"Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасын іске асырудың кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 541 Қаулысы

Жаңартылған

      "Жеке кәсіпкерлік туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы  31 қаңтардағы Заңының 18-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасы шеңберінде жобаларды ұйымдастыру және іске асыру үшін мемлекеттік гранттар ұсыну қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасында (бұдан әрі – Бағдарлама):
      "Кіріспе" деген 2-бөлімде:
      алтыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "Осы кәсіпорынды сауықтыруға/дамытуға, жаңғыртуға бағытталған инвестициялық бағдарламасы бар жобаларды қоспағанда, ұйымдардың үлестерін, акцияларын, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды сатып алуға бағытталған қарыздарды субсидиялауға тыйым салынады.";
      "Міндеттері" деген 4.3-бөлімде:
      "Бірінші бағытта: жаңа бизнес бастамаларды қолдау:"
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "Бағдарламаны іске асырудың бірінші бағыты гранттар ұсыну бойынша мемлекеттік қолдау құралдарын қоспағанда, Мемлекеттік бағдарламаның басымдықтарына сәйкес жобаларды экономиканың шикізат емес секторларында іске асыру кезінде мемлекеттік қолдау көрсетуді көздейді.";
      төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "Гранттар ұсыну жөніндегі мемлекеттік қолдау құралдарын қоспағанда, Бағдарламаға 1-қосымшаға сәйкес (Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 683-од бұйрығымен бекітілген экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (бұдан әрі–ЭҚЖЖ) сәйкес) экономиканың басым секторларында инвестициялық жобаларды іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлайтын кәсіпкерлер Бағдарламаның бірінші бағытына қатысушысы бола алады.";
      "Пайыздық ставканы субсидиялау шарттарында":
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "Өтінім беруші жобаны іске асырудың жалпы құнының 10 %-ынан кем емес деңгейде өзінің ақша қаражатының жобаны іске асыруға қатысуын не жобаны іске асырудың жалпы құнының 20%-ынан кем емес деңгейде өзінің жылжымалы/жылжымайтын мүлкімен (оның ішінде қамтамасыз етуге ұсынылған үшінші тұлғалардың мүлкімен) жобаны іске асыруға қатысуын қамтамасыз етуі тиіс.";
      "Банктердің кредиттері бойынша кепілдіктер ұсыну шарттары" мынадай редакцияда жазылсын:
      "Кепілдіктер тек жаңа жобаларды іске асыру үшін берілетін кредиттер бойынша, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған іске асырылатын жобалар бойынша ғана беріледі.
      Кепілдік беру жүзеге асырылатын кредиттің (кредиттердің) сомасы бір қарыз алушы үшін 4,5 млрд. теңгеден аспауы тиіс.
      Кепілдік мөлшері кредит сомасының 50%-ынан жоғары болмауы тиіс. Ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін кепілдік мөлшері кредит сомасының 70%-ынан жоғары болмауы тиіс, бұл ретте кредиттің ең жоғары сомасы 20 млн. теңгеден аспауы тиіс.
      Кәсіпкерлер үшін кепілдіктер ақылы негізде ұсынылады.
      Айналым қаражатын қаржыландыру негізгі құралдарды сатып алуға және/немесе жаңғыртуға арналған кредит шеңберінде жүзеге асырылса, кепілдік беру айналым қаражатын толықтыруға берілетін кредиттер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін, бірақ кредит сомасының 30%-ынан аспайды. Сондай-ақ айналым қаражатын 100% толықтыруға бағытталған 60 млн. теңгеден аспайтын мөлшердегі кредитке кепілдік беруге рұқсат етіледі (жалақы, салықтық және өзге де міндетті төлемдер бойынша есеп айырысулар жүргізуді, кредиттерге, қарыздарға немесе лизинг шарттарына қызметтер көрсету бойынша ағымдағы төлемдерді төлеуді және Өтінім берушінің негізгі қызметін жүзеге асыруына байланыссыз өзге де мақсаттарды қоспағанда).
      Өтінім беруші жобаны іске асырудың жалпы құнының 10 %-ынан кем емес деңгейде өзінің ақша қаражатының жобаны іске асыруға қатысуын не жобаны іске асырудың жалпы құнының 20%-ынан кем емес деңгейде өзінің жылжымалы/жылжымайтын мүлкімен (оның ішінде қамтамасыз етуге ұсынылған үшінші тұлғалардың мүлкімен) жобаны іске асыруға қатысуын қамтамасыз етуі тиіс.
      Кепілдік беру жүзеге асырылатын кредиттер бойынша Банктердің сыйақы ставкасы 14%-дан жоғары бола алмайды. Кепілдік беру жүзеге асырылатын кредиттер бойынша Даму Банкі сыйақысының ставкасы 13%-дан жоғары бола алмайды. Бұл ретте, Банк және Даму Банкі:
      өтінім беруші бастама жасайтын кредит беру шарттарының өзгеруіне байланыстыларын;
      өтінім берушінің кредит бойынша міндеттемелерді бұзуы себебінен өндіріп алынатындарын қоспағанда, кредитпен байланысты комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге төлемдерді алмайды.";
      "Банктердің кредиттері бойынша кепілдіктер беру тетігі" мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Өтінім беруші банкке кредит алу үшін өтініммен жүгінеді.
      2. Банк дербес, банктің ішкі құжаттарында белгіленген рәсімге сәйкес жобаға кешенді сараптама жүргізеді және өтінім беруші ұсынған кепілді мүліктің бағасы туралы қорытындының негізінде өтінім берушіні қамтамасыз етудің кепілді құнына бағалау жүргізеді, одан кейін Қаржы агентінің ішінара кепілдігімен жобаны қаржыландыру немесе қаржыландырудан бас тарту туралы шешім қабылдайды. Банк жобаны қаржыландыру бойынша оң шешім қабылдаған жағдайда банк 5 (бес) жұмыс күні ішінде Қаржы агентіне кепілдік беру туралы шешім қабылдау үшін қажетті құжаттарды жібереді.
      3. Кепілдік беру туралы оң шешім қабылданған жағдайда Қаржы агенті банкке кепілдік беру мүмкіндігі туралы Қаржы агентінің оң шешімі бар хатты жібереді.
      4. Банк Қаржы агентінің оң шешімі бар хатты алғаннан кейін кепілдік берілетін қажетті соманың есебін көрсете отырып жасалатын кредит шарттары туралы тиісті хатты өтінім берушіге жібереді.
      5. Банктен хатты алғаннан кейін өтінім беруші банктің қажетті кепілдік мөлшерінің есебі көрсетілген хатын қоса отырып, Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісіне өтініш береді.
      6. Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісі жобаны ӨҮК қарауына шығарады.
      7. ӨҮК жобалардың Бағдарламаның өлшемдеріне сәйкестігін қарастырады және өңірлердің басымдықтарына сәйкес кепілдендіру мүмкіндігі (немесе мүмкін еместігі) туралы шешім қабылдайды. ӨҮК шешімі тиісті хаттамамен ресімделеді.
      8. Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісі ӨҮК хаттамасын Қаржы агентіне және тиісті банктерге жібереді, сондай-ақ өтінім берушіні жобаның ӨҮК-де қаралу нәтижелері туралы хабардар етеді.
      9. Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісінен кәсіпкердің кредитіне ішінара кепілдік берудің келісілгені туралы ӨҮК хаттамасын алғаннан кейін Қаржы агенті банкке алдын ала кепілдік хатын жібереді.
      10. Банк Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісінен ӨҮК хаттамасын және Қаржы агентінен алдын ала кепілдік хатын алғаннан кейін өтінім берушімен кредит шартын, кепілдік(тер) шартын(тарын) жасасады, көшірмесін Қаржы агентіне жібереді.
      11. Банк пен өтінім беруші арасында тиісті кредит шарты жасалғаннан кейін банк, Қаржы агенті және өтінім беруші кепілдік шартына қол қояды.
      12. Қаржы агенті өтінім берушінің жобасы бойынша кепілдікті ұсынғаннан кейін Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісі Қаржы агентіне ақы төлейді.";
      мынадай мазмұндағы кіші бөліммен толықтырылсын:
      "Ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді гранттық қаржыландыру:
      "Гранттар беру шарттары"
      Ісін жаңа бастаған жеке кәсіпкерлік субъектілеріне (бұдан әрі – Кәсіпкерлер) нысаналы гранттар бірегейлігімен және жаңалығымен ерекшеленетін жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін өтеусіз және қайтарымсыз негізде беріледі.
      Бір Кәсіпкер үшін ең жоғары Грант сомасы 3 000 000 (үш миллион) теңгеден аспайды.
      Гранттар түріндегі қолдау шараларын қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      Грант қаражатын мемлекет ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді іріктеу бойынша нысаналы гранттар ұсынуға арналған конкурс қорытындылары бойынша жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі – Үйлестіруші) арқылы ұсынады. Бұл ретте Кәсіпкерлердің (дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның құрылтайшысының (құрылтайшыларының) ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін "Бизнес-кеңесші" экспресс-курстарында қысқа мерзімді оқудан өтуі конкурсқа қатысу үшін міндетті шарт болып табылады.
      Конкурсты өткізу үшін Үйлестіруші гранттар беруге үміткер шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өтінімдерін іріктеу жөнінде конкурстық комиссия құрады және оның құрамын бекітеді. Конкурстық комиссия қызметінің негізгі қағидаттары Кәсіпкерлер үшін тең жағдайлар жасау, сондай-ақ оларға қойылатын талаптардың бірдей болуы, ұсынылатын құжаттардың жан-жақты зерттелуі мен толықтығы, қабылданатын шешімдердің объективтілігі болып табылады.
      Конкурстық комиссия конкурстық өтінімдерді қараған кезде Кәсіпкердің бизнес-жобасын бағалаудың мынадай өлшемдері негізінде ұсынымдар береді:
      бизнес-идеялардың жаңалығы мен бірегейлігі;
      бизнес-жобалардың бәсекеге қабілеттілігі (нарықтық қажеттілікті пысықтау – маркетингтік талдау);
      бизнес-жобаның қолданысқа енгізуге әзірлігі (өндірісті ұйымдастыру мәселесін пысықтау, Кәсіпкерді орналастыру, өткізу нарығы үшін үй-жайдың болуы, өндірісті іске қосу үшін жобаның әзірлік деңгейі).
      Бизнес-жобаны іске асыру шығыстарын ұсынылатын Грант көлемінің  20 пайызынан кем емес мөлшерде Кәсіпкердің қоса қаржыландыруы оның міндетті шарттары болып табылады.
      Кәсіпкерлер грант қаражатын мынадай мақсаттарға пайдалануы тиіс:
      негізгі құралдар мен материалдарды сатып алу;
      материалдық емес активтерді сатып алу;
      технологияларды сатып алу;
      франшиза құқығын сатып алу;
      зерттеу жұмыстарына, жаңа технологиялардың енгізілуіне байланысты шығыстар.
      Грант қаражатын жылжымайтын мүлікті, жер учаскесін сатып алуға және жалдау ақысы ретінде пайдалануға болмайды.
      "Гранттар ұсыну тетігі":
      1. Кәсіпкер Конкурстық комиссияның жұмыс органына конкурсқа қатысуға өтінім береді.
      2. Конкурстық комиссияның жұмыс органы кәсіпкерден өтінімді алғаннан кейін:
      ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруді;
      ұсыныстар, Конкурстық комиссияның күн тәртібін қалыптастыруды, Конкурстық комиссияның отырысы өткізілетін күнін, уақыты мен орнын айқындауды жүзеге асырады, бұл туралы Конкурстық комиссияның барлық мүшелерін хабардар етеді.
      3. Конкурстық комиссияның жұмыс органы барлық құжаттар мен ақпаратты алған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде оны Конкурстық комиссияның қарауына шығарады.
      4. Конкурстық комиссия конкурстық өтінімдерді қарау кезінде Кәсіпкердің бизнес-жобасын бағалаудың мынадай өлшемдерінің негізінде ұсынымдар береді:
      бизнес-жобалардың бәсекеге қабілеттілігі (нарықтық қажеттілікті пысықтау – маркетингтік талдау);
      бизнес-жобаның қолданысқа енгізуге әзірлігі (өндірісті ұйымдастыру мәселесін пысықтау, Кәсіпкерді орналастыру, өткізу нарығы үшін үй-жайдың болуы, өндірісті іске қосу үшін жобаның әзірлік деңгейі).
      бизнес-идеяның жаңалығы.
      5. Кәсіпкерге грант беру/бермеу туралы ұсынымдар грантты беру/бермеу мүмкіндігінің себептері көрсетіле отырып, Конкурстық комиссияның хаттамасымен ресімделеді.
      6. Өткізілген конкурстың нәтижелері бойынша Конкурстық комиссияның жұмыс органы 5 (бес) жұмыс күні ішінде Конкурстық комиссияның хаттамасын ӨҮК-нің қарауына жібереді.
      7. Өткізілген отырыстың шеңберінде ӨҮК мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:
      грант қаражатын беру/бермеу бойынша Конкурстық комиссияның ұсынымдарын қарау:
      Кәсіпкердің бизнес-жобасы мен ұсынылған құжаттарды ӨҮК мүшелерінің арасында талқылау;
      талқылау нәтижелері бойынша Кәсіпкерлердің бизнес-жобаларын іріктейді және грант беру мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды, ол ӨҮК отырысы өткізілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде хаттамамен ресімделеді. Бұл ретте хаттамада жекелеген бизнес-жобалардан бас тарту себептері міндетті түрде көрсетілуі тиіс.
      8. Жергілікті деңгейдегі бағдарламаның үйлестірушісі ӨҮК хаттамасы ресімделген сәттен бастап:
      Кәсіпкерге ӨҮК-нің шешімі туралы хабарламаны;
      Кәсіпкермен грант беру туралы Шарт жасасуға байланысты дайындық іс-шараларын жүргізу үшін мақұлданған/мақұлданбаған бизнес-жобалар бойынша ӨҮК хаттамасын Кәсіпкермен Грант ұсыну бойынша шарт жасасу үшін Конкурстық комиссияның мүшелері мен Қаржы агентіне жібереді.";
      "Міндеттер" деген 4.3-бөлім:
      мынадай мазмұндағы кіші бөліммен толықтырылсын:
      "Бизнес-Насихат:
      "Бизнес-Насихат" құрамдауышы Бағдарламаны тиімді іске асыру, сондай-ақ кәсіпкерлік идеясын танымал ету мақсатында мемлекеттік қолдау шараларын халықтың қалың тобына түсіндіруге бағытталған шағын және орта бизнеске (бұдан әрі – ШОБ) мемлекеттік қолдау көрсетуді көздейді.
      "Бизнес-Насихат" құрамдауышы шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мыналарды білдіреді:
      Бағдарлама бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу;
      Бағдарлама шеңберінде кәсіпкерліктің сәтті үлгілері мен сәтті жобаларын танымал ету;
      кәсіпкерлік саласындағы заңнаманы және реттеуді түсіндіру;
      кәсіпкерлік идеяларын насихаттау;
      "Бизнес-Насихат" құрамдауышын қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын болады.
      Бағдарлама бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу:
      бұқаралық ақпарат құралдарында (бұдан әрі – БАҚ) мемлекеттік қолдау шараларын жария етуді;
      мемлекеттік қолдау шараларының шарттары мен тетіктері бойынша баспа өнімін әзірлеуді және тираждауды;
      ақпараттық іс-шаралар (форумдар, конференциялар, сессиялар, семинарлар, кеңестер және т.б.) өткізуді;
      материалдардың ақпараттық-талдамалық кешенін дайындауды (баспасөз-кит);
      кәсіпкерлікті қолдау бойынша өткізілген іс-шаралардың фотогалереясын дайындауды;
      өңірлік және республикалық БАҚ-та ақпараттық (схемалар мен суреттер) дайындауды және орналастыруды;
      кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау көрсету шарттарын түсіндіру үшін Оператордың Сall-орталығының қызметін ұйымдастыруды;
      Оператордың бизнес-порталының жұмысын қамтамасыз етуді;
      ағымдағы жағдайға кешенді жалпы республикалық талдау мен өңірлік және салалық бөліністерде ШОБ-тың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер серпінін, жеке-жеке Қазақстанның әрбір өңірінің ШОБ секторының шолуын, ШОБ субъектілерін қаржылық және қаржылық емес қолдаудың қолданыстағы инфрақұрылымы бойынша өзекті ақпаратты көрсететін Қазақстандағы және оның өңірлеріндегі ШОБ дамуының жай-күйі туралы жыл сайын жасалатын есепті қоса алғанда, ШОБ секторы бойынша үнемі есептер әзірлеуді;
      ШОБ-ты дамыту, микроқаржы секторы, республикалық және өңірлік деңгейдегі макро- және микроэкономикалық үдерістер туралы, сондай-ақ кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру нәтижелері туралы өзекті статистикалық ақпарат беру жөніндегі интерактивті ақпараттық-талдау жүйесінің жұмысын қамтамасыз етуді көздейді.
      Бағдарлама шеңберінде кәсіпкерліктің сәтті үлгілері мен сәтті жобаларды танымал ету:
      іске асырылған жобалардың сәтті үлгілері бойынша баспасөз-турларын ұйымдастыру;
      Бағдарламаға қатысушылар туралы әңгімелер ("Жетістіктер тарихтары") әзірлеу және БАҚ-та орналастыру;
      өңірлік және республикалық телеарналарда "Арнайы репортаж" жанрында хабарлар циклін әзірлеу және шығару;
      БАҚ өкілдері арасында Бағдарлама туралы немесе жалпы Кәсіпкерлік туралы үздік материалға арналған конкурс өткізу арқылы іске асырылатын болады.
      Кәсіпкерлік саласындағы заңнаманы және реттеуді түсіндіру:
      кәсіпкерлік саласындағы заңнама және реттеу мәселелеріне маманданған ұйымдарды тарта отырып, кәсіпкерлер үшін кәсіпкерлік қызметтің негіздері бойынша ақпараттық-талдамалық анықтамалықтар мен оқу-әдістемелік құралдарын тираждауды және таратуды;
      жаднамалар, түсіндіру сипатындағы материалдар әзірлеуді;
      телевизияда арнайы хабарлар шығаруды немесе оларға қатысуды көздейді.
      Кәсіпкерлік идеяларын насихаттау:
      сарапшылардың, кәсіпкерлердің, қоғам қайраткерлерінің, шетелдік мамандардың қатысуымен телехабарлар серияларын ұйымдастыруды;
      "Жылдың үздік кәсіпкері" конкурсын ұйымдастыруды және өткізуді;
      жастар жобаларының көрмелерін ұйымдастыруды және өткізуді;
      жалпы білім беретін және оқу орындарында "Жас бизнесмен мектептерін" ұйымдастыруды;
      ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін ашық лекциялар, мастер-кластар өткізуді;
      Оператордың қолданыстағы Бизнес-порталының базасында "Жас іскер" жастар кәсіпкерлігіне арналған бөлім шығаруды;
      жас/жұмысын жаңа бастаған кәсіпкерлерге жетекшілік жасауға даяр бизнес-тәлімгерлерді тарту үшін вэб-алаңдар құруды;
      іскер баспа басылымдарында кәсіпкерлік бойынша айдарлар ұйымдастыруды;
      арнайы журнал шығаруды;
      әлеуметтік желілерде қоғамдастықтар, форумдарда тармақтар, интернет-блоктар, сайттарда-бейне-хостингтерде кәсіпкерлікке арналған арналар құруды және жүргізуді көздейді.
      "Төртінші бағыт: Кәсіпкердің әлеуетін күшейту" деген кіші бөлімде:
      сегізінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "Құжаттардың стандартты пакеттері кәсіпекерлерге "Бизнес-кеңесші" жобасының шеңберінде оқыту барысында да, сол сияқты кәсіпкерлердің сұрауы бойынша жекелеген негізде де қағаз және/немесе электронды тасығыштарда ұсынылатын болады.";
      "Бизнес-Насихат" құрамдауышын іске асыру тетігі
      1. Оператор және Жұмыс органы "Бизнес-Насихат" құрамдауышы бойынша қызмет көрсетуге арналған шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасады.
      2. Шарттың негізінде Оператор Жұмыс органына егжей-тегжейлі жұмыс жоспарын ұсынады.
      3. Оператор "Бизнес-Насихат" құрамдауышын іске асыру мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келетін талаптарды ескере отырып, қызметтер тізбесін қалыптастырады және тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу қағидалдарына сәйкес "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының және меншік немесе сенімді басқару құқығында тікелей немесе жанама түрде "Самұрық-Қазына" АҚ-на тиесілі акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызын иеленетін ұйымдардың қызметтерді көрсетушілерін айқындайды.
      4. Оператор әрбір қызмет түрі бойынша бекітілген техникалық ерекшелікке сәйкес мамандандырылған қызметтер көрсетуге арналған қызметтерге қызметтерді көрсетушілермен Шарт жасасады.
      5. Қызметтерді көрсетуші шартта бекітілген қызметтер құнына сәйкес Операторға қызметтер ұсынады. Айыппұлдарды, өсімпұлдарды және басқаларын қоса алғанда, қызметтерді толығынан және сапалы көрсету жауапкершілігі қызметтерді көрсетушіге жүктеледі.
      6. Қызметтерді көрсетушінің қызметтеріне ақы төлеуі қызметтердің тиісті көлемде тиісінше сапада көрсетілгені расталғаннан кейін жүзеге асырылады.
      7. Ұсынылатын қызметтер сапасының мониторингін Оператор жүргізеді.
      8. Оператор Жұмыс жоспарын іске асырудың барысы туралы Жұмыс органын тұрақты негізде хабардар етеді.";
      "Іскер байланыстар" деген жобада:
      сегізінші және тоғызыншы бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
      "Аға Сеньорлар" құрамдауышын іске асыру Жобаның бірінші кезеңіндегі бизнес-тренингтер өткізу үдерісінде де, сол сияқты Бағдарламаға қатысушыларға кәсіпорындарда басқарудың жаңа әдістерін, өндіріс технологияларын және жабдықты тікелей енгізу бойынша да консультациялар беру үшін табысты жұмыс тәжірибесі бар шетелдік мамандарды тартуға бағдарланған.
      "Аға Сеньорлар" құрамдауышын Қазақстан аумағында сүйемелдеуді білім беру мекемесі жүзеге асыратын болады.".
      "Іскер байланыстар" Жобасын іске асыру шарттары мынадай мазмұндағы сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші бөліктермен толықтырылсын:
      "Аға Сеньорлар" құрамдауышын іске асыру шарттары
      Бағдарламаға 1-қосымшаға сәйкес бағдарламаның қатысушылары, сондай-ақ экономиканың басым секторларында қызметін жүзеге асыратын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері Бағдарламаға қатысушы бола алады.
      "Аға Сеньорлар" құрамдауышы бойынша шетел сарапшыларын тарту шығыстарын төлеу республикалық бюджет қаражаты және байланысты және байланысты емес гранттар есебінен жүзеге асырылады.
      Шетелдік сарапшылардың ұшып келіп-кету шығыстарына ақы төлеу және қызметтеріне ақы төлеу республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын болады. Көлік және тәуліктік шығыстар, сондай-ақ Қазақстан аумағында тұру кәсіпкердің өз қаражаты есебінен жүзеге асырылатын болады.";
      "Іскер байланыстар" жобасының екінші кезеңін іске асыру тетігі мынадай мазмұндағы жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші және он төртінші бөліктермен толықтырылсын:
      "Аға Сеньорлар" құрамдауышын іске асыру тетігі
      1. Оператор Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісімен бірге Бағдарламаның қатысушылары мен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін "Аға сеньорлар" құрамдауышын іске асыру шарттары туралы тікелей және/немесе бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар етеді.
      2. Өтінім беруші Операторға белгіленген нысанда шетелдік мамандарды тартуға өтінім береді.
      3. Оператор өтінімдерді қарайды және іріктеу жүргізеді. Іріктелген өтінімдерден Оператор жиынтық өтінімді қалыптастырады және Жұмыс органына келісуге жібереді.
      4. Жұмыс органы қатысушылардың келісілген тізімін шетелдік мамандарды тарту бойынша ұйымдық іс-шараларды жүзеге асыру үшін білім беру мекемесіне жібереді.
      5. Білім беру мекемесі Халықаралық және шетелдік ұйымдармен бірлесе отырып, шетелдік мамандарды тартуды қамтамасыз етеді.
      6. Оператор "Аға сеньорлар" құрамдауышын іске асыру мониторингін жүзеге асырады.
      7. Білім беру мекемесі шетелдік мамандардың жұмыс нәтижелерін қамтитын атқарылған жұмыс туралы есепті ай сайын Операторға ұсынады.";
      мынадай мазмұндағы кіші бөліммен толықтырылсын:
      "Екінші деңгейдегі банктер мен әкімдіктердің қызметкерлерін оқыту"
      "Екінші деңгейдегі банктер мен әкімдіктердің қызметкерлерін оқыту" құрамдауышы Бағдарламаны іске асыру шарттарын түсіндіруге және жобаларды қаржылық талдаудың тәжірибелік дағдыларын әзірлеуге бағытталған.
      Оқыту Астана және Алматы қалаларында теориялық сабақтарды, топтық жұмыс пен талқылауларды, сондай-ақ тренингтің жалпы ұзақтығының жартысынан көбін құрайтын практикалық сабақтарды қамтитын мамандандырылған тренингтер түрінде жүргізілетін болады. Барлық тренингтер қағаз және электронды тасығыштарда таратылатын теориялық және практикалық материалдармен сүйемелденіп отырады.
      Оқыту бағдарламасы қатысушылардың екі санатына бағытталған: екінші деңгейдегі банктердің қызметкерлері үшін қарыз алушылардың төлем қабілеттілігін бағалау, бизнес-жоспарларды талдау бойынша курстар, сондай-ақ жобаларды талдау, Бағдарламаны іске асыру шарттары мен рәсімдері бойынша кейстер және т.б. көзделген. Әкімдіктердің қызметкерлері үшін курстар да Бағдарламаны іске асыру рәсімдерін зерделеуді болжайды.
      "Екінші деңгейдегі банктер мен әкімдіктердің қызметкерлерін оқыту" құрамдауышын іске асыру шарттары
      Бағдарламаны іске асырумен тікелей айналысатын екінші деңгейдегі банктер мен әкімдіктердің қызметкерлері оқуға қатысушылар бола алады.
      Оқуға қатысушылар келу және кету, сондай-ақ тұру ақысын өздері төлейді.
      Қатысушыларды оқыту шығыстарын төлеу республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын болады.
      "Екінші деңгейдегі банктер мен әкімдіктердің қызметкерлерін оқыту" құрамдауышын іске асыру тетігі
      1. Оператор тікелей екінші деңгейдегі банктер мен әкімдіктерді оқытуды жүргізудің басталғаны туралы хабардар етеді.
      2. Екінші деңгейдегі банктер мен әкімдіктер Операторға белгіленген нысанда қызметкерлердің тізімдерін ұсынады.
      3. Оператор оқуға қатысушылардың жиынтық тізімін жасайды және Жұмыс органына келісуге жібереді.
      4. Жұмыс органы оқуға қатысушылардың келісілген тізімін оқыту ұйымына жібереді.
      5. Оқытатын ұйым оқыту бағдарламасын әзірлейді және кестесін жасайды, оларды Оператормен келіседі және Жұмыс органына бекітуге жібереді.
      6. Жұмыс органы оқыту бағдарламасы мен кестесін бекіткеннен кейін Оқыту ұйымы тренинг ұйымдастырады.
      7. Тренингті өткізу басталғанға дейін Оқыту ұйымы білім деңгейі мен дағдыларын айқындау мәніне қатысушыларға тестілеу жүргізеді.
      8. Тренинг аяқталған соң қатысушы тестілеуден өтеді, оның қорытындылары бойынша сертификат тапсырылады.
      9. Тренингтер өткізу сапасының мониторингін Оператор жүзеге асырады.
      Тренингтер аяқталғаннан кейін Оқыту ұйымы Операторға қатысушыларды тестілеу нәтижелері қамтылған атқарылған жұмыс туралы есепті береді.";
      Бағдарламаға 1-қосымша мынадай мазмұндағы ЭҚЖЖ қодтарымен толықтырылсын:
      "45.2 Көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу";
      "53 Почта және курьер қызметі";
      "59.14 Кинофильмдер көрсету қызметі";
      "69.2 Бухгалтерлік есеп және аудит саласындағы қызмет; салық салу жөніндегі консультациялар";
      "74 Өзге де кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет";
      "81 Ғимараттар мен аумақтарға қызмет көрсету саласындағы қызмет";
      "93 Спорт саласындағы қызмет";
      "95 Компьютерлерді, жеке тұтыну заттарын және тұрмыстық тауарларды жөндеу";
      "96.01 Тоқыма бұйымдары мен үлбір бұйымдарын жуу және тазалау (химиялық)".
      "Бағдарламаның өлшемдері" деген 2-қосымшада:
      1-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) кәсіпорын кредитін нысаналы тағайындау гранттар ұсыну жөніндегі мемлекеттік қолдау құралдарын қоспағанда, Бағдарламаға 1-қосымшаға сәйкес (экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (бұдан әрі - ЭҚЖЖ) сәйкес) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 683-од бұйрығымен бекітілген экономиканың басым секторларына сәйкес келуі тиіс;";
      6) тармақша алынып тасталсын;
      2) "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасының "Жаңа бизнес бастамаларды қолдау" бірінші бағыты шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктердің кредиттері және өзге де мемлекеттік қолдау шаралары бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау ережесінде:
      "Субсидиялар беру шарттары" деген 3-бөлімде:
      8-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Металлургия өнеркәсібінде жұмыс істейтін, минералды шикізатты қайта өңдеумен айналысатын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1514 қаулысына сәйкес мониторингтеуге жататын Ірі салық төлеушілер тізбесіне енгізілген кәсіпкерлер;";
      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "15. Өтінім беруші жобаны іске асырудың жалпы құнының 10 %-ынан кем емес деңгейде өзінің ақша қаражатының жобаны іске асыруға қатысуын не жобаны іске асырудың жалпы құнының 20%-ынан кем емес деңгейде өзінің жылжымалы/жылжымайтын мүлкімен (оның ішінде қамтамасыз етуге ұсынылған үшінші тұлғалардың мүлкімен) жобаны іске асыруға қатысуын қамтамасыз етуі тиіс.";
      Көрсетілген қаулымен бекітілген "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасының "Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау" бірінші бағыты шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктердің кредиттері бойынша кепілдік беру ережесі осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      қаулыға 2-қосымшада:
      "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасының "Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау" бірінші бағытын іске асыру шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктердің кредиттеріне кепілдік беру жөніндегі ынтымақтастық туралы үлгі келісім осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 28 сәуірдегі
№ 541 қаулысымен 
бекітілген     

"Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасы шеңберінде жобаларды
ұйымдастыру және іске асыру үшін мемлекеттік гранттар ұсыну
қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасы шеңберінде жобаларды ұйымдастыру және іске асыру үшін мемлекеттік гранттар ұсыну  қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Жеке кәсіпкерлік туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленген және жеке кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар ұсыну шарттары мен тетігін айқындайды.
      2. Жеке кәсіпкерліктің ісін жаңа бастаған субъектілеріне мемлекеттік гранттар ұсыну (меншікті бизнесін құруға) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) шеңберінде жүзеге асырылады.
      3. Жеке кәсіпкерліктің ісін жаңа бастаған субъектілеріне, жас кәсіпкерлерге, әйелдер мен мүгедектерге (бұдан әрі – Кәсіпкерлер) мемлекеттік гранттар, бөлінген грантты мақсатсыз пайдалану жағдайларын қоспағанда, Бағдарламаға 1-қосымшаға сәйкес экономиканың басым секторларында жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін өтеусіз және қайтарусыз негізде бөлінеді.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 N 1596 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      4. Гранттарды мемлекет Кәсіпкерлер (дара кәсіпкер немесе заңды тұлғаның құрылтайшысы (құрылтайшылары) ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге арналған "Бизнес кеңесші" жедел-курстарынан қысқа мерзімді оқытудан өткеннен кейін Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісі арқылы ұсынады.
      5. Гранттарды ұсыну мақсаты Бағдарламаға 1-қосымшаға сәйкес экономиканың басым секторларында жаңа бизнес-идеяларды іске асыруды жоспарлап отырған жеке кәсіпкерлерді қолдау болып табылады.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 N 1596 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      6. Қаржы агентінің қызметтерін Уәкілетті орган 016 "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасының шеңберінде көрсетілетін Қаржы агентінің қызметтерін төлеу" республикалық бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен төлейді.
      7. Гранттар ұсыну үшін қарастырылған қаражатты Уәкілетті орган Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісіне жергілікті бюджетке бағытталған нысаналы трансферт қаражаты есебінен аударады.
      8. Гранттар нысанындағы қолдау шараларын қаржыландыру 117 "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлікті қолдауға облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалалары бюджеттеріне нысаналы ағымдағы трансферттер" республикалық бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

2. Терминдер мен анықтамалар

      Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

Жеке кәсіпкерліктің ісін жаңа бастаған субъектісі

мемлекеттік қолдау сұраған сәтте дара кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелу мерзімі бір күнтізбелік жылдан аз уақытты құрайтын, кәсіпкерлік қызметпен байланысты кредиттік тарихы жоқ жеке кәсіпкерлік субъектісі.

Инновация

жеке және (немесе) заңды тұлғалардың экономикалық тиімділікті арттыру мақсатында экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді ескере отырып, жаңа немесе жетілдірілген өндірістер, технологиялар, тауарлар, жұмыстар мен қызметтер, техникалық, өндірістік, әкімшілік, коммерциялық сипаттағы ұйымдастыру шешімдері, сондай-ақ өзге де қоғамдық пайдалы нәтижелер түрінде іс жүзінде іске асырылатын қызметінің нәтижесі.

Жаңа бизнес-идея

Осындай жобаларды іске асыру кезінде бұрын пайдаланылмаған материалдар, технологиялар мен әдістерді қолданумен тауарларды шығаруды, қызметтер көрсетуді, жұмыстарды орындауды көздейтін, нақты жобаны жүзеге асыруға бағытталған жеке кәсіпкерліктің ісін жаңа бастаған субъектілерінің кәсіпкерлік бастамасы.
Жаңа бизнес-идеяларға, сондай-ақ бұрын нақты әкімшілік-аумақтық бірлікте іске асырылмаған тауарлар шығаруды, қызметтер көрсетуді, жұмыстар орындауды көздейтін жаңа жобалар да жатады.

Грант ұсыну туралы шарт

Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісі, Қаржы агенті және жеке кәсіпкерліктің ісін жаңа бастаған субъектісі арасында жасалатын, осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша үш жақты жазбаша келісім, оның шарттары бойынша Кәсіпкерге нысаналы Грант ұсынылады.

Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісі

Облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы.

Уәкілетті орган

"Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі" мемлекеттік мекемесі.

Жұмыс органы

"Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту комитеті" мемлекеттік мекемесі.

Конкурстық комиссия

Жергілікті атқарушы органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, ғылыми-оқыту мекемелерінің, салалық сарапшылардың, өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының, Қаржы агентінің өкілдері қатысатын алқалық-кеңесші орган.
Жергілікті арқарушы органдар мен Қаржы агентінің өкілдері Конкурстық комиссияның төрағасы бола алмайды.

Өнірлік үйлестіру кеңесі (бұдан былай - ӨҮК)

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері басқаратын, жергілікті атқарушы органдардың, Лизингтік компаниялар/Банктер/Даму Банкі, бизнес-қоғамдастық және тәуелсіз сарапшылар қатысатын консультативтік-кеңесші орган.

