Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «14805 әскери бөлімі» мемлекеттік мекемесі таратылсын.
2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 27.06.2014 № 707 қаулысымен.
3. «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «14805 әскери бөлімі» мемлекеттік мекемесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 16 қаңтардағы № 26 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды заңнамада белгіленген тәртіппен қабылдасын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов