Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнiң 34-бабының 2-тармағына, «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2), 3) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған:
1) «Магистральдық газ құбыржолдарын, мұнай құбыржолдарын, мұнай өнiмдерi құбыржолдарын пайдалану жөніндегі қызметке лицензиялар беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
2) «Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу жөніндегі қызметке лицензиялар беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 1132 қаулысымен
бекiтiлген
«Магистральдық газ құбыржолдарын, мұнай құбыржолдарын,
мұнай өнiмдерi құбыржолдарын пайдалану жөніндегі қызметке
лицензиялар беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын
беру» мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Магистральдық газ құбыржолдарын, мұнай құбыржолдарын, мұнай өнiмдерi құбыржолдарын пайдалану жөніндегі қызметке лицензиялар беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар мен жұмыс кестелері бойынша, сондай-ақ тұтынушыда электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) болған жағдайда www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы немесе www. elicence.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі және оның аумақтық органдары (бұдан әрі – уәкілетті орган) көрсетеді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 12-бабының, «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі Заңының 13-бабының және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-бабының негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат порталда, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) орталық аппаратының www.arem.kz интернет – ресурсында, осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген Агенттіктің облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша департаменттерінің (бұдан әрі – Агенттіктің аумақтық органдары) үй-жайларында орналасқан стендтерде орналастырылады.
Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат call-орталықтың телефоны (1414) арқылы ұсынылуы мүмкін.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі www. elicence.kz порталында уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ-мен расталған электрондық құжат нысанында магистральдық газ құбыржолдарын, мұнай құбыржолдарын, мұнай өнiмдерi құбыржолдарын пайдалану қызметіне лицензия немесе лицензияға қосымша беру не электрондық құжат нысанында уәкілетті органның мемлекеттік қызметін немесе кағаз жеткізгіште уәкілетті орган ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.
7. Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмдерi:
1) мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында белгіленген қажеттi құжаттарды уәкілетті органға немесе порталға тапсырған кезден бастап (құжаттар қабылданған күнінен бастап) мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде – он бес жұмыс күнінен кешіктірмей;
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде – он жұмыс күні ішінде;
лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын беру кезінде – екі жұмыс күні ішінде;
2) құжаттарды тапсырған кезде ең ұзақ кезек күту уақыты – 30 минуттан аспайды;
3) құжаттарды алған кезде ең ұзақ кезек күту уақыты – 30 минуттан аспайды.
8. Мемлекеттік қызмет уәкілетті органға осы қызмет түрімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжатты ұсыну арқылы ақылы көрсетіледі.
Осы қызмет түрімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес лицензияларды (лицензиялардың телнұсқаларын) беру (қайта ресімдеу) кезінде алынады.
Лицензияға қосымшалар (лицензияға қосымшалардың телнұсқаларын) беру кезінде лицензиялық алым алынбайды.
Магистральдық газ құбыржолдарын, мұнай құбыржолдарын, мұнай өнiмдерi құбыржолдарын пайдалану қызметімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымдардың ставкалары осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген.
Магистральдық газ құбыржолдарын, мұнай құбыржолдарын, мұнай өнiмдерi құбыржолдарын пайдалану қызметіне лицензия алуға, лицензияның телнұсқаларын қайта ресімдеуге, беруге арналған электрондық сұраныс портал арқылы берілген жағдайда, ақы төлеу «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.
9. Агенттіктің және Агенттіктің аумақтық органдарының жұмыс кестесі осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген.
Құжаттарды қабылдау қызмет жедел көрсетілместен жүзеге асырылады.
Порталдың жұмыс кестесі - тәулік бойы.
10. Мемлекеттік қызмет Министрліктер үйінің ғимаратында, Агенттіктің аумақтық органдарының үй-жайларында және порталда – «жеке кабинетте» көрсетіледі.
Министрліктер үйінің ғимаратында мүмкіндіктері шектеулі мемлекеттік қызметті алушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген.
Агенттіктің аумақтық органдарының үй-жайларында күту залы, ақпараттық стендтер бар.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
11. Лицензияны және лицензияға қосымшаны (қызметтiң кiшi түрлерi болған жағдайда) алу үшiн мынадай құжаттар қажет:
1) осы стандартқа 3 және 4-қосымшаларда көрсетілген заңды немесе жеке тұлға үшін белгіленген нысандағы өтініш;
2) заңды тұлға үшiн – жарғының және мемлекеттік қызметті алушының заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркелгенi туралы куәлiктiң (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған) көшiрмелерi;
3) дара кәсіпкер үшін – мемлекеттік қызметті алушының дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің көшірмесі;
4) жеке тұлға үшiн – жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
5) мемлекеттік қызметті алушының салық органында есепке тұрғаны туралы куәлiктiң (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған) көшiрмесi;
6) осы қызметпен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған) көшiрмесi, лицензиялық алымның мөлшері осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген;
7) осы стандартқа 5-қосымшада көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар.
Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын құжаттардың мәліметтерін уәкілетті орган ЭЦҚ-мен расталған электрондық құжаттар нысанында порталдың ақпараттық жүйесі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Құжаттарды қабылдау кезінде уәкілетті органның қызметкері түпнұсқалардың шынайылығын құжаттардың көшірмелерімен және мемлекеттік органдардың мемлекеттік ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтермен салыстырады, одан кейін түпнұсқаларды мемлекеттік қызметті алушыға қайтарады.
Лицензиясы бар қызмет түрi шеңберiнде лицензияға қосымшаны алу үшiн мынадай құжаттар қажет:
1) осы стандартқа 3 және 4-қосымшаларда көрсетілген заңды немесе жеке тұлға үшін белгіленген нысандағы өтініш;
2) лицензияның (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған) көшiрмесi;
3) осы стандартқа 5-қосымшада көрсетілген қызметтiң кiшi түрiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкес мәлiметтер мен құжаттар. Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын құжаттардың мәліметтерін уәкілетті орган ЭЦҚ-мен расталған электрондық құжаттар нысанында порталдың ақпараттық жүйесі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Құжаттарды қабылдау кезінде уәкілетті органның қызметкері түпнұсқалардың шынайылығын құжаттардың көшірмелерімен және мемлекеттік органдардың мемлекеттік ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтермен салыстырады, одан кейін түпнұсқаларды тұтынушыға қайтарады.
Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша жоғалған, бүлiнген жағдайда лицензиаттың лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын алуға құқығы бар.
Лицензияға және (немесе) лицензияға қосымшаға телнұсқаны алу үшiн мынадай құжаттар қажет:
1) лицензияға және (немесе) лицензияға қосымшаға телнұсқа беру туралы өтініш;
2) телнұсқаны беру үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған) көшiрмесi, лицензиялық алымның мөлшері осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген.
Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша мынадай жағдайларда:
1) жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты өзгерген;
2) дара кәсiпкердi қайта тiркеген, оның атауы мен мекенжайы өзгерген;
3) заңды тұлғаны бiрiгу, қосылу, бөлiнiп шығу немесе қайта құру нысанында қайта ұйымдастырған;
4) заңды тұлғаның атауы және (немесе) заңды мекенжайы өзгерген жағдайларда қайта ресiмделуге жатады.
Қызмет түрiнiң және (немесе) кiшi түрiнiң атауы өзгерген жағдайда, лицензиаттың осы тармақта белгiленген тәртiппен лицензияны қайта ресiмдеу туралы өтiнiш беруге құқығы бар.
Лицензиат қайта ресiмдеу туралы өтiнiштi лицензияларды, лицензия көшірмелері мен лицензияға қосымшаларды (болған жағдайда) қайта ресімдеу кезінде жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алым (лицензиялық алым өлшемі осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген) төленгенін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, күнтiзбелiк отыз күн iшiнде ұсынады.
Лицензиат қайта ресiмделген лицензияны алған кезде бұрын берiлген лицензия мен лицензияға қосымшаны (болған жағдайда) лицензиарға қайтарады.
Лицензияны порталда алу үшін мемлекеттік қызметті алушыға мынадай құжаттар қажет:
1) мемлекеттік қызметті алушының ЭЦҚ-мен расталған электрондық құжат нысанындағы сұранысы;
2) заңды тұлға үшін – электрондық сұранысқа тіркелетін сканерленген электрондық көшірме түріндегі заңды тұлғаның жарғысы;
3) сканерленген электрондық көшірмелер түрінде электрондық сұранысқа тіркелетін осы стандартқа 5-қосымшада көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар;
4) жеке тұлға үшін – мемлекеттік қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттардың деректері;
5) заңды тұлға үшін – мемлекеттік қызметті алушының заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі туралы куәлік;
6) дара кәсіпкер үшін – мемлекеттік қызметті алушының дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелуі туралы куәлік;
7) осы қызметпен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенi туралы мәліметтер, лицензиялық алымның мөлшері осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген.
Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын мәліметтерді уәкілетті орган ЭЦҚ-мен расталған электрондық құжаттар нысанында портал арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Лицензиясы бар қызмет түрi шеңберiнде лицензияға қосымшаны алу үшiн мынадай құжаттар қажет:
1) мемлекеттік қызметті алушының ЭЦҚ-мен расталған электрондық құжат нысанындағы сұранысы;
2) сканерленген электрондық көшірме түрінде электрондық сұранысқа тіркелетін (егер лицензия қағаз жеткізгіште болса) лицензия;
3) сканерленген электрондық көшірмелер түрінде электрондық сұранысқа тіркелетін осы стандартқа 5-қосымшада көрсетілген қызметтің кіші түріне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар.
Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын мәліметтерді уәкілетті орган ЭЦҚ-мен расталған электрондық құжаттар нысанында портал арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша жоғалған, бүлiнген жағдайда лицензиаттың лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын алуға құқығы бар.
Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын алу үшiн мынадай құжаттар қажет:
1) мемлекеттік қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанындағы сұранысы;
2) осы қызметпен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенi туралы мәліметтер, лицензиялық алымның мөлшері осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген.
Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын мәліметтерді уәкілетті орган ЭЦҚ-мен расталған электрондық құжаттар нысанында портал арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша мынадай:
1) жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты өзгерген;
2) дара кәсiпкердi қайта тiркеген, оның атауы мен мекенжайы өзгерген;
3) заңды тұлғаны бiрiгу, қосылу, бөлiнiп шығу немесе қайта құру нысанында қайта ұйымдастырған;
4) заңды тұлғаның атауы және (немесе) заңды мекенжайы өзгерген жағдайларда қайта ресiмделуге жатады.
Қызмет түрiнiң және (немесе) кiшi түрiнiң атауы өзгерген жағдайда, лицензиаттың осы тармақта белгiленген тәртiппен лицензияны қайта ресiмдеу туралы өтiнiш беруге құқығы бар.
Лицензиат қайта ресiмдеу туралы сұранысты:
1) осы қызметпен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алым төленгені туралы мәліметтерді, лицензиялық алым өлшемі осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген;
2) электрондық сұранысқа (лицензия қағаз жеткізгіште болған жағдайда) тіркелетін сканерленген электрондық көшірмелер түріндегі лицензияның және лицензияға қосымшалардың (лицензия электрондық құжат нысанында болған жағдайда) деректерін не лицензияны немесе лицензияға қосымшаны қоса бере отырып, күнтізбелік отыз күн ішінде береді.
Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын мәліметтерді уәкілетті орган ЭЦҚ-мен расталған электрондық құжаттар нысанында портал арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Лицензиат қайта ресiмделген лицензияны алған кезде бұрын берiлген лицензия мен лицензияға қосымшаны (болған жағдайда) лицензиарға қайтарады.
12. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтініш нысандары порталда, Агенттіктің орталық аппаратының www.arem.kz интернет – ресурсында, осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген Агенттіктің аумақтық органдарының үй-жайларында орналасқан стендтерде орналастырылады.
13. Құжаттарды қабылдау портал арқылы және осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар және уақыт бойынша жүзеге асырылады.
Порталда электрондық сұранысты қабылдау мемлекеттік қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады. Таңдалған қызметке сәйкес сұраныс адресат –мемлекеттік органға автоматты түрде жіберіледі.
14. Осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың тапсырылғанын растау Агенттіктің орталық аппаратының кеңсесінде және Агенттіктің аумақтық органдарында тіркеу (мөртабан мен күні) болып табылады.
Уәкілетті орган мемлекеттік қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екi жұмыс күнi iшiнде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге мiндеттi. Ұсынылған құжаттардың толық емес фактiлерi анықталған жағдайда уәкілетті орган көрсетілген мерзiмде өтiнiштi одан әрi қараудан жазбаша дәлелдi түрде бас тартуды ұсынады.
Өтініш портал арқылы жасалған жағдайда мемлекеттік қызметті алушының порталдағы «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызметті алушының мемлекеттік қызметтің нәтижесін алатын күні мен уақыты көрсетілген мемлекеттік қызметті ұсынуға арналған сұранысты алғаны туралы хабарлама-есеп жіберіледі.
Өтініш жіберілген және оған нөмір берілген кезден бастап уәкілетті орган екі күннен кешіктірмей өтінішті тіркеуге тиіс, бұл ретте мемлекеттік қызметті алушыға «жеке кабинетіне», сондай-ақ порталда тіркелу кезінде көрсетілген электрондық мекенжайға уәкілетті органның өтінішті қабылдағаны туралы хабарлама қабылданған күні көрсетіліп жіберіледі.
15. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша қолма-қол (жеке келуі немесе сенімхат бойынша өкіліне) және (немесе) электронды түрде беріледі.
Өтініш портал арқылы жасалған жағдайда қызметті көрсету нәтижесі мемлекеттік қызметті алушының порталдағы «жеке кабинетіне» жіберіледі.
16. Егер:
1) осы санаттағы субъектiлер үшiн қызмет түрімен айналысуға Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған;
2) қызмет түрiне лицензия беруге өтiнiш берiлген жағдайда жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым енгiзiлмеген;
3) мемлекеттік қызметті алушы бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмеген;
4) келiсушi мемлекеттiк органмен мемлекеттік қызметті алушыға лицензия беру келiсiлмеген;
5) мемлекеттік қызметті алушының жекелеген қызмет түрiмен айналысуға тыйым салынған заңды күшiне енген оған қатысты сот үкiмi болған;
6) сот орындаушысы ұсыну негiзiнде сот өтiнiш берушiге лицензия алуға тыйым салған жағдайларда, лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беруден бас тарту жүзеге асырылады.
Егер уәкілетті орган белгіленген мерзімде мемлекеттік қызметті алушыға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны бермеген не лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден дәлелді бас тартуды ұсынбаған жағдайда, онда оларды беру мерзімі аяқталған күнінен бастап лицензия және (немесе) лицензияға қосымша берілді деп есептеледі.
Уәкілетті орган мемлекеттік қызметті алушыға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру мерзімі өткен сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей тиісті лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруге міндетті.
Уәкілетті орган бес жұмыс күні ішінде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны бермеген жағдайда, лицензия және (немесе) лицензияға қосымша алынды деп есептеледі, ал лицензияның өзін алғанға дейін лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асырудың заңдылығын растайтын құжат уәкілетті орган құжаттарды қабылдау күні туралы белгісі бар тізімдеменің көшірмесі, өтініш портал арқылы жасалған кезде - уәкілетті органның өтінішті алғаны туралы хабарламасы (сұраныс нөмірі) болып табылады.
3. Жұмыс қағидаттары
17. Уәкілетті органның қызметі:
1) адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
2) қызметтiк борышты орындау кезiндегi заңдылықты сақтау;
3) сыпайылық;
4) түбегейлi және толық ақпарат беру;
5) ақпаратты қорғау және құпиялылықты сақтау;
6) мемлекеттік қызметті алушы белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету қағидаттарына негізделеді.
4. Жұмыс нәтижелерi
18. Мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижелерi осы стандартқа 6-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткiштерiмен өлшенедi.
19. Мемлекеттік қызметті көрсететін уәкілетті органның жұмыстары бағаланатын мемлекеттiк қызметтердiң сапа және тиімділік көрсеткiштерiнiң нормативтік, нысаналы мәндері жыл сайын Агенттіктің орталық аппаратының тиісті бұйрығымен бекiтiледi.
5. Шағымдану тәртiбi
20. Мемлекеттік қызметті ұсыну сапасына наразылық болған жағдайда уәкілетті орган қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне шағым:
1) Агенттіктің орталық аппаратында лицензиялау мәселелерін қадағалайтын Агенттік төрағасы орынбасарының атына осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжай бойынша;
2) Агенттіктің аумақтық органдарында Агенттіктің тиісті аумақтық органының бірінші басшысының атына осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжай бойынша беріледі.
Уәкілетті орган қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібін:
1) Агенттіктің орталық аппаратында лицензиялау мәселелерін қадағалайтын Агенттік төрағасының орынбасары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжай бойынша;
2) Агенттіктің аумақтық органдарында Агенттіктің тиісті аумақтық органының бірінші басшысы осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша түсіндіреді.
21. Шағымдар жазбаша нысанда почта арқылы не қолма-қол осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша қабылданады.
Шағымдану тәртібі туралы ақпарат call-орталықтың телефоны (1414) арқылы алуға болады.
22. Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңында белгіленген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.
Берілген шағымға жауапты не шағымды қарау барысы туралы ақпаратты осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар мен телефондар арқылы алады.
23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда мемлекеттік қызметті алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгіну құқығы бар.
24. Шағымда жеке тұлға үшін – тегі, аты, әкесінің аты, почта мекенжайы, күні, заңды тұлға үшін – оның атауы, почта мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Өтінішке мемлекеттік қызметті алушы қол қояды.
Шағым берілген кезде іс-әрекеттеріне шағым беріліп отырған лауазымды тұлғалардың лауазымы, тегі мен аты-жөні, өтініш беру негізі мен талаптары көрсетіледі.
25. Қолма–қол да, почта арқылы да түскен шағымның алынғанын растау Агенттіктің орталық аппаратында және Агенттіктің аумақтық органдарында осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайларда жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін журналға тіркеу (шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа мөртабан, кіріс нөмірі және күні қойылады) болып табылады.
Шағымды қабылдаған тұлға мемлекеттік қызметті алушыға оның шағымын қабылдағанын растайтын талон береді, онда нөмірі, күні, байланыс деректері көрсетіле отырып, шағымды қабылдаған тұлғаның тегі көрсетіледі.
Шағымды қарау Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.
Шағымды қарау нәтижелерi туралы мемлекеттік қызметті алушыға жазбаша түрде тапсырыс тәртiбiмен почта арқылы не қол қойғызып қолма-қол берiледi.
Мемлекеттік қызметті алушының шағымын қарау нәтижелерi туралы жазбаша түрде тапсырыс пошта арқылы не қол қойғызып қолма-қол беріп хабарланады.
Электрондық өтініш портал арқылы жасалған жағдайда мемлекеттік қызметті алушы «жеке кабинетінен» өтініш туралы ақпаратқа қол жеткізеді, ол өтінішті мемлекеттік органда өңдеу барысында жаңартылады (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қаралғаны немесе қараудан бас тартылғаны туралы жауап).
Уәкілетті органның жауабы «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ұсынылады.
26. Пайдалы ақпаратты Агенттіктің орталық аппаратының www.arem.kz интернет – ресурсынан Агенттіктің аумақтық органдарының үй-жайларында орналасқан стендтерден алуға болады.
«Магистральдық газ құбыржолдарын,
мұнай құбыржолдарын, мұнай өнiмдерi
құбыржолдарын пайдалану жөніндегі
қызметке лицензиялар беру, қайта ресімдеу,
лицензияның телнұсқаларын беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу
агенттігінің және оның аумақтық органдарының жұмыс кестесі
р/с № |
Атауы |
Орналасқан мекенжайы |
Жұмыс кестесі |
Хат–хабарды қабылдау кестесі |
Телефон нөмірі |
Басшының телефон нөмірі |
1 |
Агенттіктің орталық аппараты |
Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8 |
жұмыс күндері сағ.9.00-ден 18.30-ға дейін |
жұмыс күндері сағ.9.00-ден 17.00-ға дейін |
74-11-96 |
қабылдау бөлмесі |
2 |
Агенттіктің Астана қаласы бойынша департаменті |
Астана қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 7 |
жұмыс күндері сағ.9.00-ден 18.30-ға дейін |
жұмыс күндері сағ.9.00-ден 17.00-ға дейін |
36-83-14 |
қабылдау бөлмесі |
3 |
Агенттіктің Алматы қаласы бойынша департаменті |
Алматы қаласы, Республика алаңы, 4 |
жұмыс күндері сағ.9.00-ден 18.30-ға дейін |
жұмыс күндері сағ.9.00-ден 17.00-ға дейін |
272-21-07 |
қабылдау бөлмесі |
4 |
Агенттіктің Алматы облысы бойынша департаменті |
Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 78 |
жұмыс күндері сағ.9.00-ден 18.30-ға дейін |
жұмыс күндері сағ.9.00-ден 17.00-ға дейін |
27-09-02 |
қабылдау бөлмесі |
5 |
Агенттіктің Ақмола облысы бойынша департаменті |
Көкшетау қаласы, Әуезов көшесі, 230 |
жұмыс күндері сағ.9.00-ден 18.30-ға дейін |
жұмыс күндері сағ.9.00-ден 17.00-ға дейін |
25-39-68 |
қабылдау бөлмесі |
6 |
Агенттіктің Ақтөбе облысы бойынша департаменті |
Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр даңғылы, 40 |
жұмыс күндері сағ.8.00-ден 17.30-ға дейін |
жұмыс күндері сағ.8.00-ден 16.00-ға дейін |
54-00-47 |
қабылдау бөлмесі |
7 |
Агенттіктің Атырау облысы бойынша департаменті |
Атырау қаласы, Абай көшесі, 10 а |
жұмыс күндері сағ.9.00-ден 18.00-ға дейін |
жұмыс күндері сағ.9.00-ден 16.00-ға дейін |
32-88-31 |
қабылдау бөлмесі |
8 |
Агенттіктің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті |
Өскемен қаласы, Буров көшесі,20 |
жұмыс күндері сағ.9.00-ден 18.30-ға дейін |
жұмыс күндері сағ.9.00-ден 17.00-ға дейін |
78-52-23 |
қабылдау бөлмесі |
9 |
Агенттіктің Жамбыл облысы бойынша департаменті |
Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі, 78 |
жұмыс күндері сағ.9.00-ден 18.30-ға дейін |
жұмыс күндері сағ.9.00-ден 17.00-ға дейін |
43-54-71 |
қабылдау бөлмесі |
10 |
Агенттіктің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті |
Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1 |
жұмыс күндері сағ.9.00-ден 18.30-ға дейін |
жұмыс күндері сағ.9.00-ден 16.00-ға дейін |
51-16-61 |
қабылдау бөлмесі |
11 |
Агенттіктің Қарағанды облысы бойынша департаменті |
Қарағанды қаласы, Костенко көшесі, 6 |
жұмыс күндері сағ.9.00-ден 18.30-ға дейін |
жұмыс күндері сағ.9.00-ден 16.00-ға дейін |
42-51-96 |
қабылдау бөлмесі |
12 |
Агенттіктің Қостанай облысы бойынша департаменті |
Қостанай қаласы, Әл-Фараби көшесі, 115 |
жұмыс күндері сағ.9.00-ден 18.30-ға дейін |
жұмыс күндері сағ.9.00-ден 17.00-ға дейін |
54-17-94 |
қабылдау бөлмесі |
13 |
Агенттіктің Қызылорда облысы бойынша департаменті |
Қызылорда қаласы, Жақаев көшесі, 71 |
жұмыс күндері сағ.9.00-ден 18.30-ға дейін |
жұмыс күндері сағ.9.00-ден 17.00-ға дейін |
27-21-86 |
қабылдау бөлмесі |
14 |
Агенттіктің Маңғыстау облысы бойынша департаменті |
Ақтау қаласы, 9-шағын аудан, 23 «а» |
жұмыс күндері сағ.8.30-ден 18.00-ға дейін |
жұмыс күндері сағ.8.30-ден 16.00-ға дейін |
42-16-43 |
қабылдау бөлмесі |
15 |
Агенттіктің Павлодар облысы бойынша департаменті |
Павлодар қаласы, Академик Қ. Сәтпаев көшесі,136 |
жұмыс күндері сағ.9.00-ден 18.30-ға дейін |
жұмыс күндері сағ.9.00-ден 17.00-ға дейін |
32-55-85 |
қабылдау бөлмесі |
16 |
Агенттіктің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті |
Петропавл қаласы, Совет көшесі, 34 |
жұмыс күндері сағ.9.00-ден 18.30-ға дейін |
жұмыс күндері сағ.9.00-ден 17.00-ға дейін |
42-78-81 |
қабылдау бөлмесі |
17 |
Агенттіктің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті |
Шымкент қаласы, Тәуке Хан даңғылы, 82 |
жұмыс күндері сағ.9.00-ден 18.30-ға дейін |
жұмыс күндері сағ.9.00-ден 17.00-ға дейін |
53-55-15 |
қабылдау бөлмесі |
«Магистральдық газ құбыржолдарын,
мұнай құбыржолдарын, мұнай өнiмдерi
құбыржолдарын пайдалану жөніндегі
қызметке лицензиялар беру, қайта ресімдеу,
лицензияның телнұсқаларын беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
2-қосымша
Магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай
өнiмдерiнiң құбырларын пайдалану қызметімен айналысу құқығы
үшін лицензиялық алым ставкалары
Алым ставкалары «Республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңында белгіленген және алымды төлеу күніне қолданыстағы айлық есептік көрсеткіштің мөлшеріне сүйене отырып белгіленеді және мынаны құрайды:
р/с № |
Лицензияланатын қызмет түрлері |
Алым ставкалары, АЕК-пен |
1 |
2 |
3 |
1 |
Магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалану қызмет түрлері мен айналысу құқығы үшін алым ставкалары |
10 |
2. |
Лицензияның телнұсқасын беру үшін алым ставкалары |
лицензия беру кезіндегі ставканың 100% |
3. |
Лицензияларды қайта ресімдеу үшін ставкалар |
лицензия беру кезіндегі ставканың 10%, бірақ 4 АЕК-тен артық емес |
«Магистральдық газ құбыржолдарын,
мұнай құбыржолдарын, мұнай өнiмдерi
құбыржолдарын пайдалану жөніндегі
қызметке лицензиялар беру, қайта ресімдеу,
лицензияның телнұсқаларын беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
3-қосымша
Заңды тұлғаға лицензия беру үшiн өтiнiш нысаны
_____________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы)
ӨТIНIШ
____________________________________________________________________
(қызметтiң түрi және (немесе) кіші түрі көрсетiлсiн)
жүзеге асыруға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша берудi сұраймын.