Қаржы агенті

"жалғыз терезе" қағидаты бойынша Бағдарлама шеңберінде Кәсіпкерлерге мемлекеттік қаржылық қолдау көрсету үшін тартылатын "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы.

Бизнес-жоба

Кәсіпкердің сипаттау, есеп-айырысулар, болжамдар нысанында орындалған, меншікті бизнес жасау (тауарлар өндіру, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету) мүмкіндігін ашатын жоспары.

3. "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасы шеңберінде
жобаларды ұйымдастыру және іске асыру үшін мемлекеттік
гранттар ұсыну тәртібі

Гранттарды ұсыну тәртібі

      9. Бағдарламаға 1-қосымшаға сәйкес экономиканың басым секторлары шеңберінде қызметін жүзеге асыратын, осы Қағидалардың 17-тармағына сәйкес конкурстық іріктеуге құжаттарды толық көлемде ұсынған кәсіпкерлер гранттар ұсынуға арналған конкурстық іріктеудің қатысушылары бола алады.
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 N 1596 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      9-1. 2012 жылғы 27 қаңтардан бастап жеке кәсіпкерліктің ісін жаңа бастаған субъектілері болған және өз өтінімдерін Конкурстық комиссияның Жұмыс органына 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін ұсынған Кәсіпкерлер де гранттар ұсынуға арналған конкурстық іріктеудің қатысушылары бола алады.
      Ескерту. 3-бөлім 9-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 17.05.2013 N 498 қаулысымен.
      10. Әрбір Кәсіпкер бір Бизнес-жоспар бойынша гранттар ұсыну мақсатында конкурстық іріктеудің қатысушысы бола алады.
      Бизнес-жобаның міндетті шарттары кәсіпкердің іске асыру шығыстарын ұсынылатын Грант көлемінің кемінде 10 (он) %-ы мөлшерінде, оның ішінде жеке мүлкімен қоса қаржыландыруы болып табылады.
      Кәсіпкер Грант қаражатын мынадай мақсаттарға пайдалана алады:
      1) негізгі құралдар мен материалдарды сатып алу;
      2) материалдық емес активтерді сатып алу;
      3) технологияларды сатып алу;
      4) франшизге құқықтарды сатып алу;
      5) зерттеу жұмыстарымен және/немесе жаңа технологияларды енгізумен байланысты шығындар.
      Грант қаражаты жылжымайтын мүлік, жер учаскесі және жалға алу үшін төлем ретінде пайдаланылмайды.
      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 N 1596 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      11. Бір Кәсіпкер үшін Гранттың ең жоғары сомасы 3 000 000 (үш миллион) теңгеден аса алмайды.
      Қайта құрылған заңды тұлғаның құрылтайшылары басымды мақсаттық топқа қосылған бірнеше жеке тұлғалар болған жағдайда, көрсетілген заңды тұлғаға Грант сомасы көрсетілген құрылтайшылар санының 3 000 000 (үш миллион) теңгеге көбейтіндісіне тең сомадан аспауы тиіс.
      12. Гранттар мына:
      қайта ұйымдастыру, тарату немесе банкроттық сатысындағы, сондай-ақ қызметі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен уақытша тоқтатылған;
      салықтар мен мемлекеттік бюджетке басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегі бар;
      қызметінің негізгі түрі жылжымайтын мүлікті жалға ұсыну болып табылатын Кәсіпкерлерге берілмейді.
      13. Конкурстық комиссия қызметінің негізгі қағидаттары Кәсіпкерлер үшін тең жағдайлар жасау, сондай-ақ оларға қойылатын талаптар бірлігі, ұсынылатын құжаттарды зерттеудің жан-жақтылығы мен толықтығы, қабылданатын шешімдердің объективтілігі болып табылады.
      14. Конкурстық комиссия төрағадан, төраға орынбасарынан және Конкурстық комиссия мүшелерінен тұрады. Конкурстық комиссия құрамы атқарушы билік органдары, қоғамдық бірлестіктер, салалық сарапшылар, ғылыми-білім беру мекемелері, өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары, Қаржы агенті өкілдерінің міндетті түрде қатысуымен қалыптасады.
      Жергілікті атқарушы органдар мен Қаржы агентінің өкілдері Конкурстық комиссияның төрағасы бола алмайды.
      Конкурстық комиссияның хатшысы Конкурстық комиссия отырысын ұйымдастыруды жүзеге асырады, атап айтқанда: төрағамен келісе отырып, отырыстардың өткізілетін орнын, күні мен уақытын анықтайды, болатын отырыс туралы Конкурстық комиссия мүшелеріне хабарлайды, отырыс өткізу үшін қажетті материалдарды оның мүшелерінің назарына жеткізеді.
      Конкурстық комиссия хатшысы оның құрамына кірмейді және оның шешім қабылдау үшін дауыс беру құқығы болмайды.
      Конкурстық комиссияның отырысы егер оған Конкурстық комиссия мүшелерінің жартысынан көбі қатысқан жағдайда заңды болып есептеледі.
      Конкурстық комиссия шешімі отырысқа қатысып отырған Конкурстық комиссия мүшелерінің жартысынан көбі дауыс берген жағдайда қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда Конкурстық комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
      15. Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісі Конкурстық комиссияның жұмыс органы болып табылады, ол:
      осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес облыстық өңірлік апта сайынғы баспа басылымында мемлекеттік гранттар (меншікті бизнес құруға) ұсыну үшін Кәсіпкерлердің конкурстық іріктеуінің басталғандығы туралы хабарландыруды жариялауды жүзеге асырады;
      мерзімді негізде Бағдарламаны іске асырудың бүкіл кезеңінде өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары арқылы кәсіпкерлерге Гранттар түрінде мемлекеттік қолдау ұсыну барысының жария етілуін қамтамасыз етеді;
      Кәсіпкерлерге Конкурсқа қатысу мәселелері және оны өткізуге қатысты мәселелер, Гранттарды ұсыну шарттары мен тәртібі бойынша консультация береді;
      Кәсіпкерлерден Конкурсқа қатысуға өтінімдер және Қағидаларға сәйкес оларға қосыла берілетін құжаттарды қабылдайды;
      конкурсты ұйымдастырады және өткізеді;
      Кәсіпкерлерге Гранттың ұсынылуы немесе Грантты ұсынудан бас тартылуы туралы хабарлайды.
      16. Конкурсқа қатысу үшін Кәсіпкер конкурстың өткізілетіндігі туралы хабарландыруда көрсетілген мекенжай бойынша өзі, пошта арқылы немесе өзінің уәкілетті өкілі арқылы бекітілген нысан бойынша конкурстық өтінімді ұсынады, оған басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлға қол қояды және Кәсіпкер мөрімен бекітіледі.
      Конкурсқа қатысу үшін Кәсіпкер тек қана бір өтінім тапсыруға құқылы.
      Өтінімдерді қабылдау мерзімдері мен орны конкурстың өткізілетіндігі туралы хабарландыруда көрсетіледі.
      17. Гранттар алуға үміткер кәсіпкерлер Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісіне жүгінеді және келесі құжаттарды ұсынады:
      1) Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Гранттарды ұсыну бойынша конкурстық іріктеуге қатысу туралы өтінім, ол Бағдарлама әкімшісінің веб-порталына орналастырылатын болады;
      2) заңды тұлғаны (дара кәсіпкерді) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
      3) салық органында есепке қою туралы куәліктің (хабарламаның) көшірмесі;
      4) салықтар, алымдар мен салымдар бойынша бюджетпен есептесулер жағдайы туралы анықтама;
      5) басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен бекітілген, өтінімді тапсыру сәтіндегі жалдамалы жұмысшылардың орташа саны туралы анықтама;
      6) бизнес-жоба;
      7) Кәсіпкердің "Бизнес кеңесші" жедел курстарында қысқа мерзімді оқытудан өткендігін растайтын құжаттың көшірмесі;
      8) заңды тұлғалар үшін Жарғының көшірмесі (болған жағдайда);
      9) қызмет түріне лицензия көшірмесі (қажет болған жағдайда);
      10) Кәсіпкер атынан өтінімді тапсыру құқығына сенімхат, сенімді тұлға төлқұжатының көшірмесі (заңды тұлға атынан – заңды тұлға бекіткен).
      18. Өтінімдерді қабылдау конкурстың өтетіндігі туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде тоқтатылады. Мерзімінде келіп түскен әрбір өтінімге нөмір беріліп, құжаттардың тапсырылған күні мен уақыты көрсетіле отырып, өтінімдерді қабылдау журналында тіркеледі. Әрбір өтінімде күні мен уақыты көрсетіле отырып, қабылданғандығы туралы белгі қойылады, бұдан басқа:
      1) оларды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін келіп түскен өтінімдер қабылданбайды.
      2) Конкурстық комиссия қарауына ұсынылған құжаттар қайтарылмайды.
      19. Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісі Кәсіпкерден өтінімді алғаннан кейін өтініммен бірге ұсынылатын міндетті құжаттардың толықтығын тексеруді жүзеге асырады, құжаттар пакеті толық ұсынылмаған жағдайда, Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісі толықтыруға арналған жетпейтін құжаттарды көрсете отырып, Кәсіпкердің ұсынылған құжаттарын қабылдаудан бас тартуға құқылы.
      20. Конкурс айына кемінде бір рет өткізіледі.

Конкурстық өтінімдерді қарау

      21. Кәсіпкер Конкурстық комиссияның Жұмыс органына жүгініп, конкурсқа қатысу туралы өтінімін ұсынады.
      22. Конкурстық комиссияның жұмыс органы Кәсіпкерден өтінімдерді алғаннан кейін мыналарды жүзеге асырады:
      1) ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру;
      2) ұсыныстарды, күн тәртібін қалыптастыру, Конкурстық комиссияның отырысын өткізу күнін, уақыты мен орнын белгілеу, бұл туралы өтінімдерін қарау жоспарланып отырған Конкурстық комиссияның барлық мүшелері мен Кәсіпкерлерге хабарлайды.
      23. Конкурстық комиссияның жұмыс органы барлық құжаттар мен ақпарат алынған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Кәсіпкердің материалдарын Конкурстық комиссия қарауына ұсынады.
      24. Кәсіпкер Конкурстық комиссия отырысында өзінің бизнес-жобасын таныстырады.
      25. Конкурстық комиссия Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Қағидаларға сәйкес Конкурсты өткізу кезінде мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) конкурстық іріктеуге қатысушылардың Бизнес-жобаларын қарайды;
      2) Гранттар ұсыну немесе оларды ұсынудан бас тарту туралы ұсынымдар береді.
      Кәсіпкерлерді іріктеу кезіндегі Конкурстық комиссия мүшелерінің дербес дауыс беруі бойынша ақпарат жария етуге жатпайды.
      Конкурстық комиссия Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісі арқылы уәкілетті мемлекеттік органдардың ұсынылған конкурстық құжаттама бойынша салалық құзыреттік қорытындыларын алуға құқылы.
      Конкурстық комиссия өтінімдерді зерделеу кезінде Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісі арқылы тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардан, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардан өтінімде көрсетілген мәліметтердің шындыққа сәйкестігі туралы ақпарат сұрауға құқылы.
      26. Конкурстық комиссия конкурстық өтінімдерді қарау кезінде Кәсіпкердің бизнес-жобасын бағалаудың келесі критерийлері негізінде ұсынымдар береді:
      1) бизнес-жобаның бәсекеге қабілеттілігі (нарықтық қажеттілікті пысықтау – маркетингтік талдау);
      2) бизнес-жобаны енгізуге дайындығы (өндірісті ұйымдастыру мәселесін пысықтау, Кәсіпкерді орналастыру үшін орынжайдың, өткізу нарығының болуы, жобаның өндірісті іске қосу үшін дайындық деңгейі);
      3) бизнес идеялардың жаңашылдығы.
      27. Кәсіпкерге Грантты ұсыну/ұсынбау туралы ұсынымдар грантты ұсыну/ұсынылмау мүмкіндігінің себептерін көрсете отырып, Конкурстық комиссия хаттамасымен рәсімделеді.
      Конкурстық комиссия хаттамасында әрбір жоба бойынша қысқаша түйіндеме қамтылуы тиіс.
      28. Хаттамаға Конкурстық комиссия мүшелері, хатшы қол қояды және Конкурстық комиссияның төрағасы бекітеді.
      29. Өткізілген конкурс нәтижелері бойынша Конкурстық комиссияның жұмыс органы 5 (бес) жұмыс күні ішінде ӨҮК қарауына Конкурстық комиссияның хаттамасын жібереді.
      30. Қажет жағдайда ӨҮК мүшелері қарау үшін әрбір жоба бойынша материалдар ала алады.
      Өткізілетін отырыс шеңберінде ӨҮК мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:
      1) Конкурстық комиссияның грант қаражатын ұсыну/ұсынбау бойынша ұсынымдарын қарау;
      2) ӨҮК мүшелері арасында Кәсіпкердің жобасын және ұсынылған құжаттарды талқылау;
      3) талқылау нәтижелері бойынша Кәсіпкерлердің бизнес-жобаларын іріктеуді орындайды және грантты ұсыну мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды, ол ӨҮК отырысы өткізілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде хаттамамен рәсімделеді. Бұл ретте хаттамада міндетті түрде жекелеген бизнес-жоспарлардан бас тарту себебі көрсетілуі тиіс.
      31. Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісі ӨҮК хаттамасы рәсімделген сәттен бастап мыналарды:
      1) Кәсіпкерге ӨҮК-ның шешімі туралы хабарламаны;
      2) Кәсіпкермен гранттың ұсынылуы туралы Шарт жасасу үшін дайындық іс-шараларын өткізу мақсатында мақұлданған/бас тартылған бизнес-жобалар бойынша Конкурстық комиссия мүшелеріне және Қаржы агентіне ӨҮК хаттамасын жібереді.

