Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 07.09.2015 № 750 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Энергетика министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 210 бұйрығын қараңыз.
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 4-бабының 37) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйі мен оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асыру үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беру мен бөлуді және оларды энергиямен жабдықтау мақсатында сатып алуды жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік қағидаларын білуіне біліктілік тексеру жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 30 маусымдағы
№ 893 қаулысымен
бекітілген
Электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйі мен оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асыру үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беру мен бөлуді және оларды энергиямен жабдықтау мақсатында сатып алуды жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік қағидаларын білуіне біліктілік тексеру жүргізу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйі мен оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асыру үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беру мен бөлуді және оларды энергиямен жабдықтау мақсатында сатып алуды жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік қағидаларын білуіне біліктілік тексеру жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 4-бабының 37) тармақшасына сәйкес әзірленді әрі электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйі мен оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асыру үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беру мен бөлуді және оларды энергиямен жабдықтау мақсатында сатып алуды жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының (бұдан әрі – персонал) техникалық пайдалану қағидаларын білуіне біліктілік тексеру жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) бiлімді біліктілік тексеру – электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйі мен оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асыру үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беру мен бөлуді және оларды энергиямен жабдықтау мақсатында сатып алуды жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік қағидаларын білуін тексеру;
2) біліктілік комиссиясы – тексерілетін адамның атқаратын лауазымына лайықтығын анықтау, сондай-ақ атқаратын лауазымы бойынша қауіпсіздік тобын растау үшін уәкілетті органның шешімімен құрылған комиссия;
3) персонал – электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйі мен оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асыру үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беру мен бөлуді және тұтынушыларды энергиямен сенімді жабдықтау мақсатында сатып алуды жүзеге асыратын ұйымдардың басшылары мен мамандары;
4) уәкілетті орган – электр энергетикасы саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
2. Білімді біліктілік тексеру тәртібі
3. Біліктілік тексеруді жүргізу кестесін уәкілетті орган 15 қаңтарға дейін ағымдағы күнтізбелік жылға бекітеді және білімді біліктілік тексеру жүргізілгенге дейін үш ай бұрын ұйымдарға хабарлайды.
4. Электр энергетикасы саласындағы біліктілікті тексеру:
1) бiлiмді бастапқы тексеру;
2) білімді мерзімдік тексеру;
3) білімді кезектен тыс тексеру болып бөлінеді.
5. Білімді бастапқы тексеру лауазымға тағайындалғаннан кейін бір айдан кешіктірілмейтін мерзімде жүргізіледі. Тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы, жұмыс өтілі, білімі және қызметке тағайындау бұйрықтың көшірмесі көрсетілген ұйым хатының Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетіне (бұдан әрі – МЭҚБК) келіп түсуі МЭҚБК-нің білімді бастапқы тексеруді ұйымдастыруға және тестілеу өткізуге арналған өтінімдерді ресімдеуі үшін, сондай-ақ мерзімді тексеру кестесіне енгізу үшін негіз болып табылады.
6. Білімді бастапқы және кезектен тыс біліктілік тексеруді жүргізуге өтінім осы Қағидалардың 1 және 2-қосымшаларында көрсетілген нысан бойынша ресімделеді.
7. МЭҚБК біліктілік комиссиясының төрағасы бекіткен білімді мерзімді тексеру жүргізу кестесі персоналдың білімін мерзімді тексеруді ұйымдастыруға және жүргізуге негіз болып табылады.
8. Білімді кезектен тыс біліктілік тексеру мынадай:
1) өндірісте жазатайым оқиғаларға жол берген;
2) Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің аумақтық департаменттерінің (бұдан әрі – МЭҚБК АД) инспекторлары жоспарлы немесе жоспардан тыс тексерулер жүргізу барысында техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік қағидалары талаптарының өрескел бұзушылықтары анықталған, сондай-ақ технологиялық бұзушылыққа немесе жазатайым оқиғаға алып келген электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасын бұзуға жол берілген;
3) персоналдың ағат іс-әрекетінің салдарынан жабдықтардың бүлінуіне жол берілген; басқа энергия тұтынушыларды шектеуге және ажыратуға әкеп соқтырған белгіленген энергия тұтыну режимі бұзылған;автоматика, релелік немесе технологиялық қорғау құрылғыларының, байланыс құралдары жалған немесе дұрыс емес жұмыс істеген; техникалық қызмет көрсету мен жабдықтарды жөндеу жұмыстары қанағаттанғысыз ұйымдастырылған; монтаждауда ақау болған; жөндеуде ақау болған жағдайларда;
4) энергетикалық кәсіпорындардың шешімі бойынша:
техникалық пайдалану қағидаларының және қауіпсіздік қағидаларының өрескел бұзушылықтары, персоналдың оларды жеткілікті білмеуі анықталған кезде;
жаңа жабдық пайдалануға берілген немесе оны қайта жаңартқан, басты электрлік және технологиялық схемалар өзгерген кезде тағайындалады.
9. Білімді кезектен тыс тексеру білімді мерзімдік біліктілік тексеру мерзімдерін ауыстырмайды.
10. Білімді біліктілік тексеру 2 кезеңнен тұрады:
1) тестілеу;
2) әңгімелесу.
11. Білімді кезектен тыс біліктілік тексеру кезінде тестілеу техникалық қамтамасыз ету мен тәуелсіз біліктілігін тексеруді жүргізетін заңды тұлға (бұдан әрі – тестілеу орталығы) мен энергетикалық кәсіпорын арасындағы шарт бойынша жүргізіледі.
12. Білімді бастапқы және мерзімдік біліктілік тексеру кезінде тестілеу МЭҚБК мен тестілеу орталығының арасындағы шарт бойынша жүргізіледі.
13. Тестілеу тексерілетін адамның таңдауы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілдерінде автоматтандырылған компьютерлік тәсілмен жүргізіледі.
14. Басшылар үшін тестілеу сұрақтарының саны 120 сұрақты құрайды.
15. Мамандар үшін тестілеу сұрақтарының саны 100 сұрақты құрайды.
16. Тестілеу уақыты 2 сағатты құрайды.
17. Білімді біліктілік тексерудің тестілеу сұрақтарының тізбесін уәкілетті орган әзірлеп бекітеді. Тест сұрақтарының тізбесі жыл сайын 30 пайызға жаңартылып отырады.
18. Тестілеу нәтижелерін оң деп санау үшін негіз болып табылатын дұрыс жауаптардың шекті деңгейі тесттердегі сұрақтар санының 85 %-ын құрайды.
Тестілеу орталығының жауапты адамының мөрі және жеке қолы бар тестілеудің қорытынды нәтижелері тексерілетін адамның қолына беріледі.
19. Тестілеу нәтижелері қанағаттанғысыз болған кезде комиссия хаттама ресімдейді және бірінші тестілеу өткізілген күннен бастап екі аптадан бұрын емес және бір айдан кеш емес мерзімге қайта тестілеу тағайындайды. Қайта тестілеу бір реттен артық өткізілмейді.
20. Тестілеудің нәтижелері қайтадан теріс болған жағдайда МЭҚБК немесе МЭҚБК АД энергетикалық кәсіпорынға тестілеудің нәтижелері туралы ұйым басшылығы мен иеленушісіне хабарлайтын хат жібереді.
21. Әңгімелесу нәтижелері осы Қағидалардың 3 және 4-қосымшаларына сәйкес білімді біліктілік тексеру комиссиясы отырысының хаттамасы түрінде ресімделеді.
22. Егер тестілеу нәтижелері белгіленген шекті деңгейден төмен болса, персонал білімді біліктілік тексерудің келесі кезеңіне жіберілмейді.
23. Әңгімелесу тестілеуден кейін 10 күн ішінде жүргізіледі.
24. Әңгімелесу өткізу үшін 2 деңгейден тұратын комиссия құрылады:
1) орталық комиссия – МЭҚБҚ комиссиясы;
2) аумақтық комиссия – МЭҚБК АД комиссиясы.
25. Орталық комиссия бірінші басшылардың (бас директор мен оның орынбасарларының, президенттің және вице-президенттің, басқарма төрағасы мен оның орынбасарларының), сондай-ақ техникалық директорлардың, бас инженерлердің, электр және жылу энергиясын өндіруді, беру мен таратуды және энергиямен жабдықтау мақсатында оларды сатып алуды жүзеге асыратын энергетикалық кәсіпорындардың қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау жөніндегі қызметтері бастықтарының қағидалар мен нормаларды білуін тексеру мақсатында МЭҚБК бірінші басшысының бұйрығымен құрылады.
