін еңсерілмейтін күш ретінде Шарт тараптары айқындай алатын басқа да жағдайлар жатқызылады.
      2. Еңсерілмейтін күш жағдайында күшіне енген осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындауға мүмкіндігі болмаған жоқ Тарап аталған жағдайдың басталуы туралы мәлім болған немесе мәлім болатын сәттен бастап күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірмей бұл туралы екінші Тарапқа жазбаша нысанда хабардар етуге міндетті. Хабарламада жазылған фактілерді, егер олар жалпыға танымал болып табылмаса, мемлекет билігінің тиісті құзыретті органы растауы тиіс. Еңсерілмейтін күш жағдайының басталуы туралы хабарламау немесе уақтылы хабарламау Тарапты осы жағдайға Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін жауапкершіліктен босату үшін негіз ретінде сүйену құқығынан айырады.
      3. Форс-мажор жағдайларының басталуына сілтеме жасау құқығынан айырылған Тарап Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

12. Дауларды шешу

      1. Осы Шартта көзделген мәселелер бойынша Тараптар арасындағы даулар туындаған жағдайда, Тараптар оларды өзара келіссөздер жолымен шешудің барлық шараларын қабылдайды.
      2. Көрсетілген дауларды шешу мүмкін болмаған жағдайда, олар сот тәртібімен шешілуі тиіс.

13. Шарттың қолданылу мерзімі және бұзылу тәртібі

      1. Осы Шарт ___ (_____) жыл мерзіміне жасалды және Тараптардың оған қол қойған күнінен бастап күшіне енді.
      2. Тараптаптардың әрқайсысы, егер екінші Тарап осы Шарт бойынша қандайда болмасын талапты орындамаса, жазбаша түрінде хабарлама жіберу жолымен осы Шартты мерзімінен бұрын бұзуға құқылы. Дегенмен, өз міндеттемелерін орныдамаған Тарапқа бұзушылықтарды жою үшін 1 (бір) ай берілетін болады.
      3. Егер осы Шарт Алушы өз міндеттемелерін орындамағандығына байланысты мерзімінен бұрын бұзылса, онда ол кез келген нысандағы қызмет нәтижелерін пайдалану құқығынан айырылады және СКБ-ға қабылдау-беру актісі бойынша 1 (бір) апта ішінде барлық техникалық құжаттама мен оның көшірмелерін қайтаруға міндетті. Бұл жағдайда СКБ бұл туралы оның болжамды бұзылу күніне дейін 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей Алушыға хабарлай отырып, ол келтірген шығындарды өтеуді талап етуге құқылы.
      4. Осы Шарт Тараптар келісімі бойынша мерзімінен бұрын бұзылуы мүмкін. Бұл жағдайда Алушы қабылдау-беру актісі бойынша бір апта ішінде барлық техникалық құжаттамалардың көшірмелерін СКБ-ға қайтаруға міндетті.

