Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі көрсететін мемлекеттік қызмет

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 22 тамыздағы № 1068 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-115-2-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) «Ұйымдарды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізу құқығына аттестаттау» мемлекеттік қызмет стандарты;
      2) «Технологияларды, техникалық құрылғыларды және материалдарды қолдануға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
      3) «Өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты;
      4) «Өрт қауіпсіздігі саласындағы қатерлерді тәуелсіз бағалау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік қызмет стандарты;
      5) «Қазақстан Республикасының аумағында іске асырылатын отандық және импорт өндірісінің өрт техникасы мен өрт сөндіру құралдарына қорытынды беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
      6) «Шығарылатын өнімге ұйымдардың стандарттары жобаларын мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарымен келісу» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2012 жылғы 22 тамыздағы
№ 1068 қаулысымен
бекітілген    

«Ұйымдарды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар
жүргізу құқығына аттестаттау» мемлекеттік қызмет
стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Ұйымдарды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізу құқығына аттестаттау» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті (бұдан әрі – Комитет) 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, № 11 кіреберіс, 7-қабат, № 730-кабинет мекенжайы бойынша көрсетеді.
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттік қызмет «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 сәуірдегі Заңының 14-13-бабы негізінде жүзеге асырылады.
      4. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) www.emer.kz интернет-ресурсында орналастырылған, сондай-ақ 8(7172) 74-22-08 және 8 (7172) 74-22-68 телефон нөмірлері арқылы ұсынылады.
      5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нәтижесі өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізу құқығына аттестат (бұдан әрі – аттестат) беру немесе мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
      1) мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырған күнінен бастап – он бес жұмыс күнінен аспайтын;
      2) қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезекте күтудің ең көп рұқсат берілген уақыты - отыз минут;
      3) құжаттарды алу кезінде кезекте күтудің ең көп рұқсат берілген уақыты - он бес минут.
      8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      9. Комитеттің жұмыс кестесі: демалыс және мереке күндерінен басқа, күн сайын сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Сондай-ақ мемлекеттік қызметті алушылардың ыңғайлығы үшін рұқсаттама бюросында хаттарды қабылдауға арналған жәшік орнатылған. Хаттар күн сайын сағат 18.00-де алынады.
      Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.
      10. Мемлекеттік қызмет Комитеттің ғимаратында көрсетіледі. Үй-жай режимі: ғимаратқа кіру жеке кіреберісі бар рұқсат беру бюросында берілетін бір реттік рұқсаттама арқылы жүзеге асырылады. Бір реттік рұқсаттама құжаттарды қабылдайтын лауазымды адамның телефон өтінімі арқылы ресімделеді. Ғимаратта құқық тәртібін қолдау үшін тәулік бойы күзет бекеті, өрт автоматикасы жүйесі және басқа да қауіпсіздік шаралары бар. Кіреберіске кіру жолы физикалық мүмкіндіктері шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандустармен жабдықталған.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушылар Комитетке мынадай құжаттарды:
      1) өнеркәсіп саласын және жүзеге асырылатын қызметтің түрін көрсете отырып, электрондық құжат нысанындағы өтінішті;
      2) ұйымның өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сараптамалық қорытындының электрондық көшірмесін ұсынады.
      Ұйымның өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сараптамалық қорытынды мыналарды:
      1) сараптамалық қорытындының атауын;
      2) сараптама жүргізу үшін негіздемені, сараптамалық ұйым туралы мәліметтерді және өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізу құқығына аттестаттың болуы және мамандар туралы мәліметті қамтитын кіріспе бөлімді;
      3) сараптамалық қорытындының күші қолданылатын сараптама объектілерінің тізбесін;
      4) ұйым туралы деректерді;
      5) сараптама мақсатын;
      6) сараптама объектісіне байланысты сараптама кезінде қарастырылған құжаттар (жобалық, құрылымдық, пайдалану, жөндеу, өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациялары), технологиялар, техникалық құрылғылар және сәйкестендіруге қажетті шифрі, нөмірі, маркасы немесе өзге ерекшелігі бар материалдардың көлемін көрсете отырып, материалдар туралы мәліметтерді;
      7) сараптама объектісіне қысқаша сипаттамасы мен мақсатын;
      8) жүргізілген сараптама нәтижелерін;
      9) негізделген қорытындысы, техникалық шешімдері мен іс-шаралары бойынша ұсыныстары бар қорытынды бөлімді;
      10) сараптама кезінде пайдаланылған нормативтік құқықтық, техникалық және әдістемелік құжаттама тізімін, сынақтардың актілерін қамтитын қосымшаларды;
      11) сараптама объектісін өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келтіру бойынша келісілген және бекітілген ұйымдастырушылық-техникалық шараларды қамтуы тиіс.
      Ұйымның авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу құқығына сәйкестігі туралы сараптамалық қорытынды қосымша мыналарды:
      1) сараптама жүргізілетін салада авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізудегі құқықтық қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық база туралы мәліметтерді;
      2) осы салада авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша әдістемелік материалдар туралы, қызмет ішіндегі қарым-қатынасты реттейтін ішкі құжаттар, олардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігі туралы мәліметтерді;
      3) техникалық жабдықтау және оның осы сала үшін тиістілік нормаларына сәйкестігі туралы мәліметтерді;
      4) авариялық-құтқару жұмыстарын орындауға оқытылған және рұқсат етілген персонал туралы мәліметтерді;
      5) осы салада авариялық-құтқару жұмыстарын жүргіу үшін штаттық құрылым және оның жеткіліктілігі туралы мәліметтерді;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, авариялық-құтқару қызметтерінің персоналын даярлауды, біліктілігін арттыруды және аттестаттауды ұйымдастыру, оны өздігінен жұмыс жасауға жіберу туралы мәліметтерді қамтуы тиіс.
      Ұйымның өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында мамандарды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру құқығына сәйкестігі туралы сараптамалық қорытынды қосымша мыналарды:
      1) нормативтік құқықтық актілердің, нормативтік техникалық құжаттардың, оқыту-әдістемелік материалдардың, оқу құралдарының қорының болуы және құрамы, олардың сарапталынып отырған оқу түрлері үшін жеткіліктілігі туралы мәліметтерді;
      2) әрбір оқу түрі, мамандығы бойынша оқу жұмыс жоспарлары, олардың оқу бағдарламаларына сәйкестігі туралы мәліметтерді;
      3) оқыту сапасын бақылауды ұйымдастыру туралы мәліметтерді;
      4) материалдық база: оқыту сыныптары (аудиториялар), олардың техникалық жабдықталуы, оның оқу үрдісін жүргізуге жеткіліктілігі, оқытылатындардың өндірістік іс-тәжірибесі үшін базаның болуы туралы мәліметтерді;
      5) оқу ұйымының штатына кіретін оқытушылардың және/немесе оқытылатын пәнге сәйкес жоғары білімі бар мамандардың кәсіптілігі туралы мәліметтерді. Оқытылатын пәндер бойынша оқытуға олармен келісім шарттардың болуын қамтуы тиіс.
      Сараптамалық қорытындыға сараптамалық ұйымның басшысы қол қояды, сараптама ұйымының мөрімен бекітіледі, тігілген беттердің санын көрсете отырып тігіледі.
      12. Өтініш еркін нысанда жазылады. Бланкілерді толтыру көзделмеген.
      13. Мемлекеттік қызметті алуға қажетті құжаттар осы стандарттың 1-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша пошта арқылы жіберіледі немесе Комитеттің кеңсесіне тапсырылады.
      14. Құжаттарды қабылдау кезінде мемлекеттік қызметті алушыға осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті алу күні көрсетіле отырып, құжатты қабылдау туралы талон беріледі.
      15. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі мемлекеттік қызметті алушыға немесе сенімхат бойынша уәкілетті тұлғаға жеке өзі келгенде беріледі.
      16. Мемлекеттік қызметті алушының осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбауы, сондай-ақ ұйымның өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмеуі мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту үшін негізі болып табылады.

3. Жұмыс қағидаттары

      17. Комитеттің мемлекеттік қызметті алушыға қатысты қызметі адамның конституциялық құқығы мен бостандығын сақтауға, қызметтік парызын өтеу кезінде заңдылықты сақтауға, сыпайылық, көрсетілетін қызмет туралы толық ақпарат беру, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету ұстанымдарына негізделеді.

4. Жұмыс нәтижелері

      18. Мемлекеттік қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      19. Комитет жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мақсатты мәні жыл сайын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен бекітіледі.

5. Шағымдану тәртібі

      20. Уәкілетті лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіруді және шағым дайындауға көмекті осы стандарттың 1-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Комитет кеңсесінің қызметкері жүзеге асырады.
      21. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайларда шағым 010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 22 үй мекенжайы бойынша 8 (7172) 60-21-33 телефоны арқылы Министрліктің басшылығына жіберіледі. Жұмыс кестесі: демалыс және мереке күндерінен басқа, күн сайын сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
      22. Дұрыс қызмет көрсетілмеген жағдайда шағым Комитет төрағасының атына осы стандарттың 9-тармағында көрсетілген Комитеттің жұмыс кестесіне сәйкес осы стандарттың 1-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша беріледі.
      23. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайларда мемлекеттік қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
      24. Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе қолма-қол жұмыс күндері осы стандарттың 1 және 21-тармақтарында көрсетілген мекенжайлар бойынша Комитет пен Министрліктің кеңселері арқылы қабылданады.
      Шағым құзыретіне шағымда қойылған мәселелерді шешу кіретін лауазымды адамға жолданады.
      Шағымда мемлекеттік қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта болған жағдайда), пошталық мекенжайы, шағымды беру күні және шағымды берген мемлекеттік қызметті алушының қолы көрсетіледі.
      Шағым беру кезінде әрекетіне әрекеті немесе әрекетсіздігі шағымданатын лауазымды тұлғалардың лауазымы, аты-жөні, жүгіну себептері мен талаптары көрсетіледі.
      25. Қабылданған шағым осы Стандарттың 1 және 21-тармақтарында көрсетілген мекенжайлар бойынша Комитет пен Министрліктің кеңселерінде тіркеледі. Шағымды берген мемлекеттік қызметті алушыға күні мен уақытын, шағымға жауапты алу мерзімі мен орнын, сондай-ақ шағымды қабылдаған лауазымды адамның аты-жөнін көрсете отырып, талон немесе шағымның көшірмесін беру шағымды қабылдағанның дәлелі болып табылады. Шағымды қарау барысы туралы ақпаратты Комитет пен Министрліктің кеңселерінің лауазымды адамдарынан алуға болады.
      Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.
      26. Өзге де пайдалы ақпаратты мына мекенжай бойынша алуға болады: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, № 11 кіреберіс, 729-кабинет, тел. 8 (7172) 74-22-69.

«Ұйымдарды өнеркәсіптік қауіпсіздік
саласында жұмыстар жүргізу   
құқығына аттестаттау» мемлекеттік
қызмет стандартына       
1-қосымша            

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің
Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті
мемлекеттік бақылау комитеті

ТАЛОН

Кіріс № ____________________ құжатты қабылдау туралы
Сұралатын қызметтің түрі __________________________
Мемлекеттік қызметті алу күні
мен құжаттарды беру орны 20 __ жылғы «__» _________
___________________________________________________

Құжатты қабылдаған:
________________________________________________
          (Кеңсе маманының Т.А.Ә.)

                  (қолы)
20 __ жылғы «____» _____________________________
Байланыс телефондары: __________________________

«Ұйымдарды өнеркәсіптік қауіпсіздік
саласында жұмыстар жүргізу   
құқығына аттестаттау» мемлекеттік
қызмет стандартына     
2-қосымша          

Кесте. Сапа мен тиімділік көрсеткішінің мәні

Сапа және тиімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні

Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні

1. Уақтылылығы

1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының %-ы (үлесі)

2. Сапасы

2.1. Қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

3. Қолжетімділік

3.1. Қызметті ұсынудың сапасына және оны ұсыну тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

3.2. Ақпаратқа электронды форматта қол жеткізуге болатын қызметтер % -ы (үлесі)

4. Шағымдану үдерісі

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2012 жылғы 22 тамыздағы
№ 1068 қаулысымен
бекітілген    

