Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 шілдедегі № 1071 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 33, 311-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі туралы ережеде:
14-тармақта:
1) тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында, сондай-ақ тұрғын үй қатынастары, коммуналдық шаруашылық және коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу саласында, сондай-ақ елді мекендердің шекарасы (шектері) шегінде сумен жабдықтау және суды бұру, электрмен жабдықтау (0,4 кВ электр желісі объектілері), жылумен жабдықтау (ЖЭО мен белгіленген қуаты 100 Гкал/сағат және одан жоғары қазандықтардан басқа), газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттік саясат пен салааралық үйлестіруді қалыптастырады және жүргізеді;»;
мынадай мазмұндағы 8-1) және 9-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«8-1) тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастыру және функцияларын жүзеге асыру тәртібін әзірлейді және бекітеді;»;
«9-1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау тәртібін әзірлейді;»;
14) тармақша алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 15-2, 18-1), 18-2), 32-1), 43-1) 43-2), 43-3), 43-4), 43-5) және 43-6) тармақшалармен толықтырылсын:
«15-2) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін лицензиялауды жүзеге асырады;»;
«18-1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыру құқығына сарапшыларды аттестаттауды жүзеге асырады;»;
«18-2) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыратын жеке тұлғалар мен сарапшылардың шағымдарын қарайды;»;
«32-1) сейсмикалық қаупі жоғары аудандардағы жұмыс үшін мамандардың оқуын өткізу тәртібін әзірлейді және бекітеді;»;
«43-1) көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерін адрестеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
43-2) Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасын іске асыруға қатысады;
43-3) тауарлық немесе сұйытылған мұнай газын тұтыну нормаларын есептеу және бекіту тәртібін әзірлейді;
43-4) ғимараттарды, құрылыстарды, құрылғыларды қайта жаңарту, салу мақсатында әзірленетін және бекітілетін сәулет-құрылыс және өзге де жобалау алдындағы және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамада энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді;
43-5) терможаңғыртуды ескере отырып, үлгілік көп пәтерді үйлердің жоба алдындағы және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеуді және бекітуді қамтамасыз етеді;
43-6) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.