Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 15.08.2014 N 938 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1112 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 40, 523-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi туралы ережеде:
14-тармақ мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
«өз құзыреті шегінде ұлттық қауiпсiздiк жүйесiн жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзу;
өз құзыреті шегінде ұлттық қауiпсiздiк саласындағы заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң сақталуын қамтамасыз ету;
мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы заңнаманы сақтай отырып, өз құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздіктің жай-күйі мен оны қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы халықты хабардар ету, насихат және қарсы насихат жұмыстарын жүргізу;
өз құзыреті шегінде ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi іс-шараларды жоспарлау және өткiзу бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметiне басшылық ету.»;
18-тармақ мынадай мазмұндағы 9-2) тармақшамен толықтырылсын:
«9-2) әрекеті (немесе әрекетсiздiгi) Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерінiң бұзылуына, ұлттық қауiпсiздiгiне қауіп төнуіне әкеп соғатын министрліктің лауазымды адамдары мен мемлекеттiк қызметшiлерiн жауапкершілікке тартады;».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов