Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің білім беруге 2012 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 мамырдағы № 574 Қаулысы

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі

      "2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қарашадағы Заңының 13-бабын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің білім беруге 2012 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.
      2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері:
      1) бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттердің уақтылы және мақсатты пайдаланылуын;
      2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне есептіден кейінгі айдың 5-күніне дейін бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттердің пайдаланылуы туралы есептер беруді қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану мониторингін қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі                               К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2012 жылғы 4 мамырдағы
№ 574 қаулысымен  
бекітілген    

Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары
бюджеттерінің білім беруге 2012 жылға арналған
республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы
трансферттерді пайдалану қағидалары

      1. Осы Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің білім беруге 2012 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне республикалық бюджеттен бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді мынадай республикалық бюджеттік бағдарламалар бойынша пайдалану тәртібін айқындайды:
      1) 031 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру үшін ағымдағы нысаналы трансферттер" (оның ішінде кіші бағдарламалар бойынша):
      102 "Үйде оқитын мүгедек балаларды жабдықтармен, бағдарламалық қамтыммен қамтамасыз ету",
      103 "Орта және жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелердегі физика, химия, биология кабинеттерін оқу жабдығымен жарақтандыру";
      2) 045 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне оқу-өндірістік шеберханаларды, техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары зертханаларын жаңартуға және қайта жабдықтауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер".
      2. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.
      3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі физика, химия, биология кабинеттерінің оқу жабдықтарын мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстарды бірыңғай ұйымдастырушы болып әрекет етеді.
      4. Білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар:
      1) үйде оқитын мүгедек балаларды жабдықтармен, бағдарламалық қамтыммен қамтамасыз ету;
      2) орта және жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелердегі физика, химия, биология кабинеттерін оқу жабдығымен жарақтандыру;
      3) оқу-өндірістік шеберханаларды, техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары зертханаларын жаңарту және қайта жабдықтау жөніндегі іс-шаралар кешенін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгілеген тәртіпте жүзеге асырады.
      5. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне тоқсан сайын, есептіден кейінгі айдың 5-күніне дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі белгілеген нысан бойынша физика, химия, биология кабинеттерінің оқу жабдықтарын мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың жасалуы және орындалуы туралы есептерді ұсынады.
      6. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларының және ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімдердің (бұдан әрі – келісімдер) негізінде облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттерді айдың алғашқы 5 жұмыс күнінде (қаңтар айының 25-күнінен кешіктірмей) аударуды жүргізеді.
      7. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы жартыжылдықтың және бір жылдың қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне келісімдерге сәйкес бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есеп береді.
      8. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне тікелей және түпкілікті нәтижелерге нақты қол жеткізу туралы жартыжылдықтың және жылдың қорытындылары бойынша есептілікті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгілеген мерзімде береді.