Гранттарды ұсыну тетігі

      32. Қаржы агенті ӨҮК оң шешім қабылдаған жағдайда оның хаттамасы бекітілген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісімен және Кәсіпкермен грант ұсыну туралы шартқа (бұдан әрі – "Шарт") қол қояды.
      33. Шарт жасасқаннан кейін Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісі ақшалай қаражатты Кәсіпкерге оның ағымдағы банктік шотына аударуды жүзеге асырады.
      34. Грант қаражаты Кәсіпкердің ағымдағы шотына транш негізінде аударылатын болады.
      35. Бірінші траншты алу үшін Кәсіпкерге грант қаражатының сұралған көлемі мен жоспарланған нысаналы пайдаланылуы туралы ақпаратты ұсыну қажет.
      36. Гранттың нысаналы тағайындалуы осы Қағидалардың шарттары мен критерийлеріне сәйкес келген жағдайда, Бағдарлама үйлестірушісі Кәсіпкердің ағымдағы шотына сұратылған соманы аударады.
      37. Кәсіпкер Грантты нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға және Шарттың талаптарын орындауға міндетті.

4. Бағдарлама мониторингі

      38. Мониторинг функцияларын жүзеге асыру үшін Қаржы агенті Кәсіпкерден барлық қажетті құжаттарды және ақпараттарды, оның ішінде коммерциялық және банктік құпияны құрайтын ақпаратты сұрауға, жоба іске асырылып жатқан жерге барып мониторингін жүзеге асыруға құқылы.
      39. Шартты іске асыру мониторингін Қаржы агенті жүзеге асырады, оның функцияларына мыналар жатады:
      1) грантты нысаналы пайдалану мониторингі;
      2) Грантты алған күннен бастап 1 (бір) жыл бойы бизнес-жобаларды орындау бойынша Кәсіпкерлер қызметінің мониторингі;
      3) Кәсіпкердің Шарттың талаптарын орындау мониторингі.
      40. Мониторинг шеңберінде Қаржы агенті:
      1) Гранттарды алушылардың тізілімін жүргізеді;
      2) Кәсіпкерлер алған қаражаттың пайдаланылу нәтижелілігінің мониторингін жүргізеді және Жұмыс органы мен Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісіне Кәсіпкерлердің бизнес-жобаларды іске асырулары туралы есепті ұсынады.
      41. Қаржы агенті Кәсіпкердің транш сомаларын мақсатсыз пайдаланғанын анықтаған жағдайда, Қаржы агенті Шартты бұзады және Конкурстық комиссия мен ӨҮК-ні жазбаша хабардар етеді.
      42. Жеке кәсіпкерліктің ісін жаңа бастаған субъектісі тарапынан грант қаражаты мақсатсыз пайдаланылған жағдайда, Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісі мен Қаржы агенті нысаналы емес тағайындау бойынша пайдаланылған грант қаражатын қайтару бойынша іс-шаралар өткізеді.

"Бизнестің жол картасы 2020" 
бағдарламасы шеңберінде   
жобаларды ұйымдастыру және іске
асыру үшін мемлекеттік гранттар
ұсыну қағидаларына     
1-қосымша         

Конкурс өткізу туралы хабарландыру

Конкурсты ұйымдастырушы: ____________________________________________
Орналасқан орны: _______________________________; почталық мекенжайы:
________________________________________________; электронды почтаның
мекенжайы:___________________; байланыс телефоны ____________________
Конкурстың нысанасы: жеке кәсіпкерліктің ісін жаңа бастаған
субъектілеріне "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар (меншікті бизнес құруға) ұсыну.
Конкурс нысаны: ашық конкурс
Конкурсқа қатысу шарттары: конкурсқа қайта тіркелген мемлекеттік
қолдауға сұраған сәтте дара кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде
мемлекеттік тіркелу мерзімі бір күнтізбелік жылдан аз болатын жеке
кәсіпкерлік субъектілері қатыса алады.
Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер тапсыру орны: _______________________
Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі: конкурсқа қатысу үшін
үміткерлер көрсетілген мекенжайы бойынша өзі, пошта немесе өзінің
өкілетті өкілі арқылы бекітілген нысан бойынша өтінім мен конкурстық
құжаттаманың толық пакетін ұсынады.
Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзімдері: 20__ж. "___" _______________
бастап 20__ ж. "___" __________ дейін жұмыс күндері сағат 10-нан
бастап сағат 17-ге дейін (жергілікті уақыт)
Өтінімдерді тапсыруды бастаған күні мен уақыты: 20____ ж.
"_____" __________ сағат 10-нан бастап (жергілікті уақыт)
Өтінімдерді тапсыруды аяқтау күні мен уақыты: 20___ ж.
"_____" _________ сағат 13–ке дейін (жергілікті уақыт).
Көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін келіп түскен өтінімдер
қабылдауға жатпайды.
Осы хабарландырумен және конкурстық құжаттамамен www.dkb2020.kz
сайтында танысуға болады.

"Бизнестің жол картасы 2020" 
бағдарламасы шеңберінде  
жобаларды ұйымдастыру және іске
асыру үшін мемлекеттік гранттар
ұсыну қағидаларына    
2-қосымша         

"Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасы шеңберінде жеке
кәсіпкерліктің ісін жаңа бастаған субъектілеріне мемлекеттік
гранттар (өз бизнесін құруға) ұсыну үшін конкурстық іріктеуге
қатысуға
ӨТІНІМ

_____________________________________________________________________
______________________________________________(бұдан әрі - Кәсіпкер)
    (ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны, заңды
   тұлғаның атауы; дара кәсіпкердің тегі, аты,
       әкесінің аты, паспорт деректері)
____________________________________________________________________
      (заңды тұлғаның орналасқан орны, почталық мекенжайы; дара
                     кәсіпкердің тұрғылықты орны)
_____________________________________________________________________
        (қала (аудан) коды көрсетілген байланыс телефонының нөмірі,
                    электрондық почтаның мекенжайы)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                      (банк деректемелері)
_____________________________________________________________________
                  (салық салу жүйесін көрсету)
_____________________________________________________________________
                (қызметтің бейіндік бағытын көрсету)
_____________________________________________________________________
                  (экономика саласын көрсету)
_____________________________________________________________________
      (өтінім тапсырылған сәттегі жалдамалы қызметкерлердің орташа
                        санын көрсету)
_____________________________________________________________________
      (ұйымның басшысы (Т.А.Ә., лауазымы, байланыс телефоны))
_____________________________________________________________________
(жобаның жауапты орындаушысы (Т.А.Ә., лауазымы, байланыс телефоны))

жеке кәсіпкерліктің ісін жаңа бастаған субъектілеріне мемлекеттік гранттар (меншікті бизнес құруға) ұсыну үшін конкурстық іріктеуге қатысатындығы туралы жариялайды.

      Кәсіпкер конкурс талаптарымен таныстырылған және Қағидаларға сәйкес қажетті құжаттарды ұсынады.

Ұсынылған құжаттар тізбесі

Заңды тұлға

Бет саны

Дара кәсіпкер

Бет саны

1

Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі


1

Дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі


2

Салық органына есепке қою туралы куәліктің көшірмесі


2

Салық органына есепке қою туралы куәліктің (хабарламаның) көшірмесі


3

Салықтар, алымдар және салымдар бойынша бюджетпен есептесулер жағдайы туралы анықтама


3

Салықтар, алымдар және салымдар бойынша бюджетпен есептесулер жағдайы туралы анықтама


4

Басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен бекітілген, өтінімді тапсыру сәтіндегі жалдамалы қызметкерлердің орташа саны туралы анықтама


4*

Басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен бекітілген, өтінімді тапсыру сәтіндегі жалдамалы қызметкерлердің орташа саны туралы анықтама


5

Бизнес-жоба


5

Бизнес-жоба


6

Кәсіпкердің «Бизнес кеңесші» қысқа мерзімді оқыту курсынан немесе Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасынан өткендігін растайтын құжат көшірмесі


6

Кәсіпкердің «Бизнес кеңесші» қысқа мерзімді оқыту курсынан немесе Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасынан өткендігін растайтын құжат көшірмесі


7*

Өкілге сенімхат


7*

Өкілге сенімхат


8

Жарғы көшірмесі


8*

Қызмет түріне лицензия көшірмесі


9*

Қызмет түріне лицензия көшірмесі





* қажет болған жағдайда толтырылады

Үміткер _________________________    _____________________________
М.О      (қолы)                           Т.А.Ә., лауазымы

Өтінім №     20__ ж. "_____" ____күнгі    "____" сағ. "____" мин.

      Мен бұрын ұсынылған бюджеттік кредиттер бойынша мерзімі өткен берешектің жоқтығын растаймын.
      Мен ұсынған мәліметтердің дұрыстығын растаймын және Конкурстық комиссияның мәліметтерді таңдап тексеруіне қарсы емеспін.
      Кәсіпкер, осы өтінімге қол қоя отырып, мыналар туралы жариялайды және кепілдеме береді:
      1. Осы өтініммен бірге Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісіне немесе Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісінің сұрауы бойынша берілген (ұсынылған) немесе ұсынылатын барлық деректер, ақпарат және құжаттама дұрыс болып табылады және төменде көрсетілген күні шындыққа толық сәйкес келеді, көрсетілген деректер өзгерген жағдайда дереу Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісіне хабарлауға міндеттенемін.
      2. Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісінің бірінші талабы бойынша осы өтінімді қарау шегінде талап етілген, банктік және коммерциялық құпия болып табылатын кез келген ақпаратты және құжаттарды ұсынуға және ашуға міндеттенеді.
      3. Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісі көрсетілген куәландырулар мен кепілдемелердің шынайылығын тексеруге міндетті емес.
      4. Кәсіпкерге жалған, толық емес және/немесе нақты емес мәліметтерді ұсынуы үшін Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жауапкершілік туралы ескертілген.
      5. Кәсіпкердің жарғылық құзыреті осы өтінішке қол қоятын тұлғаға өтінішті тапсыруға мүмкіндік беретіндігін Кәсіпкер растайды.
      6. Көрсетілген деректердің және ақпараттың шынайы еместігі анықталған жағдайда, осы өтінімнің кез келген кезеңде, көрсетілген деректердің шынайы еместігін растайтын мәліметтер анықталған уақытта кері қайтарыла алатындығымен келіседі, бұл ретте Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісі кері қайтару себептерін хабарламауға құқылы.
      Кәсіпкер осы арқылы Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісіне мыналарға келісімін береді:
      1. Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісі осы өтінімде көрсетілген мәліметтерді, ақпаратты және Кәсіпкер ұсынған құжаттарды тексеру және қарау мақсатымен мүдделі үшінші тұлғаларға ұсынуға құқылы.
      2. Осы өтінімдегі барлық мәліметтер, сондай-ақ Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісі талап еткен барлық құжаттар Бағдарлама шеңберінде мемлекеттік гранттар ұсыну үшін ғана берілген.
      3. Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісі Кәсіпкер өзі туралы хабарлайтын кез келген ақпаратты тексеру құқығын өзіне қалдырады, ал Кәсіпкер ұсынған құжаттар мен өтінім түпнұсқасы Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісінде, тіпті, егер нысаналы грант ұсынылмаса да сақталатын болады.
      4. Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісінің осы өтінімді қарауға қабылдауы, сондай-ақ Кәсіпкердің ықтимал шығындары (нысаналы грантты алу үшін қажетті құжаттарды ресімдеу және т.б.) Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісінің нысаналы грантты ұсыну немесе Кәсіпкер шеккен шығындарды өтеу міндеттемесі болып табылмайды.
      5. Нысаналы грантты ұсыну туралы мәселені қарау тәртібімен танысқанымды және келісетінімді растаймын, кейін Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісіне шағымдарым болмайды.

      Басшы __________________ _____________________

      (дара кәсіпкер) __________________ _____________________
                             (қолы)      (қолының толық жазылуы)

"Бизнестің жол картасы 2020" 
бағдарламасы шеңберінде   
жобаларды ұйымдастыру және іске
асыру үшін мемлекеттік гранттар
ұсыну қағидаларына     
3-қосымша           

Үлгі нысан

№_______ грант ұсыну туралы
шарт

______________ қ                       "______" ____________ 20___ ж

Осы Шарт (бұдан әрі – Шарт) мыналардың арасында:

1. "Грант беруші":

      _______________________________________________________________
____ атынан _____________ негізінде әрекет етуші ______________, және

2. "Қаржы агенті":

      "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы атынан
______________________ негізінде әрекет етуші __________________ және

3. "Грант алушы"

      _______________________________________________________________
атынан ____________________ негізінде әрекет етуші _________________,
      бірлесіп "Тараптар", ал әрқайсысы жеке "Тарап" немесе жоғарыда
көрсетілгендей аталады,
      жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау мақсаттарын басшылыққа
ала отырып, мыналардың негізінде және орындау үшін:
      - "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасын бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301
қаулысын (бұдан әрі - Бағдарлама);
      - "___________________" Қазақстан Республикасы Үкіметінің
_______ № ____ қаулысын (бұдан әрі - Қағидалар);
      ӨҮК отырысын өткізу қорытындылары бойынша (ӨҮК отырысының 20___
жылғы "___" _____________ №___ хаттамасы, бюджет қаражатын бөлу
туралы 20__ жылғы "___" _______ №___ бұйрық) жасалды.

1. Шартта пайдаланылатын ұғымдар

      1. Грант – Грант алушының нысаналы бизнес-бағдарламасын (бизнес-жобасын) іске асыру үшін Өңірлік үйлестіру кеңесінің (ӨҮК) шешімімен ұсынылатын бюджет қаражаты.
      2. Нысаналы бизнес-бағдарлама (бизнес-жоба) – функционалдық, қаржылық және басқа да белгілері бойынша әзірленген және жеке кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған іс-шаралар кешені.
      3. Грант беруші – ӨҮК шешіміне сәйкес _________________ әкімдігі грант ұсынуға уәкілеттік берген мемлекеттік биліктің жергілікті атқарушы органы.
      4. Грант алушы – ӨҮК шешіміне сәйкес бизнес-жобаны іске асыру үшін грант ұсынылатын жеке кәсіпкерлік субъектісі.
      5. Өңірлік үйлестіру кеңесі (ӨҮК) – облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдері басқаратын, жергілікті атқарушы органдары, Лизингтік компаниялар/Банктер/Даму Банкі, бизнес-қоғамдастық өкілдері мен тәуелсіз сарапшылар қатысатын, грантты ұсыну/ұсынудан бас тарту туралы шешім қабылдайтын консультативті-кеңесші органы.

2. Шарттың нысанасы

      Грант беруші Грант алушыға нысаналы бизнес-бағдарламаны (бизнес-жобаны) іске асыру үшін оның кәсіпкерлік қызметіне қолдау ретінде грант ұсынуға міндеттенеді, өз кезегінде, Грант алушы грантты осы Шарттың 1-қосымшасына сәйкес нысаналы бизнес-бағдарламаның (бизнес-жобаның) іс-шаралар жоспарын іске асыруға пайдалануға міндеттенеді.

3. Шарттың қолданылу мерзімі

      Шарт оған Тараптар қол қойған күннен бастап өз күшіне енеді және олар осы Шарт бойынша өздерінің міндеттерін толық орындағанға дейін әрекет етеді.

4. Гранттың көлемі мен ұсынылу тәртібі

      1. Шарт бойынша ұсынылатын Грант мөлшері ___ (___) теңгені құрайды.
      2. Грантты ұсыну осы Шартқа 2-қосымшаға сәйкес Грант беру кестесіне сәйкес транштармен орындала алады.
      3. Әрбір Траншты беру осы Шарттың 3-қосымшасына сәйкес, Грант алушыдан траншты беру туралы өтінім ұсынылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде ақшалай қаражатты Грантты алушының ағымдағы шотына аудару жолымен жүзеге асырылады, өтінімге грант қаражатының одан әрі пайдаланылуын растайтын құжаттар (сатып алу-cату шарттары, ниет шарты, шот-фактура, төлеу туралы шоттар және т.б. ) қоса беріледі.
      4. Грант берушінің Грант алушыға ақшалай қаражатты аударуы Шарт осы Шарттың 8-тармағының 8.5 және 8.6-тармақшаларына сәйкес бұзылған жағдайда жүзеге асырылмайды.

5. Грантты пайдалану тәртібі, мерзімдері мен шарттары

      1. Грант алушы грант қаражатын Шарттың әрекет ету мерзімі ішінде нысаналы бизнес-бағдарламаның (бизнес-жоба) іс-шара жоспарына сәйкес пайдаланады.
      2. Шарт бойынша Грант алушыға аударылған ақшалай қаражат Грант алушының нысаналы бизнес-бағдарламасын (бизнес-жоба) іске асырумен байланысты нысаналы тағайындалуға ие. Ұсынылған гранттың мақсатқа сай пайдаланылуын бақылауды Қаржы агенті жүзеге асырады.
      3. Грант қаражаты есебінен сатып алынған немесе алынған барлық мүлік Грант алушының нысаналы бизнес-бағдарламасының (бизнес-жоба) мақсаттарына сәйкес, ал бизнес-бағдарлама (бизнес-жоба) аяқталғаннан кейін – Грант алушының кәсіпкерлік қызметті жүргізуіне пайдаланылуы тиіс.

6. Мониторинг және есептілік

      1. Осы Шарт қолданыста болған мерзімде Қор Грантты игеру және нысаналы пайдалану мониторингін жүргізуге, Грант алушының осы Шарттың талаптарын, оның ішінде Қор өкілдерінің Грант алушыға баруы арқылы сақтауын тексеруге құқылы.
      2. Мониторингті жүргізу тәртібі мен мерзімдері Қордың ішкі құжаттарымен реттеледі.
      3. Грант алушы Қор мониторинг жүргізген кезде Қорға жәрдемдесуге, сондай-ақ Қорға мониторинг жүргізу үшін қажетті құжаттарды беруге міндетті.
      4. Қаржы агенті грант қаражатын нысаналы пайдалану мониторингін мынадай нысандарда жүзеге асыруға құқылы:
      1) Грант алушының жазбаша есептерін алу;
      2) жазбаша және ауызша түсініктемелер алу;
      3) растайтын материалдарды алу;
      4) Қаржы агенті берген сенімхаттың негізінде іс-әрекет жасайтын Қаржы агентінің өкілетті өкілінің бизнес-жобаны іске асыратын жерге барып тексеру өткізу.
      5. Шартты жасасқан күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Грантты алушы нысаналы бизнес-бағдарламаны (бизнес-жобаны) іске асыруға, қаржы қаражатын жұмсауға жауапты тұлғаны тағайындайды. Қабылданған шешім туралы Грант алушы шешім қабылданған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Грантты беруші мен Қаржы агентін жазбаша нысанда (соның ішінде электронды немесе факсимильді байланыспен) хабардар етеді.
      6. Грантты алушы Қаржы агентіне нысаналы бизнес-бағдарламаның (бизнес-жобаның) іс-шараларының орындалуы және қаржы қаражатының пайдаланылуы туралы жазбаша есептер беруге міндетті, атап айтқанда:
      1) 20__ жылғы _____________ бастап 20__ жылғы ______________ кезеңде ағымдағы есепті беруге;
      2) 20__ жылғы _____________ бастап 20__ жылғы _____________ кезеңде жиынтық есепті беруге.
      7. Нысаналы бизнес-бағдарламаның (бизнес-жобаның) іс-шараларының орындалуы туралы және нысаналы бизнес-бағдарламаның (бизнес-жобаның) қаржы қаражатының пайдаланылуы туралы жазбаша есептер басшының қолымен және Грант алушының мөрімен расталған нысаналы бизнес-бағдарламаның (бизнес-жобаның) іс-шаралары, нәтижелері және есептік құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып жұмсалуы туралы ақпаратты қамтуы тиіс.
      Нысаналы бизнес-бағдарламаның (бизнес-жобаның) іс-шараларының орындалуы туралы және нысаналы бизнес-бағдарлама грантының (бизнес-жобаның) қаржы қаражатының пайдаланылуы туралы есептер осы Шартқа 4-қосымшаға сәйкес нысанда ұсынылады, олардың шартта көзделген деректемелерінің болуы, тігілген, нөмірленген, басшының, бухгалтердің және Грантты алушының жауапты тұлғасының қолдары қойылуы, оның мөрімен куәландырылуы тиіс.
      Жазбаша есепке қоса берілетін есепті құжаттар нысаналы бизнес-бағдарламаның (бизнес-жобаны) іс-шараларының уақтылы және тиісінше өткізілуін, грант қаражатының нысаналы пайдаланылуын құжаттамалық растайды, әрбір шаруашылық операциясының мазмұнын толық көрсетуі тиіс, тиісінше ресімделуі (яғни қажетті деректемелері, мәліметтері және тиісінше нысаны болуы) қажет. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олай деп танылған ақтау құжаттары, ақтау құжаттарына қатысты негіз болып табылатын құжаттар және ақтау құжаттарына қосымша болып табылатын құжаттар есепті құжаттар болып табылады.
      8. Грантты пайдалану қорытындылары бойынша Грант беруші, Қаржы агенті және Грант алушы грант беру туралы шартқа грантты пайдалану актісіне қол қояды (5-қосымша).