14. Өзге талаптар

      1. Осы Шарт бойынша Тараптардың әрқайсысының құқықтары мен міндеттері оған екінші Тараптың жазбаша рұқсатынсыз жеке немесе заңды тұлғаларға берілмейді.
      2. Шартқа қоса берілген кез-келген толықтырулар оған екі Тарап қол қойған сәттен бастап оның ажырамас бөлігі болып табылады.
      3. Осы Шарт бойынша міндеттемелерді белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған кез-келген қосымша келісімдер, егер олар жазбаша нысанда жазылса және оған уәкілетті тұлғалар қол қойып, тараптардың құзыретті органдары мақұлдаса, осындай мақұлдау қажет болғанда заңды болып табылады.
      4. Шарт шеңберінде факсимильді және/немесе электрондық байланыс арқылы жіберілген, Тараптардың өкілдері қол қойған құжаттар заңды болып табылады және олардың түпнұсқасы берілгенге дейін заңды түрде күшіне ие.
      5. Осы Шартта жазылған, оның қол қойылған уақытына дейін орын алған мәселелер бойынша Тараптар арасындағы барлық келісімдер, хат алмасу және келіссөздер оған қол қойылған күннен бастап күшін жояды.
      6. Осы Шарт бойынша барлық хабарламалар мен жазба хабарландырулар осы Шартта көрсетілген Тараптардың мекенжайы бойынша адресатқа курьер арқылы немесе қолға берілуі тиіс.
      7. Тараптар мекенжай мен банктік деректемелердің барлық өзгерістері туралы 10 (он) жұмыс күні ішінде бір-біріне жазба түрде хабарлауға міндетті.
      8. Осы Шартта көзделмеген қалған барлық жағдайларда Қазақстан Республикасының азаматтық құқық нормалары қолданылатын болады.
      9. Осы Шарт орыс тілінде бірдей заңды күші бар әрбір Тарап үшін бір-бірден екі ұқсас данада жасалады.
      10. Шарттың қолданыс мерзімінің аяқталуы немесе оның мерзімінен бұрын бұзу, құпиялылықты сақтау бойынша міндеттемелерді бұзу үшін жауапкершіліктен басқа, міндеттемелердің тоқтатылуына әкеледі тоқтатпайды.
      11. Тараптардың бірін қайта ұйымдастыру кезінде аталған Тараптың құқықтары мен міндеттері оның құқық мұрагеріне көшеді.

15. Тараптардың орналасқан жері, деректемелері және қолдары

СКБ:                                Алушы:
«_____________ конструкторлық
бюросы» ЖШС                
____________________________        ____________________________
____________________________        ____________________________
____________________________        ____________________________

_______________ ____________        ______________ _____________
     (қолы)        (Т.А.Ә.)             (қолы)       (Т.А.Ә.)

М.О.                               М.О.

Қызмет көрсету және қызмет
нәтижелерін пайдалану құқығын
беру шартына     
1-қосымша        

20 __ жылғы «__» ___________
№ ____ шарт бойынша қызмет көрсетуге арналған
техникалық тапсырма

1. Қызмет көрсету үшін негіздеме ____________________________________
                                  (негізге алынып қызмет көрсетілетін
_____________________________________________________________________
құжаттың атауы)
2. Орындалу мерзімі _________________________________________________
                       (қызмет көрсетуді бастау және аяқтау күні)
3. Қызмет көрсететін СКБ ____________________________________________
4. Қызметтерді алушы (дайындаушы кәсіпорын) _________________________
5. Көрсетілетін қызметтердің мақсаты, міндеттері, бағыты ____________
_____________________________________________________________________
(орындаудың мақсаты, қолданылу саласының сипаттамасы, техникалық
_____________________________________________________________________
          деңгейі, жұмыс істеу бағыты, тұтынушылық сапасы)
_____________________________________________________________________
6. Өнімнің түпкілікті тұтынушысы ____________________________________
7. Қызмет нәтижелері (оның ішінде әзірленетін техникалық құжаттаманың тізбесі ):

Белгіленуі

Атауы



















8. Өнімге қойылатын техникалық талаптар
      1) Міндетті түрде көрсетілген өнімге қойылатын өтініш беруішінің талаптары:
      Бағыт талаптары
      Бағыты
      Функциялары
      2) Көрсетілген өнімге қойылатын міндетті емес талаптар:
      Метрологиялық сипаттама
      Электрмен қоректендіруге қойылатын талаптар
      Электр магнитті сәйкестікке қойылатын талаптар
      Сыртқы әсерлерге қарсы төзімділікке және шыдамдылыққа қойылатын талаптар
      Сенімділік талаптары
      Эргономиканың, өмір сүру және техникалық эстетикасының талаптары
      Пайдалануға, сақтауға, техникалық қызмет көрсету ыңғайлылығына және жөндеуге қойылатын талаптар
      Тасымалдау бейімділігіне қойылатын талаптар
      Қауіпсіздікке қойылатын талаптар
      Стандарттауға және бірегейлендіруге қойлатын талаптар
      Технологиялық талаптар
      Конструктивтік талаптар
      Техникалық-экономикалық талаптар
      Қамтамасыз ету түрлеріне қойылатын талаптар
      Метрологиялық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
      Бағдарламалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
      Шикізатқа, материалдарға және жинақтаушы бұйымдарға қойылатын талаптар
      Консервацияға, қорапталуға және таңбалануға қойылатын талаптар
      Арнайы талаптар
      Қызмет көрсету кезеңдері
      Қызметтер көрсету нәтижелерін қарау, тапсыру және қабылдау тәртібі
      3) Қосымшалар.