«Технологияларды, техникалық құрылғыларды және
материалдарды қолдануға рұқсат беру» мемлекеттік
қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Технологияларды, техникалық құрылғыларды және материалдарды қолдануға рұқсат беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті (бұдан әрі – Комитет) 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, № 11 кіреберіс, 7-қабат, № 730-кабинет мекенжайы бойынша көрсетеді.
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттік қызмет «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 сәуірдегі Заңының 14-10-бабы негізінде жүзеге асырылады.
      4. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) www.emer.kz интернет-ресурсында орналастырылған, сондай-ақ 8 (7172) 74-22-08 және 8 (7172) 74-22-68 телефон нөмірлері арқылы ұсынылады.
      5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі технологияларды, техникалық құрылғыларды және материалдарды қолдануға рұқсат (бұдан әрі – рұқсат) беру немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
      1) мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырған сәттен бастап - күнтізбелік он бес күн;
      2) қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезекте күтудің ең көп рұқсат берілген уақыты - отыз минут;
      3) құжаттарды алу кезінде кезекте күтудің ең көп рұқсат берілген уақыты - он бес минут.
      8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      9. Комитеттің жұмыс кестесі: демалыс және мереке күндерінен басқа, күн сайын сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Сондай-ақ тұтынушылардың ыңғайлығы үшін рұқсат беру бюросында хаттарды қабылдауға арналған жәшік орнатылған. Хаттар күн сайын сағат 18.00-де алынады.
      Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.
      10. Мемлекеттік қызмет Комитеттің ғимаратында көрсетіледі. Үй-жай режимі: ғимаратқа кіру жеке кіреберісі бар рұқсат беру бюросында берілетін бір реттік рұқсаттама арқылы жүзеге асырылады. Бір реттік рұқсаттама құжаттарды қабылдайтын лауазымды адамның телефон өтінімі арқылы ресімделеді. Ғимаратта құқық тәртібін қолдау үшін тәулік бойы күзет бекеті, өрт автоматикасы жүйесі және басқа да қауіпсіздік шаралары бар. Кіреберіске кіру жолы физикалық мүмкіндіктері шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандустармен жабдықталған.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы:
      1) технологиялардың, техникалық құрылғылардың, материалдардың қолданылу мақсаты және қолданылу саласы туралы қысқаша ақпараты бар электрондық құжат нысанындағы өтінішті;
      2) технологиялардың, техникалық құрылғылардың, материалдардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сараптамалық қорытындының электрондық көшірмесін береді.
      Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғалары технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды қолдануға рұқсат алу үшін Комитетке:
      1) технологиялардың, техникалық құрылғылардың, материалдардың қолданылу мақсаты және қолданылу саласы туралы қысқаша ақпараты бар өтінішті;
      2) технологиялардың, техникалық құрылғылардың, материалдардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сараптамалық қорытындыны береді.
      Технологиялардың, техникалық құрылғылардың, материалдардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сараптамалық қорытынды мыналарды:
      1) сараптамалық қорытындының атауын;
      2) сараптама жүргізу үшін негіздемені, сараптамалық ұйым туралы мәліметтерді және өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізу құқығына аттестаттың болуы және мамандар туралы мәліметті қамтитын кіріспе бөлімді;
      3) сараптамалық қорытындының күші қолданылатын сараптама объектілерінің тізбесін;
      4) ұйым туралы деректерді;
      5) сараптама мақсатын;
      6) сараптама объектісіне байланысты сараптама кезінде қарастырылған құжаттар (жобалық, құрылымдық, пайдалану, жөндеу, өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациялары), технологиялар, техникалық құрылғылар және сәйкестендіруге қажетті шифрі, нөмірі, маркасы немесе өзге ерекшелігі бар материалдардың көлемін көрсете отырып, материалдар туралы мәліметтерді;
      7) сараптама объектісіне қысқаша сипаттамасы мен мақсатын;
      8) жүргізілген сараптама нәтижелерін;
      9) негізделген қорытындысы, техникалық шешімдері мен іс-шаралары бойынша ұсыныстары бар қорытынды бөлімді;
      10) сараптама кезінде пайдаланылған нормативтік құқықтық, техникалық және әдістемелік құжаттама тізімін, сынақтардың актілерін қамтитын қосымшаларды;
      11) сараптама объектісін өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келтіру бойынша келісілген және бекітілген ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды;
      12) зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың өндірістік персоналға, халыққа, қоршаған ортаға әсер ету мүмкіндігі, олардың пайдалану кезіндегі, авария, инциденттер кезінде зақымдау әсерінің деңгейі туралы мәліметтерді;
      13) сараптама нәтижесінде алынған мәліметтердің Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы нормаларға сәйкестігі туралы мәліметтерді қамтуы тиіс.
      Технологиялардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сараптамалық қорытынды қосымша мыналарды:
      1) осы технология бойынша технологиялық үдерісті жүзеге асыру кезінде пайда болатын зиянды қауіпті өндірістік фактордар, олардың шекті мәні туралы мәліметтерді;
      2) зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың шекті мәндерінің Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы нормативтік көрсеткіштерге сәйкестігі туралы мәліметтерді;
      3) зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың көрсеткіштерін рұқсат етілген деңгейге дейін жеткізуді қамтамасыз ететін техникалық шаралар, олардың сенімділік деңгейі туралы мәліметтерді қамтуы тиіс.
      Техникалық құрылғылардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сараптамалық қорытынды қосымша мыналарды:
      1) техникалық құрылғының жұмысы кезінде пайда болатын барлық зиянды және қауіпті факторлардың шекті көрсеткіштері туралы мәліметтерді;
      2) зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың көрсеткіштерін рұқсат етілген деңгейге дейін жеткізуді қамтамасыз ететін құрылымдық шешімдер, олардың сенімділік деңгейі туралы мәліметтерді қамтуы тиіс.
      Материалдардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сараптамалық қорытынды қосымша мыналарды:
      1) осы материалды қолдану кезінде пайда болатын зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың шекті көрсеткіштері туралы мәліметтерді;
      2) зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың көрсеткіштерін рұқсат етілген деңгейге дейін жеткізуді қамтамасыз ететін техникалық шешімдер, олардың сенімділік деңгейі туралы мәліметтерді қамтуы тиіс.
      Сараптамалық қорытындыға сараптамалық ұйымның басшысы қол қояды, сараптама ұйымының мөрімен бекітіледі, тігілген беттердің санын көрсете отырып тігіледі.
      12. Өтініш еркін нысанда жазылады. Бланкілер толтыру көзделмеген.
      13. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар осы стандарттың 1-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша пошта арқылы жіберіледі немесе Комитеттің кеңсесіне тапсырылады.
      14. Құжаттарды қабылдау кезінде мемлекеттік қызметті алушыға осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті алу күні көрсетіле отырып, құжатты қабылдау туралы талон беріледі.
      15. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі мемлекеттік қызметті алушыға немесе сенімхат бойынша уәкілетті тұлғаға жеке өзі келгенде біреледі.
      16. Мемлекеттік қызметті алушының осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбауы мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту үшін негізі болып табылады.

3. Жұмыс қағидаттары

      17. Комитеттің мемлекеттік қызметті алушыларға қатысты қызметі адамның конституциялық құқығы мен бостандығын сақтауға, қызметтік парызын өтеу кезінде заңдылықты сақтауға, сыпайылық, көрсетілетін қызмет туралы толық ақпарат беру, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету ұстанымдарына негізделеді.

4. Жұмыс нәтижелері

      18. Мемлекеттік қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      19. Комитет жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мақсатты мәні жыл сайын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен бекітіледі.

5. Шағымдану тәртібі

      20. Уәкілетті лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіруді және шағым дайындауға көмекті осы стандарттың 1-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Комитет кеңсесінің қызметкері жүзеге асырады.
      21. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайларда шағым 010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 22 үй мекенжайы бойынша 8 (7172) 60-21-33 телефоны арқылы Министрліктің басшылығына жіберіледі. Жұмыс кестесі: демалыс және мереке күндерінен басқа, күн сайын сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
      22. Дұрыс қызмет көрсетілмеген жағдайда шағым Комитет төрағасының атына осы стандарттың 9-тармағында көрсетілген Комитеттің жұмыс кестесіне сәйкес осы стандарттың 1-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша беріледі.
      23. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайларда мемлекеттік қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
      24. Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе қолма-қол жұмыс күндері осы стандарттың 1 және 21-тармақтарында көрсетілген мекенжайлар бойынша Комитет пен Министрліктің кеңселері арқылы қабылданады.
      Шағым құзыретіне шағымда қойылған мәселелерді шешу кіретін лауазымды адамға жолданады.
      Шағымда мемлекеттік қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта болған жағдайда), пошталық мекенжайы, шағымды беру күні және шағымды берген мемлекеттік қызметті алушының қолы көрсетіледі.
      Шағым беру кезінде әрекетіне әрекеті немесе әрекетсіздігі шағымданатын лауазымды тұлғалардың лауазымы, аты-жөні, жүгіну себептері мен талаптары көрсетіледі.
      25. Қабылданған шағым осы стандарттың 1 және 21-тармақтарында көрсетілген мекенжайлар бойынша Комитет пен Министрліктің кеңселерінде тіркеледі. Шағымды берген мемлекеттік қызметті алушыға күні мен уақытын, шағымға жауапты алу мерзімі мен орнын, сондай-ақ шағымды қабылдаған лауазымды адамның аты-жөнін көрсете отырып, талон немесе шағымның көшірмесін беру шағымды қабылдағанның дәлелі болып табылады. Шағымды қарау барысы туралы ақпаратты Комитет пен Министрліктің кеңселерінің лауазымды адамдарынан алуға болады.
      Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.
      26. Өзге де пайдалы ақпаратты мына мекенжай бойынша алуға болады: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, № 11 кіреберіс, 729-кабинет, тел. 8 (7172) 74-22-69.

«Технологияларды, техникалық
құрылғыларды және материалдарды
қолдануға рұқсат беру»   
мемлекеттік қызмет стандартына
1-қосымша         

ТАЛОН

Кіріс № ____________________ құжатты қабылдау туралы
Сұралатын қызметтің түрі __________________________
Мемлекеттік қызметті алу күні
мен құжаттарды беру орны 20 __ жылғы «__» _________
___________________________________________________

Құжатты қабылдаған:
________________________________________________
          (Кеңсе маманының Т.А.Ә.)
________________________________________________
                  (қолы)
20 __ жылғы «____» _____________________________
Байланыс телефондары: __________________________

«Технологияларды, техникалық
құрылғыларды және материалдарды
қолдануға рұқсат беру»  
мемлекеттік қызмет стандартына
2-қосымша        

Кесте. Сапа мен тиімділік көрсеткішінің мәні

Сапа және тиімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні

Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні

1. Уақтылылығы

1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының %-ы (үлесі)

2. Сапасы

2.1. Қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

3. Қолжетімділік

3.1. Қызметті ұсынудың сапасына және оны ұсыну тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

3.2. Ақпаратқа электронды форматта қол жеткізуге болатын қызметтер % -ы (үлесі)

4. Шағымдану үдерісі

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2012 жылғы 22 тамыздағы
№ 1068 қаулысымен
бекітілген    

«Өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеу»
мемлекеттік қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеу» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті (бұдан әрі – Комитет) 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, № 11 кіреберіс, 7-қабат, № 730-кабинет мекенжайы бойынша көрсетеді.
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттік қызмет «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 сәуірдегі Заңының 11-1-бабы негізінде жүзеге асырылады.
      4. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) www.emer.kz интернет-ресурсында орналастырылған, сондай-ақ 8 (7172) 74-22-08 және 8 (7172) 74-22-68 телефон нөмірлері арқылы ұсынылады.
      5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясына (бұдан әрі – декларация) тіркеу шифрін беру немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
      1) мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырған сәттен бастап - күнтізбелік он бес күн;
      2) қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезекте күтудің ең көп рұқсат берілген уақыты - отыз минут;
      3) құжаттарды алу кезінде кезекте күтудің ең көп рұқсат берілген уақыты - он бес минут.
      8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      9. Комитеттің жұмыс кестесі: демалыс және мереке күндерінен басқа, күн сайын сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Сондай-ақ тұтынушылардың ыңғайлығы үшін рұқсат беру бюросында хаттарды қабылдауға арналған жәшік орнатылған. Хаттар күн сайын сағат 18.00-де алынады.
      Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.
      10. Мемлекеттік қызмет Комитеттің ғимаратында көрсетіледі. Үй-жай режимі: ғимаратқа кіру жеке кіреберісі бар рұқсат беру бюросында берілетін бір реттік рұқсаттама арқылы жүзеге асырылады. Бір реттік рұқсаттама құжаттарды қабылдайтын лауазымды адамның телефон өтінімі арқылы ресімделеді. Ғимаратта құқық тәртібін қолдау үшін тәулік бойы күзет бекеті, өрт автоматикасы жүйесі және басқа да қауіпсіздік шаралары бар. Кіреберіске кіру жолы физикалық мүмкіндіктері шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандустармен жабдықталған.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы электрондық цифрлық қолтанңбасы арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанындағы декларация сараптамалық қорытындының электрондық көшірмесімен бірге Комитетке ұсынады.
      Өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясы мыналарды:
      1) қауіпті затардың тізбесін (оның ішінде өндірілген) және олардың сипаттамаларын;
      2) қауіпті өндірістік факторларды (әрбір фактор жеке-жеке; өзге факторлармен әрекет еткенде; қоршаған ортамен әрекет еткенде);
      3) қауіпті өндірістік факторларды бөлу туралы технологиялық мәліметтерді;
      4) қауіп пен тәуекелдің талдауын;
      5) қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша техникалық шешімдерді;
      6) авариялық жағдайлардың пайда болу шарттарының талдауын;
      7) авариялық жағдайларда персоналды әрекет етуге даярлауды;
      8) авариялардың пайда болуы мен дамуының ықтимал көріністерінің схемасы;
      9) аварияны жою жоспарын (аварияны, төтенше жағдайларды хабарлау жүйесін; зардап шеккендерге көмек көрсету бойынша медициналық қамтамасыз етуді) қамтуы тиіс.
      Сараптамалық қорытынды мыналарды:
      1) сараптамалық қорытындының атауын;
      2) сараптама жүргізу үшін негіздемені, сараптамалық ұйым туралы мәліметтерді және өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізу құқығына аттестаттың болуы және мамандар туралы мәліметті қамтитын кіріспе бөлімді;
      3) сараптамалық қорытындының күші қолданылатын сараптама объектілерінің тізбесін;
      4) ұйым туралы деректерді;
      5) сараптама мақсатын;
      6) сараптама объектісіне байланысты сараптама кезінде қарастырылған құжаттар (жобалық, құрылымдық, пайдалану, жөндеу, өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациялары), технологиялар, техникалық құрылғылар және сәйкестендіруге қажетті шифрі, нөмірі, маркасы немесе өзге ерекшелігі бар материалдардың көлемін көрсете отырып, материалдар туралы мәліметтерді;
      7) сараптама объектісіне қысқаша сипаттамасы мен мақсатын;
      8) жүргізілген сараптама нәтижелерін;
      9) негізделген қорытындысы, техникалық шешімдері мен іс-шаралары бойынша ұсыныстары бар қорытынды бөлімді;
      10) сараптама кезінде пайдаланылған нормативтік құқықтық, техникалық және әдістемелік құжаттама тізімін, сынақтардың актілерін қамтитын қосымшаларды;
      11) сараптама объектісін өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келтіру бойынша келісілген және бекітілген ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды;
      12) декларацияда ұсынылған ақпараттың толықтығы мен дұрыстығы, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтерді;
      13) декларацияда ұсынылған, қауіпті өндірістік объектідегі авариялардың, инциденттердің қаупін талдау нәтижелерінің негізділігі туралы мәліметтерді;
      14) өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын қамтамасыз ету бойынша әзірленген және/немесе жүзеге асырылған шаралардың жеткіліктілігі туралы мәліметтерді қамтуы тиіс.
      Сараптамалық қорытындыға сараптамалық ұйымның басшысы қол қояды, сараптама ұйымының мөрімен бекітіледі, тігілген беттердің санын көрсете отырып тігіледі.
      12. Өтініш еркін нысанда жазылады. Бланкілер толтыру көзделмеген.
      13. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар осы стандарттың 1-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша пошта арқылы жіберіледі немесе Комитеттің кеңсесіне тапсырылады.
      14. Құжаттарды қабылдау кезінде мемлекеттік қызметті алушыға осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті алу күні көрсетіле отырып, құжатты қабылдау туралы талон беріледі.
      15. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі мемлекеттік қызметті алушыға немесе сенімхат бойынша уәкілетті тұлғаға жеке өзі келгенде біреледі.
      16. Мемлекеттік қызметті алушының осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбауы мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту үшін негізі болып табылады.

3. Жұмыс қағидаттары

      17. Комитеттің мемлекеттік қызметті алушыға қатысты қызметі адамның конституциялық құқығы мен бостандығын сақтауға, қызметтік парызын өтеу кезінде заңдылықты сақтауға, сыпайылық, көрсетілетін қызмет туралы толық ақпарат беру, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету ұстанымдарына негізделеді.

4. Жұмыс нәтижелері

      18. Мемлекеттік қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      19. Комитет жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мақсатты мәні жыл сайын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен бекітіледі.

5. Шағымдану тәртібі

      20. Уәкілетті лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіруді және шағым дайындауға көмекті осы Стандарттың 1-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Комитет кеңсесінің қызметкері жүзеге асырады.
      21. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайларда шағым 010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 22 үй мекенжайы бойынша 8 (7172) 60-21-33 телефоны арқылы Министрліктің басшылығына жіберіледі. Жұмыс кестесі: демалыс және мереке күндерінен басқа, күн сайын сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
      22. Дұрыс қызмет көрсетілмеген жағдайда шағым Комитет төрағасының атына осы стандарттың 9-тармағында көрсетілген Комитеттің жұмыс кестесіне сәйкес осы стандарттың 1-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша беріледі.
      23. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайларда мемлекеттік қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
      24. Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе қолма-қол жұмыс күндері осы стандарттың 1 және 21-тармақтарында көрсетілген мекенжайлар бойынша Комитет пен Министрліктің кеңселері арқылы қабылданады.
      Шағым құзыретіне шағымда қойылған мәселелерді шешу кіретін лауазымды адамға жолданады.
      Шағымда мемлекеттік қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта болған жағдайда), пошталық мекенжайы, шағымды беру күні және шағымды берген мемлекеттік қызметті алушының қолы көрсетіледі.
      Шағым беру кезінде әрекетіне әрекеті немесе әрекетсіздігі шағымданатын лауазымды тұлғалардың лауазымы, аты-жөні, жүгіну себептері мен талаптары көрсетіледі.
      25. Қабылданған шағым осы стандарттың 1 және 21-тармақтарында көрсетілген мекенжайлар бойынша Комитет пен Министрліктің кеңселерінде тіркеледі. Шағымды берген мемлекеттік қызметті алушыға күні мен уақытын, шағымға жауапты алу мерзімі мен орнын, сондай-ақ шағымды қабылдаған лауазымды адамның аты-жөнін көрсете отырып, талон немесе шағымның көшірмесін беру шағымды қабылдағанның дәлелі болып табылады. Шағымды қарау барысы туралы ақпаратты Комитет пен Министрліктің кеңселерінің лауазымды адамдарынан алуға болады.
      Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қару тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.
      26. Өзге де пайдалы ақпаратты мына мекенжай бойынша алуға болады: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, № 11 кіреберіс, 729-кабинет, тел. 8 (7172) 74-22-69.

«Өнеркәсіптік қауіпсіздік 
декларацияларын тіркеу»  
мемлекеттік қызмет стандартына
1-қосымша        

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің
Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті
мемлекеттік бақылау комитеті

ТАЛОН

Кіріс № _________________________ құжатты қабылдау туралы
Сұралатын қызметтің түрі _________________________________
Мемлекеттік қызметті алу күні
мен құжаттарды беру орны 20 __ жылғы «__» ________________
__________________________________________________________

Құжатты қабылдаған:
__________________________________________________________
                (Кеңсе маманының Т.А.Ә.)
__________________________________________________________
                        (қолы)
20 __ жылғы «____» ____________
Байланыс телефондары: _______________

«Өнеркәсіптік қауіпсіздік
декларацияларын тіркеу»
мемлекеттік қызмет стандартына
2-қосымша      

Кесте. Сапа мен тиімділік көрсеткішінің мәні

Сапа және тиімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні

Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні

1. Уақтылылығы

1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының %-ы (үлесі)

2. Сапасы

2.1. Қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

3. Қолжетімділік

3.1. Қызметті ұсынудың сапасына және оны ұсыну тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

3.2. Ақпаратқа электронды форматта қол жеткізуге болатын қызметтер %-ы (үлесі)

4. Шағымдану үдерісі

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2012 жылғы 22 тамыздағы
№ 1068 қаулысымен
бекітілген    

