"Жергiлiктi бюджеттер жобаларын әзiрлеу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 1061 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 мамырдағы № 589 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Жергiлiктi бюджеттер жобаларын әзiрлеу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 1061 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 32, 305-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Жергiлiктi бюджеттер жобаларын әзiрлеу ережесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                           К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң       
2012 жылғы 8 мамырдағы
№ 589 қаулысына  
қосымша    

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң       
2009 жылғы 13 шілдедегі
№ 1061 қаулысымен 
бекiтiлген     

Жергiлiктi бюджеттер жобаларын әзiрлеу ережесi

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жергiлiктi бюджеттер жобаларын әзiрлеу ережесі (бұдан әрi – Ереже) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiне сәйкес әзiрлендi және жергiлiктi бюджеттердің жобаларын әзiрлеу тәртiбiн айқындайды.
      2. Жергiлiктi бюджеттердің жобаларын әзiрлеу үдерісі:
      1) өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуы болжамының жобасын әзірлеуді және оны жергiлiктi атқарушы органның мақұлдауын;
      2) атқарушы органдардың стратегиялық жоспарларының жобаларын немесе атқарушы органдардың стратегиялық жоспарларына өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, басым бюджеттік инвестициялар бойынша ұсыныстарды, жоспарлы кезеңге жоспарланатын бюджет қаражатының көлемімен, бюджеттік өтінімдердің нәтижелілік және тиімділік көрсеткіштерімен стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын әзірлеуді және оларды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік комиссиясының қарауын;
      3) жергiлiктi бюджет туралы мәслихат шешiмiнiң жобасын әзірлеуді қамтиды.

2. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың
әлеуметтiк-экономикалық дамуы болжамының жобасын әзiрлеу

      3. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтiк-экономикалық дамуының болжамын мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган әзiрлейдi.
      4. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтiк-экономикалық дамуының болжамы стратегиялық және бағдарламалық құжаттар мен Қазақстан Республикасы Президентінің елдегі жағдай туралы және республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын ескере отырып, жылжымалы негiзде бес жылдық кезеңге арналып жыл сайын әзiрленедi және мыналарды:
      1) өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамын, үрдістерін, басымдықтарын, нысаналы индикаторлары мен көрсеткіштерін;
      2) мыналарды:
      тиісті жергілікті бюджеттердің негізгі өлшемдерін;
      өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтарын іске асыруға бағытталған шығыстардың жаңа бастамаларын;
      жергілікті басым бюджеттік инвестициялар тізбесін қамтуы тиіс үш жылға арналған бюджеттік өлшемдерді қамтиды.
      Нысаналы индикаторлар мен көрсеткіштер сандық және сапалық нәтижелерді анықтау үшін негізгі бағыттар (салалар) бойынша белгіленеді, оларға қол жеткізуге бес жылдық кезең ішінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық саясаты бағытталуы тиіс.
      Жергiлiктi атқарушы орган әлеуметтiк-экономикалық дамудың және бюджеттік параметрлердің қосымша көрсеткiштерiн енгiзуi мүмкiн.
      5. Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері түсімдерінің болжамды көрсеткіштері бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін бюджет түсімдерін болжамдау әдістемесіне сәйкес анықталады.
      6. Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын қалыптастыру үшін жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері үш жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын іске асыруға бағытталған шығыстардың жаңа бастамалары бойынша, оның ішінде басым бюджеттік инвестициялар тізбесіне енгізу үшін бюджеттік инвестициялар бойынша негіздемелері бар ұсыныстарды және басқа да қажетті ақпаратты ағымдағы қаржы жылының 1 наурызына дейінгі мерзімде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға ұсынады. Бұл ретте жаңа бастамалар бойынша, оның ішінде бюджеттік инвестициялар бойынша ұсыныстарды беру нысандары мен тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын іске асыруға бағытталған шығыстардың жаңа бастамалары бойынша, оның ішінде бюджеттік инвестициялар бойынша ұсыныстарын стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамасына сәйкестігі тұрғысынан қарайды және республикалық бюджет комиссиясының отырысында республиканың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің және әлеуметтік-экономикалық саясат басымдықтарының сценарийлі болжамы мақұлданған күннен бастап үш күндік мерзімде бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын іске асыруға бағытталған шығыстардың жаңа бастамалары бойынша қорытынды жібереді.
      Осы Ереженің аталған тармағында көрсетілген құжаттарды қарау нәтижелері бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын іске асыруға бағытталған шығыстардың жаңа бастамаларын анықтайды және әлеуметтік-экономикалық даму болжамына енгізу үшін бюджеттік инвестициялық саясаттың басымдықтарын қалыптастырады.
      Бюджеттік инвестициялық саясаттың басымдықтары негізінде және осы Ереженің 10-тармағында көрсетілген құжаттарды қарау нәтижелері бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар әлеуметтік-экономикалық даму болжамының құрамында облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың басым бюджеттік инвестицияларының тізбесін қалыптастырады.
      7. Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерi шығыстарының болжамды көлемi:
      1) жергiлiктi атқарушы органның борышына қызмет көрсетуге және өтеуге;
      2) трансферттер мен қарыздарды есепке алмағанда, облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерi түсiмдерi көлемiнiң 2 %-ынан аспайтын мөлшерде жергілікті атқарушы органдардың резервін қалыптастыруға байланысты шығыстарды бөле отырып айқындалады.
      8. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтiк-экономикалық дамуының болжамын ағымдағы қаржы жылының 1 қазанынан кешiктiрмей тиiстi жергiлiктi атқарушы орган мақұлдайды.
      9. Тиiстi жергiлiктi атқарушы орган мақұлдаған облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтiк-экономикалық дамуының болжамы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға тиiс.

3. Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала,
астана бюджеттерiнен қаржыландырылатын атқарушы органдардың
стратегиялық жоспарларының жобаларын немесе стратегиялық
жоспарға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын әзірлеу,
басым бюджеттік инвестициялар бойынша ұсыныстарға
стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін жергілікті бюджеттік
бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының
жобаларын және бюджеттiк өтiнiмдердi әзiрлеу

      10. Облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінiң шығыстарын жоспарлау үшiн жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi бюджеттік өтінімдерді, стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын әзірлейді және ағымдағы қаржы жылының 15 мамырына дейінгі мерзімде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға ұсынады.
      Стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға бюджеттік өтінімдерді, бюджеттік бағдарламалардың жобаларын және басым бюджеттік инвестициялар бойынша ұсыныстар береді.
      Нәтижелердi бағалау жүргiзiлген жағдайда Ереженің осы тармағында көрсетiлген құжаттарға бағалау нәтижелерi қоса берiледi.
      11. Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың стратегиялық жоспарлары әр үш жыл сайын Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму болжамының негізінде бес жылдық кезеңге әзірленеді.
      12. Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерi шығыстарының болжамды көлемi осы Ереженiң 7-тармағында айтылған шығыстар шегерiле отырып, базалық шығыстарға және жаңа бастамаларға жұмсалатын шығыстарға бөлiнедi.
      Тұрақты сипаттағы шығыстар, күрделi шығыстар, сондай-ақ бюджеттен бiрлесiп қаржыландыру жағдайында басталған (жалғасатын) бюджеттiк инвестициялық жобаларға және концессиялық жобаларға жұмсалатын шығыстар базалық шығыстар болып табылады.
      Мемлекеттiк функцияларды, өкiлеттiктердi орындауға және мемлекеттiк қызметтер көрсетуге, сондай-ақ трансферттер төлеуге және жергiлiктi атқарушы органның басқа да мiндеттемелерiне байланысты шығыстар тұрақты сипаттағы шығыстар болып табылады.
      Жаңа бастамаларға арналған шығыстарға:
      1) кейіннен жаңа бюджеттiк бағдарламалар бойынша қаржыландырылатын стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға сәйкес әлеуметтiк-экономикалық дамудың жаңа басым бағыттарын iске асыруға;
      2) макроэкономикалық және әлеуметтiк көрсеткiштердiң өзгеруiне байланысты емес және iс жүзiндегi бюджеттiк бағдарламалар шеңберiнде бюджет қаражатын жұмсаудың қосымша бағыттарын (орындалатын мемлекеттiк функциялар, өкiлеттiктер және көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер көлемiн кеңейтудi) көздейтiн базалық шығыстарды ұлғайтуға бағытталған шығыстар жатады.
      13. Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерi шығыстарының көлемін базалық шығыстарға және жаңа бастамаларға облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттік комиссиясы мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органның ұсыныстары негiзiнде жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң арасында бөледі.
      Базалық шығыстар шығыстардың қолданыстағы құрылымы мен болжамды макроэкономикалық көрсеткiштер негiзiнде есептелген кезектi жоспарлы кезеңнiң үшiншi жылына арналған болжамды көлемдердi қоса отырып, ағымдағы жоспарлы кезеңнiң екiншi және үшiншi жылдары шығыстарының бекiтiлген көлемi негiзiнде айқындалады.
      Жаңа бастамаларға арналған шығыстар жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң арасында стратегиялық және бағдарламалық құжаттарда белгiленген өңірдің даму басымдықтарын, есептi қаржы жылының бюджеттiк мониторинг нәтижелерiн, есептi қаржы жылындағы стратегиялық жоспарды iске асыру туралы есептердi, нәтижелердi бағалауды ескере отырып бөлiнуге тиiс.
      14. Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң жаңа бастамаларға арналған шығыстарды жоспарлауы қосымша бюджет қаражатын бөлу есебінен де, алдыңғы жоспарлы кезеңде облыстық бюджет туралы, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерi туралы мәслихат шешiмiнде бекiтiлген осы бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң базалық шығыстар қаражатын қайта бөлу есебiнен де жүзеге асырылады.
      15. Егер жекелеген бюджеттiк бағдарламалар бойынша алдыңғы жоспарлы кезеңнiң екiншi және үшiншi жылдарының шығыстар сомасы облыстық бюджет туралы, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерi туралы мәслихат шешiмiнде осы бағдарламалар бойынша бекiтiлген сомамен салыстырғанда өзгермейтiн болса, онда осы бағдарламалар (кiшi бағдарламалар) шығыстарының түрлерi бойынша есептеулер жасалмайды.
      Осы бағдарламалар шығыстарының түрлерi бойынша есептеулер үшiншi жылға ғана жасалады.
      Егер жекелеген бюджеттiк бағдарламалар бойынша алдыңғы жоспарлы кезеңнiң екiншi және (немесе) үшiншi жылдарының шығыстар сомасы облыстық бюджет туралы, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерi туралы мәслихат шешiмiнде осы бағдарламалар бойынша бекiтiлген сомамен салыстырғанда өзгеретiн болса, онда шығыстар түрлерi бойынша есептер осы бағдарламаларға (кiшi бағдарламаларға) жоспарланатын жоспарлы кезең жылдары бөлiнiсiнде жасалады және ұсынылады.
      16. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органдар жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң стратегиялық жоспарларының жобалары немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобалары, стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша бюджеттік бағдарламалардың жобалары мен бюджеттiк өтiнiмдерi түскен күннен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде оларды қарайды және олар бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттік комиссиясының қарауына енгiзу үшiн:
      1) стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын қарау нәтижелері бойынша мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша;
      2) жергілікті бюджеттік бағдарламалар әлімшілерінің бюджеттiк өтiнiмдерiн қарау нәтижелері бойынша мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша қорытындылар дайындайды.
      17. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар:
      1) стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге заңнамасына оның сәйкестігі тұрғысынан;
      2) жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге заңнамасына, әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, қолданыстағы табиғи нормалар мен мемлекеттік қызметтер стандарттарына сәйкестігі тұрғысынан;
      3) стратегиялық жоспарлар жобаларының немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулар жобаларының құрамында берілген бюджеттік бағдарламалар көрсеткіштерін стратегиялық мақсаттармен, стратегиялық бағыттардың міндеттерімен олардың өзара байланысы тұрғысынан;
      4) стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларында берілген нәтиже және тиімділік көрсеткіштерін бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің функцияларына, өкілеттіктеріне, қызметінің бағыттарына сәйкестігі тұрғысынан қарастырады.
      Бюджеттiк өтiнiм жасалуы мен ұсынылуы жағынан Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген кезде мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган оны қарамастан жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсiне қайтарады.
      18. Жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жобаларын және қайтарылған жағдайда бюджеттiк өтiнiмдердi пысықтайды және оларды мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органға қайтарған күннен бастап бес жұмыс күнiнiң iшiнде ұсынады.
      Жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi мен мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган арасындағы келiспеушiлiктердi облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттік комиссиясы қарайды.
      19. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе оларға өзгерістер мен толықтырулар жобаларын, басым бюджеттік инвестициялар бойынша ұсыныстарды, бюджеттік өтінімдерді және стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын қарау нәтижесі бойынша олар жөнінде қорытындылар қалыптастырады және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттік комиссиясының қарауына жібереді.
      Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттік комиссиясы жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің шығыстары бойынша қорытындыны қарайды және ол бойынша ұсыныстар әзірлейді.
      20. Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет комиссиясының ұсыныстарына сәйкес ағымдағы қаржы жылының 1 қыркүйегіне дейінгі мерзімде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға пысықталған бюджеттік өтінімдерді, стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын ұсынады.