      СКБ-ның атынан:                   Алушының атынан:
      ________________ _________        ____________ ____________
        (қолы)          (Т.А.Ә.)         (қолы)        (Т.А.Ә.)
      М.О.                                М.О.

Өнімді түпкілікті тұтынушының атынан (қажет болған жағдайда):

      _______________ ______________
          (қолы)         (Т.А.Ә.)
      М.О.

Қызмет көрсету және   
қызмет нәтижелерін пайдалану
құқығын беру шартына  
2-қосымша        

20 __ жылғы «__» ____________
№ _______ шарт бойынша қызмет көрсетудің
күнтізбелік жоспары

Жұмыс кезеңінің нөмірі

Жұмыс кезеңінің атауы

Орындалу мерзімі

Кезеңнің құны, мың теңге

Алынған нәтижелер туралы есептілік

басталуы

аяқталуы

1

2

3

4

5

6

      СКБ-ның атынан:                  Алушының атынан:
      ________________ _________       ____________ _____________
        (қолы)         (Т.А.Ә.)        (қолы)        (Т.А.Ә.)
      М.О.                             М.О.

Қызмет көрсету және  
қызмет нәтижелерін пайдалану
құқығын беру шартына 
3-қосымша      

20 __ жылғы «__» ____________№ ____ шарт бойынша қызметтің
шарттық құнын және қызмет нәтижелерін пайдалануға
құқығын келісу хаттамасы

      Біз, Алушы атынан – Алушының толық атауы, қол қоюшының Т.А.Ә., Алушы атынан қолдану үшін негіздеме
      және СКБ атынан – СКБ-ның толық атауы, қол қоюшының Т.А.Ә., СКБ атынан қолдану үшін негіздеме қол қоюшылар, тараптар ________________________ теңге сомасында 20 __ жылғы «__» _______ №
(цифрлармен, жазбаша)
шарт бойынша қызмет құнының шамасы туралы келісімге қол жеткізгенімізді куәландырамыз, оның ішінде:
      - тауардың атауы көрсетілсін өндірісті ұйымдастыру үшін оның негізінде _______ теңге сомадағы техникалық құжаттың атауы көрсетілсін қолдану құқығын бергені үшін;
      - _____________________ теңге сомадағы қызметтің атауы
        (цифрлармен, жазбаша)
көрсетілсін қызметтің басқа нәтижелерін қолдану құқығын бергені үшін;
      - _____________________ теңге сомадағы қызметтің атауы
        (цифрлармен, жазбаша)
көрсетілсін басқа ілеспе қызметтерді көрсеткені үшін.
      Осы шарт бойынша роялти шамасы пайызда, цифрлармен және жазбаша көрсетілсін құрайды, роялти төлеу кезінде: цифрлармен және жазбаша, роялти төлеуді бастау және аяқтау күні көрсетілсін.
      Осы Хаттама онда қамтылған мәселелер бойынша Тараптардың өзара уағдаластығын көрсетеді және Алушы мен СКБ арасында өзара есептемелер және төлемдер жүргізу үшін негіз болып табылады.

      СКБ-ның атынан:                    Алушының атынан:
      ________________ _________         ____________ _____________
           (қолы)       (Т.А.Ә.)            (қолы)        (Т.А.Ә.)
       М.О.                               М.О.

Салалық конструкторлық
бюролардың жұмыс істеуі
қағидаларына   
2-қосымша     

Тіркелу күні                                Өтінімнің нөмірі;
20 ____ жылғы «____» _________             (Сенімді тұлғаға беріледі)

Салалық конструкторлық бюролардың қызмет көрсетуіне арналған
ӨТІНІШ

_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                         (заңды тұлғаның атауы)
осы өтінішті қажетті құжаттар жинағымен салалық конструкторлық бюролардың қызмет көрсету мақсатында қарау тұрғысынан жібереді:

Жобаның атауы:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Жобаның толық құны, теңгемен (цифрмен және жазумен):

Тапсырылған ақпараттың дұрыстығына кепілдік береміз.

Салалық конструкторлық бюролардың жұмыс істеуі қағидалармен таныстық және келістік.

Қағидаларға сәйкес талап етілген құжаттар __________ парақта қоса беріледі.

_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(өтініш беруші атынан құжаттарға қол қою өкілеттілігі бар тұлғаның лауазымы)

_____________________________________________________________________
                        (Т.А.Ә.), қолы

ӨТІНІШ БЕРУШІНІҢ САУАЛНАМАСЫ
(заңды тұлғаға арналған)

_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                           ұйымның толық атауы

Заңды мәртебесі және меншік түрі:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Жетекшiлiк ететiн ведомство, ұйым, жоғарғы оқу орны, ғылыми-зерттеу институты немесе холдинг:
_____________________________________________________________________

Құрылған күні:
_____________________________________________________________________

Мекенжайы:____________________________________________________________________
индекс, облыс, аудан, елдi мекен, үй (пәтер, кеңсе), көше
Тел.: _____________________ Факс: _________________________ E-mail:
________________________ Web-site: ____________________________

Банктiк деректемелер, есептік шоты, валюталық шоты, банктiк жеке код, салық төлеушiнің тiркеу нөмiрі:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Алынған және өтелмеген теңгелік және валюталық кредиттер:
_____________________________________________________________________

Қызмет түрі:
____________________________________________________________________

Сала, кіші сала:_____________________________________________________

Бірінші басшы (Т.А.Ә., туған жылы, лауазымы, білімі, жұмыс тәжірибесі):
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Бас бухгалтер (Т.А.Ә., телефоны):
_____________________________________________________________________

Байланысушы тұлға (Т.А.Ә., лауазымы, телефоны, ұялы телефоны, e-mail):
_____________________________________________________________________

Ұйым басшысының қолы
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

      өтініш беру заңды тұлғалар үшін өтініш заңды тұлғаның фирмалық бланкісінде ресімделіп, заңды тұлғаның мөрімен бекітіледі
      электронды тасығыш редакцияланбайтын (pdf, басқа жалпы таралған форматтар) және редакцияланатын (Microsoft Word) форматтардағы файлдарды қамтуы тиіс

Салалық конструкторлық
бюролардың жұмыс істеу
қағидаларына   
3-қосымша    

Бизнес-жоспар*

      1. Өтініш берушінің қысқаша сипаттамасы.
      2. Мәлімделетін өнім сипаттамасы.
      3. Маркетингтік талдау.
      4. Әлеуетті тұтынушы, жеткізу туралы алдын ала уағдаластықтар.
      5. Өндірістік жоспар.
      6. Талап етілетін СКБ қызметтерінің сипаттамасы, олардың нәтижелері.
      7. Жобаны басқарудың институционалдық құрылымы.
      8. Қаржы жоспары.
      9. Тәуекелдерді бағалау.

      Қосымшалар.

_________________________________________
*Құрылымда келтірілгендер сәйкес ресімделеді, бөлімдердің мазмұны жобаға қолданылуын ескере отырып сәйкес келтіріледі