26. Төраға, төрағаның орынбасарлары, басқарма бастықтары кіретін орталық комиссия құрамын МЭҚБК басшысы анықтайды.
27. Аумақтық комиссия техникалық басшылар орынбасарларының, бас инженерлер орынбасарларының, өңірлік электр желілері (бұдан әрі – ӨЭЖ), цехтары, қызметтер бөлімдері басшыларының, сондай-ақ олардың орынбасарларының, электр және жылу энергетикасын өндіруді, беру мен таратуды және энергиямен жабдықтау мақсатында оларды сатып алуды жүзеге асыратын энергетикалық кәсіпорындар бөлімдері, цехтары, қызметтері мен ӨЭЖ-нің инженерлік-техникалық персоналының білімін біліктілік тексеруді жүргізеді.
28. Аумақтық комиссия құрамын МЭҚБК АД басшысы айқындайды.
29. МЭҚБК орталық және аумақтық комиссияларының қызметін ұйымдастыру МЭҚБК мен МЭҚБК АД-ге жүктеледі.
30. Сұрақ-жауап нысанында өткізілетін әңгімелесу кезінде комиссия тексерілетін адамның техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік қағидаларын білуіне көз жеткізеді.
31. Әңгімелесудің қорытындысы бойынша комиссия тексерілетін адамды пайдалану техникасы қағидаларын (ПТҚ), электр қондырғыларын орнату қағидаларын (ЭҚОҚ), қауіпсіздік техникасы қағидаларын (ҚТҚ) білуін «қанағаттанарлық», «қанағаттанғысыз» бағалары бойынша бағалайды.
32. «Қанағаттанарлық» баға алған кезде комиссия атқаратын қызметіне сәйкестігі туралы шешім қабылдайды және электр қауіпсіздігі бойынша топ береді.
33. «Қанағаттанғысыз» баға алған кезде комиссия қайтадан әңгімелесу туралы шешім қабылдайды.
34. Қайтадан әңгімелесу білімін тексеру жүргізілген күнінен бастап бір ай өткен соң өткізіледі және бір реттен артық өткізілмейді.
35. Қайтадан әңгімелесудің қорытындысы бойынша комиссия тексерілетін адамның пайдалану техникасы қағидаларын (ПТҚ), электр қондырғыларын орнату қағидаларын (ЭҚОҚ), қауіпсіздік техникасы қағидаларын (ҚТҚ) білуін «қанағаттанарлық», «қанағаттанғысыз» бағалары бойынша бағалайды.
36. «Қанағаттанарлық» баға алған кезде комиссия атқаратын қызметіне сәйкестігі туралы шешім қабылдайды және электр қауіпсіздігі бойынша топ береді.
37. «Қанағаттанғысыз» баға алған кезде комиссия атқаратын қызметіне сәйкес еместігі туралы шешім қабылдайды.
38. Қайтадан «қанағаттанғысыз» деген баға алған жағдайда МЭҚБК немесе МЭҚБК АД энергетикалық кәсіпорынға хат жіберіп, білімін біліктілік тексеру нәтижелері туралы ұйым басшылығына және иеленушіге хабарлайды.
39. Комиссия біліктілік тексеру қорытындысы бойынша барлық шешімдерді білімді тексеру хаттамасында ресімдейді және білімді біліктілік тексеруді есепке алу журналына енгізеді. Журнал тігіледі, нөмірленеді және мемлекеттік органның мөрімен расталады.
40. Егер комиссия отырысында комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде 2/3 қатысқан болса, комиссия шешімі заңды болып есептеледі. Дауыс беру нәтижелері отырысқа қатысқан комиссия мүшелері дауыстарының көптігімен анықталады. Дауыстар тең болған жағдайда, комиссия төрағасы дауыс берген шешім қабылданған болып есептеледі.
41. Тексерілетін адам білімді біліктілік тексеру нәтижелерімен келіспеген жағдайда тестілеу нәтижелерімен танысқан сәттен бастап бір тәулік ішінде осы Қағидалардың 5 және 6-қосымшаларына сәйкес білімді біліктілік тексеру комиссиясы төрағасының атына өтінімді ресімдеу жолымен білімді біліктілік тексеру нәтижелерін аппеляцияға беру құқығы көзделеді.
42. Комиссия отырысының хаттамасын ресімделгеннен кейін тексерілетін адамның электр қауіпсіздігі бойынша куәлігінде мыналардың қолы қойылған тиісті жазба енгізіледі:
1) комиссия төрағасының – орталық комиссияда біліктілік тексеру кезінде (осы Қағидалардың 7-қосымшасы);
2) комиссия төрағасының – аумақтық комиссияда біліктілік тексеру кезінде (осы Қағидалардың 8-қосымшасы).
43. Комиссия отырысының хаттамаларын, білімді тестілеу нәтижелерін есепке алу, сақтау тәртібін уәкілетті орган бекітеді.
44. Комиссия отырысының хаттамаларын және білімді тестілеу нәтижелерін сақтау мерзімі кемінде үш жылды құрайды.
45. Комиссия отырысының хаттамасы екі данада ресімделеді. Хаттаманың бір данасы тексерілетін адамға 2 күн ішінде беріледі. Хаттаманың екінші данасы және тестілеу нәтижелерінің көшірмесі уәкілетті органда немесе оның аумақтық бөлімшесінде сақталады.
46. Білімді тестілеу нәтижелерінің түпнұсқасы тексерілетін адамда сақталады.
47. Комиссия отырысының хаттамасы уәкілетті органның сайтына жарияланады.
Электр және энергия қондырғыларының техникалық
жай-күйі мен оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылауды
жүзеге асыру үшін электр және жылу энергиясын
өндіруді, беру мен бөлуді және оларды энергиямен
жабдықтау мақсатында сатып алуды жүзеге асыратын
ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық
пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік қағидаларын
білуіне біліктілік тексеру жүргізу қағидаларына
1-қосымша
ҚР ИЖТМ МЭҚБК
бiлiмді біліктілік тексеру
жөніндегі орталық комиссия
төрағасы
_________________________
Жолдама
Техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік қағидалары бойынша _________________________________ бiлiмді біліктілік тексеруден өту үшін бастапқы, кезектен тыс
_____________________________________________________________________
ұйым атауы
_____________________________________________________________________
лауазымы
_____________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (толық)
жіберіледі.
Бiлiмді_____________________біліктілік тексеру себебі:
бастапқы, кезектен тыс
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Ұйым басшысы __________________ __________________________
қолы Т.А.Ә.
мөр
Ескертпелер:
1. Бiлiмді бастапқы біліктілік тексеру себебі ретінде лауазымға тағайындау көрсетілуі мүмкін.
2. Бiлiмді кезектен тыс біліктілік тексеру себебі ретінде мыналар көрсетілуі мүмкін:
1) қағидалар, нормалар мен нұсқаулардың бұзылуы, оларды жеткіліксіз білуі;
2) жаңа жабдықты пайдалануға енгізу немесе оны қайта жаңғырту;
3) электр және технология схемаларының өзгеруі;
4) технологиялық бұзушылықтарды немесе жазатайым оқиғаларды тергеуді жүргізген комиссияның қорытындысы.
Электр және энергия қондырғыларының техникалық
жай-күйі мен оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылауды
жүзеге асыру үшін электр және жылу энергиясын
өндіруді, беру мен бөлуді және оларды энергиямен
жабдықтау мақсатында сатып алуды жүзеге асыратын
ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық
пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік қағидаларын
білуіне біліктілік тексеру жүргізу қағидаларына
2-қосымша
ҚР ИЖТМ МЭҚБК
бiлiмді біліктілік тексеру
жөніндегі орталық комиссия
төрағасы
_________________________
Жолдама
Техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік қағидалары бойынша білімді _________________________________ біліктілік тексеруден өту үшін бастапқы, кезектен тыс
_____________________________________________________________________
ұйым атауы
_____________________________________________________________________
лауазымы
_____________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (толық)
жіберіледі.
Білімді________________________біліктілік тексеру себебі:
бастапқы, кезектен тыс
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Ұйым басшысы ____________________ __________________________
қолы Т.А.Ә.
мөр
Ескертпелер:
1. Білімді бастапқы біліктілік тексеру себебі ретінде лауазымға тағайындау көрсетілуі мүмкін.
