Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "14805 әскери бөлімі" мемлекеттік мекемесін құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 16 қаңтардағы N 26 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 мамырдағы № 598 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 ақпандағы N 229 қаулысына  мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттің қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерінде:
      "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі" деген 5-бөлімде:
      "Түзеу мекемелері" деген жолда "12 382" деген сандар "12 900" деген сандармен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі