"Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінiң ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 қаңтардағы № 14 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 маусымдағы № 891 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 8 ақпандағы № 109 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.02.2013 № 109 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 қаңтардағы № 14 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 1, 7-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі туралы ережеде:
      1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Агенттіктің заңды тұлғалар болып табылатын аумақтық жер инспекциялары болады.»;
      15-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) жер заңнамасын, сондай-ақ геодезия мен картография саласындағы заңнаманы қолдану практикасын қорыту және оларды жетілдіру;»;
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) жер қатынастарын, геодезия мен картографияны реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізу;»;
      мынадай мазмұндағы 6-1) және 6-2) тармақшалармен толықтырысын:
      «6-1) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдардың басшыларын тағайындау және қызметтен босату мәселелері бойынша облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарымен өзара іс-қимыл жасау;
      6-2) пайдаланылмайтын не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жерлерді анықтау және мемелекеттік меншікке қайтару мәселелері бойынша облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарымен өзара іс-қимыл жасау;»;
      19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «19) әкімшілік-аумақтық бірліктер арасындағы шекараның өзгерістерін, сондай-ақ жергілікті жердің өзгерістерін және географиялық объектілердің атауларын көрсете отырып, кезекші анықтамалық карта жүргізу;»;
      мынадай мазмұндағы 29-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «29-1) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарына Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 65-бабында белгіленген міндеттемелер орындалмаған жағдайда жергілікті атқарушы органдар мен жеке және заңды тұлғалар арасында жасалған уақытша жер пайдалану туралы шарттарды бір жақты тәртіппен бұзу мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу;»;
      33-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «33-1) геодезиялық және картографиялық қызметті мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;»;
      мынадай мазмұндағы 39-1), 39-2), 39-3) және 39-4) тармақшалармен толықтырылсын:
      «39-1) Агенттіктің қарамағындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда қарайды, келіседі және олардың орындалуы жөніндегі есептерді бекітеді;
      39-2) Агенттіктің қарамағындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуын бақылау мен талдауды жүзеге асырады;
      39-3) Агенттіктің қарамағындағы республикалық қазыналық кәсіпорындар өндіретін және сататын тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) баға белгілейді;
      39-4) бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстардың (қызметтердің) көлемі шеңберінде өндiрілетін тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) Агенттіктің қарамағындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорындар белгілеген бағаларды келіседі;»;
      22-тармақта:
      4), 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Агенттіктің штат санының лимиті шегінде Агенттік төрағасымен келіскеннен кейін Агенттіктің, сондай-ақ аумақтық жер инспекцияларының құрылымын және штат санын бекітеді;
      5) Агенттік төрағасымен келіскеннен кейін Агенттіктің құрылымдық бөлімшелері мен оның аумақтық жер инспекциялары туралы ережелерді бекітеді;»;
      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «8) Агенттік төрағасымен келіскеннен кейін Агенттіктің департаменттері мен басқармалары басшыларын, аумақтық инспекциялардың басшылары мен басшыларының орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов