Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) "Концессия мәселелері жөнінде мамандандырылған ұйым құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 шілдедегі № 693 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 33, 343-құжат):
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) концессиялық ұсыныстардың сараптамасы;";
2) "Концессиялық жобаларды ұсыну, қарау және іріктеу, концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу, бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобаларға мониторинг жүргізу және олардың іске асырылуын бағалау және мемлекет кепілгерліктерін беру немесе лимит көлемін ұлғайту үшін концессиялық жобаларды іріктеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 желтоқсандағы № 1343 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 5, 57-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Концессиялық жобаларды ұсыну, қарау және іріктеу қағидасында:
3-тармақта:
3) тармақшадағы "құжат." деген сөз "құжат;" деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4) және 5) тармақшалармен толықтырылсын:
"4) республикалық жоба – "Концессия туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 12-бабына сәйкес іске асырылатын концессиялық жоба;
5) жергілікті жоба - "Концессия туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 13-бабына сәйкес іске асырылатын концессиялық жоба.".
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органы және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары концессиялық ұсыныстарды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді.";
3-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Концессиялық ұсыныстарды қарау және іріктеу тәртібі
15. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган концессиялық ұсыныстар сараптамасын жүргізу үшін концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымды тартады.
Сараптама концессиялық ұсыныстар концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымға түскен күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
16. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган концессиялық ұсыныстардың сараптама қорытындысын концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымнан түскен сәттен бастап он жұмыс күні ішінде, егер жоба республикалық болса, тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органына, сондай-ақ егер жоба жергілікті болса, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарына жібереді.
17. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган концессиялық ұсыныс сараптамасының оң қорытындысының негізінде республикалық жобаға концессиялық ұсыныстар бойынша әзірлеу немесе түзету қорытындысын, сондай-ақ республикалық жобалардың ТЭН-нің қажетті сараптамаларын жүргізуді қалыптастырады және Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
18. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган концессиялық ұсыныс сараптамасының оң қорытындысының негізінде жергілікті жобаға концессиялық ұсыныстар бойынша әзірлеу немесе түзету қорытындысын, сондай-ақ жергілікті жобалардың ТЭН-нің қажетті сараптамаларын жүргізуді қалыптастырады және тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
19. Концессиялық ұсыныстарда қамтылған бюджеттік комиссиялар мақұлдаған концессиялық жобалар бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган ТЭН-ді әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын концессиялық жобалардың тізбесін қалыптастырады.
20. Концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуді немесе түзетуді қаржыландыру мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Концессиялық жобалардың ТЭН-ін әзірлеуді немесе түзетуді қаржыландыруға бөлінетін бюджеттік бағдарламаның қаражаты осы Қағиданың 15-тармағына сәйкес концессия мәселелері бойынша мамандандырылған ұйым сараптамасының оң қорытындысы, сондай-ақ тиісті бюджет комиссиясының шешімі негізінде бюджеттік бағдарламалардың әр түрлі әкімшілері арасында қаржы жылы ішінде бөлінуге жатады.
21. Тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органы және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары концессиялық жобаның ТЭН-ін әзірлеуді немесе түзетуді және сараптауды қамтамасыз етеді.
Концессиялық жобаның техникалық шешімдердің өзгеруіне және қосымша шығыстарға әкеп соғатын белгіленген техникалық-экономикалық параметрлері өзгерген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кейіннен қажетті сараптамаларды жүргізу арқылы ТЭН-ге түзету жүргізіледі.
Әзірленген немесе түзетілген техникалық-экономикалық негіздеменің қажетті сараптамаларын жүргізгеннен кейін тиісті саладағы уәкілетті мемлекеттік орган оны экономикалық сараптама жүргізу үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жібереді.
22. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган концессиялық жоба ТЭН-нің экономикалық сараптамасын жүргізу үшін концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымды тартады.
23. ТЭН-ге экономикалық сараптама оны концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымға ресми тапсырған күннен бастап 45 (қырық бес) жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
24. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган егер жоба республикалық болса, әзірленген немесе түзетілген техникалық-экономикалық негіздеменің экономикалық сараптамасының қорытындысын тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органына, сондай-ақ егер жоба жергілікті болса, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарына жібереді.
25. Концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымның ТЭН-нің экономикалық сараптамасының оң қорытындысы негізінде мемлекет тарапынан қоса қаржыландыруды талап ететін концессиялық жобалар бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган:
1) орта мерзімді кезеңге концессияға ұсынылатын объектілердің тізбесіне концессиялық жобаларды енгізеді;
2) концессиялық жобаларды республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты Концессия жөніндегі комиссияға енгізеді;
3) концессиялық жобалар бойынша қорытынды қалыптастырады және Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
26. Концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымның ТЭН-нің экономикалық сараптамасының оң қорытындысы негізінде мемлекет тарапынан қоса қаржыландыруды талап ететін концессиялық жобалар бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті атқарушы орган:
1) коммуналдық меншікке жататын концессия объектілеріне қатысты концессиялық жобаларды Концессия жөніндегі комиссияға енгізеді;
2) концессиялық жобалар бойынша қорытынды қалыптастырады және тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
27. Тізбені мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган техникалық-экономикалық негіздеменің экономикалық сараптамасының нәтижелерін ескере отырып және республиканы дамытудың стратегиялық жоспарларына, республикалық бюджеттің инвестициялық мүмкіндіктеріне сәйкес жыл сайын үш жыл мерзімге жылжымалы негізде қалыптастырылады.