Мекенжайы:
_____________________________________________________________________
(индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдің №,
_____________________________________________________________________ телефон, факс, е-mail)
Есеп шоты:
_____________________________________________________________________
(шоттың №, банктiң атауы және орналасқан жерi)
Филиалдары (өкілдіктері, объектілер, пунктер, учаскелер):
_____________________________________________________________________
(орналасқан жері
_____________________________________________________________________
және деректемелері)
Беріліп отырған құжаттар:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Басшы: __________________ _____________________________________
(қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты)
Мөрдің орны
Өтініш 20___ жылғы _______________________________ қарауға қабылданды _____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(лицензиялау органының жауапты тұлғасының қолы, тегi, аты, әкесiнiң
аты)
«Магистральдық газ құбыржолдарын,
мұнай құбыржолдарын, мұнай өнiмдерi
құбыржолдарын пайдалану жөніндегі
қызметке лицензиялар беру, қайта ресімдеу,
лицензияның телнұсқаларын беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
4-қосымша
Жеке тұлғаға лицензия беру үшін өтiнiш нысаны
_____________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
_____________________________________________________________________
(жеке тұлғаның толық тегі, аты, әкесінің аты)
ӨТIНIШ
_____________________________________________________________________
(қызметтiң түрi және (немесе) кіші түрі көрсетiлсiн)
_____________________________________________________________________
______________________________________________________ жүзеге асыруға
лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беруiңiздi сұраймын.
Тұрғылықты жері:
_____________________________________________________________________
Жеке басын куәландыратын құжат: түрі ________, сериясы ______________
№ _______, ____________________________________________________ берді
Берілген күні:
_____________________________________________________________________
Есеп шоты (бар болған жағдайда): ____________________________________
(шот №, банктiң атауы және
орналасқан жерi)
Қоса берiлiп отырған құжаттар________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
______________ _________________________________
(қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты)
20___ жылғы _________
Өтiнiш 20__ жылғы __________________ қарауға қабылданды
_____________________________________________________________________
(лицензиардың жауапты тұлғасының қолы, тегі, аты, әкесінің аты)
«Магистральдық газ құбыржолдарын,
мұнай құбыржолдарын, мұнай өнiмдерi
құбыржолдарын пайдалану жөніндегі
қызметке лицензиялар беру, қайта ресімдеу,
лицензияның телнұсқаларын беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
5-қосымша
Біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар
(материалдар мен құжаттар)
№ |
Біліктілік талаптары |
Құжат атауы |
1 |
Меншiгiнде немесе өзге де заңды негiздерде магистральдық газ құбыржолдарының, мұнай құбыржолдарының, мұнай өнiмдерi құбыржолдарының диагностикалық, бақылау-өлшеу аспаптарының, сондай-ақ магистральдық газ құбыржолдарын, мұнай құбыржолдарын, мұнай өнiмдерi құбыржолдарын пайдалануды қамтамасыз ететiн құралдардың, жабдықтардың болуы |
1) өтiнiш берушiнiң теңгерiмiндегi негiзгi өндiрiстiк активтердiң тiзбесi; |
2 |
Мыналарды: |
осы қызметтердi құру туралы бұйрықтардың көшiрмелері |
3 |
Тиiстi бiлiм деңгейiне (басшылар үшiн - мұнай-газ саласындағы жоғары бiлiм, мамандар үшiн - арнаулы орта бiлiм) жауап беретiн бiлiктi техникалық басшылар мен мамандар құрамының (өндiрiстiк персоналдың жалпы санының 70 % кем емес) болуы |
1) штат кестесі; |
4 |
Белгiленген тәртiппен бекiтiлген: |
Белгiленген тәртiппен бекiтiлген: |
«Магистральдық газ құбыржолдарын,
мұнай құбыржолдарын, мұнай өнiмдерi
құбыржолдарын пайдалану жөніндегі
қызметке лицензиялар беру, қайта ресімдеу,
лицензияның телнұсқаларын беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
6-қосымша
Кесте. Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнің мәні
Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерi |
Көрсеткiштiң нормативтiк мәнi |
Көрсеткiштiң келесi жылдағы нысаналы мәнi |
Көрсеткiштiң есептi жылдағы ағымдағы мәнi |
1 |
2 |
3 |
4 |
1. Уақтылылығы |
|||
1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгiленген мерзiмде қызметтi ұсыну оқиғаларының %-ы (үлесi) |
100 |
||
2. Сапасы |
|||
2.1. Қызметтi ұсыну үдерiсiнiң сапасына қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың %- ы (үлесi) |
90 |
||
3. Қол жетiмдiлiгі |
|||
3.1. Қызметтi ұсынудың сапасына және оны ұсыну тәртiбi туралы ақпаратқа қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың %-ы (үлесi) |
100 |
||
3.2. Ақпаратқа электронды форматта қол жеткiзуге болатын қызметтер %-ы (үлесi) |
100 |
||
4. Шағымдану процесі |
|||
4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртiбiне қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың %-ы (үлесi) |
100 |
||
5. Сыпайылығы |
|||
5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың %-ы (үлесi) |
100 |
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 1132 қаулысымен
бекiтiлген
«Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу
жөніндегі қызметке лицензиялар беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу жөніндегі қызметке лицензиялар беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжай мен жұмыс кестесі бойынша, сондай-ақ тұтынушыда электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) болған жағдайда www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы немесе www. elicence.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) көрсетеді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 12-бабының, «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі Заңының 13-бабының және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-бабының негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат порталда, Агенттіктің www.arem.kz интернет – ресурсында орналастырылады.
Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат call-орталықтың телефоны (1414) арқылы ұсынылуы мүмкін.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі www. elicence.kz порталында уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ-мен расталған электрондық құжат нысанында энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу қызметіне лицензия беру, лицензияның телнұсқаларын қайта ресімдеу, беру не электрондық құжат нысанында уәкілетті органның мемлекеттік қызметін немесе кағаз жеткізгіште уәкілетті органда ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.
7. Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмдерi:
1) мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында белгіленген қажеттi құжаттарды уәкілетті органға немесе порталға тапсырған кезден бастап (құжаттар қабылданған күнінен бастап) мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
лицензияны беру кезінде – он бес жұмыс күнінен кешіктірмей;
лицензияны қайта ресімдеу кезінде – он жұмыс күні ішінде;
лицензияның телнұсқасын беру кезінде – екі жұмыс күні ішінде;
2) құжаттарды тапсырған кезде ең ұзақ кезек күту уақыты – 30 минуттан аспайды;
3) құжаттарды алған кезде ең ұзақ кезек күту уақыты – 30 минуттан аспайды.
8. Мемлекеттік қызмет уәкілетті органға осы қызмет түрімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжатты ұсыну арқылы ақылы көрсетіледі.
Осы қызмет түрімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес лицензияларды (лицензиялардың телнұсқаларын) беру (қайта ресімдеу) кезінде алынады.
Лицензияға қосымшалар (лицензияға қосымшалардың телнұсқаларын) беру кезінде лицензиялық алым алынбайды.
Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу қызметімен айналысу құқығы үшін үшін лицензиялық алымдардың ставкалары осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген.
Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу қызметіне лицензия алуға, лицензияның телнұсқаларын қайта ресімдеуге, беруге арналған электрондық сұраныс портал арқылы берілген жағдайда, ақы төлеу «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.
9. Агенттіктің жұмыс кестесі осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген.
Құжаттарды қабылдау қызмет жедел көрсетілместен жүзеге асырылады.
Порталдың жұмыс кестесі - тәулік бойы.
10. Мемлекеттік қызмет Министрліктер үйінің ғимаратында және порталда – «жеке кабинетте» көрсетіледі.
Министрліктер үйінің ғимаратында мүмкіндіктері шектеулі мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
11. Лицензияны немесе лицензияға қосымшаны (қызметтің кіші түрлері болған жағдайда) алу үшiн мынадай құжаттар қажет:
1) осы стандартқа 3 және 4-қосымшаларда көрсетілген заңды немесе жеке тұлға үшін белгіленген нысандағы өтініш;
2) заңды тұлға үшiн – жарғының және мемлекеттік қызметті алушының заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркелгенi туралы куәлiктiң (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған) көшiрмелерi;
3) дара кәсіпкер үшін – мемлекеттік қызметті алушының дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің көшірмесі;
4) жеке тұлға үшiн – жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
5) мемлекеттік қызметті алушының салық органында есепке тұрғаны туралы куәлiктiң (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған) көшiрмесi;
6) осы қызметпен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған) көшiрмесi, лицензиялық алымның мөлшері осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген;
7) осы стандартқа 5-қосымшада көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар.
Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын құжаттардың мәліметтерін уәкілетті орган ЭЦҚ-мен расталған электрондық құжаттар нысанында порталдың ақпараттық жүйесі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Құжаттарды қабылдау кезінде уәкілетті органның қызметкері түпнұсқалардың шынайылығын құжаттардың көшірмелерімен және мемлекеттік органдардың мемлекеттік ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтермен салыстырады, одан кейін түпнұсқаларды мемлекеттік қызметті алушыға қайтарады.
Лицензия жоғалған, бүлінген кезде лицензиаттың лицензияның телнұсқасын алуға құқығы бар.
Лицензияның телнұсқасын алу үшiн мынадай құжаттар қажет:
1) лицензияның телнұсқасын беру туралы өтініш;
2) телнұсқаны беру үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған) көшiрмесi, лицензиялық алымның мөлшері осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген.
Лицензия мынадай жағдайларда:
1) жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты өзгерген;
2) дара кәсiпкердi қайта тiркеген, оның атауы мен мекенжайы өзгерген;
3) заңды тұлғаны бiрiгу, қосылу, бөлiнiп шығу немесе қайта құру нысанында қайта ұйымдастырған;
4) заңды тұлғаның атауы және (немесе) заңды мекенжайы өзгерген жағдайларда қайта ресiмдеуге жатады.
Қызмет түрiнiң атауы өзгерген жағдайда, лицензиаттың осы тармақта белгiленген тәртiппен лицензияны қайта ресiмдеу туралы өтiнiш беруге құқығы бар.
Лицензиат қайта ресiмдеу туралы өтiнiштi лицензияларды (лицензиялық алым өлшемі осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген), лицензияның көшірмелерін (болған жағдайда) қайта ресімдеу кезінде жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алым төленгенін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, күнтiзбелiк отыз күн iшiнде ұсынады.
Лицензиат қайта ресiмделген лицензияны алған кезде бұрын берiлген лицензияны (болған жағдайда) лицензиарға қайтарады.
Лицензияны порталда алу үшін мемлекеттік қызметті алушыға мынадай құжаттар қажет:
1) ЭЦҚ-мен расталған электрондық құжат нысанындағы сұраныс;
2) заңды тұлға үшін – электрондық сұранысқа тіркелетін сканерленген электрондық көшірме түріндегі заңды тұлғаның жарғысы;
3)электрондық сұранысқа тірелетін сканерленген электрондық көшірмелер түрінде - осы стандартқа 5-қосымшада көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар;
4) жеке тұлға үшін – мемлекеттік қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат;
5) заңды тұлға үшін – мемлекеттік қызмет алушының заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі туралы куәлік;
6) дара кәсіпкер үшін – мемлекеттік қызметті алушының дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелуі туралы куәлік;
7) осы қызметпен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенi туралы мәліметтер, лицензиялық алымның мөлшері осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген.
Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын мәліметтерді уәкілетті орган ЭЦҚ-мен расталған электрондық құжаттар нысанында портал арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы алады.
Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша жоғалған, бүлiнген жағдайда лицензиаттың лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын алуға құқығы бар.
Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын алу үшiн мынадай құжаттар қажет:
1) мемлекеттік қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанындағы сұраныс;
2) осы қызметпен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенi туралы мәліметтер, лицензиялық алымның мөлшері осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген.
Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын мәліметтерді уәкілетті орган ЭЦҚ-мен расталған электрондық құжаттар нысанында портал арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша мынадай:
1) жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты өзгерген;
2) дара кәсiпкердi қайта тiркеген, оның атауы мен мекенжайы өзгерген;
3) бiрiгу, қосылу, бөлiнiп шығу немесе қайта құру нысанында заңды тұлғаны қайта ұйымдастырған;
4) заңды тұлғаның атауы және (немесе) заңды мекенжайы өзгерген жағдайларда қайта ресiмделуге жатады.
Қызмет түрiнiң және (немесе) кiшi түрiнiң атауы өзгерген жағдайда, лицензиаттың осы тармақта белгiленген тәртiппен лицензияны қайта ресiмдеу туралы өтiнiш беруге құқығы бар.
Лицензиат қайта ресiмдеу туралы сұранысты:
1) осы қызметпен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алым төленгені туралы мәліметтерді, лицензиялық алым өлшемі осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген;
2) электрондық сұранысқа тіркелетін сканерленген электрондық көшірмелер түріндегі лицензияның (лицензия қағаз жеткізгіште болған жағдайда) және лицензияға қосымшалардың (лицензия электрондық құжат нысанында болған жағдайда) деректерін не лицензияны немесе лицензияға қосымшаны қоса бере отырып күнтізбелік отыз күн ішінде береді.
Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын мәліметтерді уәкілетті орган ЭЦҚ-мен электрондық құжаттар нысанында портал арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Лицензиат қайта ресiмделген лицензияны алған кезде бұрын берiлген лицензия мен лицензияға қосымшаны (болған жағдайда) лицензиарға қайтарады.
12. Лицензия алуға арналған өтініш нысандары порталда, Агенттіктің www.arem.kz интернет – ресурсында орналастырылады.