4. Мәслихаттың облыстық бюджет, республикалық маңызы бар
қала, астана бюджетi туралы шешiмiнiң жобасын әзiрлеу

      21. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтiк-экономикалық дамуы болжамының негізінде облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнiң жобасын жасайды және оны облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет комиссиясының қарауына енгiзедi.
      Облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнiң жобасын қарау және айқындау ағымдағы қаржы жылының 15 қыркүйегінен кешіктірмей аяқталады.
      22. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган облыстың, республикалық маңызы бар қала, астана бюджет комиссиясының облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң жобасы бойынша ұсыныстары негiзiнде облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң жобасын әзiрлейдi және оны ағымдағы қаржы жылының 1 қазанынан кешіктірмей облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органының қарауына ұсынады.
      23. Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерi туралы мәслихат шешiмiнiң жобасы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнiң 13-бабында көзделген бюджет құрылымы бойынша және Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнiң 72-бабында көзделген талаптарды ескере отырып әзiрленедi.
      24. Облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң жобасын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнiң 75-бабының 1-тармағында көзделген тәртiппен ағымдағы қаржы жылының 15 қазанынан кешiктiрмей тиiстi мәслихатқа енгiзедi.
      Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнiң жобасымен бiр мезгiлде мынадай құжаттар мен материалдарды:
      1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтiк-экономикалық дамуының болжамын;
      2) мемлекеттiк органдардың стратегиялық жоспарларының жобаларын немесе стратегиялық жоспарларына өзгерістер мен толықтырулар жобаларын;
      3) стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жобаларын, бюджеттік бағдарламалардың жобаларын;
      4) бюджеттік бағдарламалардың бюджеттік кіші бағдарламалары бөлінісінде бюджет қаражатының жұмсалу бағытын нақтылайтын ақпаратты және облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнiң жобасына енгiзiлген шешiмдердi ашып көрсететiн түсiндiрме жазбаны ұсынады.

5. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әлеуметтiк-экономикалық дамуы мен бюджеттік параметрлері болжамының жобасын әзірлеу