«Өрт қауіпсіздігі саласындағы қатерлерді тәуелсіз
бағалау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу»
мемлекеттік қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік қызметті Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, № 10 кіреберіс, 7-қабат, № 753 кабинет мекенжайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті (бұдан әрі – Комитет) көрсетеді.
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттік қызмет «Өрт қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы № 48 Заңы 25-2-бабының негізінде көрсетіледі.
      4. Мемлекеттік қызметті көрсету туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің (бұдан әрі – ТЖМ) www.emer.kz интернет-ресурсында орналастырылған, сондай-ақ 8(7172) 74-22-35 телефон нөмірі арқылы ұсынылады.
      5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі қағаз тасығышта өрт қауіпсіздігі саласындағы қатерлерді тәуелсіз бағалау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу аттестаты немесе мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
      1) мемлекеттік қызметті алушы осы Стандарттың 11-тармағында белгіленген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі –он бес жұмыс күні;
      2) мемлекет қызметті алу үшін қажетті құжаттарды қабылдағанға дейін күтудің ең көп рұқсат берілген уақыты – жиырма минут;
      3) өтініш иесі жүгінген күні орнында көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің ең көп рұқсат берілген уақыты – жиырма минут;
      4) мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауапты ұсыну мерзімі – хаттамалық шешім шығарған сәттен бастап бес жұмыс күні.
      8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      9. Комитеттің жұмыс кестесі: демалыс және мереке күндерінен басқа, күн сайын сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
      Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.
      10. Мемлекеттік қызмет Комитеттің ғимаратында көрсетіледі. Үй-жай режимі: ғимаратқа кіру жеке кіреберісі бар рұқсат беру бюросында берілетін бір реттік рұқсаттама арқылы жүзеге асырылады. Бір реттік рұқсаттама құжаттарды қабылдайтын лауазымды адамның телефон өтінімі арқылы ресімделеді. Ғимаратта құқық тәртібін қолдау үшін тәулік бойы күзет бекеті, өрт автоматикасы жүйесі және басқа да қауіпсіздік шаралары бар. Кіреберіске кіру жолы физикалық мүмкіндіктері шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандустармен жабдықталған.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушылар Комитетке мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) электрондық құжат нысанындағы өтiнiштi;
      2) ұйымға меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiзде тиесiлi үй-жай туралы, жабдық туралы ақпаратты қамтитын, өтiнiш берушi электрондық құжат түрінде жасаған мәлiметтер нысаны;
      3) ұйым мамандарының бiлiмi туралы, мемлекеттiк және (немесе) мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметтердегi жұмыс өтiлi, сондай-ақ олардың арнайы оқыту курстарынан өткенi туралы құжаттарының электрондық көшiрмелерi.
      12. Өтініш еркін нысанда жазылады. Бланкілер толтыру көзделмеген.
      13. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар осы Стандарттың 1-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Комитеттің кеңсесіне тапсырылады немесе пошта арқылы жіберіледі.
      14. Құжаттарды тапсырғаннан кейін мемлекеттік қызметі алушыға немесе сенімхат бойынша мемлекеттік қызметті алушының өкіліне мыналар:
      1) қабылдаған күні;
      2) өтінішті қабылдаған адамның телефон нөмірі;
      3) өтінішті қабылдаған адамның қолы;
      4) мемлекеттік қызметті ұсыну күні қойылған өтініштің көшірмесі беріледі.
      15. Өрт қауіпсіздігі саласындағы қатерлерді тәуелсіз бағалау жөніндегі ұйымды аккредиттеу туралы хат аккредиттеу аттестатымен немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап өтініште көрсетілген мекенжайға пошта арқылы жіберіледі немесе мемлекеттік қызметті алушыға (сенімхат бойынша мемлекеттік қызметті алушының өкіліне) осы Стандарттың 1-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Комитеттің кеңсесінде жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткеннен кейін (мемлекеттік қызметті алушының өкілі мемлекеттік қызметті алушы қол қойған, Комитетте тиісті құжаттарды алу құқығына сенімхаттың түпнұсқасын көрсетеді) беріледі.
      16. Мемлекеттік қызметті алушының осы Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбауы, сондай-ақ ұйымның штатында өрт қауіпсіздігі саласындағы жоғары білімі немесе өзге жоғары білімі және мемлекеттік және (немесе) мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерде кемінде бес жыл жұмыс стажы бар, арнайы оқыту курстарынан өткен үш маманнан кем болуы мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту үшін негіз болып табылады.

3. Жұмыс қағидаттары

      17. Комитеттің қызметі адамның конституциялық құқықтарын, қызметтік борышты орындауда заңдылықты, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшісінің ар-намыс кодексін сақтауға негізделеді және сыпайылық, толық ақпарат беру, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарымен жүзеге асырылады.

4. Жұмыс нәтижелері

      18. Мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелері осы Стандартқа қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      19. Осы мемлекеттік қызметті көрсететін мемлекеттік органның жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын Министрліктің бұйрығымен бекітіледі.

5. Шағымдану тәртібі

      20. Уәкілетті лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіруді және шағым дайындауға көмекті осы Стандарттың 1-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Комитет кеңсесінің қызметкері жүзеге асырады.
      21. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайларда шағым Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 22 үй мекенжайы бойынша 8 (7172) 60-21-33 телефоны арқылы Министрліктің басшылығына жіберіледі. Жұмыс кестесі: демалыс және мереке күндерінен басқа, күн сайын сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
      22. Дұрыс қызмет көрсетілмеген жағдайда шағым Комитет төрағасының атына осы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген Комитеттің жұмыс кестесіне сәйкес осы Стандарттың 1-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша беріледі.
      23. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайларда мемлекеттік қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
      24. Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе қолма-қол жұмыс күндері осы Стандарттың 1 және 21-тармақтарында көрсетілген мекенжайлар бойынша Комитет пен Министрліктің кеңселері арқылы қабылданады.
      Шағым құзыретіне шағымда қойылған мәселелерді шешу кіретін лауазымды адамға жолданады.
      Шағымда мемлекеттік қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта болған жағдайда), пошталық мекенжайы, шағымды беру күні және шағымды берген мемлекеттік қызметті алушының қолы көрсетіледі.
      Шағым беру кезінде әрекетіне әрекеті немесе әрекетсіздігі шағымданатын лауазымды тұлғалардың лауазымы, аты-жөні, жүгіну себептері мен талаптары көрсетіледі.
      25. Қабылданған шағым осы Стандарттың 1 және 21-тармақтарында көрсетілген мекенжайлар бойынша Комитет пен Министрліктің кеңселерінде тіркеледі. Шағымды берген мемлекеттік қызметті алушыға күні мен уақытын, шағымға жауапты алу мерзімі мен орнын, сондай-ақ шағымды қабылдаған лауазымды адамның аты-жөнін көрсете отырып, талон немесе шағымның көшірмесін беру шағымды қабылдағанның дәлелі болып табылады. Шағымды қарау барысы туралы ақпаратты тиісті ұйымдардың кеңселерінің лауазымды адамдарынан алуға болады.
      Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.
      26. Өзге де пайдалы ақпаратты мына мекенжай бойынша алуға болады: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, № 10 кіреберіс, 747-кабинет, тел. 8 (7172) 74-22-33.

«Өрт қауіпсіздігі саласындағы
қатерлерді тәуелсіз бағалау
жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу»
мемлекеттік қызмет стандартына
қосымша          

Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні

Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылғы нысаналы мәні

Көрсеткіштің есептік жылдағы ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақтылылығы

1.1. Құжат тапсырылған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызмет көрсету жағдайларының %-ы (үлесі)

2. Сапасы

2.1. Қызмет көрсету үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

3. Қолжетімділік

3.1. Қызмет көрсету сапасы мен оның тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

3.2. Ақпаратқа электронды форматта қол жеткізуге болатын қызметтің %-ы (үлесі)

