Дауыс беретін акцияларының елу пайызынан астамы меншік немесе сенімгерлікпен басқару құқығымен ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, оларға қатысты "Инвестициялық қорлар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қолданылмайтын ұйымдардың тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 маусымдағы № 858 Қаулысы

Жаңартылған

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.12.2013 № 1342 қаулысымен (28.08.2013 бастап қолданысқа енгізіледі).

      «Инвестициялық қорлар туралы» 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 3-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.12.2013 № 1342 қаулысымен (28.08.2013 бастап қолданысқа енгізіледі).
      1. Қоса беріліп отырған дауыс беретін акцияларының елу пайызынан астамы меншік немесе сенімгерлікпен басқару құқығымен ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, оларға қатысты «Инвестициялық қорлар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қолданылмайтын ұйымдардың тізбесі бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.12.2013 № 1342 қаулысымен (28.08.2013 бастап қолданысқа енгізіледі).
      2. «Дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы меншік немесе сенімгерлікпен басқару құқығында Ұлттық әл-ауқат қорына тиесілі, оларға қатысты Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар туралы заңнамасы қолданылмайтын ұлттық даму институттарының, ұлттық компаниялардың және басқа да заңды тұлғалардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 шілдедегі № 1083 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 33, 314-құжат) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің       
2012 жылғы 27 маусымдағы
№ 858 қаулысымен  
бекітілген     

Дауыс беретін акцияларының елу пайызынан астамы меншік немесе
сенімгерлікпен басқару құқығымен ұлттық басқарушы холдингке
тиесілі, оларға қатысты «Инвестициялық қорлар туралы» Қазақстан
Республикасының Заңы қолданылмайтын ұйымдардың тізбесі

      Ескерту. Тізбенің тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.12.2013 № 1342 қаулысымен (28.08.2013 бастап қолданысқа енгізіледі).

Р/с №

Ұйымның атауы

1

«Қазақстан инвестициялық қоры» акционерлік қоғамы

2

«Қазына Капитал Менеджмент» акционерлік қоғамы