Дауыс беретін акцияларының елу пайызынан астамы меншік немесе сенімгерлікпен басқару құқығымен ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, оларға қатысты "Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қолданылмайтын ұйымдардың тізбесі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 маусымдағы № 858 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 14 шiлдедегi № 584 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 14.07.2023 № 584 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 25.06.2022 № 430 қаулысымен.

      "Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 3-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 25.06.2022 № 430 қаулысымен.

      1. Қоса беріліп отырған дауыс беретін акцияларының елу пайызынан астамы меншік немесе сенімгерлікпен басқару құқығымен ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, оларға қатысты "Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қолданылмайтын ұйымдардың тізбесі бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 25.06.2022 № 430 қаулысымен.

      2. "Дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы меншік немесе сенімгерлікпен басқару құқығында Ұлттық әл-ауқат қорына тиесілі, оларға қатысты Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар туралы заңнамасы қолданылмайтын ұлттық даму институттарының, ұлттық компаниялардың және басқа да заңды тұлғалардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 шілдедегі № 1083 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 33, 314-құжат) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 27 маусымдағы
№ 858 қаулысымен
бекітілген

Дауыс беретін акцияларының елу пайызынан астамы меншік немесе сенімгерлікпен басқару құқығымен ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, оларға қатысты "Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қолданылмайтын ұйымдардың тізбесі

      Ескерту. Тізбенің тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 25.06.2022 № 430 қаулысымен.
      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 25.06.2022 № 430 қаулысымен.

Р/с №

Ұйымның атауы

1

Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 25.06.2022 № 430 қаулысымен.

2

"Қазына Капитал Менеджмент" акционерлік қоғамы