"Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқаларын беру" мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 21 маусымдағы № 813 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. Қоса беріліп отырған «Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                            К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң      
2012 жылғы 21 маусымдағы
№ 813 қаулысымен  
бекiтiлген    

«Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру,
қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқаларын беру»
мемлекеттiк қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттiк қызметтi Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8, Министрліктер үйі, № 7 кiреберiс, 552-кабинет, электрондық мекенжайы www.minfin.kz мекенжайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қаржылық бақылау комитетi (бұдан әрi – ҚБК), сондай-ақ тұтынушының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) болған жағдайда www.e.gov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы немесе www.elicense.kz «Е-лицензирование» веб-порталы арқылы (бұдан әрі – портал) көрсетедi.
      2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: ішінара автоматтандырылған.
      3. Мемлекеттiк қызмет «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 20 қарашадағы Заңының 7-бабы 5) тармақшасының, «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-бабының негізінде көрсетiледi.
      4. «Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты (бұдан әрi – стандарт):
      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң www.minfin.kz интернет-ресурсында;
      2) уәкілетті орган стендінде;
      3) порталда орналастырылған.
      Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат cаll-центр телефоны арқылы да ұсынылады: (1414).
      5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесі:
      1) уәкілетті органда – аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру болып табылады, қолданылу мерзiмi шектелместен беріледі, Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында қолданылады және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің лицензиялар тізілімінде міндетті түрде тіркеуге жатады, порталда электронды құжат түрінде және (немесе) қағаздағы тасымалдағышта немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша түрде дәлелді жауап беру болып табылады;
      2) порталда – аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын электронды құжат түрінде немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап электронды құжат түрінде болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызмет жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлғаларға көрсетiледi (бұдан әрі –мемлекеттік қызмет алушы).
      7. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң мерзiмдерi:
      1) мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi өтiнiш пен осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген құжаттар қабылданған сәттен бастап он бес жұмыс күнінен аспайды;
      2) осы стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттарды тапсыру кезiнде кезек күтудiң ең көп рұқсат берілген уақыты – 15 минут;
      3) лицензия (лицензияның телнұсқасын) алу кезінде күтудiң ең көп рұқсат берілген уақыты – 15 минут.
      8. Мемлекеттiк қызмет ақылы көрсетiледi. «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» (Салық кодексi) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексiнiң 471-бабына сәйкес аудиторлық қызметті жүзеге асыруға құқығы үшін лицензиялық алым 10 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК) құрайды.
      Лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым лицензияны беру кезіндегі ставканың 10% құрайды, бірақ 4 АЕК-тен аспайды.
      Лицензияның телнұсқасын бергені үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі ставканың 100 % құрайды.
      Лицензиялық алым, төлемнің көлемін және төленген күнін растап түбіртек немесе оны растайтын өзге де құжатты беретін Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері арқылы төленеді.
      Егер аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беруге, қайта ресімдеуге, лицензияның телнұсқасын алуға электронды сауалнама портал арқылы жіберілген жағдайда, төлеу «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.
      9. Құжаттарды қабылдауды ҚБК кеңсесi демалыс күндерiнен және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңында (бұдан әрi – Заң) белгiленген мереке күндерiнен басқа күндерi күн сайын сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн үзiлiспен сағат 9.00-ден 16.00-ге дейiн Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8, Министрлiктер үйi, № 7 кiреберiс, 554-кабинет мекенжайы бойынша жүзеге асырады.
      Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
      Порталдың жұмыс тәртібі – тәулік бойы.
      10. Мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін Министрліктер үйінің ғимараты бойынша ыңғайлы жүріп-тұру жағдайлары (тоқтауға арналған орын, пандустар, лифтілер) көзделген. Қажетті құжаттарды ҚБК кеңсесіне тапсырғанға дейін оларды дайындау мен күтудің қолайлы жағдайлары (үстел, орындықтар) жасалған. Құқық тәртібін сақтау үшін ғимаратта тәулік бойы күзет бекеті, өртке қарсы сигнализация және басқа да қауіпсіздік шаралары көзделген.
      Мемлекеттік қызмет порталда мемлекеттік қызмет алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртiбi

      11. Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензияларды алу үшiн мыналарды ұсыну қажет:
      1) өтініш;
      2) аудиторлық қызметті жүзеге асыру құқығына бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариат куәландырған) көшірмесі;
      3) жарғының, мемлекеттік қызмет алушыны заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің, мемлекеттік қызмет алушының салық органында есепке қою туралы куәлігінің көшірмелері (түпнұсқаны тексеру үшін ұсынбаған жағдайда, осы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері);
      4) осы аудиторлық ұйымда жұмыс істейтін аудиторларға «аудитор» біліктілігін беру туралы біліктілік куәліктерінің және оның негізінде осы аудиторлық ұйыммен еңбек қатынастарында тұратын құжаттардың көшірмелері (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда осы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерi);
      5) «аудитор» біліктілігін беру туралы біліктілік куәлігінің, еңбек кітапшасының, жеке еңбек шартының көшiрмелерi не басшыны қабылдау және шығару туралы бұйрықтардан үзінді (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда осы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi).
      Шетелдік ұйымдар үшін «Аудиторлық қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 17 шілдедегі № 601 қаулысымен бекітілген аудиторлық қызметті лицензиялау кезінде берілетін тиісті біліктілік талаптарынан басқа қосымша мынадай талаптар қойылады:
      1) шетелдік ұйым аудиторлық деп танылуы қажет;
      2) оның тиісті аудиторлық ұйымды – Қазақстан Республикасының резидентін құруы тиіс.
      Өзiнiң мәртебесiн растау үшiн шетелдiк аудиторлық ұйым лицензияның нотариалды куәландырылған көшiрмесiн не өзі резидентi болып табылатын елдiң кәсiби ұйымы немесе мемлекеттiң құзыреттi органы беретiн аудиторлық ұйымның мәртебесiн растау туралы хаттың түпнұсқасын оның нотариалды куәландырылған аудармасымен бiрге ұсынады. Бұл ретте шетелдiк аудиторлық ұйымның мәртебесiн растайтын кәсiби ұйым Халықаралық бухгалтерлер федерациясының мүшесi болып табылуы тиiс.
      ҚБК мемлекеттік қызмет алушының құжаттарын қабылдаған сәттен бастап екi жұмыс күнi iшiнде құжаттардың толықтығын тексеруге мiндеттi. Толық еместiгi туралы факт анықталған жағдайда ҚБК көрсетiлген мерзiм iшiнде бұдан әрі қараудан бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап береді.
      Заңды тұлғаны бірігу нысанында қайта ұйымдастырған кезде, атауы және (немесе) заңды мекен-жайы өзгерген кезде, аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензияны қайта ресiмдеу үшiн күнтiзбелiк отыз күн iшiнде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
      1) лицензияны қайта ресiмдеу туралы өтiнiш;
      2) лицензияны қайта ресімдеу кезінде аудиторлық қызметті жүзеге асыруға құқық үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжат;
      3) көрсетiлген мәлiметтердi растайтын тиiстi құжаттарды (құрылтайшылардың шешiмi, жарғы, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тiркеу) туралы куәлік);
      4) лицензия туралы мәлімет (порталда болған жағдайда) немесе сканерленген көшірме түріндегі лицензия көшірмесі электронды сауалға тіркеледі (лицензияның қағаз түрінде болған жағдайда).
      Мемлекеттік қызмет алушы қайта ресімделген лицензияны алған кезде бұрын берілген лицензияны ҚБК-ға қайтарады (лицензия қағаз тасымалдағышта болған жағдайда).
      ҚБК мемлекеттік қызмет алушы тиісті жазбаша өтініш берілген күнінен бастап он жұмыс күні ішінде лицензияны қайта ресімдейді.
      Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензияны жоғалтқан, бүлдірген жағдайда оның телнұсқасын алу үшiн мыналарды ұсыну қажет:
      1) лицензияның телнұсқасын беру туралы өтiнiш;
      2) лицензияның телнұсқасын беру кезінде аудиторлық қызметті жүзеге асыруға құқық үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжат;
