Мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және тауарлық газдың бағасын айқындау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 шілдедегі № 948 Қаулысы

Қолданыстағы

      «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының 5-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және тауарлық газдың бағасын айқындау қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2012 жылғы 19 шілдедегі
№ 948 қаулысымен  
бекітілген     

Мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және тауарлық газдың бағасын айқындау қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және тауарлық газдың бағасын айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленген.
      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын терминдер мен ұғымдар Заңға сәйкес қолданылады.

2. Мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі газ бағасын есептеу тәртібі

      3. Мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық операторға шикі газ өткізілген жағдайда оның бағасын жер қойнауын пайдаланушы мынадай формула бойынша есептейді:

      мұнда,
      PC – мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі газдың бағасы, мың текше метрі үшін теңге;
      CP – жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде мың текше метрі үшін теңгемен шикі газ өндірудің өндірістік өзіндік құны, ол өткен күнтізбелік жыл үшін мынадай формула бойынша есептеледі:

      мұнда,
      CF – жер қойнауын пайдаланушының аяқталған қаржы жылы үшін аудиторлық есептермен расталған жылдық қаржылық есептілігі негізінде айқындалатын, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын, жер қойнауынан жер үстіне пайдалы қазбаларды шығарумен және оларды бастапқы қайта өңдеумен (байытумен) тікелей байланысты өткен күнтізбелік жылы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде шикі мұнай мен шикі газ өндірудің өндірістік өзіндік құны, теңге;
      CP – өткен күнтізбелік жылы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде шикі газды өндіру көлемі, мың текше метр;
      OP – өткен күнтізбелік жылы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде шикі мұнай өндірудің көлемі, тонна;
      0,857 – шикі газдың мың текше метрін тоннаға ауыстыру коэффициенті;
      r – мынадай формула бойынша айқындалатын құндық коэффициент:

      мұнда,
      GP – өткен күнтізбелік жылы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде шикі газды өндіру көлемі, мың текше метр;
      OP – өткен күнтізбелік жылы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде шикі мұнай өндірудің көлемі, тонна;
      AEPG – табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган бекіткен тарифтердің негізінде айқындалатын, тауарлық газды жер қойнауын пайдаланушыдан Қазақстан Республикасының шекарасына дейін тасымалдау жөніндегі шығыстарды шегере отырып, Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі жариялайтын кедендік статистика деректері бойынша есептелетін Қазақстан Республикасының шекарасындағы тауарлық газдың өткен күнтізбелік жылғы орташа өлшенген экспорттық бағасы, мың текше метрі үшін теңге;
      AEPO – табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган бекіткен тарифтердің негізінде айқындалатын, шикі мұнайды Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі жариялайтын кедендік статистика деректері бойынша есептелетін Қазақстан Республикасының шекарасындағы шикі мұнайдың өткен күнтізбелік жылғы орташа өлшенген экспорттық бағасы, тоннасы үшін теңге;
      TC – табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган бекіткен тарифтердің негізінде айқындалатын, шикі газды ұлттық операторға өткізудің жоспарланатын орнына дейін оны тасымалдауға арналған шығыстар, мың текше метрі үшін теңге;
      R – ұлттық операторға N% мөлшерінде шикі газды өткізу кезінде жер қойнауын пайдаланушының рентабельділігі, ол мынадай формула бойынша есептеледі:

      мұнда,
      N – жер қойнауын пайдаланушы белгілейтін, бірақ 10 пайыздан аспайтын мән.

3. Мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын тауарлық газ бағасының есебі

      4. Мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық операторға тауарлық газ өткізілген жағдайда оның бағасын жер қойнауын пайдаланушы мынадай формула бойынша есептейді:

      мұнда,
      PC – мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын тауарлық газдың бағасы, мың текше метрі үшін теңге;
      CP – жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде мың текше метрі үшін теңгемен шикі газ өндірудің өндірістік өзіндік құны, ол өткен күнтізбелік жыл үшін мынадай формула бойынша есептеледі:

      мұнда,
      CF – жер қойнауын пайдаланушының аяқталған қаржы жылы үшін аудиторлық есептермен расталған жылдық қаржылық есептілігі негізінде айқындалатын, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын, жер қойнауынан жер үстіне пайдалы қазбаларды шығарумен және оларды бастапқы қайта өңдеумен (байытумен) тікелей байланысты өткен күнтізбелік жылы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде шикі мұнай мен шикі газ өндірудің өндірістік өзіндік құны, теңге;
      GP – өткен күнтізбелік жылы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде шикі газды өндіру көлемі, мың текше метр;
      OP – өткен күнтізбелік жылы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде шикі мұнайды өндіру көлемі, тонна;
      0,857 – шикі газдың мың текше метрін тоннаға ауыстыру коэффициенті;
      r – мынадай формула бойынша айқындалатын құндық коэффициент:

      мұнда,
      GP – өткен күнтізбелік жылы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде шикі газды өндіру көлемі, мың текше метр;
      OP – өткен күнтізбелік жылы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде шикі мұнайды өндіру көлемі, тонна;
      AEPG – табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган бекіткен тарифтердің негізінде айқындалатын, тауарлық газды жер қойнауын пайдаланушыдан Қазақстан Республикасының шекарасына дейін тасымалдау жөніндегі шығыстарды шегере отырып, Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі жариялайтын кедендік статистика деректері бойынша есептелетін Қазақстан Республикасының шекарасындағы тауарлық газдың өткен күнтізбелік жылғы орташа өлшенген экспорттық бағасы, мың текше метрі үшін теңге;
      AEPO – табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган бекіткен тарифтердің негізінде айқындалатын, шикі мұнайды Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі жариялайтын кедендік статистика деректері бойынша есептелетін Қазақстан Республикасының шекарасындағы шикі мұнайдың өткен күнтізбелік жылғы орташа өлшенген экспорттық бағасы, тоннасы үшін теңге;
      CRE – өткен күнтізбелік жылы өндірілген шикі газдан тауарлық газды өндірудің мынадай формула бойынша айқындалатын өзіндік құны:

      мұнда,
      CFG – жер қойнауын пайдаланушының аяқталған қаржы жылы үшін аудиторлық есептермен расталған жылдық қаржылық есептілігі негізінде айқындалатын, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын, шикі газды қайта өңдеумен тікелей байланысты және мұнай мен шикі газды өндірудің өзіндік құнының құрамына кірмейтін өткен күнтізбелік жылы шикі газды қайта өңдеудің жалпы өзіндік құны, мың текше метрі үшін теңге;
      QG – тауарлық газды өндіру көлемі, мың текше метр;
      QCG – қайта өңдеуге жіберілген шикі газдың көлемі, мың текше метр;
      TC – табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган бекіткен тарифтердің негізінде айқындалатын, тауарлық газды ұлттық операторға өткізудің жоспарланатын орнына дейін оны тасымалдауға арналған шығыстар, мың текше метрі үшін теңге;
      R – ұлттық операторға N% мөлшерінде тауарлық газды өткізу кезінде жер қойнауын пайдаланушының рентабельділігі, ол мынадай формула бойынша есептеледі:

      мұнда,
      N – жер қойнауын пайдаланушы белгілейтін, бірақ 10 пайыздан аспайтын мән.