Жылу электр станцияларының электр қуатын шектеуді және оларды қысқарту жөніндегі іс-шараларды келісу тәртібі туралы ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 маусымдағы № 757 Қаулысы

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі.

      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Энергетика министрінің 2015 жылғы 13 ақпандағы № 89 бұйрығын қараңыз.


      «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 4-бабының 34) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Жылу электр станцияларының электр қуатын шектеуді және оларды қысқарту жөніндегі іс-шараларды келісу тәртібі туралы ереже бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 7 маусымдағы
№ 757 қаулысымен 
бекітілген      

Жылу электр станцияларының электр қуатын шектеуді және оларды қысқарту жөніндегі іс-шараларды келісу тәртібі туралы ереже

      1. Осы Жылу электр станцияларының электр қуатын шектеуді және оларды қысқарту жөніндегі шараларды келісу тәртібі туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылы 9 шілдедегі Заңының 4-бабының 34) тармақшасына сәйкес әзірленді және жылу электр станцияларының электр қуатын шектеуді және оларды қысқарту жөніндегі іс-шараларды келісу тәртібін айқындайды.
      2. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
      1) жабдық тобы - жаңарған будың бiрдей параметрлермен турбоагрегаттардың кез келген типтерінің, сондай-ақ осы агрегаттардың жұмысын қамтамасыз ететін барлық қазандықтардың (тозаң көмірлі, сол сияқты газ-мазуттық та) жиынтығы;
      2) жабдықтың кіші тобы – тозаң көмірлі немесе газ-мазуттық қазандықтардың және олармен бірге жұмыс жасайтын жаңарған будың бірдей параметрлері бар турбоагрегаттардың кез келген типтерінің жиынтығы;
      3) электр станциясының белгіленген қуаты – генерацияланатын электр станциясының, оның қуатын шектеуді шегере отырып белгіленген мәнi;
      4) жылу электр станциясының белгіленген электр қуатын шектеу - белгіленген қуатты еріксіз толық пайдаланбау мәні;
      5) жылу электр станцияларының электр қуатын техникалық шектеу – агрегаттың, оның тораптарының күрделі жөндеулер кезінде жойылмайтын техникалық жарамсыздығынан конструктивті ақаулардан немесе жеке жабдықтың (құрылыстың) өнімділігінің белгіленген қуатқа сәйкес келмеуінен белгіленген қуатын мәжбүрлі азайту;
      6) жылу электр станцияларының электр қуатын маусымдық шектеу - сыртқы маусымдық қайталанатын факторлардың (жазғы кезеңде суды салқындататын температураны арттыру, маусымдық жылу жүктемесінің өзгеруі салдарынан турбиналардың конденсаторларындағы вакуумның төмендеуі) іс-әрекетінен агрегаттың белгіленген қуатын азайту;
      7) жылу электр станцияларының электр қуатын уақытша шектеу - режимдік, экологиялық шектеулер, сондай-ақ тиісінше сапасыз отынды пайдаланудан немесе жаңадан іске қосылған жабдықтарды пайдалану салдарынан келтірілген шектеулер;
      8) жылу электр станциясы – отынның химиялық энергиясын электр генераторы білігінің айналуын механикалық энергияға айналдыру есебінен электр энергиясын өндіретін электр станция;
      9) қуаттың күтiлетiн шектеулерi - алдағы жылға арналған қуаттың шектелуі;
      10) қуатты шектеудің жылдық орташа мәні – қуатты шектеудің айлар бойынша орташа арифметикалық мәні;
      11) номиналды қуат – осы жабдық үшін жабдықтың паспортымен немесе жобасымен белгіленген қуат;
      12) сараптама ұйымы – заңнамада белгіленген тәртіппен энергетикалық сараптаманы жүзеге асыратын заңды тұлға;
