Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің "Қазақ ғылыми-зерттеу және жобалау-эксперименталдық сейсмика төзімді құрылыс пен сәулет институты (ҚазҒЗСТҚСИ)" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын және Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық icтерi агенттiгiнiң "Қазақ ғылыми-зерттеу және жобалау-эксперименталдық сейсмика төзiмдi құрылыс пен сәулет институты (КазҒЗСТҚСИ)" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының Оңтүстік Қазақстан еншілес мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 шілдедегі № 992 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің «Қазақ ғылыми-зерттеу және жобалау-эксперименталдық сейсмика төзімді құрылыс пен сәулет институты (ҚазҒЗСТҚСИ)» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны және Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық icтерi агенттiгiнiң «Қазақ ғылыми-зерттеу және жобалау-эксперименталдық сейсмика төзiмдi құрылыс пен сәулет институты (КазҒЗСТҚСИ)» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының Оңтүстік Қазақстан еншілес мемлекеттік кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» акционерлік қоғамына (бұдан әрі – қоғам) қосылу және қайта құрылу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
      2. Қоғам қызметінің негізгі мәні ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігі, сейсмикалық төзімді құрылыс пен сәулет проблемалары бойынша ғылыми зерттеулер, жобалық жұмыстар, сондай-ақ тәжірибелік-эксперименталдық жұмыстар жүргізу, Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтік-техникалық құжаттарын әзірлеуге қатысу болып айқындалсын.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) қоғамның жарғысын бекітуді;
      2) Қазақстан Республикасының әділет органдарында қоғамның мемлекеттік тіркелуін;
      3) қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігіне беруді;
      4) осы қаулыны іске асыру жөніндегі өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
      4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                             К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 30 шілдедегі
№ 992 қаулысымен   
бекітілген     

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. «Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі» деген бөлімде реттік нөмірі 48-1-жол алынып тасталсын;
      2. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
      «Алматы қаласы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 123-142-жолмен толықтырылсын:
      «123-142. «Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» АҚ».
      3. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
      иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге және өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасы құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігіне» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 264-8-жолмен толықтырылсын:
      «264-8. «Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» АҚ».
      4. «Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 214-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген жалпымемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті мемлекеттің қатысуымен акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 65-1 жолмен толықтырылсын:
      «65-1. Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» АҚ 100%».
      5. «Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 шілдедегі № 1071 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 33, 311-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
      «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар» деген бөлімде реттік нөмірі 2-жол алынып тасталсын;
      «Акционерлік қоғамдар» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 6-жолмен толықтырылсын:
      «6. «Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» акционерлік қоғамы, Алматы қаласы.».