"Жергiлiктi бюджеттер жобаларын әзiрлеу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 1061 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 мамырдағы № 589 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 449 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Құрманғазы аудандық мәслихатының 2013.02.06 № 120-V шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тарамағының 15) тармақшасына, 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық Кодексі) Қазақстан Республикасы Салық Кодексінің 422-бабына сәйкес және Құрманғазы ауданы бойынша салық басқармасының 2012 жылғы 2 мамырдағы № 671 ұсынысы негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. 2012 жылға бірыңғай тіркелген салық ставкаларының мөлшері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 23 желтоқсандағы № 235-ХХV "2010 жылға дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға ойын бизнесі саласында көрсеткен қызметіне тіркелген салық ставкаларының мөлшері туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2010 жылдың 27 қаңтарында № 4-8-180 санымен тіркелген, аудандық "Серпер" үнжариясында 2010 жылдың 11 ақпанында № 7 санында жарияланған) шешімінің күші жойылсын.
      3. Осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне еніп, алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таратылады.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика, салық және бюджет саясаты жөніндегі тұрақты комиссиясына (Б. Жүгінісов) жүктелсін.

      Аудандық мәслихаттың кезектен тыс
      ІV сессиясының төрағасы:                   Б. Кенжебаев

      Аудандық мәслихат хатшысы:                 Р. Сұлтанияев

Келісілді:
Құрманғазы ауданы бойынша
салық басқармасының бастығы                      Ш. Сағынғалиев
8 мамыр 2012 ж.

Аудандық Мәслихаттың   
2012 жылғы 8 мамырдағы № 42-V
"2012 жылға бірыңғай тіркелген
салық ставкаларын белгілеу
туралы" шешіміне қосымша

2012 жылға бірыңғай тіркелген салық ставкаларының мөлшері

Салық салу объектісінің атауы

Тіркелген салықтың базалық ставкаларының мөлшері (айлық есептік көрсеткіш)

айына

Тіркелген салықтың базалық ставкаларының мөлшері (айлық есептік көрсеткіш)

жылына

1

2

3

4

1

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы

6

72

2

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

9

108

3

Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер

2

24

4

Ойын жолы

30

360

5

Карт

12

144

6

Бильярд үстелі

20

240