      13) уәкілетті орган – электр энергетикасы саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
      14) жылу электр станциясының белгіленген электр қуаты – техникалық шарттарға немесе жабдыққа арналған паспортқа сәйкес турбиналардың айтарлықтай белсенді электр қуатының жиынтық мәні;
      15) электр станциясының жұмыс қуаты – жөндеуге шығарылған жабдықтың қуатын шегере отырып, электр станциясының қолда бар қуаты;
      16) электр энергиясының көтерме сауда нарығы – электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің арасындағы шарттар негізінде жұмыс істейтін, электр энергиясын сатып алу - сатуға байланысты қатынастар жүйесі;
      17) экологиялық шектеулер – табиғиғатты қорғау іс-шараларын өткiзу себебінен белгіленген қуаттың азайтылуы.
      3. Жылу электр станциялары электр қуатын шектеуді келісу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды бередi:
      1) 50 МВт дейін және одан жоғары қуатымен, энергияның көтерме сауда нарығына шықпаған жылу электр станциялары бойынша - осы Ережеге  1 және 3-қосымшаларда көрсетілген нысандар бойынша;
      2) энергияның көтерме сауда нарығына шыққан жылу электр станциялары бойынша – осы Ережеге 2 және 3-қосымшаларда көрсетілген нысандар бойынша;
      3) өткен жылы электр қуатын шектеуді қысқарту жөніндегі іс-шаралардың орындалуы туралы есеп және алдағы жылға арналған осындай іс-шаралардың тізбесі. Есеп еркін нысанда беріледі;
      4) сараптама ұйымның берген энергетикалық сараптаманың актісі;
      5) белгіленген қуатына қарамастан, энергияның көтерме сауда нарығына шықпаған қуаты 50 МВт дейін және одан көп жылу электр станциялары бойынша, оның ішінде энергияның көтерме сауда нарығына шыққан жылу электр станциялары бойынша жүйелік оператордың ұлттық диспетчерлік орталығымен келісу.
      4. Электр қуатын шектеуді келісу үшін материалдар екі данада беріледі және оны уәкілетті орган күнтізбелік 20 күннен аспайтын мерзімде қарайды.
      5. Қараудың нәтижесі бойынша уәкілетті орган ұсынылған материалдарды келіседі немесе құжаттар осы Ереженің 3-тармағында белгіленген қойылған талаптарға сәйкес келмеген жағдайда келісуден бас тартады.
      Уәкілетті орган келісуден бас тартқан жағдайда жазбаша түрде бас тарту себебін көрсетіп, бұл туралы ұйымға хабарлайды.
      6. Келісуден бас тарту себебін жойғаннан кейін материалдар қайтадан келісуге жіберіледі. Қайта келісу күнтізбелік 10 күннен аспайтын мерзімде жүргізіледі.
      7. Жылу электр станцияларындағы электр қуатын шектеуді қысқарту үшін мынадай іс-шаралар орындалады:
      1) күрделі жөндеу жүргізу кезінде станцияның тиімді жұмысын арттыруға бағыталған іс-шаралар орындалады;
      2) циркуляциялық (салқындатқыш) суды салқындату үшін тиімді жылу алмасу аппараттары қолданылады;
      3) күл- қож шығару мен түтін газын тазалаудың тиімді жүйесі қолданылады;
      4) жобалау отынымен станцияның жұмысы қамтамасыз етіледі.
      8. Жылу электр станциялары жүргізілген энергетикалық сараптаманың нәтижелері мен нәтижелері бойынша ұсыныстар негізінде электр қуатын қысқарту жөніндегі іс-шараларды әзірлейді.
      9. Электр қуатын қысқарту жөніндегі әзірленген іс-шаралар уәкілетті органға келісуге жіберіледі.
      10. Қараудың нәтижесі бойынша уәкілетті орган бір ай ішінде электр қуатын қысқарту жөніндегі іс-шараларды келіседі немесе оларды келісуден бас тартады.
      Уәкілетті орган келісуден бас тартқан жағдайда жазбаша түрде бас тарту себебін көрсетіп, бұл туралы ұйымға хабарлайды.
