Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.12.2015 № 1063 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі.
ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 219 бұйрығын қараңыз.
"Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының 4-бабының 11) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес инновациялық гранттар берудiң басым бағыттары айқындалсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 18 маусымдағы
№ 800 қаулысына
қосымша
Инновациялық гранттар берудiң басым бағыттары
1. Минералдық және көмірсутегі шикізатын іздеудің, өндірудің, тасымалдаудың және қайта өңдеудің прогрессивтi технологиялары.
2. Тау-кен металлургия кешеніндегі прогрессивтi технологиялар.
3. Агроөнеркәсіп кешеніндегі прогрессивтi технологиялар.
4. Биотехнологиялар.
5. Химия және мұнай-химиясының прогрессивтi технологиялары.
6. Жаңа материалдарды пайдалануды қоса алғанда, машина жасаудың прогрессивтi технологиялары.
7. Баламалы энергетика және энергия тиімділігі технологиялары.
8. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар.