Жекешелендіруге жатпайтын, оның ішінде оның жабық және оқшауланған әскери қалашықтарда, шекара заставалары мен комендатураларда орналасуы салдарынан қызметтік тұрғын үйді өтеусіз жекешелендіру құқығын өтеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 тамыздағы № 1092 Қаулысы

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңының 99-бабына, «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңының 4555-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Жекешелендіруге жатпайтын, оның ішінде оның жабық және оқшауланған әскери қалашықтарда, шекара заставалары мен комендатураларда орналасуы салдарынан қызметтік тұрғын үйді өтеусіз жекешелендіру құқығын өтеу қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің        
2012 жылғы 28 тамыздағы 
№ 1092 қаулысымен    
бекітілген        

Жекешелендіруге жатпайтын, оның ішінде оның жабық және оқшауланған әскери қалашықтарда, шекара заставалары мен комендатураларда орналасуы салдарынан қызметтік тұрғын үйді өтеусіз жекешелендіру құқығын өтеу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жекешелендіруге жатпайтын, оның ішінде оның жабық және оқшауланған әскери қалашықтарда, шекара заставалары мен комендатураларда орналасуы салдарынан қызметтік тұрғын үйді өтеусіз жекешелендіру құқығын өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) жекешелендіруге жатпайтын, оның ішінде оның жабық және оқшауланған әскери қалашықтарда, шекара заставалары мен комендатураларда орналасуы салдарынан қызметтік тұрғын үйді өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына ақшалай өтемақы төлеу шарттары мен тәртібін айқындайды.
      2. Осы Қағидалар қызметтік тұрғын үйді өтеусіз жекешелендіру құқығы 2012 жылғы 16 ақпандағы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 55-бабының 7-тармағына сәйкес өтелетін адамға (бұдан әрі – алушы) қолданылады.
      3. Ақшалай өтемақы – бұл алушыларға жекешелендіруге жатпайтын, оның ішінде оның жабық және оқшауланған әскери қалашықтарда, шекара заставалары мен комендатураларда орналасуы салдарынан мынадай қызметтік тұрғын үйді өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына төленетін ақшалай қаражат (бұдан әрі – ақшалай өтемақы).
      4. Ақшалай өтемақы төлеу мемлекеттік органды ұстауға көзделген республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      5. Ақшалай өтемақы төлеу әскери қызметкер қызмет өткеретін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери бөлімі командирінің (бұдан әрі – мемлекеттік мекеменің басшысы) немесе балансында өздері тұратын қызметтік тұрғын үй тұрған (бұрын көрсетілген болмаған жағдайда) мемлекеттік мекеме (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) басшысының бұйрығы негізінде жүргізіледі.
      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің алушыларына ақшалай өтемақы төлеу мемлекеттік орган басшысының немесе басшысы орынбасарларының бұйрығы негізінде жүргізіледі.