2. Білімді кезектен тыс біліктілік тексеру себебі ретінде мыналар көрсетілуі мүмкін:
1) қағидалар, нормалар мен нұсқаулардың бұзылуы, оларды жеткіліксіз білуі;
2) жаңа жабдықты пайдалануға енгізу немесе оны қайта жаңғырту;
3) электр және технология схемаларының өзгеруі;
4) технологиялық бұзушылықтарды немесе жазатайым оқиғаларды тергеуді жүргізген комиссияның қорытындысы.
Электр және энергия қондырғыларының техникалық
жай-күйі мен оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылауды
жүзеге асыру үшін электр және жылу энергиясын
өндіруді, беру мен бөлуді және оларды энергиямен
жабдықтау мақсатында сатып алуды жүзеге асыратын
ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық
пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік қағидаларын
білуіне біліктілік тексеру жүргізу қағидаларына
3-қосымша
ҚР ИЖТМ МЭҚБК
бiлiмді біліктілік тексеру
жөніндегі орталық комиссия
төрағасы
_________________________
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі
(ҚР ИЖТМ)
Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті
(МЭҚБК)
ИЖТМ МЭҚБК
білiмді біліктілік тексеру жөніндегі орталық комиссия отырысының
№ ___ хаттамасы
20 __ жылғы «___» «__________»
ҚР ИЖТМ МЭҚБК білімді біліктілік тексеру жөніндегі орталық комиссия мына құрамда:
төраға: МЭҚБК төрағасы ______________________________________________
Т.А.Ә.
комиссия мүшелері: МЭҚБК төрағасының орынбасарлары, басқармаларының бастықтары __________________________________________________________
басқарма атауы
_____________________________________________________________________
тестілеуге қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (толық)
_____________________________________________________________________
лауазымы, ұйым атауы
техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік қағидаларын білуіне біліктілік тексеруді жүргізді және білімді біліктілік тексерудің келесі нәтижелерін анықтады:
1. ______________________________________________________ ___________
нормативтік құқықтық актінің атауы балдары
2. ______________________________________________________ ________
нормативтік құқықтық актінің атауы балдары
3. ______________________________________________________ ________
нормативтік құқықтық актінің атауы балдары
4. ______________________________________________________ ________
нормативтік құқықтық актінің атауы балдары
5. ______________________________________________________ ________
нормативтік құқықтық актінің атауы балдары
6. ______________________________________________________ ________
нормативтік құқықтық актінің атауы балдары
Жиыны ________ балл
Білімді біліктілік тексерудің түрі: _________________________________
бастапқы, мерзімдік, кезектен тыс
Бұдан бұрын білімді біліктілік тексеру өткізілген күн: 20__жылғы «__» «_____»
Комиссия қорытындысы
ҚР ИЖТМ МЭҚБК білімді біліктілік тексеру жөніндегі орталық комиссия
_____________________________________________________________________
лауазымы, ұйым атауы
_____________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (толық)
электр қауіпсіздігі бойынша ________ тобын беру үшін білімін _________________________________________деп таниды.
қанағаттанарлық/қанағаттанғысыз
Қайта тексеру күні: 20 __ жылғы «___» «___________».
Келесі тексеру болатын күн: 20 __ жылғы «___» «___________».
Комиссия _______________________ __________________________
төрағасы: қолы Т.А.Ә.
Комиссия _______________________ __________________________
мүшелері: қолы Т.А.Ә.
_______________________ __________________________
қолы Т.А.Ә.
Комиссия қорытындысымен
таныстым және хаттаманың бір ____________ __________________
данасын алдым: қолы Т.А.Ә.
20 __ жылғы «___» «___________»
Электр және энергия қондырғыларының техникалық
жай-күйі мен оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылауды
жүзеге асыру үшін электр және жылу энергиясын
өндіруді, беру мен бөлуді және оларды энергиямен
жабдықтау мақсатында сатып алуды жүзеге асыратын
ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық
пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік қағидаларын
білуіне біліктілік тексеру жүргізу қағидаларына
4-қосымша
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі
(ҚР ИЖТМ)
Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті
(МЭҚБК)
ҚР ИЖТМ МЭҚБК
______________________________________ бойынша
облыс атауы бiлiмді біліктілік тексеру жөніндегі аумақтық комиссия отырысының
№ _____ хаттамасы
20 __ жылғы «___» «__________»
ҚР ИЖТМ МЭҚБК_______________________________________ бойынша
облыс атауы
білімді біліктілік тексеру жөніндегі аумақтық комиссия мына құрамда:
төрағасы: МЭҚБК департаментінің директоры ______________________,
Т.А.Ә.
комиссия мүшелері: __________________________;
Т.А.Ә.
__________________________;
Т.А.Ә.
__________________________; Т.А.Ә.
__________________________;
Т.А.Ә.
_________________________________________________________________
тестілеуге қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (толық)
________________________________________________________________
лауазымы, ұйым атауы
техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік қағидаларын білуіне біліктілік тексеру жүргізді және білімді біліктілік тексерудің келесі нәтижелерін анықтады:
1. ______________________________________________________________
нормативтік құқықтық актінің атауы балдары
2. ______________________________________________________ _______
нормативтік құқықтық актінің атауы балдары
3. ______________________________________________________ _______
нормативтік құқықтық актінің атауы балдары
4. ______________________________________________________ _______
нормативтік құқықтық актінің атауы балдары
5. ______________________________________________________ _______
нормативтық құқықтық актінің атауы балдары
6. ______________________________________________________ _______
нормативтік құқықтық актінің атауы балдары
Жиыны ________ балл
Білімді біліктілік тексерудің түрі: ___________________________
бастапқы, мерзімдік, кезектен тыс
Бұдан бұрын білімді біліктілік тексеру өткізілген күн: 20__жылғы«__» «_____»
Комиссия қорытындысы
ҚР ИЖТМ МЭҚБК ____________________________________ аумақтық
облыс атауы
департаментінің білімді біліктілік тексеру жөніндегі аумақтық комиссия
_________________________________________________________________
лауазымы, ұйым атауы
_________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (толық)
электр қауіпсіздігі бойынша _______ тобын беру үшін білімін ________________________________________________ деп таниды.
қанағаттанарлық/қанағаттанғысыз
Қайта тексеру күні: 20 __ жылғы «___» «___________».
Келесі тексеру болатын күн: 20 __ жылғы «___» «___________».
Комиссия _________________________ ________________________________
төрағасы: қолы Т.А.Ә.
Комиссия_________________________ _________________________________
мүшелері: қолы Т.А.Ә.
_________________________ _________________________________
қолы Т.А.Ә.
Комиссия қорытындысымен
таныстым және хаттаманың бір _____________ __________________________
данасын алдым: қолы Т.А.Ә.
20 __ жылғы «___» «___________»
Электр және энергия қондырғыларының техникалық
жай-күйі мен оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылауды
жүзеге асыру үшін электр және жылу энергиясын
өндіруді, беру мен бөлуді және оларды энергиямен
жабдықтау мақсатында сатып алуды жүзеге асыратын
ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық
пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік қағидаларын
білуіне біліктілік тексеру жүргізу қағидаларына
5-қосымша
ҚР ИЖТМ МЭҚБК
білімді біліктілік тексеру жөніндегі
орталық комиссия төрағасы
__________________________________
__________________________________
ұйым атауы
__________________________________
лауазымы
__________________________________
тегі
__________________________________
аты, әкесінің аты (толық)
Өтініш
Техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік қағидаларын білуді біліктілік тексеру бойынша тестілеу нәтижелеріне менің апелляциямды қарауыңызды сұраймын, атап айтқанда:
Р/с № |
Нормативтік құқықтық актінің атауы |
Сұрақ нөмірі |
Аппеляция себебі |
Аппеляция нәтижесі |
1 |
||||
2 |
||||
3 |
Қолы
Күні
Комиссия төрағасы:____________________ _______________________
қолы Т.А.Ә.
Комиссия мүшелері: ____________________ _______________________
қолы Т.А.Ә.
_____________________ _______________________
қолы Т.А.Ә.
Аппеляция нәтижелерімен ______________ ___________________
таныстым: қолы Т.А.Ә.
20 __ жылғы «___» «___________»
Ескертпелер.
1. «Апеляция себебі» деген бағанда төменде берілген себептердің бірін көрсету керек:
1) сұрақ дұрыс құрылмаған;
2) жауап дұрыс құрылмаған;
3) дұрыс жауабы жоқ;
4) бағдарлама қатесі (бірдей екі жауап, екі дұрыс жауап, жауап жоқ, сұрақ жоқ, бағдарламаның істен шығуы, жауап санының жетіспеушілігі, сұрақ берілген нормативтік құқықтық актіге қатысы жоқ).