      3) нөмірі мен берілген күнін көрсете отырып, лицензияны жарамсыз деп тану туралы мәліметтердің мерзімді баспасөз басылымдарында жариялануын растайтын құжат.
      Жоғалған, бүлінген лицензиялар лицензиат көрсетілген құжаттарды берген күнінен бастап жарамсыз деп танылады.
      ҚБК өтiнiш берген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жаңа нөмір бере отырып және жоғарғы оң бұрышында «Телнұсқа» деген жазбасы бар лицензияның телнұсқасын береді.
      Егер ҚБК белгіленген мерзімде өтініш берушіге қағаз тасымалдағышта лицензияны (лицензияның телнұсқасын) бермеген не лицензияны беруден, қайта ресімдеуден, лицензияның телнұсқасын беруден дәлелді түрде бас тартуды ұсынбаған жағдайда, оларды беру мерзімдері өткен күннен бастап лицензия берілді деп есептеледі.
      порталда:
      аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін мыналарды ұсыну қажет:
      1) мемлекеттік қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электронды құжат түріндегі сауалы;
      2) заңды тұлғаның жарғысы – сканерленген көшірме түрінде, құжаттың электронды сауалына тіркеледі;
      3) осы аудиторлық ұйымда жұмыс істейтін аудиторларға «аудитор» біліктілігін беру туралы біліктілік куәліктерінің және оның негізінде осы аудиторлық ұйыммен еңбек қатынастарында тұратын құжаттардың көшірмелері (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда осы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерi) – сканерленген көшірме түрінде, құжаттың электронды сауалына тіркеледі;
      4) «аудитор» біліктілігін беру туралы біліктілік куәлігінің, еңбек кітапшасының, жеке еңбек шартының көшiрмелерi не басшыны қабылдау және шығару туралы бұйрықтардан үзінді (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда осы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi) – сканерленген көшірме түрінде, құжаттың электронды сауалына тіркеледі;
      құжаттардың мәліметтері:
      мемлекеттік қызмет алушыны салық органында есепке қою туралы куәлік;
      мемлекеттік қызмет алушының заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
      аудиторлық қызметті жүзеге асыруға құқық беретін лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы мәлімет.
      Мемлекеттік ақпараттық қор болып табылатын құжаттар мәліметін уәкілетті орган ЭЦҚ қойылған электронды құжат түрінде портал жүйесі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
      Шетелдік ұйымдар үшін «Аудиторлық қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 17 шілдедегі № 601 қаулысымен бекітілген аудиторлық қызметті лицензиялау кезінде берілетін тиісті біліктілік талаптарынан басқа қосымша мынадай талаптар қойылады:
      1) шетелдік ұйым аудиторлық ұйым деп танылуы қажет;
      2) оның тиісті аудиторлық ұйымды – Қазақстан Республикасының резидентін құруы тиіс.
      Өзiнiң мәртебесiн растау үшiн шетелдiк аудиторлық ұйым мыналарды ұсынады:
      1) лицензияның нотариалды куәландырылған көшiрмесiн не ол резидентi болып табылатын елдiң кәсiби ұйымы немесе мемлекеттiң құзыреттi органы беретiн аудиторлық ұйымның мәртебесiн растау туралы хаттың түпнұсқасын оның нотариалды куәландырылған аудармасымен бiрге – сканерленген көшірме түрінде, құжаттың электронды сауалына тіркеледі;
      2) кәсiби аудиторлық ұйымының, шетелдік аудиторлық ұйымның мәртебесiн растайтын, Халықаралық бухгалтерлер федерациясының мүшесі туралы құжат.
      ҚБК мемлекеттік қызмет алушының құжаттарын қабылдаған сәттен бастап екi жұмыс күнi iшiнде құжаттардың толықтығын тексеруге мiндеттi. Толық еместiгi туралы факт анықталған жағдайда ҚБК көрсетiлген мерзiм iшiнде бұдан әрі қараудан бас тарту туралы электронды құжат түрінде дәлелді жауап береді.
      Заңды тұлғаны бірігу нысанында қайта ұйымдастырған кезде, атауы және (немесе) заңды мекен-жайы өзгерген кезде, аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензияны қайта ресiмдеу үшiн отыз күнтiзбелiк күн iшiнде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
      1) мемлекеттік қызмет алушының ЭЦҚ қойылған, лицензияны қайта ресімдеу туралы электронды құжат түріндегі сауалы;
      2) көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттар:
      құрылтайшылар шешімі - мемлекеттік қызмет алушының ЭЦҚ қойылған электронды құжат түрінде немесе сканерленген көшірме түрінде, құжаттың электронды сауалына тіркеледі;
      заңды тұлғаның жарғысы - сканерленген көшірме түрінде, құжаттың электронды сауалына тіркеледі;
      лицензия туралы мәлімет (порталда болған жағдайда) немесе сканерленген көшірме түрінде лицензия, электронды сауалға тіркеледі (лицензия қағаздағы тасымалдағышта болған жағдайда).
      Құжаттар мәліметі:
      3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік;
      4) аудиторлық қызметті жүзеге асыруға құқық беретін лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы мәлімет.
      Мемлекеттік ақпараттық қор болып табылатын құжаттар мәліметін уәкілетті орган ЭЦҚ қойылған электронды құжат түрінде портал жүйесі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
      ҚБК мемлекеттік қызмет алушы тиісті жазбаша өтініш берген күнінен бастап он жұмыс күні ішінде лицензияны қайта ресімдейді.
      Егер ҚБК белгіленген мерзімде өтініш берушіге лицензияны (лицензияның телнұсқасын) бермеген не лицензияны беруден, қайта ресімдеуден, электронды құжат түрінде лицензияның телнұсқасын беруден дәлелді түрде бас тартуды ұсынбаған жағдайда, оларды беру мерзімдері өткен күннен бастап лицензия берілді деп есептеледі.
      12. Мемлекеттік қызметті алуға өтініш «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысымен бекітілген нысаны бойынша толтырылады.
      Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес лицензиясынан айырылған аудиторлық ұйымның лицензия беруге арналған өтініші кемінде бір жылдан кейін қаралады.
      Мемлекеттік қызметті портал арқылы алу үшін сауалнама электронды құжат түрінде толтырылады.
      13. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8, Министрлiктер үйi, № 7 кiреберiс, 554-кабинет мекенжайы бойынша ҚБК кеңсесiне пошта арқылы жіберіледі не қолма-қол тапсырылады.
      Электронды сауалнама жіберу мемлекеттік қызмет алушының «жеке кабинеті» арқылы жүзеге асырылады. Сауалнама таңдалған қызметке сәйкес мемлекеттік органға - адресатқа автоматты түрде жіберіледі.
      14. Осы Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың (өтінішпен екінші данасына немесе ұсынылатын құжаттарға ілеспе хатқа мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркелген күні қойылады) ҚБК кеңсесінде тіркелуі тапсырылғанын растау болып табылады.
      Портал арқылы шағымданған жағдайда, мемлекеттік қызмет алушы порталының «жеке кабинетіне» хабарландыру жіберіледі – күні мен уақыты көрсетілген мемлекеттік қызмет көрсетуге сауал қабылданғаны туралы есеп.
      15. Лицензия (лицензияның телнұсқасы) берiлген лицензиялар журналына қол қою арқылы, Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8, Министрлiктер үйi, № 7 кiреберiс, 552-кабинет мекенжайы бойынша мемлекеттік қызмет алушыға немесе сенiмхат бойынша оның өкiліне қолма-қол берiледi.
      Порталда мемлекеттік қызмет алушыға лицензия «жеке кабинетке» жіберіледі.
      16. Мемлекеттік қызметті беруден бас тартуға мыналар негiздеме болып табылады:
      1) аудиторлық қызметпен айналысу субъектілердің осы санаты үшін Қазақстан Республикасының заңымен тыйым салынуы;
      2) аудиторлық қызметті жүзеге асыру құқығы үшін лицензиялық алымның енгізілмеуі;
      3) мемлекеттік қызмет алушының біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;
      4) мемлекеттік қызмет алушыға қатысты оған аудиторлық қызметпен айналысуға тыйым салынған заңды күшіне енген сот үкімінің болуы;
      5) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот мемлекеттік қызмет алушыдан лицензия алуға тыйым салынуы;
      6) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 40-бабының негіздері.