13. Құжаттарды қабылдау портал арқылы және осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжай және уақыт бойынша жүзеге асырылады. Порталда электрондық сұранысты қабылдау мемлекеттік қызметті алушының жеке кабинетінде жүзеге асырылады. Таңдалған қызметке сәйкес сұраныс адресат – мемлекеттік органға автоматты түрде жіберіледі.
14. Осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың тапсырылғанын растау Агенттіктің орталық аппаратының кеңсесінде тіркеу (мөртабан мен күні) болып табылады.
Уәкілетті орган мемлекеттік қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екi жұмыс күнi iшiнде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге мiндеттi. Ұсынылған құжаттардың толық емес фактiлерi анықталған жағдайда уәкілетті орган көрсетілген мерзiмде өтiнiштi одан әрi қараудан жазбаша дәлелдi түрде бас тартуды ұсынады.
Портал арқылы өтініш жасалған жағдайда мемлекетті қызметті алушының порталдағы жеке кабинетіне мемлекеттік қызметті алушының мемлекеттік қызметтің нәтижесін алатын күні мен уақыты көрсетілген мемлекеттік қызметті ұсынуға арналған сұранысты алғаны туралы хабарлама-есеп жіберіледі.
Өтініш жіберілген және оған нөмір берілген кезден бастап уәкілетті орган екі күннен кешіктірмей өтінішті тіркеуге тиіс, бұл ретте мемлекеттік қызметті алушыға «жеке кабинетіне», сондай-ақ порталда тіркелу кезінде көрсетілген электрондық мекенжайға уәкілетті органның өтінішті қабылдағаны туралы хабарлама қабылданған күні көрсетіліп жіберіледі.
15. Лицензия осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжай бойынша қолма-қол (жеке келуі не сенімхат бойынша өкіліне) және (немесе) электронды нұсқада беріледі.
Өтініш портал арқылы жасалған жағдайда қызметті көрсету нәтижесі мемлекеттік қызметті алушының порталдағы «жеке кабинетіне» жіберіледі.
16. Егер:
1) осы санаттағы субъектiлер үшiн қызмет түрімен айналысуға Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған;
2) қызмет түрiне лицензия беруге өтiнiш ұсынылған жағдайда жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым енгiзiлмеген;
3) мемлекеттік қызметті алушы бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмеген;
4) келiсушi мемлекеттiк органмен мемлекеттік қызметті алушыға лицензия беру келiсiлмеген;
5) мемлекеттік қызметті алушыға қатысты оған жекелеген қызмет түрiмен айналысуға тыйым салатын заңды күшiне енген сот үкiмi болған;
6) сот орындаушысының ұсынуы негiзiнде сот мемлекеттік қызметті алушыға лицензия алуға тыйым салған жағдайларда, лицензия беруден бас тарту жүзеге асырылады.
Егер уәкілетті орган белгіленген мерзімде мемлекеттік қызметті алушыға лицензия бермеген не лицензия беруден дәлелді бас тартуды ұсынбаған жағдайда, онда оларды беру мерзімі аяқталған күнінен бастап лицензия берілді деп есептеледі.
Уәкілетті орган мемлекеттік қызметті алушыға лицензияны беру мерзімі өткен сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей тиісті лицензияны беруге міндетті.
Уәкілетті орган бес жұмыс күні ішінде лицензияны бермеген жағдайда, лицензия алынды деп есептеледі, ал лицензияның өзін алғанға дейін лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асырудың заңдылығын растайтын құжат уәкілетті орган құжаттарды қабылдау күні туралы белгісі бар тізімдеменің көшірмесі, портал арқылы жасалған кезде - уәкілетті органның өтінішті алғаны туралы хабарламасы (сұраныс нөмірі) болып табылады.
3. Жұмыс қағидаттары
17. Уәкілетті органның қызметі:
1) адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
2) қызметтiк борышты орындау кезiндегi заңдылықты сақтау;
3) сыпайылық;
4) түбегейлi және толық ақпарат беру;
5) ақпаратты қорғау және құпиялылықты сақтау;
6) мемлекеттік қызметті алушы белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету қағидаттарына негізделеді.
4. Жұмыс нәтижелерi
18. Мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерi осы стандартқа 6-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткiштерiмен өлшенедi.
19. Мемлекеттік қызметті көрсететін уәкілетті органның жұмыстары бағаланатын, мемлекеттiк қызметтердiң сапа және тиімділік көрсеткiштерiнiң нормативтік, нысаналы мәндері жыл сайын Агенттіктің тиісті бұйрығымен бекiтiледi.
5. Шағымдану тәртiбi
20. Мемлекеттік қызметті ұсыну сапасына наразылық болған жағдайда Агенттік қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне шағым лицензиялау мәселелерін қадағалайтын Агенттік төрағасы орынбасарының атына осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжай бойынша беріледі.
Агенттік қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібін лицензиялау мәселелерін қадағалайтын Агенттік төрағасының орынбасары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжай бойынша түсіндіреді.
21. Шағымдар жазбаша нысанда почта арқылы не қолма-қол осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжай бойынша қабылданады.
Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты «электрондық үкіметтің» call-орталығы ақпараттық-анықтамалық қызметінің телефоны (1414) арқылы алуға болады.
22. Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңында белгіленген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметті алушы берілген шағымға жауапты не шағымды қарау барысы туралы ақпаратты осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар мен телефондар арқылы алады.
23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда мемлекеттік қызметті алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгіну құқығы бар.
24. Шағымда жеке тұлға үшін – тегі, аты, әкесінің аты, почта мекенжайы, күні, заңды тұлға үшін – оның атауы, почта мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Өтінішке мемлекеттік қызметті алушы қол қояды.
Шағымды берген кезде іс-әрекеттеріне шағым беріліп отырған лауазымды тұлғалардың лауазымы, тегі мен аты-жөні, өтініш беру негізі мен талаптары көрсетіледі.
25. Қолма – қол да, почта арқылы да түскен шағымның алынғанын растау осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжай бойынша Агенттіктің орталық аппаратында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін журналға тіркеу (шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа мөртабан, кіріс нөмірі және күні қойылады) болып табылады.
Шағымды қабылдаған тұлға мемлекеттік қызметті алушыға оның шағымын қабылдағанын растайтын талон береді, онда нөмірі, күні, байланыс деректері көрсетіле отырып, шағымды қабылдаған тұлғаның тегі көрсетіледі.
Шағымдары қарау Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті алушының шағымын қарау нәтижелерi туралы жазбаша түрде тапсырыс почта арқылы не қол қойғызып қолма-қол беріп хабарланады.
Электрондық өтініш портал арқылы жасалған жағдайда мемлекеттік қызметті алушы «жеке кабинетінен» өтініш туралы ақпаратқа қол жеткізеді, ол мемлекеттік органда өтінішті өңдеу барысында жаңартылады (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қаралғаны немесе қараудан бас тартылғаны туралы жауап).
Уәкілетті органнан жауап «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ұсынылады.
26. Пайдалы ақпаратты Агенттіктің www.arem.kz, интернет – ресурсынан алуға болады.
«Энергиямен жабдықтау мақсатында
электр энергиясын сатып алу жөніндегі
қызметке лицензиялар беру, қайта ресімдеу,
лицензияның телнұсқаларын беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің жұмыс кестесі
р/с № |
Атауы |
Орналасқан мекенжайы |
Жұмыс кестесі |
Хат-хабарды қабылдау кестесі |
Телефон нөмірі |
Басшының телефон нөмірі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі |
Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8 |
сағ.9.00-ден 18.30-ға дейін |
сағ.9.00-ден 17.00-ға дейін |
74-11-96 |
74-02-89 |
«Энергиямен жабдықтау мақсатында
электр энергиясын сатып алу жөніндегі
қызметке лицензиялар беру, қайта ресімдеу,
лицензияның телнұсқаларын беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
2-қосымша
Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу
қызметімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым ставкалары
Алым ставкалары «Республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңында белгіленген және алымды төлеу күніне қолданыстағы айлық есептік көрсеткіштің мөлшеріне сүйене отырып белгіленеді және мынаны құрайды:
р/с № |
Лицензияланатын қызмет түрлері |
Алым ставкалары, АЕК-пен |
1 |
2 |
3 |
1 |
Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу қызметімен айналысу құқығы үшін алым ставкалары |
10 |
2. |
Лицензияның телнұсқасын беру үшін алым ставкалары |
лицензия беру кезіндегі ставканың 100% |
3. |
Лицензияларды қайта ресімдеу үшін ставкалар |
лицензия беру кезіндегі ставканың 10%, бірақ 4 АЕК-тен артық емес |
«Энергиямен жабдықтау мақсатында
электр энергиясын сатып алу жөніндегі
қызметке лицензиялар беру, қайта ресімдеу,
лицензияның телнұсқаларын беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
3-қосымша
Заңды тұлғаға лицензия беру үшiн өтiнiш нысаны
_____________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы)
ӨТIНIШ
_____________________________________________________________________
(қызметтiң түрi және (немесе) кіші түрі көрсетiлсiн)
жүзеге асыруға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беруді сұраймын.
Мекенжайы:
____________________________________________________________________
(индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдің №,
_____________________________________________________________________ телефон, факс, е-mail)
Есеп шоты:
_____________________________________________________________________
(шоттың №, банктiң атауы және орналасқан жерi)
Филиалдары (өкілдіктер, объектілер, пунктер, учаскелер):
_____________________________________________________________________ (орналасқан жері
_____________________________________________________________________ және деректемелері)
Қоса беріліп отырған құжаттар:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Басшы: _________________ _________________________________
(қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты)
Мөрдің орны
Өтініш 20___ жылғы _______________________________ қарауға қабылданды
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(лицензиялау органының жауапты тұлғасының қолы, тегi,
аты, әкесiнiң аты)
«Энергиямен жабдықтау мақсатында
электр энергиясын сатып алу жөніндегі
қызметке лицензиялар беру, қайта ресімдеу,
лицензияның телнұсқаларын беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
4-қосымша
Жеке тұлғаға лицензия беру үшiн өтiнiш нысаны
_____________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
_____________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты толық атауы)
ӨТIНIШ
_____________________________________________________________________
(қызметтiң түрi және (немесе) кіші түрі көрсетiлсiн)
жүзеге асыруға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша берудi сұраймын.
Тұрғылықты жері:
_____________________________________________________________________
Жеке басын куәландыратын құжат: ______ түрі _________________ сериясы
берілген № _____________________ берілген күні ______________________
Есеп шоты (егер болған жағдайда):____________________________________
(шоттың №, банктiң атауы және
орналасқан жерi)
Қоса беріліп отырған құжаттар:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
__________________ __________________________
(қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты)
20__ жылғы ____________
Өтiнiш 20 ___ жылғы _______________________ қарауға қабылданды
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(лицензиардың жауапты тұлғасының қолы, тегi, аты, әкесiнiң аты)
«Энергиямен жабдықтау мақсатында
электр энергиясын сатып алу жөніндегі
қызметке лицензиялар беру, қайта ресімдеу,
лицензияның телнұсқаларын беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
5-қосымша
Біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар
(материалдар мен құжаттар)
№ |
Біліктілік талаптары |
Құжат атауы |
1 |
2 |
3 |
1 |
Тиiстi бiлiм деңгейiне жауап беретiн бiлiктi басшылар мен мамандар құрамының болуы |
тегiн, атын, әкесiнiң атын, бiлiмi бойынша мамандығын, лауазымын, осы саладағы жұмыс өтiлiн қамтитын жиынтық кесте |
2 |
Тұтынушылармен (абоненттiк қызметтер, учаскелер) жұмысты, жедел диспетчерлiк қызметтi қамтамасыз ететiн қызметтердiң (персоналдың) немесе диспетчерлiк қызмет көрсету жөнiндегi қандай да бiр заңды диспетчерлiк орталықпен шарттың (ниет хаттамасының) болуы |
Тұтынушылармен (абоненттiк қызметтер, учаскелер) жұмысты, жедел диспетчерлiк қызметтi қамтамасыз ететiн қызметтердiң (персоналдың) немесе диспетчерлiк қызмет көрсету жөнiндегi қандай да бiр заңды диспетчерлiк орталықпен шарттың (ниет хаттамасының) болуын растаушы құжаттар |
3 |
Банк анықтамасымен расталған кемiнде 10000 айлық есептiк көрсеткiш мөлшеріндегі айналым қаражатының болуы |
Банк анықтамасы |
4 |
Өтiнiш берушi мен энергия өндiрушi және энергия берушi ұйымдардың арасында, авария болған жағдайда резервтен орнын толтыру шартымен электр энергиясын жеткiзуге және беруге және (немесе) таратуға арналған шарттардың немесе ниет хаттамаларының болуымен бiрге тұтынушыларға, оның iшiнде өңiрден тысқары жерлерге электр энергиясын жеткiзудiң техникалық мүмкiндiгiнiң болуы |
Өтiнiш берушi мен энергия өндiрушi және энергия берушi ұйымдардың арасында, авария болған жағдайда резервтен орнын толтыру шартымен электр энергиясын жеткiзуге және беруге және (немесе) таратуға арналған шарттардың немесе ниет хаттамалары |
5 |
Меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiздерде тұтынушылармен жұмыс iстеуге және абоненттiк қызметтердi орналастыруға арналған (құқық белгiлейтiн құжаттардың көшiрмелерi) ғимараттың немесе үй-жайдың болуы |
Тұтынушылармен жұмыс iстеуге және абоненттiк қызметтердi орналастыруға арналған ғимараттың немесе үй-жайдың меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiздерде болуын растаушы құқық белгiлейтiн құжаттардың көшiрмелерi |