«Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 қаңтардағы Заңының 18-1-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Инвестициялық жобаларды инвестициялық стратегиялық жобалар тізбесіне енгізу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 22 тамыздағы
№ 1066 қаулысымен
бекітілген
Инвестициялық жобаларды инвестициялық стратегиялық
жобалар тізбесіне енгізу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Инвестициялық жобаларды инвестициялық стратегиялық жобалар тізбесіне енгізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 қаңтардағы Заңының 18-1-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленген және инвестициялық жобаларды инвестициялық стратегиялық жобалар тізбесіне енгізудің тәртібін айқындайды.
2. Инвестициялық жобаларды инвестициялық стратегиялық жобалар тізбесіне енгізу мәселелері жөніндегі уәкілетті орган «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын iске асырудың кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 мамырдағы № 436 қаулысымен бекітілген тәртіппен тиісті мемлекеттік органдардың мамандарын, Қазақстан Республикасы жеке және заңды тұлғаларының арасынан консультанттар мен сарапшыларды тартуға құқылы.
3. Қосылған құны жоғары (неғұрлым жоғары өңделген және қайта өңделген) өнім өндіруге бағытталған, «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын iске асырудың кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 мамырдағы № 436 қаулысымен бекітілген инвестициялық преференциялар берiлетiн экономикалық қызмет түрлерiнiң жалпы сыныптауышы сыныптарының деңгейінде қызметтiң басым түрлерiне сәйкес келетін, сондай-ақ мынадай өлшемдердің біріне сай келетін инвестициялық жоба инвестициялық стратегиялық жобалар тізбесіне енгізіледі:
1) инвестициялық жоба Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін жоғары технологиялық өнімдер өндірісі бойынша қызмет түрлерінің тізбесіне енгізілген өнімдердің өндірісіне бағытталуы тиіс;
2) инвестициялық жоба бойынша инвестициялардың көлемі республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі есептік көрсеткіштің кемінде бес миллион есе мөлшерін құрауы тиіс.
4. Өтінім беруші ұсынылған құжаттардың толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз етеді.
2. Инвестициялық жобаларды инвестициялық стратегиялық
жобалар тізбесіне енгізу тәртібі
5. Инвестициялық жобаларды инвестициялық стратегиялық жобалар тізбесіне енгізу мақсатында заңды тұлға (бұдан әрі – өтінім беруші) инвестициялық жобаларды инвестициялық стратегиялық жобалар тізбесіне енгізуге арналған өтінімді (бұдан әрі – өтінім) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша жібереді.
6. Өтінім инвестициялар жөніндегі уәкілетті органға жылдың бірінші және үшінші тоқсаны ішінде, бірақ тиісті тоқсанның соңғы айының 30-күнінен кешіктірілмей ұсынылады.
7. Инвестициялық жобаларды инвестициялық стратегиялық жобалар тізбесіне енгізуге арналған өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің басшының қолымен және заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған көшірмесі;
2) заңды тұлға жарғысының басшының қолымен және заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған көшірмесі;
3) инвестициялық стратегиялық жобаның уәкiлеттi орган белгiлейтiн талаптарға сәйкес жасалған бизнес-жоспары;
4) инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыру кезінде пайдаланылатын құрылыс-монтаж жұмыстарының сметалық құнын және тіркелген активтерді, шикізатты және (немесе) материалдарды сатып алуға арналған шығындарды негіздейтін, тізбесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленетін құжаттардың басшының қолымен және заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған көшірмелері;
5) инвестициялық стратегиялық жобаны қаржыландырудың көздері мен кепілдіктерін белгілейтін құжаттардың басшының қолымен және заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған көшірмелері. Инвестициялық стратегиялық жобаны өз қаражаты есебінен қаржыландырған жағдайда олардың бар екендігі туралы жазбаша растама қоса беріледі;
6) салық берешегiнiң, мiндеттi зейнетақы жарналары және әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегiнiң жоқ екендiгi туралы тiркеу орны бойынша салық органының анықтамалары.
Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.11.29 № 1501 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
8. Ұсынылған құжаттар осы Қағидалардың 7-тармағының талаптарына сәйкес келмеген және/немесе инвестициялық жоба осы Қағидалардың 3-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган өтінім беруші осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген құжаттарды ұсынғаннан кейінгі бір ай ішінде ол туралы өтінім берушіге жазбаша нысанда хабарлауы тиіс.
9. Уәкілетті орган жылдың екінші және төртінші тоқсанында инвестициялық жобаларды инвестициялық стратегиялық жобалар тізбесіне енгізу мәніне осы Қағидалардың 7-тармағына сәйкес келетін, келіп түскен өтінімдерді қарастырады.
10. Өтінімдерді қарау қорытындылары бойынша уәкілетті орган отыз жұмыс күні ішінде инвестициялық жобаларды инвестициялық стратегиялық жобалар тізбесіне енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметіне заңнамада белгіленген тәртіппен енгізеді.
Инвестициялық жобаларды
инвестициялық стратегиялық
жобалар тізбесіне енгізу қағидаларына
қосымша
201__ жылғы «___» ____________
№ _____
Инвестициялық жобаларды инвестициялық стратегиялық
жобалар тізбесіне енгізуге арналған
ӨТІНІМ
_____________________________________________________________________
(ұйым атауы)
инвестициялық стратегиялық жобалар тізбесіне ________________________
_____________________________________________________________________
(инвестициялық жоба атауы)
инвестициялық жобасын енгізу үшін қажетті құжаттар пакеті бар осы өтінімді жіберіп отыр.
Жоба мазмұны, мерзімдердің негіздемесі және жоба құны қоса берілген құжаттарда келтірілген. Ұсынылған ақпараттың дұрыстығына кепілдік береміз.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы «___» ____________ № _____ қаулысымен бекітілген инвестициялық жобаларды инвестициялық стратегиялық жобалар тізбесіне енгізу қағидаларымен (бұдан әрі – Қағидалар) таныстық.
Қағидаларға сәйкес талап етілген құжаттар ___ парақта қоса берілген.
___________________________ __________________________
(Т.А.Ә. және лауазымы) (қолы)
(мөр)
Өтінім 20 ___ жылғы «___» ____________ № ______ тіркелді.
Тіркеушінің Т.А.Ә. және лауазымы: ________________________
Қолы: ________________________
Ескертпе: ұйым бланкісінде жасалады. Өтінімге бірінші басшы қол қояды.