3. Жұмыс қағидаттары

      17. ҚБК қызметi мынадай қағидаттарға негiзделедi:
      1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
      2) қызметтiк борышты өтеу кезiнде заңдылықты сақтау;
      3) сыпайылық;
      4) мемлекеттiк қызметтiң рәсiмi туралы толық ақпарат беру;
      5) ақпаратты қорғау және құпиялылығын сақтау;
      6) мемлекеттік қызмет алушы белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.

4. Жұмыс нәтижелерi

      18. Өтініш берушілерге мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерi осы стандарттың қосымшасына сәйкес сапа және тиімділік көрсеткiштерiмен өлшенедi.
      19. Олар бойынша мемлекеттік органның жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызметтердiң сапа және тиімділік көрсеткiштерiнiң мақсатты мәндерi жыл сайын арнайы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бұйрығымен бекiтiледi.

5. Шағымдану тәртiбi

      20. ҚБК қызметкерлерiнiң әрекетiне (әрекетсiздiгіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Ішкі әкімшілендіру және ҚБК персоналымен жұмыс істеу басқармасынан мына телефондар арқылы 74-35-67, 74-30-57, 74-30-97, не Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, Министрлiктер үйi, № 7 кiреберiс, 650-кабинет мекенжайы бойынша алуға болады.
      Шағымдар жазбаша түрде пошта немесе қолма-қол ҚБК кеңсесiнiң қызметкерi арқылы, демалыс күндерiнен және Заңмен белгiленген мереке күндерiнен басқа күндерi күн сайын сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн үзiлiспен сағат 9.00-ден 16.00-ге дейiн Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8, Министрлiктер үйi, № 7 кiреберiс, 554-кабинет мекенжайы бойынша қабылданады; электрондық почта мекенжайы: administrator@minfin.kz.
      Портал жұмысына шағымдану тәртібі туралы ақпаратты call-центр телефоны арқылы алуға болады: (1414).
      21. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің атына беріледі.
      Қаржы министрлігі кеңсесінің қабылдау күндері: демалыс күндерінен және Заңмен белгіленген мереке күндерінен басқа күндері күн сайын сағат 9.00-ден 16.00-ге дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін үзіліс, Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 11, 612-кабинет мекенжайы бойынша.
      22. Дұрыс қызмет көрсетілмеген жағдайда ҚБК қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым ҚБК төрағасының атына беріледі.
      Қабылдау күндері: демалыс күндерінен және Заңмен белгіленген мереке күндерінен басқа күндері әр айдың бірінші және үшінші сәрсенбі күні, сағат 17.00-ден 18.30-ға дейін, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, № 7 кіреберіс, 648-кабинет мекенжайы бойынша, алдын ала жазылу мына телефон арқылы 74-35-58 жүзеге асырылады, ҚБК төрағасының қабылдау бөлмесі: 74- 30-45.
      23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызмет алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқығы бар.
      24. Шағымдар еркін жазбаша (баспа) түрде ресiмделеді.
      25. Шағымның қабылданғанын растайтын ҚБК кеңсесiнде тiркелуi (шағымның екiншi данасына немесе онымен келiп түскен iлеспе хатқа мөртаңба, кiрiс нөмiрi және тiркелген күнi қойылуы) болып табылады.
      Шағымның қаралу барысы туралы ақпаратты Iшкi әкiмшiлендiру және ҚБК персоналымен жұмыс iстеу басқармасы қызметкерлерінен келесі телефондар арқылы: 74-35-67, 74-30-57, 74-30-97 немесе мемлекеттік органда өңдеу кезінде жаңартылатын порталдың «жеке кабинетінде» (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы, қаралуы туралы жауап немесе қаралуынан бас тарту белгілері) білуге болады.
      Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртiппен және мерзiмдерде жүзеге асырылады.
      26. Барлық сұрақтар бойынша осы стандарттың 15-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша ҚБК-ға хабарласуға болады.
      Жұмыс кестесі демалыс күндерiнен және Заңмен белгiленген мереке күндерінен басқа күндері күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін, үзiлiс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
      Байланыс телефондары: 74-29-11, 74-35-60, 74-34-68, 74-31-14, электрондық почта мекенжайы administrator@minfin.kz.

Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға
лицензия беру, қайта ресiмдеу, 
лицензияның телнұсқасын беру» 
мемлекеттік қызмет стандартына
қосымша            

Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні

Сапа және тиімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылғы нысаналы мәні

Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні

1. Уақтылылығы

1.1. Құжатты тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызмет көрсету жағдайларының
%-ы (үлесі)




2. Сапасы

2.1. Қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %- ы (үлесі)




3. Қолжетімділік

3.1. Қызметті ұсынудың сапасына және оны ұсыну тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)




3.2. Ақпаратқа электронды форматта қол жеткізуге болатын қызметтер %-ы (үлесі)




4. Шағымдану үдерісі

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)




5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)