4. Шағымдану үдерісі

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

5. Сыпайылық

5.1.Персоналдың сыпайылылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

«Қазақстан Республикасының аумағында іске асырылатын
отандық және импорт өндірісінің өрт техникасы мен
өрт сөндіру құралдарына қорытынды беру» мемлекеттік
қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Қазақстан Республикасының аумағында іске асырылатын отандық және импорт өндірісінің өрт техникасы мен өрт сөндіру құралдарына қорытынды беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, № 10 кіреберіс, 7-қабат, № 753 кабинет мекенжайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті (бұдан әрі – Комитет) көрсетеді.
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 16 қаулысымен бекітілген «Объектілерді қорғауға арналған өрт техникасының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентінің 286-тармағы негізінде көрсетіледі.
      4. Мемлекеттік қызметті көрсету туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) www.emer.kz интернет-ресурсында орналастырылған, сондай-ақ 8(7172) 74-22-35 телефон нөмірі арқылы ұсынылады.
      5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі Қазақстан Республикасының аумағында іске асырылатын отандық және импорт өндірісінің өрт техникасы мен өрт сөндіру құралдарына (бұдан әрі – өрт-техникалық өнім) қағаз тасығышта берілетін қорытынды немесе мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
      1) мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырған сәттен бастап - күнтізбелік он бес күн;
      2) қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезекте күтудің ең көп рұқсат берілген уақыты - жиырма минут;
      3) құжаттарды алу кезінде кезекте күтудің ең көп рұқсат берілген уақыты - жиырма минут.
      8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      9. Комитеттің жұмыс кестесі: демалыс және мереке күндерінен басқа, күн сайын сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
      Комитетте мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.
      10. Мемлекеттік қызмет Комитеттің ғимаратында көрсетіледі. Үй-жай режимі: ғимаратқа кіру жеке кіреберісі бар рұқсат беру бюросында берілетін бір реттік рұқсаттама арқылы жүзеге асырылады. Бір реттік рұқсаттама құжаттарды қабылдайтын лауазымды адамның телефон өтінімі арқылы ресімделеді. Ғимаратта құқық тәртібін қолдау үшін тәулік бойы күзет бекеті, өрт автоматикасы жүйесі және басқа да қауіпсіздік шаралары бар. Кіреберіске кіру жолы физикалық мүмкіндіктері шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандустармен жабдықталған.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушылар Комитетке мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) заңды тұлғаның атауын, пошталық мекенжайын, шығыс нөмірі мен күнін көрсете отырып, өрт-техникалық мақсаттағы өнімді қолдануға қорытынды беру туралы өтініш. Өтінішке мемлекеттік қызметті алушы қол қояды;
      2) Қазақстан Республикасының аумағында қолдану үшін рұқсат етілген мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес жүргізілген өрт-техникалық өнімнің зертханалық сынақтары нәтижелерінің (хаттамаларының) түпнұсқалары немесе түпнұсқалардың нотариалды куәландырылған көшірмелері.
      12. Өтініш еркін нысанда жазылады. Бланкілер толтыру көзделмеген.
      13. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар осы стандарттың 1-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Комитет кеңсесіне тапсырылады немесе пошта арқылы жіберіледі.
      14. Құжаттарды тапсырғаннан кейін мемлекеттік қызметті алушыға не мемлекеттік қызметті алушының сенімхат бойынша уәкілеттілік берілген өкіліне мыналар:
      1) қабылдаған күні;
      2) өтінішті қабылдаған адамның телефон нөмірі;
      3) өтінішті қабылдаған адамның қолы;
      4) мемлекеттік қызметті ұсыну күні қойылған өтініштің көшірмесі беріледі.
      15. Қорытынды немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап өтініште көрсетілген мекенжайға пошта арқылы жіберіледі немесе мемлекеттік қызметті алушыға (мемлекеттік қызметті алушының өкіліне) осы стандарттың 1-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Комитеттің кеңсесінде жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткеннен кейін (мемлекеттік қызметті алушының өкілі мемлекеттік қызметті алушы қол қойған, Комитетте тиісті құжаттарды алу құқығына сенімхаттың түпнұсқасын көрсетеді) беріледі.
      16. Осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды тиісінше ресімдемеу және олардың толық пакетін ұсынбау мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту үшін негіз болып табылады.

3. Жұмыс қағидаттары

      17. Комитеттің қызметі адамның конституциялық құқықтарын, қызметтік борышты орындауда заңдылықты, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшісінің ар-намыс кодексін сақтауға негізделеді және сыпайылық, толық ақпарат беру, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарымен жүзеге асырылады.

4. Жұмыс нәтижелері

      18. Мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      19. Осы мемлекеттік қызметті көрсететін мемлекеттік органның жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен бекітіледі.

5. Шағымдану тәртібі

      20. Уәкілетті лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіруді және шағым дайындауға көмекті осы стандарттың 1-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Комитет кеңсесінің қызметкері жүзеге асырады.
      21. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайларда шағым 010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 22 үй мекенжайы бойынша 8 (7172) 60-21-33 телефоны арқылы Министрліктің басшылығына жіберіледі. Жұмыс кестесі: демалыс және мереке күндерінен басқа, күн сайын сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
      22. Дұрыс қызмет көрсетілмеген жағдайда шағым Комитет төрағасының атына осы стандарттың 9-тармағында көрсетілген Комитеттің жұмыс кестесіне сәйкес осы стандарттың 1-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша беріледі.
      23. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайларда мемлекеттік қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
      24. Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе қолма-қол жұмыс күндері осы стандарттың 1 және 21-тармақтарында көрсетілген мекенжайлар бойынша Комитет пен Министрліктің кеңселері арқылы қабылданады.
      Шағым құзыретіне шағымда қойылған мәселелерді шешу кіретін лауазымды адамға жолданады.
      Шағымда мемлекеттік қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта болған жағдайда), пошталық мекенжайы, шағымды беру күні және шағымды берген мемлекеттік қызметті алушының қолы көрсетіледі.
      Шағым беру кезінде әрекетіне әрекеті немесе әрекетсіздігі шағымданатын лауазымды тұлғалардың лауазымы, аты-жөні, жүгіну себептері мен талаптары көрсетіледі.
      25. Қабылданған шағым осы стандарттың 1 және 21-тармақтарында көрсетілген мекенжайлар бойынша Комитет пен Министрліктің кеңселерінде тіркеледі. Шағымды берген мемлекеттік қызметті алушыға күні мен уақытын, шағымға жауапты алу мерзімі мен орнын, сондай-ақ шағымды қабылдаған лауазымды адамның аты-жөнін көрсете отырып, талон немесе шағымның көшірмесін беру шағымды қабылдағанның дәлелі болып табылады. Шағымды қарау барысы туралы ақпаратты Комитет пен Министрліктің кеңселерінің лауазымды адамдарынан алуға болады.
      Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қару тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.
      26. Өзге де пайдалы ақпаратты мына мекенжай бойынша алуға болады: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, № 10 кіреберіс, 749-кабинет, тел. 8 (7172) 74-22-35.

«Қазақстан Республикасының     
аумағында іске асырылатын отандық  
және импорт өндірісінің өрт техникасы мен
өрт сөндіру құралдарына қорытынды беру»
мемлекеттік қызмет стандартына 
қосымша             

Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні

Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылғы нысаналы мәні

Көрсеткіштің есептік жылдағы ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақтылылығы

1.1. Құжат тапсырылған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызмет көрсету жағдайларының %-ы (үлесі)

2. Сапасы

2.1. Қызмет көрсету үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

3. Қолжетімділік

3.1. Қызмет көрсету сапасы мен оның тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

3.2. Ақпаратқа электронды форматта қол жеткізуге болатын қызметтің %-ы (үлесі)

4. Шағымдану үдерісі

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

5. Сыпайылық

5.1.Персоналдың сыпайылылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2012 жылғы 22 тамыздағы
№ 1068 қаулысымен
бекітілген    