Тізбені қалыптастыру кезінде Заңның 14-бабына сәйкес ұсынылатын концессионерді мемлекеттік қолдаудың түрлері мен көлемін ұсыну жөніндегі мемлекеттік бюджеттің мүмкіндіктері ескеріледі.
28. Тізбе екі бөлімнен тұрады:
1) жақсаруы мен пайдаланылуы концессия шарты негізінде жүзеге асырылатын мемлекеттік меншіктің қолданыстағы объектілері;
2) құрылысы мен пайдаланылуы концессия шарттары негізінде жүзеге асырылатын объектілер.
29. Тізбеге енгізілмеген объектілер бойынша тиісті хабарламалар тиісті ұсыныстарды ұсынған мемлекеттік органдарға олардың қабылданбауының дәлелді негіздемесімен бірге жіберіледі.
30. Тізбе жоспарланатын орта мерзімді кезеңнің алдындағы жылдың үшінші тоқсанынан кешіктірмейтін мерзімде Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізіледі.
31. Тізбеге енгізілген және концессияға берілмеген концессия объектілерін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган келесі орта мерзімді кезеңге қалыптастырылатын тиісті тізбеге енгізеді.";
көрсетілген қаулымен бекітілген Концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу қағидасында:
22-тармақ алынып тасталсын;
4-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Концессиялық өтінімдерді қарау және іріктеу тәртібі
23. Комиссиялық өтінімдерді қарау мен іріктеуді:
1) республикалық меншікке жататын концессия объектілеріне қатысты - Қазақстан Республикасының Үкіметі құратын және төраға – Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі басқаратын;
2) тиісті жергілікті атқарушы органның коммуналдық меншігіне жататын концессия объектілеріне қатысты - облыстың (республикалық маңызы бар қалаланың, астананың) тиісті жергілікті атқарушы органы құратын және төраға – тиісті облыстың әкімі басқаратын Концессия жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) жүзеге асырады.
24. Конкурсты тиісті ұйымдастырушы Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
25. Комиссия хатшысы конкурсты ұйымдастырушыны отырысқа дейін кемінде күнтізбелік бес күннен кешіктірмей Комиссия отырысының мерзімі, уақыты мен өтетін орны туралы жазбаша нысанда хабардар етеді.
26. Комиссия конкурстық өтінімдері бар конверттерді конкурстық құжаттамада көрсетілген мерзімде, уақытта және орында ашады.
Конкурсты ұйымдастырушыға Комиссияның кворумы болмаған жағдайда немесе Комиссия төрағасының не оны ауыстыратын тұлғаның шешімімен конкурстық өтінімдерді ашуды өткізу орны, уақыты және күні туралы конкурстық құжаттамаға өзгерістер енгізуге рұқсат етіледі.
Енгізілген өзгерістердің міндетті күші бар және олар туралы конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы ұсынған барлық әлеуетті концессионерлерге, сондай-ақ Комиссия мүшелеріне, бюджеттік және мемлекеттік жоспарлау бойынша уәкілетті органдарды қоса алғанда, мүдделі мемлекеттік органдарға жедел хабарланады.
27. Қарау қорытындылары бойынша әлеуетті концессионерлердің конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу хаттамасы жасалады, оған Комиссия мүшелері мен хатшы қол қояды.
28. Конкурсты ұйымдастырушы тиісті конкурстық өтінімдердегі концессиялық өтінімдерді конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу хаттамасының куәландырылған көшірмесімен бірге, оларға сараптама жүргізу үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жібереді.
29. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізген кезде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтінімдердің сараптамасын жүргізу үшін концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымды тартады.
Концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізген кезде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтінімдерге тапсырылған күнінен бастап қырық бес жұмыс күні ішінде сараптама жүргізеді.
30. Комиссия концессиялық өтінім және әлеуетті концессионерлердің біліктілік талаптарына сәйкестігін бағалау жөніндегі қорытындыларды ескере отырып, конкурсқа қатысушылар ұсынған барлық конкурстық өтінімдерді қарайды.
30-1. Концессиялық өтінімі Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін жобаларға қойылатын өлшемдердің негізінде үздік деп танылған конкурсқа қатысушымен Комиссия концессиялық жоба мен концессия шартының талаптарын нақтылау жөнінде келіссөздер жүргізеді.
30-2. Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілейтін жобаларға қойылатын өлшемдердің негізінде конкурстық өтінімдерді қараудың қорытындысы бойынша Комиссия үздік концессиялық өтінімді анықтау туралы тиісті шешім қабылдайды, ол туралы хаттама жасалады, оған Комиссия мүшелері және Комиссия хатшысы қол қояды.";
34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"34. Келіссөздерді жүргізудің қорытындысы бойынша конкурсты ұйымдастырушы үздік концессиялық өтінімді анықтау туралы хаттаманың көшірмесімен бірге, концессия шартының жобасын мемлекеттік жоспарлау жөнінде орталық уәкілетті органға жібереді.".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов