Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі кеңес құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі № 1142 Қаулысы

Жаңартылған

      Елдің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізін қалаушы қағидаттары, міндеттері мен тәсілдері жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі кеңес (бұдан әрі – Кеңес) құрылсын.
      2. Қоса беріліп отырған Кеңес туралы ереже бекітілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2012 жылғы 5 қыркүйектегі
№ 1142 қаулысымен   
бекітілген      

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі кеңес туралы ереже

      Осы Ереже Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі кеңес қызметінің міндеттерін, функциялары мен ұйымдастыру негіздерін айқындайды.

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі кеңес (бұдан әрі – Кеңес) мемлекеттік және жеке сектор арасындағы әріптестік қағидаттарына негізделген Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы тұрақты жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
      2. Кеңес елдің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негіз қалаушы қағидаттары, міндеттері мен әдістері жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу үшін құрылады.
      3. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
      4. Кеңестің қызметі елдің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың тиімді тетіктерін құру бойынша практикалық ұсыныстар мен ұсынымдарды бірлесе әзірлеу мақсатында мемлекеттік органдардың, бизнес-қоғамдастықтардың, ғылыми қауым мен үкіметтік емес ұйымдардың практикалық өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге бағытталған.
      Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы өзге де кеңестермен өзара іс-қимыл жасайды.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.11.2013 № 1249 қаулысымен.
      5. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Кеңестің жұмыс органы (бұдан әрі - жұмыс органы) болып табылады.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 11.03.2013 № 226 қаулысымен.

2. Кеңестің міндеттері мен функциялары

      6. Кеңестің негізгі міндеттері мен функциялары:
      1) Қазақстанның ұлттық экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелері бойынша бірыңғай саясатты қалыптастыру және іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
      2) Қазақстанның ұлттық экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негіз қалаушы қағидаттары, міндеттері мен тетіктері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу;
      3) базалық факторлар («Макроэкономика», «Бизнес», «Технологиялар және инновациялар», «Институттар», «Адами даму») көрсеткіштерін жақсарту арқылы экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
      4) елдің бәсекеге қабілеттілігі жөніндегі баяндаманы қалыптастыруға қатысу болып табылады.

3. Кеңестің құқықтары

      7. Кеңес өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру мақсатында заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан өз қызметін жүзеге асыруға қажетті материалдар мен ақпаратты сұратуға және алуға;
      2) мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың өкілдерін Кеңестің отырыстарына шақыруға және қаралатын мәселелер бойынша тыңдауға;
      3) қажеттілігіне қарай проблемалық мәселелерді талдау және зерделеу үшін мамандарды, сарапшылар мен ғалымдарды тартуға;
      4) барлық институционалдық құрылымдармен жүйелі консультациялар беруге;
      5) өз құзыретінің шегінде Кеңестің жанынан кіші жұмыс топтарын құруға құқылы.
      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 21.11.2013 № 1249 қаулысымен.

4. Кеңестің қызметін ұйымдастыру

      8. Кеңесті лауазымы Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі болып табылатын төраға басқарады.
      Кеңестің төрағасы Кеңестің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, Кеңес мүшелерінің келісімі бойынша отырыстардың күн тәртібін, сондай-ақ оларды өткізу уақыты мен орнын, қабылданатын шешімдердің сапасы мен тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шараларды айқындайды және нақтылайды, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимылын үйлестіреді, Кеңес шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және оның қызметі үшін дербес жауапты болады.
      Кеңес төрағасы болмаған уақытта оның функцияларын Кеңес төрағасының орынбасары орындайды.
      9. Кеңестің хатшысы Кеңес отырысына қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды және Кеңес отырысының хаттамасын (бұдан әрі - хаттама) ресімдейді.
      Хатшы Кеңестің мүшесі болып табылмайды.
      10. Жұмыс органы Кеңестің жұмысын ұйымдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде:
      1) күн тәртібін қалыптастырады;
      2) Кеңестің шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді және бақылайды;
      3) Кеңес мүшелерінің және оның қызметіне тартылған мамандардың жұмысын үйлестіреді.
      11. Кеңес отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ кемінде үш айда бір рет өткізіледі.
      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.11.2013 № 1249 қаулысымен.
      12. Кеңестің отырыстары Кеңес мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі болған жағдайда заңды болады. Кеңестің мүшелері оның қызметіне алмастыру құқығынсыз қатысады.
      13. Кеңес мүшелерінің ерекше пікір білдіруге құқығы бар, ол білдірілген жағдайда жазбаша түрде жазылуға және хаттамаға қоса берілуге тиіс.
      14. Кеңес отырыстарына Кеңес мүшелері болып табылмайтын лауазымды тұлғалар, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылуы мүмкін.
      15. Кеңес отырыстары күн тәртібінің әрбір мәселесі бойынша шешімдер отырысқа қатысқан Кеңес мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда Кеңестің төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп саналады.
      16. Кеңестің шешімі хаттамамен ресімделеді, оған міндетті түрде отырысқа қатысқан барлық Кеңес мүшелері қол қояды.

5. Кеңестің қызметін тоқтату

      17. Кеңес өз қызметін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде тоқтатады.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2012 жылғы 5 қыркүйектегі
№ 1142 қаулысына   
қосымша        

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы
Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі кеңестің құрамы

      Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.11.2013 № 1249 қаулысымен.

Ахметов                 - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі,
Серік Нығметұлы           төраға

Сұлтанов                - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Бақыт Тұрлыханұлы         орынбасары - Қазақстан Республикасының
                          Қаржы министрі, төрағаның орынбасары

Әбілқасымова            - Қазақстан Республикасының Экономика және
Мәдина Ерасылқызы         бюджеттік жоспарлау вице-министрі, хатшы

Сағынтаев               - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Бақытжан Әбдірұлы         бірінші орынбасары

Орынбаев                - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Ербол Тұрмаханұлы         орынбасары

Исекешев                - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Әсет Өрентайұлы           орынбасары - Қазақстан Республикасының
                          Индустрия және жаңа технологиялар министрі

Досаев                  - Қазақстан Республикасының Экономика және
Ерболат Асқарбекұлы       бюджеттік жоспарлау министрі

Дүйсенова               - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Тамара Босымбекқызы       халықты әлеуметтік қорғау министрі

Жәмішев                 - Қазақстан Республикасының Өңірлік даму
Болат Бидахметұлы         министрі

Жұмағалиев              - Қазақстан Республикасының Көлік және
Асқар Қуанышұлы           коммуникация министрі

Имашев                  - Қазақстан Республикасының Әділет министрі
Берік Мәжитұлы

Қайырбекова             - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау
Салидат Зекенқызы         министрі

Қаппаров                - Қазақстан Республикасының Қоршаған орта
Нұрлан Жамбылұлы          және су ресурстары министрі

Қарабалин               - Қазақстан Республикасының Мұнай және газ
Ұзақбай Сүлейменұлы       министрі

Қасымов                 - Қазақстан Республикасының Ішкі істер
Қалмұханбет               министрі
Нұрмұханбетұлы

Құл-Мұхаммед            - Қазақстан Республикасының Мәдениет және
Мұхтар Абрарұлы           ақпарат министрі

Мамытбеков              - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы
Асылжан Сарыбайұлы        министрі

Сәрінжіпов              - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым
Аслан Бәкенұлы            министрі

Байменов                - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет
Әлихан                    істері агенттігінің төрағасы
Мұхамедияұлы              (келісім бойынша)

Қожағапанов             - Қазақстан Республикасы Спорт және дене
Ерлан Тоқтарханұлы        шынықтыру істері агенттігінің төрағасы

Қуандықов               - Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті
Болатбек Баянұлы          қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы
                          агенттік) төрағасы

Мұсабаев                - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш
Талғат Амангелдіұлы       агенттігінің төрағасы

Оспанов                 - Қазақстан Республикасы Табиғи
Мұрат Мағауияұлы          монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы

Смайылов                - Қазақстан Республикасы Статистика
Әлихан Асханұлы           агенттігінің төрағасы

Түсіпбеков              - Қазақстан Республикасы Экономикалық
Рашид Төлеутайұлы         қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
                          күрес агенттігінің (қаржы полициясы)
                          төрағасы (келісім бойынша)

Тәжіяқов                - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Бисенғали                 төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
Шамғалиұлы

Әбдімомынов             - Қазақстан Республикасының Президенті
Азамат Құрманбекұлы       Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және
                          талдау орталығының меңгерушісі
                          (келісім бойынша)

Әбдірәсілов             - Қазақстан Республикасының Президенті
Болатбек Серікбайұлы      жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының
                          ректоры (келісім бойынша)

Айтжанов                - «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі»
Дулат Нулиұлы             акционерлік қоғамының басқарма төрағасы
                          (келісім бойынша)

Бишімбаев               - «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі»
Қуандық Уәлиханұлы        акционерлік қоғамының төрағасы
                          (келісім бойынша)

Ежов                    - «Ұлттық талдамалық орталық» акционерлік
Владислав                 қоғамының басқарма төрағасы (келісім
Николаевич                бойынша)

Мұқанов                 - «Экономикалық зерттеулер институты»
Мақсат Нұрдәулетұлы       акционерлік қоғамының президенті
                          (келісім бойынша)

Шөкеев                  - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры»
Өмірзақ Естайұлы          акционерлік қоғамының басқарма төрағасы
                          (келісім бойынша)

Аханов                  - Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының
Серік Ахметжанұлы         төрағасы (келісім бойынша)

Баталов                 - «Қазақстан кәсіпкерлері форумы»
Райымбек Әнуарұлы         қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің
                          төрағасы (келісім бойынша)

Мырзахметов             - «Атамекен» одағы» Қазақстан ұлттық
Абылай Исабекұлы          экономикалық палатасының басқарма төрағасы
                          (келісім бойынша)

Рақымбаев               - Қазақстан құрылыс салушылары
Айдын Жұмәділұлы          қауымдастығының төрағасы (келісім бойынша)

Смағұлов                - «Қазақстан астықты қайта өндеушілер одағы»
Нұрлан Еркебұланұлы       заңды тұлғалар бірлестігі құрылтайшылар
                          кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)