      25. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әлеуметтiк-экономикалық дамуының болжамын мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган әзiрлейдi.
      26. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамы стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды және еліміздегі жағдай туралы және Республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын ескере отырып, жыл сайын сырғымалы негізде бес жылдық кезеңге әзірленеді және:
      1) өңірдің әлеуметтiк-экономикалық дамуының болжамын, үрдiстерiн, басымдықтарын, нысаналы индикаторларын және көрсеткіштерін;
      2) мыналарды:
      тиiстi жергiлiктi бюджеттердiң негізгі параметрлерін;
      өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму басымдылығын іске асыруға бағытталған шығыстардың жаңа бастамасын;
      басымды жергілікті бюджеттік инвестициялар тізбесін қамтуы тиіс үш жылға арналған бюджеттiк параметрлерді қамтиды.
      Нысаналы индикаторлар мен көрсеткіштер сандық және сапалық нәтижелерді анықтау үшін түйінді бағыттар (салалар) бойынша белгіленеді, бес жылдық кезең ішіндегі өңірдің әлеуметтік-экономикалық саясаты оған қол жеткізуге бағытталуы тиіс.
      Жергiлiктi атқарушы орган әлеуметтiк-экономикалық дамудың қосымша көрсеткiштерiн енгiзуi мүмкiн.
      27. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетi түсiмдерiнiң болжамды көрсеткiштерi бюджеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган әзірлейтін және бекiтетiн бюджет түсiмдерiн болжамдау әдiстемесiне сәйкес айқындалады.
      28. Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын қалыптастыру үшін жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері үш жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық дамудың басымдықтарын іске асыруға бағытталған шығыстардың жаңа бастамалары бойынша, оның ішінде басым бюджеттік инвестициялар тізбесіне енгізу үшін бюджеттік инвестициялар бойынша негіздемелері бар ұсыныстарды және басқа да қажетті ақпаратты ағымдағы қаржы жылының 1 наурызына дейінгі мерзімде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға ұсынады. Бұл ретте жаңа бастамалар бойынша, оның ішінде бюджеттік инвестициялар бойынша ұсыныстарды беру нысандары мен тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган анықтайды.
      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын іске асыруға бағытталған шығыстардың жаңа бастамалары бойынша, оның ішінде бюджеттік инвестициялар бойынша ұсыныстарын стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамасына сәйкестігі тұрғысынан қарайды және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтiк-экономикалық даму көрсеткіштерінің және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық басымдықтарының болжамы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттік комиссиясы отырысында мақұлданған күннен бастап үш күн мерзімде бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын іске асыруға бағытталған шығыстардың жаңа бастамалары бойынша қорытындыны жібереді.
      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар осы Ереженің осы тармағында көрсетілген құжаттарды қарау нәтижелері бойынша әлеуметтiк-экономикалық даму басымдықтарын іске асыруға бағытталған шығыстардың жаңа бастамаларын анықтайды және әлеуметтік-экономикалық даму болжамына енгізу үшін бюджеттік инвестициялық саясаттың басымдықтарын қалыптастырады.
      Бюджеттік инвестициялық саясаттың басымдықтары негізінде және осы ереженің 32-тармағында көзделген құжаттарды қарау нәтижелері бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар әлеуметтік-экономикалық даму болжамы құрамында ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) басым бюджеттік инвестициялардың тізбесін қалыптастырады.
      29. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет шығыстарының болжамды көлемi:
      1) жергiлiктi атқарушы органның борышына қызмет көрсетуге және өтеуге;
      2) жергiлiктi атқарушы органның резервiн трансферттер мен қарыздарды есептемегенде, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет түсiмдерi көлемiнiң 2 %-ынан аспайтын мөлшерде қалыптастыруға байланысты шығыстарды бөле отырып анықталады.
      30. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әлеуметтiк-экономикалық даму болжамының жобасын ағымдағы қаржы жылының 1 қарашасынан кешiктiрмей тиiстi жергiлiктi атқарушы орган мақұлдайды.
      31. Тиiстi жергiлiктi атқарушы орган мақұлдаған ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әлеуметтiк-экономикалық дамуының болжамы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы тиiс.

6. Стратегиялық жоспарларды әзірлемейтін бюджеттік
бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары
жобаларын әзірлеу, басым бюджеттік инвестициялар бойынша
ұсыныстар әзірлеу және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың)
бюджетiнен қаржыландырылатын атқарушы органдардың
бюджеттік өтінімдерін әзірлеу

      32. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет шығыстарын жоспарлау үшiн жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi бюджеттiк өтiнiмдердi, стратегиялық жоспарларды әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары жобаларын және басым бюджеттік инвестициялар бойынша ұсыныстарды әзірлейді және ағымдағы қаржы жылының 15 мамырына дейiнгi мерзiмде мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органға ұсынады.
      Нәтижелерді бағалау жүргiзiлген жағдайда Ереженiң осы тармағында көрсетiлген құжаттарға бағалау нәтижелерi қоса берiледi.
      33. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет шығыстарының болжамды көлемi осы Ереженiң 29-тармағында айтылған шығыстарды шегере отырып, базалық шығыстарға және жаңа бастамалар шығыстарына бөлiнедi.
      Тұрақты сипаттағы шығыстар, күрделi шығыстар, сондай-ақ бюджеттен бiрлесiп қаржыландыру жағдайында басталған (жалғасып жатқан) бюджеттiк иннестициялық жобаларға және концессиялық жобаларға жұмсалатын шығыстар базалық шығыстар болып табылады.
      Мемлекеттiк функцияларды, өкiлеттiктердi орындауға және мемлекеттiк қызметтер көрсетуге және де жергiлiктi атқарушы органның басқа да мiндеттемелерiне байланысты шығыстар тұрақты сипаттағы шығыстар болып табылады.
      Жаңа бастамаларға арналған шығыстарға:
      1) кейiннен жаңа бюджеттiк бағдарламалар бойынша қаржыландырылатын стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға сәйкес әлеуметтiк-экономикалық дамудың жаңа басым бағыттарын iске асыруға;
      2) макроэкономикалық және әлеуметтiк көрсеткiштердiң өзгеруiне байланысты емес және iс жүзiндегi бюджеттiк бағдарламалар шеңберiнде бюджет қаражатын жұмсаудың қосымша бағыттарын (орындалатын мемлекеттiк функциялар, өкiлеттiктер және көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер көлемiн кеңейтудi) көздейтiн базалық шығыстарды ұлғайтуға бағытталған шығыстар жатады.
      34. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет шығыстарының көлемi базалық шығыстарға және жаңа бастамаларға ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік комиссиясы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi органның ұсыныстары негiзiнде жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң арасында бөлінедi.
      Базалық шығыстар шығыстардың қолданыстағы құрылымы мен болжамды макроэкономикалық көрсеткiштері негiзiнде есептелген кезектi жоспарлы кезеңнiң үшiншi жылына арналған болжамды көлемдердi қоса отырып ағымдағы жоспарлы кезеңнiң екiншi және үшiншi жылдары шығыстарының бекiтiлген көлемi негiзiнде анықталады.
      Жаңа бастамаларға арналған шығыстар жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң арасында стратегиялық және бағдарламалық құжаттарда белгiленген өңiрдiң даму басымдықтарын, есептi қаржы жылының бюджеттiк мониторинг нәтижелерiн, нәтижелердi бағалауды ескере отырып бөлiнуге жатады.
      35. Жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң жаңа бастамаларға арналған шығыстарды жоспарлауы қосымша бюджет қаражатын бөлу есебi сияқты бұған дейiнгi жоспарлы кезеңде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет туралы мәслихат шешiмiнде бекiтiлген осы бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң базалық шығыстар қаражатын қайта бөлу есебiнен де жүзеге асырылады.
      36. Егер жекелеген бюджеттiк бағдарламалар бойынша бұған дейiнгi жоспарлы кезеңнiң екiншi және үшiншi жылдарының шығыстар сомасы ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетi туралы мәслихат шешiмiнде осы бағдарламалар бойынша бекiтiлген сомамен салыстырғанда өзгермейтiн болса, онда осы бағдарламалар (кiшi бағдарламалар) шығыстарының түрлерi бойынша есептер жасалмайды.
      Осы бағдарламалар шығыстарының түрлерi бойынша есептер тек қана үшiншi жылға жасалады.
      Егер жекелеген бюджеттiк бағдарламалар бойынша бұған дейiнгi жоспарлы кезеңнiң екiншi және үшiншi жылдарының шығыстар сомасы ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетi туралы мәслихат шешiмiнде осы бағдарламалар бойынша бекiтiлген сомамен салыстырғанда өзгеретiн болса, онда осы бағдарламалар (кiшi бағдарламалар) бойынша шығыстар түрлерi бойынша есептер жоспарланған жоспарлы кезеңнің жылдары бөлінісінде жасалады және беріледі.
      37. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган жергiлiктi бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк өтiнiмдерi, жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің басым бюджеттік инвестициялары бойынша стратегиялық жоспарлар мен ұсыныстар әзірлемейтін жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобалары түскен күннен бастап оларды он бес жұмыс күні ішінде қарайды және және мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік комиссиясының қарауына енгiзу үшiн олар бойынша қорытындылар дайындайды.
      38. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органдар:
      1) жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына, әлеуметтiк-экономикалық дамуының болжамына мемлекеттiк қызметтiң қолданылып жүрген заттай нормалары мен стандарттарына сәйкестiгi мәнiне қарайды;
      2) стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары жобаларында берілген нәтиже мен тиімділік көрсеткіштерін олардың функцияларына, өкілеттіктеріне, бюджеттік бағдарлама әкімшісі қызметінің бағыттарына сәйкестiгi тұрғысынан қарайды;
      3) басым бюджеттік инвестициялар бойынша ұсыныстарды олардың стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әлеуметтiк-экономикалық дамуының болжамына Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына сәйкестiгi тұрғысынан қарайды.
      Бюджеттiк өтiнiм жасалуы мен ұсынылуы бойынша Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган оны қарамастан жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсiне қайтарады.
      39. Қайтарылған жағдайда жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалар жобаларын, бюджеттiк өтiнiмдердi, басым бюджеттік инвестициялар бойынша ұсыныстарды пысықтайды және қайтарылған күнінен бастап бес жұмыс күнi iшiнде оларды мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органға ұсынады.
      Жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi мен мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган арасындағы келiспеушiлiктердi ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясы қарайды.
      40. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган бюджеттік өтінімдерді, стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалар жобаларын және басым бюджеттік инвестициялар бойынша ұсыныстарды қарау нәтижелері бойынша қорытындылар қалыптастырады және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының қарауына жібереді.
      Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясы жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсінің шығыстар бойынша қорытындысын қарайды және ол бойынша ұсыныстар әзірлейді.
      41. Жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының ұсыныстарына сәйкес ағымдағы қаржы жылының 15 қыркүйегiне дейiнгi мерзiмде пысықталған бюджеттiк өтiнiмдерді, стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын және басым бюджеттік инвестициялар бойынша ұсыныстарды мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органға ұсынады.

7. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетi
туралы мәслихат шешiмiнiң жобасын әзiрлеу

      42. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әлеуметтiк-экономикалық дамуының болжамы негiзiнде жоспарлы кезеңге арналған ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет жобасын жасайды және оны ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік комиссиясының қарауына енгiзедi.
      Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жоспарлы кезеңге арналған бюджет жобасын қарау және анықтау ағымдағы қаржы жылының 1 қазанынан кешiктiрмей аяқталады.
      43. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жоспарлы кезеңге арналған бюджетiнiң жобасы бойынша ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының ұсыныстары негiзiнде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жоспарлы кезеңге арналған бюджеті туралы мәслихат шешімінің жобасын әзiрлейдi және оны ағымдағы қаржы жылының 15 қазанынан кешiктiрмей ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органының қарауына ұсынады.
      44. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетi туралы мәслихат шешiмiнiң жобасы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнiң 13-бабында көзделген бюджет құрылымы бойынша және Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнiң 73-бабында көзделген талаптар ескеріле отырып әзiрленедi.
      45. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жоспарлы кезеңге арналған бюджетiнiң жобасын жергiлiктi атқарушы орган Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнiң 75-бабының 1-тармағында көзделген тәртiппен ағымдағы қаржы жылының 1 қарашасынан кешiктiрмей тиiстi мәслихатқа енгiзедi.
      Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органы аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң жобасымен бiр мезгiлде мынадай құжаттар мен материалдарды:
      1) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әлеуметтiк-экономикалық дамуының болжамын;
      2) стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын;
      3) бюджеттік бағдарламалардың бюджеттік кіші бағдарламалары бөлінісінде бюджет қаражатының жұмсалу бағыттарын нақтылайтын ақпаратты және аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң жобасына енгiзiлген шешiмдердi ашып көрсететiн түсiндiрме жазбаны ұсынады.