      11. Жылу электр станцияларының белгіленген қуаты жаңаны пайдалануға берген, ескiсін бөлшектеген немесе жұмыс істеп тұрған жабдықтардың техникалық сипаттамалары өзгерген жағдайларда өзгертіледi.
      12. Электр генераторының номиналды қуаты бастапқы күштік агрегатының номиналды қуатынан аз болған жағдайда белгіленген қуат генератордың номиналды қуаты бойынша айқындалады.
      13. Буды бөліп алу және қос мәнді номиналды қуаты (мысалы: Т-120/130-130; Т-80/100-130; ПТ-30/40-29), бу бөлудің жүктеме режиміне тәуелді жылумен қамтамасыз ету турбиналары орнатылған жылу электр станциялары үшін номиналды қуаты жылдың кез келген уақытында және кез келген есептік жұмыс режимінде қамтамсыз етілетін турбинаның ең төменгі қуатының мәні бойынша қабылданады.
      14. Есептер өткен жылы электр қуатын шектеу орын алған және алдағы жылы электр қуатын шектеу күтілетін жылу электр станциялары бойынша жүргiзiледi;
      15. Электр қуатын шектеу:
      1) жылу электр станциялары жабдықтарының жеке топ бөлігі бойынша;
      2) алдағы жылдың әрбiр айына және орташа есеппен жылға есептеледі.
      16. Қуатты шектеу жабдығының кіші тобы бойынша негізделетін бірнеше факторлар бір мезгілде әрекет еткен кезде жекелеген факторларды сандық бағалаудың кезектілігі қуатты шектеудің мынадай басым түрлеріне сәйкес келуі тиіс: техникалық, маусымдық, уақытша.
      Жабдықтың кіші тобы қазандықтарында олардың бу өнімділігінің төмендеуін (техникалық шектеу түрі) тудыратын құрылымдық ақаулар болған жағдайда, жаз мезгілінде салқындатқыш судың температурасының көтерілуіне байланысты (маусымдық шектеу түрі) электр қуатын шектеудің есебі номиналды емес, конденсатордағы будың төмендетілген шығынына орындалады. Экологиялық шектеулердi бағалаған кезде жанған өнімдердің атмосфераға шығарындылары қазандықтың құрылымдық ақауларына және жаз мезгілінде вакуумның нашарлауына байланысты кіші топтың электр қуатын шектеу ескеріле отырып есептеледі.
      17. Қуатты шектеу есептері мынадай жағдайларда орындалады:
      1) жылу электр станцияларында орнатылған барлық жабдықтардың жұмыста болуы;
      2) жылу электр станциясы тарапынан тұтынушыларға жылуды бумен және ыстық сумен босатуда шектеудің болмауы;
      3) сыртқы тұтынушыларға жылуды ыстық сумен босатудың күтілетін мәнінің сәйкестігі соңғы 5 жылдағы орташа сыртқы ауа температурасының жергілікті метеоқызметiнің бақылау деректері бойынша немесе анықтамалық деректер бойынша қабылданатын жұмыстық қуатын есептеу сағатына сәйкес келеді;
      4) сыртқы тұтынушыларға жылуды бумен босатудың болжамды мәнін қабылдау олардың өтінімдері бойынша, ал өтінім болмаған жағдайда - өткен жылдың нақты деректер бойынша қабылданады;
      5) өз қажеттілігіне жұмсалған жылу жуне электр энергиясының шығынын есептеу, турбиналардың конденсаторларында пайдаланылған будың қысымы және бекітілген тәртіппен жабдықтардың нормативтік сипатамалары бойынша көрсеткіштерді есептеу үшін қажет басқалары.
      Есептеу кезінде отынның жетіспеушілігінен және жабдықтың пайдалану жағдайының қысқа мерзімді нашарлауынан оны профилактикалық жөндеу арасындағы кезеңде (қазандықтардың және турбиналардың конденсаторларының қыздыру бетін шөгінділердің басып қалуы және қазандықтардың газ жолында ауа соруды арттыру) қуатты шектеу есепке алынбайды.
      18. Жылу электр станцияларының электр қуатын шектеуді есептеу өткен жылы орындалған, оларды қысқарту жөніндегі іс-шаралардың тиімділігі ескеріле отырып орындалады.