2. «Аппеляция нәтижесі» деген бағанда «қанағаттанарлық /қанағаттанғысыз» деп көрсетілуі керек.
Электр және энергия қондырғыларының техникалық
жай-күйі мен оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылауды
жүзеге асыру үшін электр және жылу энергиясын
өндіруді, беру мен бөлуді және оларды энергиямен
жабдықтау мақсатында сатып алуды жүзеге асыратын
ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық
пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік қағидаларын
білуіне біліктілік тексеру жүргізу қағидаларына
6-қосымша
ҚР ИЖТМ МЭҚБК_________________
облыс атауы
аумақтық департаментінің
білімді біліктілік тексеру жөніндегі
аумақтық комиссия төрағасы
__________________________________
__________________________________
ұйым атауы
__________________________________
лауазымы
__________________________________
тегі
__________________________________
аты, әкесінің аты (толық)
Өтініш
Техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік қағидаларын білуді біліктілік тексеру бойынша тестілеу нәтижелеріне менің апелляциямды қарауыңызды сұраймын, атап айтқанда:
Р/с № |
Нормативтік құқықтық актінің атауы |
Сұрақ нөмірі |
Аппеляция себебі |
Аппеляция нәтижесі |
1 |
||||
2 |
||||
3 |
Қолы
Күні
Комиссия төрағасы:____________________ ___________________________
қолы Т.А.Ә.
Комиссия мүшелері: ____________________ ___________________________
қолы Т.А.Ә.
_____________________ ___________________________
қолы Т.А.Ә.
Аппеляция нәтижелерімен ______________ ___________________
таныстым: қолы Т.А.Ә.
20 __ жылғы «___» «___________»
Ескертпелер.
1. «Апеляция себебі» деген бағанда төменде берілген себептердің бірін көрсету керек:
1) сұрақ дұрыс құрылмаған;
2) жауап дұрыс құрылмаған;
3) дұрыс жауабы жоқ;
4) бағдарлама қатесі (бірдей екі жауап, екі дұрыс жауап, жауап жоқ, сұрақ жоқ, бағдарламаның істен шығуы, жауап санының жетіспеушілігі, сұрақ берілген нормативтік құқықтық актіге қатысы жоқ).
2. «Аппеляция нәтижесі» деген бағанда «қанағаттанарлық /қанағаттанғысыз» деп көрсетілуі керек.
Электр және энергия қондырғыларының техникалық
жай-күйі мен оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылауды
жүзеге асыру үшін электр және жылу энергиясын
өндіруді, беру мен бөлуді және оларды энергиямен
жабдықтау мақсатында сатып алуды жүзеге асыратын
ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық
пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік қағидаларын
білуіне біліктілік тексеру жүргізу қағидаларына
7-қосымша
Энергетикалық ұйым персоналының электр қауіпсіздігі бойынша
куәлігінің нысаны
1. Энергетикалық ұйым персоналының электр қауіпсіздігі бойынша куәлігі ұсынушының жеке басын куәландыратын және көрсетілген лауазым (кәсіп) бойынша өз бетінше жұмыс істеу құқығын растайтын құжат болып табылады.
2. Куәлікті уәкілетті орган техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік қағидалары бойынша білімді бастапқы біліктілік тексеру өткізілгеннен кейін береді және электр қауіпсіздігі бойынша тобы мен оның білімін кезекті біліктілік тексеру нәтижелері туралы тиісті жазулар жасалғаннан кейін ғана жарамды болады.
3. Жұмыскер қызметтік міндеттерін атқарған кезде куәлік үнемі оның өзімен бірге болуы тиіс және жоғары тұрған лауазымды немесе бақылаушы, қадағалаушы адамдардың талап етуі бойынша көрсетіледі.
4. Персоналдың лауазымы өзгерген жағдайда куәлік ауыстырылады немесе персонал жұмыстан шығарылған жағдайда қайтарылады.
5. Куәлік мөлшері 95Ч65 мм. Куәлік матадан жасалған қатты мұқабадан және 8 беті бар блоктан тұрады. Мұқаба көгілдір түсті болғаны жөн.
