Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына және «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) «Теңіз кемелерін бербоут-чартер тізілімінде мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты;
2) «Салынып жатқан кемеге меншік құқықтарын салынып жатқан кемелер тізілімінде мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттік қызмет стандарты;
3) «Шет мемлекеттің туын көтерiп жүзетiн кемелердiң каботажды жүзеге асыруына рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 31 шілдедегі
№ 1008 қаулысымен
бекітілген
«Теңіз кемелерін бербоут-чартер тізілімінде мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер
1. «Теңіз кемелерін бербоут-чартер тізілімінде мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің аумақтық бөлімшесі болып табылатын порттың теңіз әкімшілігі (бұдан әрі – уәкілетті орган) және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі (бұдан әрі – министрлік) 013000, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, Өмірзақ ауылы мекенжайы бойынша көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 16-бабы
1-тармағы 3) тармақшасының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 17 қаңтардағы № 49 қаулысымен бекітілген Кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеу қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты министрліктің интернет-ресурсында www.mtk.gov.kz мекенжайында орналастырылған.
5. Көрсетілетін қызметтің аяқталу нысаны министрліктің шетелдік теңіз кемесіне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беру туралы шешімі (бұдан әрі – министрліктің шешімі) негізінде бербоут-чартер шартымен жалға алынған шетелдік кемеге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беру туралы куәлікті (бұдан әрі – куәлік) беру немесе куәлікті беруден бас тарту туралы дәлелді жауап беру немесе қағаз түрінде министрліктің шешімін беруден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет қазақстандық кеме жалдаушыға, Солтүстiк Каспий бойынша өнiмдi бөлу туралы 1997 жылғы 18 қарашадағы келiсiмге сәйкес Қазақстан Республикасында белгiленген тәртiппен тiркелген Каспий теңiзiнде қызметiн жүзеге асыратын шетелдiк заңды тұлғаларға (мердiгер компаниялар, оператор, агенттер, қосалқы мердiгерлер) (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет алушы) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) теңіз кемесіне Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беру туралы шешімді алу үшін министрлікке өтініш -10 жұмыс күні;
2) мемлекеттік қызмет алу үшін уәкілетті органға өтініш (министрлік теңіз кемесіне Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беру туралы шешімді қабылдаған күннен бастап) – 30 күнтізбелік күн;
3) министрлікке және уәкілетті органға қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезек күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды;
4) министрліктің шешімі мен уәкілетті органнан куәлік алу кезінде кезек күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты 30 минуттан аспайды;
8. Мемлекеттік қызмет көрсетілгені үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген ставкалар бойынша және тәртіппен тіркеу алымы төленеді.
9. Министрліктің жұмыс кестесі демалыс және мереке күндерінен басқа, күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Уәкілетті органның жұмыс кестесі демалыс және мереке күндерінен басқа, күн сайын сағат 8.30-дан 17.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 12.30-дан 13.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.
10. Мемлекеттік қызмет көрсету уәкілетті органның және министрліктің ғимаратында жүзеге асырылады, мұнда дене мүмкіндігі шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсету үшін жағдай жасалған.
Ғимаратта қажетті құжаттардың тізбесі және оларды толтыру үлгілері, нормативтік құқықтық актілердің деректері (үзінді көшірмелері) бар стенділермен жарақтандырылған күтуге және құжаттарды толтыруға арналған орын болады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Министрліктің шешім қабылдауы үшін мемлекеттік қызмет алушы министрлікке мынадай құжаттарды ұсынады:
1) бербоут-чартер шарты;
2) шет мемлекеттің құзыретті билік орындары берген, онда кеме тікелей ту ауыстырғанға дейін тіркелген, осындай мемлекеттің туын көтеріп жүзу құқығы тоқтатыла тұрғанын немесе бұл құқық Қазақстан Республикасының бербоут-чартер тізілімінде кемені мемлекеттік тіркеу сәтінен бастап тоқтатыла тұратынын, кемені Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзуге уақытша ауыстыруға келісуін растайтын, сондай-ақ кеменің ипотека ауыртпалығы туралы мәліметтерді қамтитын құжаттар;
3) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзуге кемені ауыстыруға меншік иесінің және кеменің тіркелген ауыртпалығына кепіл ұстаушының жазбаша рұқсаты;
4) сыныптау куәлігі;
5) кеме Солтүстік Каспий жобасын іске асыру үшін жалға алынғанын растайтын Солтүстік Каспий жобасы (1997 жылғы 18 қарашадағы Солтүстік Каспий бойынша өнімді бөлу туралы келісімге сәйкес Қазақстан Республикасында белгіленген тәртіппен тіркелген филиалдар (мердігер компаниялар, оператор, агенттер, қосалқы мердігерлер) арқылы Каспий теңізінде қызметін жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлғалар жалға алған кемелер үшін) бойынша оператордан хат.