2. Ақшалай өтемақы төлеу тәртібі

      6. Алушыларға ақшалай өтемақы төлеу мынадай шарттарды сақтау кезінде жүргізіледі:
      1) жекешелендіруге жатпайтын, оның ішінде оның жабық және оқшауланған әскери қалашықтарда, шекара заставалары мен комендатураларда орналасуы салдарынан алушыға берілген қызметтік тұрғын үйдің болуы;
      2) 2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша күнтізбелік есептеуде әскери қызметтің жиырма жылы өткеннен кейін қызметтік тұрғын үйді өтеусіз жекешелендіруге құқығы бар алушының әскери қызметте күнтізбелік есептегенде он бес және одан да көп жыл болуы;
      3) алушыда және бірге тұратын отбасы мүшелерінің меншік құқығында Қазақстан Республикасы аумағында мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің болмауы.
      7. Ақшалай өтемақының шекті мөлшері мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның статистикалық деректеріне сәйкес ағымдағы жылғы 12 наурыздағы жағдай бойынша көрсетілген статистикалық бюллетендегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен жыл сайынғы бекітілген статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысымен жыл сайынғы бекітілген әскери қызметкермен бірге тұратын отбасы мүшелерінің санын тұрғын үй беру нормаларына (18 шаршы метр) және Қазақстан Республикасындағы жаңа тұрғын үйдің бір шаршы метрінің орташа нарықтық құнына көбейту бойынша айқындалады.
      8. Алушы белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекеме басшысының атына, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің алушысы мемлекеттік орган басшысының немесе басшысы орынбасарларының атына ақшалай өтемақы төлеу үшін баянат (өтініш) береді.
      Баянатқа (өтінішке) мынадай құжаттар қоса беріледі:
      1) қызметтік тізім;
      2) отбасы құрамы туралы анықтама;
      3) қызмет орнынан анықтама;
      4) қызметтік тұрғын үйді жалға алу шартының көшірмесі;
      5) баянат берген күнге дейін 10 күн бұрын алынған әскери қызметші мен оның отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасы аумағында меншік құқығында тұрғын үйінің болмауы (бар болуы) туралы анықтама (анықтама әскери қызметшілерге жыл сайын беріледі);
      6) әскери қызметші мен оның отбасы мүшелерінің әскери қызметшінің отбасы мүшелері бар болған жағдайда жеке басын куәландыратын құжаттардың, балаларының туу туралы куәліктерінің және неке (некені бұзу) туралы куәліктің нотариалды расталған көшірмелері (баянат берген күнге дейінгі 10 күн бұрын);
      7) отбасыда Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін науқастанулар тізімінде аталған кейбір созылмалы сырқаттардың ауыр түрлерімен ауыратын мүшелердің бар болуы туралы мемлекеттік денсаулық сақтау мекемесінің анықтамасы қоса беріледі;
      8) жиырма үш жасқа дейінгі күндізгі оқу түрінде оқитын білім беру мекемесінен анықтама;
      9) отбасында мүгедек тобы бойынша он сегіз жасқа толмаған мүгедек бала бар болса, халықты әлеуметтік қорғау мемлекеттік мекемесінен мүгедектігі туралы анықтама;
      10) балалардың құқығын қорғау саласындағы уәкілетті органнан кәмелетке толмаған баланы қорғауы және қамқорлық етуі туралы анықтама;
      11) әскери қызметшінің отбасы мүшесінде оларды тану туралы соттың шешімі.
      9. Осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген құжаттарды алушылар Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің алушыларын қоспағанда мемлекеттік мекеменің басшысына ұсынады.
      Құжаттарды баянаттың (өтініштің) келіп түскен күнінен бастап бір айдан кешіктірілмей қызметтік тұрғын үйді есепке алу функциялары жүктелген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарының құрылымдық бөлімшелері қарайды және тексереді.
      Ұсынылған құжаттарды тексеру нәтижелері бойынша мемлекеттік мекеме басшысы алушыларға ақшалай өтемақы төлеу туралы бұйрық шығарады.
      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің алушылары белгіленген тәртіппен осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген құжаттарды тұрғын үйді есепке алу функциялары жүктелген құрылымдық бөлімшеге ұсынады. Тұрғын үйді есепке алу функциялары жүктелген құрылымдық бөлімше осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қарағаннан және тексергеннен кейін құжаттарды мемлекеттік органның басшысына немесе басшының орынбасарына ұсынады. Ұсынылған құжаттарды тексеру нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің алушылары үшін ақшалай өтемақы төлеу туралы бұйрықты мемлекеттік орган басшысы немесе басшысының орынбасарлары шығарады.
      10. Мемлекеттік органның қаржы бөлімшесі ақшалай өтемақы төлеу үшін жоспарланған ақшалай қаражатты мемлекеттік мекемелерге бөледі. Ақшалай өтемақы алушыға өтемақы төлеу туралы бұйрықтың шығарылған күнінен бастап екі айдан кешіктірілмей төленеді.
      11. Ақшалай өтемақы төленген әскери қызметтен босатылған алушылар белгіленген тәртіппен ақшалай өтемақы алған күннен бастап бір айдан кешіктірілмей қызметтік тұрғын үйді тапсырады.
      12. Егер жұбайы және зайыбы әскери қызмет өткерген әскери қызметші болған жағдайда өтемақы әскери қызметшілердің біреуіне төленеді.
      13. Кадр қызметі әскери қызметшінің жеке ісіне қойылған қолмен және мемлекеттік мекеменің гербтік мастикалық мөрімен расталған ақшалай өтемақы төлеу туралы бұйрықтың көшірмесін қосады және тиісті жазуды жүргізеді.