6. Қапталған мұқабаның беткі жағына сары түсті жазу жазылады:
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті Министерство индустрии и новых технологий Республики Казахстан Комитет государственного энергетического надзора и контроля
Білімін біліктілік тексеру К У Ә Л І Г І У Д О С Т О В Е Р Е Н И Е квалификационной проверки знаний |
---|
Блоктың бірінші беті
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі |
||
_________________________________________________ |
|
|
_________________________________________________ |
||
_________________________________________________ |
||
_________________________________________________ |
||
Комитет төрағасы |
Блоктың екінші беті
Министерство индустрии и новых технологий Республики Казахстан |
||
_______________________________________________ |
|
|
______________________________________________ |
||
_______________________________________________ |
||
_______________________________________________ |
||
Председатель комитета |
Блоктың үшінші беті
Техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік қағидаларын білуін біліктілік тексеру нәтижелері |
|||||
Тексеру күні |
Тексеру түрі |
Тексерудің себебі |
Рұқсат беру тобы |
Келесі тексерудің күні |
Комиссия төрағасының қолы және мөр |
Ескертпе. Үш жолдан артық емес.
Блоктың төртінші беті
Результаты квалификационной проверки знаний правил технической эксплуатации и правил безопасности |
|||||
Дата проверки |
Вид проверки |
Причина проверки |
Группа допуска |
Дата следующей проверки |
Подпись председателя комиссии и печать |
Блоктың бесінші беті

Блоктың алтыншы беті

Блоктың жетінші беті

Блоктың сегізінші беті

Қызметтік міндеттерді атқарған кезде куәлік өзімен бірге болуы керек Во время исполнения служебных обязанностей удостоверение иметь при себе |
---|
Электр және энергия қондырғыларының техникалық
жай-күйі мен оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылауды
жүзеге асыру үшін электр және жылу энергиясын
өндіруді, беру мен бөлуді және оларды энергиямен
жабдықтау мақсатында сатып алуды жүзеге асыратын
ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық
пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік қағидаларын
білуіне біліктілік тексеру жүргізу қағидаларына
8-қосымша
Энергетикалық ұйым персоналының электр қауіпсіздігі бойынша берілетін куәлік нысаны
1. Энергетикалық ұйым персоналының электр қауіпсіздігі бойынша куәлігі ұсынушының жеке басын куәландыратын және көрсетілген лауазым (кәсіп) бойынша өз бетінше жұмыс істеу құқығын растайтын құжат болып табылады.
2. Куәлікті уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік қағидалары бойынша білімді бастапқы біліктілік тексеру өткізілгеннен кейін береді және электр қауіпсіздігі бойынша тобы мен оның білімін кезекті біліктілік тексеру нәтижелері туралы тиісті жазулар жасалғаннан кейін ғана жарамды болады.
3. Жұмыскер қызметтік міндеттерін атқарған кезде куәлік үнемі оның өзімен бірге болуы тиіс және жоғары тұрған лауазымды немесе бақылаушы, қадағалаушы адамдардың талап етуі бойынша көрсетіледі.
4. Персоналдың лауазымы өзгерген жағдайда куәлік ауыстырылады немесе персонал жұмыстан шығарылған жағдайда қайтарылады.
5. Куәлік мөлшері 95Ч65 мм. Куәлік матадан жасалған қатты мұқабадан және 8 беті бір блоктан тұрады. Мұқаба көгілдір түсті болғаны жөн.
6. Қапталған мұқабаның беткі жағына сары түсті жазу жазылады:
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті Министерство индустрии и новых технологий Республики Казахстан Комитет государственного энергетического надзора и контроля Білімін біліктілік тексеру К У Ә Л І Г І У Д О С Т О В Е Р Е Н И Е квалификационной проверки знаний |
---|
Блоктың бірінші беті
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министірлігі |
||
____________________________________________________ |
|
|
____________________________________________________ |
||
____________________________________________________ |
||
____________________________________________________ |
||
_____________________________________ бойынша |
||
___________________ _________________ Берілген күні: |
Блоктың екінші беті
Министерство индустрии и новых технологий Республики Казахстан |
||
__________________________________________________ |
|
|
____________________________________________________ |
||
____________________________________________________ |
||
____________________________________________________ |
||
Начальник департамента по ______________________________ области ___________________ _________________ Дата выдачи: |