Теңіз кемесін бербоут-чартер тізіліміне мемлекеттік тіркеу үшін мемлекеттік қызметті алушы немесе сенімхат бойынша оның уәкілетті өкілі уәкілетті органға мыналарды береді:
1) Қағидаларға қосымшаға сәйкес кеме тiзiлiмiнiң сауалнамасы;
2) кеменi жалдаушының аты мен мекенжайын растайтын құжаттар:
жеке тұлғалар үшін – жеке куәлік, тұратын жері бойынша тіркеу туралы анықтама не жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
шетелдiк заңды тұлғалардың филиалдары үшін – филиалды есептік тіркеу туралы куәлігі;
3) бербоут-чартер шарты;
4) шет мемлекеттің құзыретті билік орындары берген, онда кеме тікелей ту ауыстырғанға дейін тіркелген, осындай мемлекеттің туын көтеріп жүзу құқығы тоқтатыла тұрғанын немесе бұл құқық Қазақстан Республикасының бербоут-чартер тізілімінде кемені мемлекеттік тіркеу сәтінен бастап тоқтатыла тұратынын, кемені Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзуге уақытша ауыстыруға келісу туралы растайтын, сондай-ақ кеменің ипотека ауыртпалығы туралы мәліметтерді қамтитын құжаттар;
5) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзуге кемені ауыстыруға меншік иесінің және кеменің тіркелген ауыртпалығына кепіл ұстаушының жазбаша рұқсаты;
6) өлшеу куәлiгi;
7) сыныптау куәлігі;
8) бюджетке тіркеу алым сомасы төленгенін растайтын құжат;
9) кеме Солтүстік Каспий жобасын іске асыру үшін жалға алынғанын растайтын Солтүстік Каспий жобасы (1997 жылғы 18 қарашадағы Солтүстік Каспий бойынша өнімді бөлу туралы келісімге сәйкес Қазақстан Республикасында белгіленген тәртіппен тіркелген филиалдар (мердігер компаниялар, оператор, агенттер, қосалқы мердігерлер) арқылы Каспий теңізінде қызметін жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлғалар жалға алған кемелер үшін) бойынша оператордан хат.
Министрліктің шешім қабылдауына ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптар:
1) құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдерінде жасалады;
2) егер Қазақстан Республикасының заңнамасы мен Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, ресми шетелдiк құжаттар Қазақстан Республикасының шет елдегi мекемелерiнде заңдастыруға жатады.
Қарауға белгiленген тәртiппен куәландырылған, оларға қатысты көрсетiлген талаптар орындалған құжаттардың көшiрмесi де қабылданады. Егер ұсынылатын құжаттар шетел тiлiнде жасалған болса, оларға мемлекеттiк немесе орыс тiлдерiндегi нотариалды куәландырылған аудармасы қоса берiледi;
3) құжаттардың мәтiндерi анық, заңды тұлғалардың атаулары мен деректемелерi қысқартусыз жазылған болуы тиiс;
4) тазарту не қосып жазу, сызылған сөздер және оларда өзге де ескертiлмеген түзетулер бар құжаттар, қарындашпен орындалған құжаттар, сондай-ақ мазмұнын бiржақты түсiндiруге мүмкiндiк бермейтiн бүлiнген жерлерi бар құжаттар мемлекеттiк тiркеуге қабылдауға жатпайды;
5) тiркеуге қажеттi барлық құжаттар не екi данада берiледi, олардың бipi түпнұсқа, ал екiншiсi – көшiрмесi болуы тиiс, не нотариалды куәландырылған көшiрмелерi берiледi. Түпнұсқа тiркелгеннен кейiн құқық иеленушiге қайтарылады.
12. Мемлекеттік қызметке өтініш еркін нысанда толтырылады.
13. Осы стандарттың 11-тармағында санамаланған министрліктің шешімін қабылдауға ұсынылатын құжаттар министрліктің кеңсесіне 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1 мекенжайы бойынша беріледі.
Осы стандарттың 11-тармағында санамаланған Қазақстан Республикасының бербоут-чартер тізілімінде мемлекеттік тіркеуге берілетін құжаттар осы стандарттың 1-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша уәкілетті органның кеңсесіне беріледі.
14. Белгі министрліктің шешімін алу не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру күні көрсетіле отырып, жолдама хатқа қойылады.
Белгі куәлікті алу күнін көрсете отырып, өтініштің көшірмесіне қойылады және немесе мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту жөнінде дәлелді жауап беріледі.
15. Мемлекеттік қызмет алушыға мемлекеттік қызметке шешім пошта жөнелтілімімен жүзеге асырылады.
16. Министрлік теңіз кемесіне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын уақытша ұсынудан бас тарту туралы шешімді:
1) кеменiң теңiзде жүзу қауiпсiздiгi талаптарына сәйкес келмеуiн көрсететiн негiздер болған кезде;
2) 1997 жылғы 18 қарашадағы Солтүстiк Каспий бойынша өнiмдi бөлу туралы келiсiмге сәйкес Қазақстан Республикасында белгiленген тәртiппен тiркелген Каспий теңiзiнде қызметiн жүзеге асыратын шетелдiк заңды тұлғалардың филиалдар (мердiгер компаниялар, оператор, агенттер, қосалқы мердiгерлер) кеменi Солтүстiк Каспий жобасын iске асыру мақсатынсыз жалға алған кезде;
3) Қазақстан флотының құрамында болмайтын мамандандырылған кемелердi қоспағанда, кеменің шығарылған уақыты 20 жылдан жоғары болғанда;
4) Қағидаларда көзделген талаптар сақталмаған кезде;
5) ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда қабылдайды.
Уәкілетті орган мемлекеттік қызмет көрсетуден:
1) егер мемлекеттiк тiркеу туралы өтiнiшпен тиiстi емес адам жүгiнген;
2) Қағидаларда көзделген талаптар сақталмаған;
3) ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда бас тартады.
3. Жұмыс қағидаттары
17. Министрлік және уәкiлеттi орган мемлекеттік қызмет алушыға қатысты жұмыстың мынадай:
1) адамның конституциялық құқықтарының, қызметтiк борышын атқару кезiнде заңдылықтың, Мемлекеттiк қызметшiлердiң ар-намыс кодексiн сақтау;
2) сыпайылық білдіру;
3) толық ақпарат ұсыну;
4) мемлекеттік қызметті алушы белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету;
5) құпиялылық қағидаттарын басшылыққа алады.
4. Жұмыс нәтижелері
18. Уәкілетті орган жұмысының нәтижелері осы стандартқа қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
19. Мемлекеттік қызмет көрсететін уәкілетті органның жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапасы мен тиімділігі көрсеткіштерінің нысаналы мәндері жыл сайын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің бұйрығымен бекітіледі.
5. Шағымдану тәртібі
20. Уәкілетті лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін министрліктің құрылымдық бөлімшесінің жауапты адамы түсіндіреді, сондай-ақ осы стандарттың 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша 309-кабинетте, 8 (7172) 24-24-19 телефон нөмірі бойынша, pr_davt@mtc.gov.kz. электрондық мекенжай бойынша шағым дайындауға көмектеседі.
21. Көрсетілген қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда министрліктің лауазымды адамына осы стандарттың 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша шағым жасалады, 307-кабинет, телефон нөмірі 8 (7172) 24-25-09.
Министрліктің лауазымды адамының жұмыс кестесі: демалыс және мереке күндерді қоспағанда, күн сайын сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін.
22. Дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда теңіз әкімшілігінің лауазымды адамына осы стандарттың 1-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша 307-кабинетке шағым жасалады, телефон нөмірі 8 (7292) 44-51-07.
Уәкілетті органның лауазымды адамының жұмыс кестесі: демалыс және мереке күндерді қоспағанда, күн сайын сағат 8.30-ден 7.30-ге дейін, түскі үзіліс сағат 12.30-ден 13.30-ға дейін.
23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
24. Шағым еркін нысанда жасалады.
25. Мемлекеттік қызмет алушының қабылданған шағымы министрліктің және уәкілетті органның кеңсесінде тіркеледі.
Белгі шағымды қарау барысы, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орны туралы білуге болатын лауазымды адамның байланыс деректерін көрсете отырып, өтініштің (шағымның) көшірмесіне қойылады.
26. Мемлекеттік қызмет туралы ақпаратты министрліктің интернет-ресурсында www.mtk.gov.kz мекенжайы бойынша, сондай-ақ сall-орталығына 8 (7172) 24-24-19 телефон нөмірі бойынша куәлік беру рәсімін түсіндіру жөнінде өтініш беру арқылы алуға болады.
«Теңіз кемелерін бербоут-чартер
тізілімінде мемлекеттік тіркеу»
мемлекеттік қызмет стандартына
қосымша
Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні
Сапа және қолжетімділік көрсеткіштері |
Көрсеткіштің нормативтік мәні |
Көрсеткіштің кейінгі жылдағы нысаналы мәні |
Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні |
1 |
2 |
3 |
4 |
1. Уақтылылығы |
|||
1.1. Құжатты тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызмет көрсету жағдайларының %-ы (үлесі) |
|||
2. Сапасы |
|||
2.1. Қызмет көрсету үдерісінің сапасына қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың %-ы (үлесі) |
|||
3. Қолжетімділігі |
|||
3.1. Қызмет көрсету сапасына және олардың тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың %-ы (үлесі) |
|||
3.2. Ақпаратты электрондық форматта алуға болатын қызметтер %-ы (үлесі) |
|||
4. Шағымдану үдерісі |
|||
4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылар %-ы (үлесі) |
|||
5. Сыпайылығы |
|||
5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың %-ы (үлесі) |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 31 шілдедегі
№ 1008 қаулысымен
бекітілген
«Салынып жатқан кемеге меншік құқықтарын салынып жатқан кемелер тізілімінде мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттік қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер
1. «Салынып жатқан кемеге меншік құқықтарын салынып жатқан кемелер тізілімінде мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің аумақтық бөлімшесі болып табылатын порттың теңіз әкімшілігі (бұдан әрі – уәкілетті орган), 013000, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, Өмірзақ ауылы мекенжайы бойынша көрсетеді.
2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 16-бабы 3-тармағының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 49 қаулысымен бекітілген Кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеу қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) негізінде жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің (бұдан әрі – министрлік) интернет-ресурсында www.mtk.gov.kz мекенжайы бойынша орналастырылған.
5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің аяқталу нысаны кемеге (салынып жатқан кемеге) құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлiк (бұдан әрі – куәлік) беру не қағаз түрінде мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап болып табылады.
6. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi - мемлекеттік қызмет алушы) көрсетiледi.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) мемлекеттік қызмет алу үшін өтініш (уәкілетті органға өтініш берілген сәттен бастап) – күнтізбелік 15 күн;
2) уәкілетті органға қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезек күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды;
3) кемеге (салынып жатқан кемеге) құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік алу кезінде кезек күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты 30 минуттан аспайды.
8. Мемлекеттік қызмет көрсетілгені үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген ставкалар бойынша және тәртіппен тіркеу алымы төленеді.
9. Уәкілетті органның жұмыс кестесі: демалыс және мереке күндерінен басқа, күн сайын сағат 8.30-ден 17.30-ге дейін, түскі үзіліс сағат 12.30-ден 13.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.
10. Мемлекеттік қызмет көрсету дене мүмкіндігі шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсету үшін жағдай жасалған уәкілетті органның ғимаратында жүзеге асырылады.
Ғимаратта қажетті құжаттардың тізбесі және оларды толтыру үлгілері, нормативтік құқықтық актілердің деректері (үзінді көшірмелері) бар стенділермен жарақтандырылған күтуге және құжаттарды толтыруға арналған орын болады.
2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi
11. Мемлекеттiк қызмет алу үшiн мемлекеттік қызмет алушы немесе кеменің жасалып жатқанын растайтын құжаттармен қоса, тиiстi түрде ресiмделген сенiмхаты бар, ол (олар) уәкiлеттiк берген тұлға мыналарды ұсынады:
1) салынып жатқан кемеге меншік құқықтарын салынып жатқан кемелер тізілімінде мемлекеттiк тiркеу туралы өтініш, онда мыналар көрсетіледі:
салынып жатқан жері;
кеме жасайтын ұйымның атауы;
салу нөмірі;
кеме түрі;
киль ұзындығы және кеме жөніндегі басқа да негізгі техникалық деректер (кеме ені, борттың биіктігі);
қозғалтқыштардың саны және қуаты (қолданылған жағдайда);
корпустың басты материалы;
2) кемені салу жөніндегі шарт;
3) кеме салатын ұйымның кильді сала бастау жөніндегі жазбаша растау немесе тең құрылыс жұмыстарын жүргізуді растайтын сарапшының қорытындылары;
4) бюджетке тіркеу алым сомасы төленгенін растайтын құжат.
Кемелердi мемлекеттiк тiркеуге ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптар:
1) құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдерінде жасалады;
2) егер өзгесі Қазақстан Республикасының заңнамасы мен Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделмесе, ресми шетелдiк құжаттар Қазақстан Республикасының шет елдегi мекемелерiнде заңдастыруға жатады.
Қарауға, сондай-ақ белгiленген тәртiппен куәландырылған, оларға қатысты көрсетiлген талаптар орындалған құжаттардың көшiрмесi де қабылданады. Егер ұсынылатын құжаттар шетел тiлiнде жасалған болса, оларға мемлекеттiк немесе орыс тiлдерiндегi нотариалды куәландырылған аудармасы қоса берiледi;
3) құжаттардың мәтiндерi анық, заңды тұлғалардың атаулары мен деректемелерi қысқартусыз жазылған болуы тиiс;
4) тазарту не қосып жазу, сызылған сөздер және оларда өзге де ескертiлмеген түзетулер бар құжаттар, қарындашпен орындалған құжаттар, сондай-ақ мазмұнын бiржақты түсiндiруге мүмкiндiк бермейтiн бүлiнген жерлерi бар құжаттар мемлекеттiк тiркеуге қабылдауға жатпайды;
5) тiркеуге қажеттi барлық құжаттар не екi данада берiледi, олардың бipi түпнұсқа, ал екiншiсi – көшiрмесi болуы тиiс, не нотариалды куәландырылған көшiрмелерi берiледi. Түпнұсқа тiркелгеннен кейiн құқық иеленушiге қайтарылады.
12. Мемлекеттiк қызметке өтініш еркін нысанда толтырылады.
13. Осы стандарттың 11-тармағында санамаланған құжаттар осы стандарттың 1-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша уәкілетті органның кеңсесіне ұсынылады.
14. Белгі рұқсатты алу күні көрсете отырып, өтініштің көшірмесіне қойылады.
15. Мемлекеттік қызмет алушыға куәлікті беру пошта жөнелтілімімен жүзеге асырылады.
16. Уәкілетті орган мемлекеттік қызмет көрсетуден:
1) егер мемлекеттiк тiркеу туралы өтiнiшпен тиiстi емес адам жүгiнген;
2) Қағидаларда көзделген талаптарды сақтамаған;
3) ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда бас тартады.
3. Жұмыс қағидаттары
17. Уәкiлеттi орган мемлекеттік қызмет алушыға қатысты жұмыстың мынадай:
1) адамның конституциялық құқықтарының, қызметтiк борышын атқару кезiнде заңдылықтың, Мемлекеттiк қызметшiлердiң ар-намыс кодексiн сақтау;
2) сыпайылық білдіру;
3) толық ақпарат ұсыну;
4) мемлекеттік қызметті алушы белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету;
5) құпиялылық қағидаттарын басшылыққа алады.
4. Жұмыс нәтижелері
18. Уәкілетті орган жұмысының нәтижелері осы стандартқа қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
19. Мемлекеттік қызмет көрсететін уәкілетті органның жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапасы мен тиімділігі көрсеткіштерінің нысаналы мәндері жыл сайын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің бұйрығымен бекітіледі.
5.Шағымдану тәртiбi
20. Уәкілетті лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін министрліктің құрылымдық бөлімшесінің жауапты адамы түсіндіреді, сондай-ақ 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, мекенжайы бойынша 309-кабинетте, 8 (7172) 24-24-19 телефон нөмірі бойынша, pr_davt@mtc.gov.kz. электрондық мекенжай бойынша шағым дайындауға көмектеседі.
21. Көрсетілген қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым министрліктің лауазымды адамына осы стандарттың 20-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша жасалады, 307-кабинет, телефон нөмірі 8 (7172) 24-25-09.
Министрліктің лауазымды адамының жұмыс кестесі: демалыс және мереке күндерінен басқа, күн сайын сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін.
22. Дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда теңіз әкімшілігінің лауазымды адамына осы стандарттың 1-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша әкімшілік ғимараттың № 205-кабинетіне шағым жасалады, телефон нөмірі 8 (7292) 44-51-07.
Уәкілетті органның лауазымды адамының жұмыс кестесі: демалыс және мереке күндерінен басқа, күн сайын сағат 12.30-ден 13.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 8.30-ден 7.30-ге дейін.
23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызмет алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
24. Шағым еркін нысанда жасалады.
25. Мемлекеттік қызмет алушының қабылданған шағымы министрліктің және уәкілетті органның кеңсесінде тіркеледі.
Белгі шағымды қарау барысы, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орны туралы білуге болатын лауазымды адамның байланыс деректерін көрсете отырып, өтініштің (шағымның) көшірмесіне қойылады.
26. Мемлекеттік қызмет туралы ақпаратты министрліктің интернет-ресурсында www.mtk.gov.kz мекенжайы бойынша, сондай-ақ сall-орталығына 8 (7172) 24-24-19 телефон нөмірі бойынша куәлік беру рәсімін түсіндіру жөнінде өтініш беру арқылы алуға болады.
«Салынып жатқан кемеге меншік
құқықтарын салынып жатқан кемелер
тізілімінде мемлекеттiк тiркеу»
мемлекеттік қызмет стандартына қосымша
Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәні
Сапа және қолжетімділік көрсеткіштері |
Көрсеткіштің нормативтік мәні |
Көрсеткіштің кейінгі жылдағы нысаналы мәні |
Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні |
1 |
2 |
3 |
4 |
1. Уақтылылығы |
|||
1.1. Құжатты тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызмет көрсету жағдайларының %-ы (үлесі) |
|||
2. Сапасы |
|||
2.1. Қызмет көрсету үдерісінің сапасына қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың %-ы (үлесі) |
|||
3. Қолжетімділігі |
|||
3.1. Қызмет көрсету сапасына және олардың тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың %-ы (үлесі) |
|||
3.2. Ақпаратты электрондық форматта алуға болатын қызметтер %-ы (үлесі) |
- |
||
4. Шағымдану үдерісі |
|||
4.1. Белгіленген мерзімде қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың негізделген шағымдардың %-ы (үлесі) |
|||
5. Сыпайылығы |
|||
5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың %-ы (үлесі) |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 31 шілдедегі
№ 1008 қаулысымен
бекітілген
«Шет мемлекеттің туын көтеріп жүзетін кемелердің каботажды жүзеге асыруына рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер
1. «Шет мемлекеттің туын көтеріп жүзетін кемелердің каботажды жүзеге асыруына рұқсат беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі (бұдан әрі – уәкілетті орган) 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1 мекенжайы бойынша көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабы 3-тармағының 17) тармақшасы, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 9 қарашадағы № 1113 қаулысымен бекітілген Шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзетiн кемелердiң каботажды және сауда мақсатында теңізде жүзумен байланысты өзге де қызметтерді жүзеге асыруына рұқсаттар беру қағидалары негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты уәкілетті органның интернет-ресурсында www.mtk.gov.kz мекенжайы бойынша орналастырылған.
5. Көрсетілетін қызметтің аяқталу нысаны шет мемлекеттің туын көтеріп жүзетін кемелердің каботажды жүзеге асыруына рұқсат (бұдан әрі – рұқсат) беру не қағаз түрінде қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасында белгіленген тәртіппен тіркелген жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет алушы) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет осы стандарттың 11-тармағында айқындалған өтініш пен құжаттар уәкілетті органға түскен сәттен бастап күнтізбелік 20 күн ішінде көрсетіледі.
8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
9. Уәкілетті органның жұмыс кестесі: демалыс және мереке күндерінен басқа, күн сайын сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз, кезек тәртібімен көрсетіледі.
10. Мемлекеттік қызмет көрсету уәкілетті органның дене мүмкіндіктері шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсету үшін жағдай жасалған ғимаратында жүзеге асырылады.
Ғимаратта қажетті құжаттар тізбесі мен оларды толтыру үлгілері және нормативтік құқықтық актілерден үзінділер (үзінді көшірмелері) бар стенділерімен жарақтандырылған күтуге және құжаттарды толтыруға арналған орын болады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Рұқсатты алу үшін мемлекеттік қызмет алушы немесе сенімхат бойынша оның уәкілетті өкілі:
1) кеменің атауы, туы, тіркелген порты, класы, түрі және мақсаты;
2) кеменің техникалық сипаттамасы (Халықаралық теңіз ұйымының сәйкестендіру нөмірі, кемені жасау жылы мен орны, кеменің габариттік өлшемі, басты қозғалтқыштың қуаты);
3) кеменің меншік иесі мен иесінің деректемелері:
заңды тұлғалар үшін – атауы, орналасқан орны, қандай мемлекеттің құқығы бойынша тіркеген, басқару органының мекенжайы;
жеке тұлғалар үшін – тегі, аты, әкесінің аты, азаматтығы, тұрғылықты мекенжайы, паспорттық деректері;
4) Қазақстан Республикасының заңды құзырындағы акватория шегінде жүзу ауданын көрсете отырып, шетелдік кеме қызметінің жоспарланған түрлері;
5) сауда мақсатында теңізде жүзумен байланысты каботажды немесе өзге де қызметті жүзеге асыру үшін шетелдік кемені қолдану мүмкіндігінің мерзімі міндетті түрде көрсетілген өтінімді ұсынады.
Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) құрылтай құжаты және мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (заңды тұлға үшін), мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (жеке кәсіпкер үшін), жеке басын куәландыратын құжат (жеке тұлға үшін – паспорт немесе жеке куәлік);
2) кеме құжаттары (өлшеу куәлігі, сыныптау куәлігі, кемеге меншік құқығы туралы куәлік немесе осындай құқықты растайтын өзге де құжат, санитарлық куәлік, жолаушы куәлігі (жолаушылар кемелері үшін), кемелерден ағатын мұнаймен ластанудың залалы үшін азаматтық жауапкершілікті сақтандыру немесе өзге де қаржылық қамтамасыз ету туралы куәлік (мұнайды екі мың және одан да көп тонна көлемінде тасымалдауға арналған кемелер үшін немесе кемеге меншік құқығын растайтын өзге де құжат), тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігі туралы полис (жолаушылар кемелері үшін);
3) теңіз тасымалының (тіркеп сүйреу) шарты немесе тайм-чартер немесе соның негізінде шетелдік кеме тартылатын өзге де құжат.
Каботажды және кемелердің өзге де қызметті жүзеге асыруына ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптар:
1) рұқсат беру үшін қажетті барлық құжаттар не екi данада берiледi, олардың бipi түпнұсқа, ал екiншiсi көшiрмесi болуы тиiс, не нотариалды куәландырылған көшiрмелерi берiледi. Түпнұсқа тiркелгеннен кейiн құқық иеленушiге қайтарылады.
2) шетел тілінде орындалған құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдерінде нотариалды расталған аудармамен бірге ұсынылады.
12. Мемлекеттік қызметке өтініш еркін нысанда толтырылады.
13. Осы стандарттың 11-тармағында санамаланған құжаттар уәкілетті органның кеңсесіне осы стандарттың 1-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша ұсынылады.
14. Белгі рұқсатты алу күні көрсетіле отырып, өтініштің көшірмесіне қойылады.
15. Рұқсатты беру пошта жөнелтілімімен жүзеге асырылады.
16. Уәкілетті орган мемлекеттік қызмет көрсетуден:
1) осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген мәліметтер толық көлемде ұсынылмаған;
2) егер рұқсатты алуға кеме иесі немесе оның өкілі болып табылмайтын адам өтініш жасаған;
3) өтінімде көрсетілген мәліметтер дұрыс болмаған;
4) тазарту не қосып жазу, сызылған сөздер және өзге де келісілмеген түзетулер бар құжаттар, қарындашпен орындалған құжаттар, сондай-ақ мазмұнын бiржақты түсiндiруге мүмкiндiк бермейтiн бүлiнген жерлерi бар құжаттар болған;
5) мамандандырылған кемені тарту қажеттігі болмаса немесе Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзетін кемелердің құрамында осы мақсаттар үшін шетелдік кеме тартылатын қызметті жүзеге асыруға мүмкіндігі бар ұқсас түрдегі бос кемелер болмаған;
6) кеме құжаттарының қолданылу мерзімдері және кемені жыл сайынғы техникалық куәландыру мерзімі өтіп кеткен;
7) теңіз тасымалы (тіркеп сүйреу) шартының немесе тайм-чартердің немесе соның негізінде шетелдік кеме тартылатын өзге де құжаттардың мерзімі аяқталған;
8) кеменің теңізде жүзу қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келмеуін көрсететін негіздер болған;
9) кеменің шығарылған уақыты 20 жыл және одан жоғары болған жағдайларда бас тартады.
3. Жұмыс қағидаттары
17. Уәкiлеттi орган мемлекеттік қызметті алушыға қатысты жұмыстың мынадай:
1) адамның конституциялық құқықтарының, қызметтiк борышын атқару кезiнде заңдылықтың, Мемлекеттiк қызметшiлердiң ар-намыс кодексiн сақтау;
2) сыпайылық білдіру;
3) толық мөлшерде ақпарат ұсыну;
4) мемлекеттік қызметті алушы белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету;
5) құпиялылық қағидаттарын басшылыққа алады.
4. Жұмыс қорытындысы
18. Уәкілетті органның жұмыс нәтижелері осы стандартқа
қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
19. Мемлекеттік қызмет көрсететін уәкілетті органның жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызмет көрсету сапасы және тиімділігі көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің бұйрығымен бекітіледі.
5. Шағымдану тәртібі
20. Уәкілетті лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің жауапты адамы түсіндіреді, сондай-ақ осы стандарттың 1-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша 309-кабинетте, 8 (7172) 24-24-19 телефон нөмірі бойынша, pr_davt@mtc.gov.kz. электрондық мекенжай бойынша шағым дайындауға көмектеседі.
21. Көрсетілген қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда уәкілетті органның лауазымды адамына осы стандарттың 1-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша шағым жасалады, 307-кабинет, телефон нөмірі 8 (7172) 24-25-09.
Уәкілетті органның лауазымды адамының жұмыс кестесі: демалыс және мереке күндерінен басқа, күн сайын сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін.
22. Дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда уәкілетті органның лауазымды адамына осы стандарттың 1-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша шағым жасалады, 307-кабинет, телефон нөмірі 8 (7172) 24-25-09.
23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
24. Шағым ерікті түрде жасалады.
25. Мемлекеттік қызмет алушының қабылданған шағымы уәкілетті органның кеңсесінде тіркеледі.
Белгі шағымды қарау барысы туралы білуге болатын лауазымды адамның байланыс деректері, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, өтініштің (шағымның) көшірмесіне қойылады.
26. Мемлекеттік қызмет туралы ақпаратты министрліктің интернет-ресурсында www.mtk.gov.kz мекенжайы бойынша, сондай-ақ сall-орталығына 8 (7172) 24-24-19 телефон нөмірі бойынша рұқсат беру рәсімін түсіндіру жөнінде өтініш беру арқылы алуға болады.
«Шет мемлекеттің туын көтерiп жүзетiн
кемелердiң каботажды жүзеге асыруына
рұқсат беру» мемлекеттік қызмет
стандартына қосымша
Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәні
Сапа және қолжетімділік көрсеткіштері |
Көрсеткіштің нормативтік мәні |
Көрсеткіштің кейінгі жылдағы нысаналы мәні |
Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні |
1 |
2 |
3 |
4 |
1. Уақтылылығы |
|||
1.1. Құжатты тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызмет көрсету жағдайларының %-ы (үлесі) |
|||
2. Сапасы |
|||
2.1. Қызмет көрсету үдерісінің сапасына қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың %-ы (үлесі) |
|||
3. Қолжетімділігі |
|||
3.1. Қызмет көрсету сапасына және олардың тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың %-ы (үлесі) |
|||
3.2. Ақпаратты электрондық форматта алуға болатын қызметтер %-ы (үлесі) |
- |
||
4. Шағымдану үдерісі |
|||
4.1. Белгіленген мерзімде қанағаттандырылған мемлекеттік қызметті алушылардың негізделген шағымдарының %-ы (үлесі) |
|||
5. Сыпайылығы |
|||
5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың %-ы (үлесі) |