Жылу электр станцияларының электр  
қуатын шектеуді және оларды қысқарту
жөніндегі іс-шараларды келісу тәртібі
туралы ережеге           
1-қосымша              

Қазақстан Республикасы электр энергетикасы саласындағы жылу электр станцияcының (ЖЭС) жабдықтары топтарының коды

Жабдық тобының атауы

Код

толық

қысқартылған

ЖЭС бойынша барлығы

ЖЭС барлығы

97

Қуаты:



500

500 блок

3

300

300К блоктар

4

200

200К блоктар

7

150

150К блоктар

8

МВт конденсациялы энергиялық блоктар



Буды іріктеу реттеуіші бар энергиялық блоктар, қуаттылығы МВт:



300

300Т блоктары

54

200

200Т блоктары

57

150

150Т блоктары

58

КЭС 90 кгс/см2

КЭС-90

11

ЖЭО 240 кгс/см2

ЖЭО-240

5

ЖЭО 130 кгс/ см2 өнд.қатты қайнатусыз

ЖЭО-130

10

ЖЭО 130 кгс/ см2 өнд.қатты қайнатумен

ЖЭО-130ПП

59

ЖЭО 90 кгс/ см2

ЖЭО-90

12

Бу-газды қондырғылар

БГҚ

16

Газ-турбиналы қондырғылар

ГТҚ

17

Өзге де жабдықтар*

Өзге

21

Қолданыстағы ЖЭС-ті іске қосу қазандықтары

ІҚҚ

18

Ең жоғары су қыздыратын қазандықтар

ПСҚҚ

20

      Ескертпе: шетелдiк фирмалардың жабдығы будың 60 ч 120 кгс/см2 қысымына, конденсациялық және жылуландыру жабдығы будың 45 кгс/см2 қысымына энергопойыздарға және дизелді қондырғыларға, күн және геотермалды электр станцияларына қосылады.

Жылу электр станцияларының электр  
қуатын шектеуді және оларды қысқарту
жөніндегі іс-шараларды келісу тәртібі
туралы ережеге           
2-қосымша              

Жылу электр станцияларының қуатын шектеу себептерінің коды

Қуатты шектеудің себебі

Шектеулер себептерінің коды

техникалық

маусымдық

уақытша

1

2

3

4

Қуатты жиынтықты шектеу

100

200

300

Жобасыз отын, сапасы төмен отын



301

Есептi қорларды өтеген қазандықтар және қосалқы-қазандықтар жабдықтары

102



Қазандықтардың құрылымдық ақауылары

103



Қосалқы-қазандықтар жабдықтарының құрылымдық ақаулары

104



Қосалқы-қазандықтар жабдықтарының жеткіліксіз номиналды өнімділігі

105



Қазандықтар сыртының қайнауының қанағаттанарсыз техникалық жағдайы



306

Газды ауа трактысының қанағаттанарсыз техникалық жағдайы



307

Қосалқы-қазандықтар жабдықтарының қанағаттанарсыз техникалық жағдайы



308

Будың төмендетілген параметрлерімен бу жеткізушілердің, турбина жұмыстарының техникалық қанағаттанарлықсыз жай-күйі



309

Қазандықтардың жеткiлiксiз номиналды бу өнімділігі

110



Турбоагрегаттардың құрылымдық ақаулары

111



Турбиналардың қанағаттанарсыз техникалық жағдайы



312

Күректі аппараттың қанағаттанарсыз техникалық жағдайы



313

Турбоагрегаттардың қосалқы жабдығының қанағаттанарсыз техникалық жағдайы



314

Регенерациялау жүйесiндегі қондырғылардың және жабдықтардың қанағаттанарсыз техникалық жағдайы



315

Есептiк ресурсты өтеген турбоагрегаттың тозуы

116



ПТН-ның жеткіліксіз номиналды берілуі

117



ПТН-нің қанағаттанарсыз техникалық жағдайы



318

Р типіндегі турбиналарда жылу жүктемелерiнiң болмауы

120



Р типіндегі турбиналарда жылулық жүктемелерiнiң жеткіліксіздігі


221

321

Жаман вакууммен жұмыс iстейтiн турбиналардың жылулық жүктемелерiнiң жеткіліксіздігі


222

322

Т, П, ПТ типіндегі турбиналардың жылу жүктемелерiнiң жеткіліксіздігі (жоғары конденсациялық өндiру)


223

323

Жылуды тұтыну режимімен байланысты өзге себептер


224

324

Т, П, ПТ типіндегі турбиналардың жылу жүктемелерiнiң жеткіліксіздігі (құрылымдық ерекшелiктер)

125

225

325

Жылуды тұтынудың артуы


231


Реттелмейтiн сұрыптаудан жылу беру


232


Репродуктивті-салқындату құрылғысынан (РСҚ) жылу беру салдарынан қазандықтар қуатының тапшылығы