«Шығарылатын өнімге ұйымдардың стандарттары жобаларын
мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарымен келісу»
мемлекеттік қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Шығарылатын өнімге ұйымдардың стандарттары жобаларын мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарымен келісу» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, № 10 кіреберіс, 7-қабат, № 753 кабинет мекенжайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті (бұдан әрі – Комитет) көрсетеді.
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысымен бекітілген Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімінің 468-тармағы негізінде көрсетіледі.
      4. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) www.emer.kz интернет-ресурсында орналастырылған, сондай-ақ 8 (7172) 74-22-35 телефон нөмірі арқылы ұсынылады.
      5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі шығарылатын өнімге ұйым стандартының жобасына қол қою немесе мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
      1) мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырған сәттен бастап - күнтізбелік он бес күн;
      2) қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезекте күтудің ең көп рұқсат берілген уақыты - жиырма минут;
      3) құжаттарды алу кезінде кезекте күтудің ең көп рұқсат берілген уақыты - жиырма минут.
      8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      9. Комитеттің жұмыс кестесі: демалыс және мереке күндерінен басқа, күн сайын сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
      Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.
      10. Мемлекеттік қызмет Комитеттің ғимаратында көрсетіледі. Үй-жай режимі: ғимаратқа кіру жеке кіреберісі бар рұқсат беру бюросында берілетін бір реттік рұқсаттама арқылы жүзеге асырылады. Бір реттік рұқсаттама құжаттарды қабылдайтын лауазымды адамның телефон өтінімі арқылы ресімделеді. Ғимаратта құқық тәртібін қолдау үшін тәулік бойы күзет бекеті, өрт автоматикасы жүйесі және басқа да қауіпсіздік шаралары бар. Кіреберіске кіру жолы физикалық мүмкіндіктері шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандустармен жабдықталған.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушылар Комитетке мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) жеке немесе заңды тұлғаның атауын, пошталық мекенжайын, шығыс нөмірі мен күнін көрсете отырып, шығарылатын өнімге ұйымдардың стандарттары жобаларын келісу туралы қысқаша ақпараты бар өтініш. Өтінішке мемлекеттік қызметті алушы немесе ұйым стандартын әзірлеуші қол қояды;
      2) шығарылатын өнімге ұйымдардың стандарттарының жобалары мемлекеттік және орыс тілдерінде кемінде 4 данадан;
      3) ұйымдардың стандарттарының жобаларында келтірілген, шығарылатын өнімнің өрт қауіптілігі көрсеткіштерін растайтын, Қазақстан Республикасының және Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің аккредиттелген сынақ зертханаларында аккредиттелген сынақ орталықтарында (зертханаларында) (орталықтарында) орындалған зертханалық сынақтар нәтижелерінің (хаттамаларының, актілерінің, қорытындыларының) түпнұсқалары немесе түпнұсқалардың нотариалды куәландырылған көшірмелері.
      12. Өтініш еркін нысанда жазылады. Бланкілер толтыру көзделмеген.
      13. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар осы стандарттың 1-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Комитеттің кеңсесіне тапсырылады немесе пошта арқылы жіберіледі.
      14. Құжаттарды тапсырғаннан кейін мемлекеттік қызметті алушыға не мемлекеттік қызметті алушының сенімхат бойынша уәкілеттілік берілген өкіліне мыналар:
      1) қабылдаған күні;
      2) өтінішті қабылдаған адамның телефон нөмірі;
      3) өтінішті қабылдаған адамның қолы;
      4) мемлекеттік қызметті ұсыну күні қойылған өтініштің көшірмесі беріледі.
      15. Келісілген ұйым стандарты жобаларымен бірге келісу хаты немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап өтініште көрсетілген мекенжайға пошта арқылы жіберіледі немесе мемлекеттік қызметті алушыға (мемлекеттік қызметті алушының өкіліне) осы стандарттың 1-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Комитеттің кеңсесінде жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткеннен кейін (мемлекеттік қызметті алушының өкілі мемлекеттік қызметті алушы қол қойған, Комитетте тиісті құжаттарды алу құқығына сенімхаттың түпнұсқасын көрсетеді) беріледі.
      16. Мемлекеттік қызметті алушының осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың толық пакетін ұсынбауы мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту үшін негіз болып табылады.

3. Жұмыс қағидаттары

      17. Комитеттің қызметі адамның конституциялық құқықтарын, қызметтік борышты орындауда заңдылықты, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшісінің ар-намыс кодексін сақтауға негізделеді және сыпайылық, толық ақпарат беру, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарымен жүзеге асырылады.

4. Жұмыс нәтижелері

      18. Мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      19. Осы мемлекеттік қызметті көрсететін мемлекеттік органның жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен бекітіледі.

5. Шағымдану тәртібі

      20. Уәкілетті лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіруді және шағым дайындауға көмекті осы стандарттың 1-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Комитет кеңсесінің қызметкері жүзеге асырады.
      21. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайларда шағым 010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 22 үй мекенжайы бойынша 8 (7172) 60-21-33 телефоны арқылы Министрліктің басшылығына жіберіледі. Жұмыс кестесі: демалыс және мереке күндерінен басқа, күн сайын сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
      22. Дұрыс қызмет көрсетілмеген жағдайда шағым Комитет төрағасының атына осы стандарттың 9-тармағында көрсетілген Комитеттің жұмыс кестесіне сәйкес осы стандарттың 1-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша беріледі.
      23. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайларда мемлекеттік қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
      24. Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе қолма-қол жұмыс күндері осы стандарттың 1 және 21-тармақтарында көрсетілген мекенжайлар бойынша Комитет пен Министрліктің кеңселері арқылы қабылданады.
      Шағым құзыретіне шағымда қойылған мәселелерді шешу кіретін лауазымды адамға жолданады.
      Шағымда мемлекеттік қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта болған жағдайда), пошталық мекенжайы, шағымды беру күні және шағымды берген мемлекеттік қызметті алушының қолы көрсетіледі.
      Шағым беру кезінде әрекетіне әрекеті немесе әрекетсіздігі шағымданатын лауазымды тұлғалардың лауазымы, аты-жөні, жүгіну себептері мен талаптары көрсетіледі.
      25. Қабылданған шағым осы стандарттың 1 және 21-тармақтарында көрсетілген мекенжайлар бойынша Комитет пен Министрліктің кеңселерінде тіркеледі. Шағымды берген мемлекеттік қызметті алушыға күні мен уақытын, шағымға жауапты алу мерзімі мен орнын, сондай-ақ шағымды қабылдаған лауазымды адамның аты-жөнін көрсете отырып, талон немесе шағымның көшірмесін беру шағымды қабылдағанның дәлелі болып табылады. Шағымды қарау барысы туралы ақпаратты Комитет пен Министрліктің кеңселерінің лауазымды адамдарынан алуға болады.
      Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қару тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.
      26. Өзге де пайдалы ақпаратты мына мекенжай бойынша алуға болады: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, № 10 кіреберіс, 749-кабинет, тел. 8 (7172) 74-22-35.

«Шығарылатын өнімге ұйымдардың
стандарттары жобаларын мемлекеттік
өртке қарсы қызмет органдарымен
келісу» мемлекеттік қызмет
стандартына қосымша    

Кесте. Сапа мен тиімділік көрсеткіштерінің мәні