333

Жоба бойынша градирен санының жеткіліксіздігі

141

241

341

Жоба бойынша циркулярлық сорғылардың жеткiлiксiздігі

142




Градиреннің қанағаттанарсыз техникалық жағдайы



343

Циркуляциялық сорғылардың қанағаттанарсыз техникалық жағдайы



344

Конденсаторлардың қанағаттанарсыз техникалық жағдайы



345

Гидросуытқыштардың жеткiлiксiз суытылуына байланысты өзге де себептер

146

246

346

Конденсаторға кірерде суытқыш су температурасының артуы


247



Тоған-суытқыштардың жеткiлiксiз салқындату қабiлеттiлiгi

148

248

348

ГТУ бойынша шектеулер

149

249

349

ПГУ бойынша шектеулер

150

250

350

Генератор қуатының жобалық сәйкессiздiгi

151




Iлеспе компенсатордың режиміндегі турбогенератордың жұмысы



352

Жүйеаралық электр байланыстарының жеткiлiксiз өткiзу қабiлетi (жабылған қуат)



353

Генератордың қанағаттанарсыз техникалық жағдайы



354

Қайта енгізілген агрегаттарды игеруді нормативтік мерзім кезінде шектеу



355

Жылу беру өнімділігінің жеткiлiксiздігі

161




Қазандықтарда және қосалқы- қазандықтар жабдықтарының құрылыс-монтаждық кемшіліктері



362

Турбиналардың қосалқы жабдықтардың жылу кестелерінде, турбиналарда құрылыс-монтаждық кемшіліктері



363

Жалпы станциялық жабдықтың, құрылымдардың жеткiлiксiз өнiмдiлiгi (суды химиялық тазарту, түтiн құбыры, күл үйiндiлері)



364

Жалпы станциялық жабдықтың, құрылымдардың жеткiлiксiз жобалық өнiмдiлiгi (суды химиялық тазарту, түтiн құбыры, күл үйiндiлері)

165



Жалпы станциялық жабдықтағы құрылыс-монтаждау кемшіліктері



366

Ауа бассейнін қорғау шарттары бойынша қуатты шектеу



370

Су бассейнін қорғау шарттары бойынша қуатты шектеу



371

Жіктеуішке кiрмеген өзге де себептер

172

272

372

Су ағысында (су ағысымен) жұмыс жасайтын, гидроэлектростанцияда (ГЭС) су ресурстарының жетіспеушілігі


226


Құйылудың және су қоймасының жұмыс істеуінің төмендігіне байланысты су ресурстарының жетіспеушілігі


227


Су қоймасынан суды тастау режимі бойынша шектеу


228


Төменгі бьефті жоғарғы тіреу


229


Гидроэлектростанция (ГЭС) плотинасының дайын болмауы




367

Жүктелу қабілетін ескеріп, турбиналардың жұмысы

180



Жылу электр станцияларының электр  
қуатын шектеуді және оларды қысқарту
жөніндегі іс-шараларды келісу тәртібі
туралы ережеге           
3-қосымша              

КЕЛІСІЛДІ                               КЕЛІСІЛДІ
___________________ басшысы      ҚР Индустрия және жаңа технологиялар
сараптама ұйымның атауы          министрлігі
__________ ______________       ___________________________
      қолы Т.А.Ә.                  қолы       Т. А.Ә.
20 __ ж. «___»_______________  20 __ ж. «____»____________

20__жылғы қуаты 50 МВт және одан жоғары __________________
                                            ЖЭС аты жылу электр станциялары қуатына күтiлетiн шектеулер

Көрсеткіш

Жабдық тобының коды

Жобалық отын түрінің коды

Энергия блогының нөмірі

Жол коды

Шектеу себебінің коды

Айлар бойынша көрсеткіштің мәні (МВт)

I

II

III

IV

V

VI

VII

VIII

IX

X

XI

XII

Жылдық орташа

Белгіленген қуаты



















Қолда бар

қуаты



















Шектеулі қуаты



















Оның ішінде себептер бойынша



















ЖЭС басшысы ________________________ ____________________
                    қолы                   тегі, А.Ә.

      Ескертпе. Деректер жабдықтың жеке кіші топтары, жеке энергия блоктары бойынша (қуатты шектеу себептері бойынша бөле отырып), әрбір жылу электр станциясы және жалпы қуаты 50 МВт және одан жоғары жылу электр станциялары бойынша келтірілген.