7. Тараптардың өзара құқықтары мен міндеттері

      1. Шарттың қолданылуы шеңберінде Грант беруші:
      1) Грантты алушыға Шартта көзделген тәртіпте грант беруге;
      2) Шарттың 6-тармағының 6.4-тармақшасына сәйкес нысаналы бизнес-бағдарламаның (бизнес-жобаның) іс-шараларының орындалуы туралы және қаржы қаражатын пайдалану туралы Қаржы агентіне жазбаша есептерді тиісінше ресімдеуге;
      3) Грант алушыны Шарттың 8-тармағының 8.5 және 8.6-тармақшаларына сәйкес хабардар етуге міндеттенеді.
      2. Шарттың қолданылу шеңберінде Грант беруші:
      1) Шартта және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда Грант алушыға грант қаражатын беруден бас тартуға құқылы.
      3. Шарттың қолданылуы шеңберінде Қаржы агенті:
      1) грант қаражатының нысаналы жұмсалуына бақылауды жүзеге асыруға;
      2) Грант алушыдан Шарт бойынша міндеттемелерді тиісінше орындауды және грант орындауда анықталған кемшіліктерді дереу жоюды талап етуге;
      3) Грант алушыдан Шарт бойынша міндеттемелердің орындалуын растайтын материалдарды талап етуге құқылы.
      4. Шарттың қолданылу шеңберінде Грант алушы:
      1) нысаналы бизнес-бағдарламаның (бизнес-жоба) іс-шараларын уақтылы және тиісінше жүргізуге;
      2) Қаржы агентінің талабы бойынша грантты пайдалану кезінде анықталған кемшіліктерді дереу жоюға;
      3) Қаржы агентінің талабы бойынша Шарт бойынша міндеттемелердің орындалуын растайтын материалдарды және жазбаша түсініктемелерді Қаржы агентінен жазбаша талапты алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде беруге;
      4) Қаржы агенті сұраған ақпаратты сұратылған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұсынуға;
      5) Қаржы агентінің Шартты орындауға байланысты құжаттарға бөгетсіз қол жеткізуін қамтамасыз етуге;
      6) тиісті шешім қабылданған күні Шарттың 6.2-тармағына сәйкес тағайындалған жауапты тұлғаның ауысқаны туралы Қаржы агентін хабардар етуге;
      7) Грантты тек нысаналы бағыты бойынша пайдалануға;
      8) Грант алушыға Шарттың қолданылу мерзімі ішінде барлық деңгейдегі бюджеттерге немесе мемлекеттік бюджеттен тыс қорларға төлемдер бойынша берешектің жоқтығына кепілдік беруге;
      9) Шарттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін Грант берушіге грант қаражатының пайдаланылмаған бөлігін тиісті талаптарды алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қайтаруға;
      10) Қаржы агентіне осы Шартты жасасқан сәттен бастап 10 (он) күн ішінде мынадай ақпараттарды: байланыс ақпаратын, алдағы жылға арналған іс-шаралар жоспарын, қаржы есептілігін, қызмет туралы тоқсан сайынғы есептілікті, өзге де мәліметтерді электронды түрде ұсынуға және тоқсан сайын жаңартып отыруға міндеттенеді.
      5. Шарттың қолданылу шеңберінде Грант алушы:
      1) Грантты берушіден Шарт бойынша міндеттемелердің тиісінше орындалуын талап етуге;
      2) Грант қаражатының ағымдағы шотқа уақтылы аударылуын талап етуге құқылы.

8. Тараптардың жауапкершілігі

      1. Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауап береді.
      2. Грант алушы Шарт бойынша міндеттемелерін тиісінше орындамаған, Шарттың талаптарын өзге де бұзған жағдайларда, тиісінше ресімделмеген жазбаша есепті, жазбаша есепке қоса берілетін есептік құжаттарды, Шарт бойынша міндеттемелердің орындалуын растайтын материалдарды бермеген, уақытында бермеген және (немесе) толық көлемінде бермеген, грантты орындауда анықталған кемшіліктерді кешіктірмей жоюдан бас тартқан немесе орындамаған немесе Қаржы агентіне жалған мәліметтер берген жағдайда Қаржы агенті Грант берушіге Шартты мерзімінен бұрын бұзу туралы ұсыныммен жүгінуге және:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіпте Грант алушыға грант қаражатын беруден бас тартуға;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіпте пайдаланылмаған қаражатты қайтаруды талап етуге құқылы.
      3. Грант қаражаты орынсыз пайдаланылған жағдайда Қаржы агенті мен Грант алушы Шартты мерзімінен бұрын бұзуға және нысаналы бағытынсыз жұмсалған қаражатты талап етуге құқылы.
      4. Грант алушыны 5 жұмыс күні ішінде міндетті түрде хабардар ете отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіпте Конкурстық комиссия осы шешімді қабылдаған күннен бастап Шарт бұзылды деп есептеледі.
      5. Тараптар еңсерілмейтін күш, яғни Тараптардың еркінен және ынтасынан тыс туындаған және соғысты, толқуларды, қоғамдық тәртіпсіздіктерді, жер сілкінісін, өртті, жарылысты, су тасқынын және басқа да зілзала апаттарын қоса алғанда болжанбайтын немесе болмай қоймайтын міндеттемелері туындаған жағдайда Шарт бойынша міндеттемелерді ішінара немесе толық орындамағаны үшін жауапкершілігінен босатылады. Еңсерілмес күш салдарынан өз міндеттемелерін орындамайтын Тарап басқа Тарапты Шарт бойынша міндеттемелерін орындау кедергілері мен оның әсері туралы дереу хабардар етуі тиіс.

9. Дауларды шешу тәртібі

      1. Тараптар арасында Шарттан туындауы мүмкін барлық даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер арқылы шешілетін болады.
      2. Он жұмыс күні ішінде келіссөздер жолымен келісімге қол жеткізілмеген жағдайда Тараптар арасындағы дау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешілуге жатады.

10. Шарттың өзге де талаптары

      1. Шартқа қандай да болмасын өзгерістер мен толықтырулар қосымша келісім нысанында жазбаша түрде ресімделеді және Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қояды.
      2. Грант алушы өзінің пошталық және банктік деректемелерінің өзгергені туралы осындай өзгеріс болған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Грант беруші мен Қаржы агентін хабардар етуге міндеттенеді.
      3. Осы Шарт заңды күші бірдей үш данада, әрбір Тарап үшін бір данадан жасалды.

11. Тараптардың деректемелері мен қолдары

       Грант беруші      Қаржы агенті      Грант алушы

Грант ұсыну туралы 
шарттың үлгі нысанына
1-қосымша      

Нысаналы бизнес бағдарламаның (бизнес-жобаның) іс-шаралар
жоспары

Грант ұсыну туралы
шарттың үлгі нысанына
2-қосымша      

Грант беру кестесі

Грантты беру күні

Грантты нысаналы пайдалану

Грант сомасы













Грант ұсыну туралы
шарттың үлгі нысанына
3-қосымша    

Кәсіпкерлік және өнеркәсіп
басқармасы _______________

Транш беруге арналған
өтінім

____________ қаласы                             20__ж. "__"__________

Грант ұсыну туралы 20__ ж. "__"__________ №_____ шарттың (бұдан әрі -
Шарт) 4.3-тармағына сәйкес Шартқа 1-қосымшада көрсетілген Нысаналы
бизнес-бағдарламаның іс-шаралар жоспарына сәйкес ____________________
бизнес-жобаны іске асыру үшін _________ (___________) теңге сомасында
кезекті Грант траншын беруді сұраймын.
Грант траншының қаражаты ____________________________________________
нысаналы бағытына сәйкес пайдаланылатын болады.
      Лауазымы _____________ Т.А.Ә.
                (қолы/мөр)

Грант ұсыну туралы
шарттың үлгі нысанына
4-қосымша    

Нысаналы бизнес-бағдарламаның (бизнес-жобаның) іс-шараларын
орындау туралы есептің нысаны

Нысаналы бизнес-бағдарлама (бизнес-жоба) грантының қаржы
қаражатын пайдалану туралы нысан

Грант ұсыну туралы
шарттың үлгі нысанына
5-қосымша    

20_ ж. "__"__________ №_____ грант ұсыну
туралы шартқа грантты пайдалану
актісі

____________ қаласы                         20__ ж. " __" ___________
_____________________________________________ негізінде әрекет ететін
______________________________ атынан _______________________________
(бұдан әрі – Грант беруші) бір тараптан және ________________________
негізінде әрекет ететін ______________________________ атынан
_______________________________ (бұдан әрі – Қаржы агенті) бір
тараптан және ______________________________________ негізінде әрекет
ететін _____________________ атынан __________________________ (бұдан
әрі – Грант алушы) екінші тараптан, бірлесіп "Тараптар" деп
аталатындар, төмендегілер туралы осы актіні жасасты:
      1. Грант беруші Грант алушыға Шарттың талаптарына сәйкес грантты ұсынды.
      2. Грант алушының Грант берушіге оның Шарт бойынша міндеттемелерді орындау бөлігінде қарсылығы жоқ.
      3. Грант алушы нысаналы бизнес-бағдарламаны (бизнес-жобаны) Шарттың талаптарына сәйкес іске асырды.
      4. Қаржы агентінің Грант алушыға оның Шарт бойынша міндеттемелерді орындау бөлігінде қарсылығы жоқ.

Тараптардың қолдары

Грант беруші
Қаржы агенті
Грант алушы

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2012 жылғы 28 сәуірдегі
№ 541 қаулысына    
1-қосымша     

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2010 жылғы 10 маусымдағы
№ 556 қаулысымен   
бекітілген     

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының «Жаңа
бизнес-бастамаларды қолдау» бірінші бағыты шеңберінде жеке
кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктердің
кредиттері бойынша кепілдік беру ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының «Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау» бірінші бағыты шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктердің кредиттері бойынша кепілдік беру ережесі (бұдан әрі – Ереже) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленген және Кәсіпкер міндеттемелерінің орындалуын ішінара қамтамасыз ету ретінде кепілдіктер беру тетігі мен шарттарын айқындайды.
      2. Кәсіпкерлердің кредиттері бойынша кепілдік беру Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру тетіктерінің бірі болып табылатын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) шеңберінде жүзеге асырылады.
      3. Кепілдік беру жеке кәсіпкерлік субъектілерін қаржылық қолдау құралы болып табылады және Кәсіпкерлердің кредит ресурстарына қол жеткізуін кеңейту және қамтамасыз ету үшін қолданылады.
      4. Уәкілетті орган, Жергілікті атқарушы орган, Қаржы агенті және Банктер арасындағы өзара қарым-қатынасты реттеу үшін «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының бірінші бағытын іске асыру шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктердің кредиттері бойынша кепілдік беру жөніндегі ынтымақтастық туралы келісім (бұдан әрі – Ынтымақтастық туралы келісім) жасалады.

2. Терминдер мен анықтамалар

      Осы Ережеде мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:

Банк

Ынтымақтастық туралы келісім жасасқан екінші деңгейдегі банк;

Даму Банкі

Ынтымақтастық туралы келісім жасасқан «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамы;

Кәсіпкер

жеке кәсіпкерлік субъектісі;

Ісін жаңа бастаған кәсіпкер

дара кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелу мерзімі мемлекеттік қолдау үшін өтініш білдірген сәтте бір күнтізбелік жылдан аз, кәсіпкерлік қызметке байланысты кредиттік тарихы жоқ жеке кәсіпкерлік субъектісі;

Мемлекеттік даму институттары

ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, акцияларының бақылау пакеттері экономиканың түрлі секторларында мемлекеттік қолдау шараларын көрсететін ұлттық басқарушы холдингке немесе ұлттық холдингке тиесілі акционерлік қоғамдар;

Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісі

Кәсіпкерлер үшін «жалғыз терезе» қағидаты бойынша жергілікті жерде Бағдарламаны іске асыруға жауапты облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің шешімімен айқындалатын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;

Уәкілетті орган

«Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі» мемлекеттік мекемесі;

Банктің ішкі кредит саясатын іске асыратын жұмыс органы

Банктің кредит беруді басқару үшін жауап беретін және Банктің ішкі кредит саясатының ұйымдастырылуы мен іске асырылуын, Банктегі кредит үдерісінің кредит саясатына сәйкестігін қамтамасыз ететін негізгі органы болып табылатын, тұрақты жұмыс істейтін алқалы органы;

Өңірлік үйлестіру кеңесі (бұдан әрі – ӨҮК)

облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері басқаратын, жергілікті атқарушы органдардың, Банктердің, бизнес-қоғамдастықтардың өкілдері және тәуелсіз сарапшылар қатысатын консультативтік-кеңесші орган;

Қаржы агенті

Бағдарлама шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік қаржылық қолдау көрсету үшін тартылатын «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы;

Кепілдік беру

Бағдарламада, осы Ережеде және Кепілдік шартында айқындалатын шарттарда кәсіпкердің кредиті бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету ретінде ішінара кепілдік беру түрінде пайдаланылатын Кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау нысаны;

Кепілдік шарты

Қаржы агенті, Банк және Кәсіпкер арасында жасалған кепілдік беру туралы жазбаша келісім;

Жоба

бизнестің әртүрлі бағыттарында Кәсіпкердің табыс алуға бағытталған және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін бастамашылық қызмет ретінде жүзеге асыратын іс-қимылдары мен іс-шаралар жиынтығы

Тұрақтандырушы немесе дағдарысқа қарсы бағдарламалар

дағдарысқа қарсы бағдарламалар мен іс-шараларды орындау шеңберінде іске асырылатын мемлекеттік бағдарламалар мен іс-шаралар.

3. Кепілдіктер беру шарттары

      5. Мынадай:
      акцизделетін тауарларды шығару көзделетін Жобаларға берілген;
      тікелей кредиторы Мемлекеттік даму институттары болып табылатын;
      металлургия өнеркәсібінде жұмыс істейтін, минералды шикізатты қайта өңдеуді жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1514 қаулысына сәйкес мониторингілеуге жататын ірі салық төлеушілер тізбесіне енгізілген Кәсіпкерлердің;
      субсидиялау жүзеге асырылатын ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеуге қаржы ұйымдары беретін кредиттер кепілдік беруге жатпайды.
      6. Кәсіпкерге Бағдарламаның барлық құралдары шеңберінде кешенді қолдау көрсетілуі мүмкін.
      7. Мынадай:
      1) Бағдарламаға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 683-од бұйрығымен бекітілген экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (бұдан әрі – ЭҚЖЖ) сәйкес экономиканың басым секторларында жұмыс істейтін;
      2) ағымдағы кредиттер, лизинг шарттары бойынша кредитке/кепілдікке өтініш білдірген күнге мерзімі өткен берешегі жоқ;
      3) кредит алуға өтініш білдірген күннің алдындағы соңғы есепті күнге салықтар төлеу бойынша берешегі, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі жоқ (10 АЕК аспайтын берешекке рұқсат етіледі) Кәсіпкерлер кепілдік беруге жатады.
      8. Тұрақтандыру және дағдарысқа қарсы бағдарламалар шеңберінде Банктер арқылы мемлекеттік қаржылық қолдау алатын Кәсіпкерлер Бағдарламаның қатысушылары бола алады.
      9. Кепілдік беру Банктер/Даму Банкі жаңа Жобаларды іске асыру үшін беретін жаңа кредиттер бойынша, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған іске асырылудағы Жобалар бойынша ғана беріледі. Бұрын алынған кредиттерді қайта қаржыландыруға бағытталған кредиттер бойынша кепілдік беруге жол берілмейді.
      10. Осы Ереженің 11, 12-тармақтарында көрсетілген, сондай-ақ айналым қаражатын қаржыландыру негізгі құралдарды сатып алуға және/немесе жаңғыртуға арналған кредит шеңберінде жүзеге асырылатын, бірақ жоба сомасының 30 %-нан аспайтын жағдайларды қоспағанда, кепілдік беру айналым қаражатын толықтыруға берілетін кредиттер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін емес.
      11. Ісін жаңа бастаған Кәсіпкерлер үшін 20,0 млн. теңгеге дейінгі мөлшердегі кредиттер беру бойынша кепілдік беру шарттары:
      1) кепілдік беру жүзеге асырылып жатқан кредит (тердің) сомасы ісін жаңа бастаған Кәсіпкердің әрбір жеке жобасы бойынша 20,0 млн теңгеден аспайды. Бұл ретте, кредиттің (тердің) сомасы ісін жаңа бастаған Кәсіпкердің онымен аффилиирленген тұлғалардың/компаниялардың кредиті (тері) бойынша берешекті есепке алмай әрбір жобасына жеке есептеледі.
      2) кепілдіктің ең жоғарғы мөлшері кредит сомасының 70 %-ынан аспайды, бұл ретте ісін жаңа бастаған Кәсіпкер кредит сомасының кемінде 30 %-ы мөлшерінде кредит бойынша қамтамасыз етуді ұсынады (кепілге түсетін мүлік алдағы уақытта есептеу кезінде ескерілмейді).
      100% айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредитке кепілдік беруге жол беріледі (жалақы төлеу, салықтық және өзге де міндетті төлемдер, кредиттерге, қарыздарға немесе лизингке және ісін жаңа бастаған Кәсіпкердің негізгі қызметін жүзеге асыруға байланыссыз өзге де мақсаттар бойынша ағымдағы төлемдер бойынша есеп айырысу жүргізуді қоспағанда), бұл ретте кредит бойынша транш мерзімі 1 жылдан аспауы тиіс. Осы кредиттер бойынша кепілдік беру мерзімі 3 (үш) жылдан аспайды.
      12. 60,0 млн. теңгеге дейінгі мөлшерде кредиттер беру бойынша кепілдік беру шарттары:
      1) Кепілдік беру жүзеге асырылып жатқан кредит (тердің) сомасы Кәсіпкердің әрбір жеке Жобасы бойынша 60,0 млн. теңгеден аспайды. Бұл ретте, кредиттің (тердің) сомасы Кәсіпкердің онымен аффилиирленген тұлғалардың/компаниялардың кредиті (тері) бойынша берешекті есепке алмай әрбір жобасына жеке есептеледі.
      2) кепілдіктің ең жоғарғы мөлшері кредит сомасының 50 %-ынан аспауы керек, бұл ретте кредит сомасының кемінде 50 %-ы мөлшерінде кредит бойынша қамтамасыз етуді ұсынған Кәсіпкерлер кепілдік ала алады (кепілге түсетін мүлік алдағы уақытта есептеу кезінде ескерілмейді).
      100% айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредитке кепілдік беруге жол беріледі (жалақы төлеу, салықтық және өзге де міндетті төлемдер, кредиттерге, қарыздарға немесе лизингке және Кәсіпкердің негізгі қызметін жүзеге асыруға байланыссыз өзге де мақсаттар бойынша ағымдағы төлемдер бойынша есеп айырысу жүргізуді қоспағанда), бұл ретте кредит бойынша транш мерзімі 1 жылдан аспауы тиіс. Осы кредиттер бойынша кепілдік беру мерзімі 3 (үш) жылдан аспауы тиіс.
      13. Кәсіпкерлердің 60,0-ден 4,5 млрд. теңгеге дейінгі мөлшерде кредиттер беру бойынша кепілдік беру шарттары:
      1) Кепілдік беру жүзеге асырылып жатқан кредит (тердің) сомасы Кәсіпкердің әрбір жеке жобасы бойынша 4,5 млрд. теңгеден аспайды. Бұл ретте, кредиттің (тердің) сомасы Кәсіпкердің онымен аффилиирленген тұлғалардың/компаниялардың кредиті (тері) бойынша берешекті есепке алмай әрбір жобасына жеке есептеледі. Егер Кәсіпкердің жеке Жобасына берілген кредит(тер)дің жалпы сомасы 4,5 млрд. теңгеден асқан жағдайда, Кәсіпкер бір Жоба бойынша 4,5 млрд. теңге шегінде Кепілдік беру нысанында мемлекеттік қолдау алуға құқылы;
      2) кепілдіктің ең жоғарғы мөлшері кредит сомасының 50 %-ынан аспауы керек, бұл ретте кредит сомасының кемінде 50 %-ы мөлшерінде кредит бойынша қамтамасыз етуді ұсынған Кәсіпкерлер кепілдік ала алады (кепілзатқа түсетін мүлік алдағы уақытта есептеу кезінде ескерілмейді).
      750 млн. теңгеден асатын кредиттер бойынша Қаржы агенті Жобаны сараптаудан өткізу үшін тәуелсіз сарапшылар ұйымдарын тартуға құқылы.
      14. Кәсіпкер Жобаны іске асыруда Жобаны іске асырудың жалпы құнының 10%-нан төмен емес деңгейде өз қаржы қаражатының қатысуын немесе Жобаны іске асыруға Жобаны іске асырудың жалпы құнының 20%-нан төмен емес деңгейде өзінің жылжитын/жылжымайтын мүлкімен (оның ішінде Қамтамасыз етуге ұсынылған үшінші тұлғаның мүлкімен) қатысуды қамтамасыз етуі тиіс.
      15. Кепілдік беру мерзімі – 5 (бес) жылдан аспауы тиіс.
      16. Кәсіпкер кепілдік беру шартына қол қойғанға дейін кепілдік беру сомасының 1%-н Қаржы агентіне төлейді.
      17. Кепілдік беру номиналды сыйақы ставкасы жылдық 14 %-дан аспайтын кредиттер бойынша ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Даму Банкінің кепілдік беру жүзеге асырылатын кредиттер бойынша сыйақы ставкасы жылдық 13 %-дан аспауы қажет. Бұл ретте, Банк/Даму Банкі:
      1) Кәсіпкер бастама жасайтын кредит беру шарттарының өзгеруіне байланыстыларын;
      2) Кәсіпкердің кредит бойынша міндеттемелерді бұзуы себебінен өндіріп алынатындарын қоспағанда, комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, кредитке байланысты қандай да бір комиссиялар, алымдар және/немесе өзге де төлемдер өндіріп алмайды.
      18. Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісі Қаржы агентіне төлейтін кепілдік құны кепілдік беру сомасының 20 %-ын құрайды. Кәсіпкер Қаржы агентіне төлейтін кепілдік беру құны кепілдік беру сомасының 1 %-ын құрайды. Бұл ретте Қаржы агенті алынған қаражатты өз қалауы бойынша әртүрлі қаржы құралдарына орналастыра алады.
      Қаржы агентінің берілген кепілдіктің бастапқы мөлшерін азайтуға құқығы жоқ.
      19. Банк/Даму Банкі тарапынан Қаржы агентінің кепілдігі бойынша берілген кредиттер көлемінің 8 (сегіз)%-нан жоғары шектен Қаржы агентіне қойылған талаптардың көлемі асқан кезде одан әрі кепілдік беру тоқтатылады. Бұл ретте Банк/Даму Банкі Қаржы агентіне қойылған талаптар бойынша Банкке/Даму Банкіне Қаржы агенті төлеген қаражат сомасының 0,5%-ы мөлшерінде комиссия төлейді.

4. Кепілдіктер беру үшін Бағдарламаға қатысушылардың өзара
іс-қимыл жасау тәртібі

      20. Кәсіпкер Банкке/Даму Банкіне кредит алуға өтінішпен жүгінеді.
      21. Банк/Даму Банкінің ішкі құжаттарында белгіленген рәсімге сәйкес Банк/Даму Банкі Кәсіпкердің өтінішін дербес қарайды, ол берген құжаттарды, Кәсіпкердің қаржылық жағдайын талдайды, Кәсіпкер ұсынған кепілдік мүлкін бағалау туралы қорытындының негізінде Кәсіпкерді қамтамасыз етудің кепілдік құнына бағалау жүргізеді және Жобаны Қаржы агентінің ішінара кепілдігі бойынша кредит беру мүмкіндігі туралы шешім қабылдау үшін Банктің/Даму Банкінің ішкі кредит саясатын іске асыратын Жұмыс органының қарауына шығарады.
      22. Оң шешім қабылданған жағдайда Банк/Даму Банкі 5 (бес) жұмыс күні ішінде кепілдік беру туралы шешім қабылдау үшін қажетті құжаттарды Қаржы агентіне жолдайды.
      23. Қаржы агенті Банктен/Даму Банкінен құжаттарды алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде 60 млн. теңгеге дейінгі кредиттер бойынша және 15 (он бес) жұмыс күні ішінде 60-тан 750 млн. теңгеге дейінгі кредиттер бойынша алынған құжаттарды қарайды және жобаны кепілдік беру/бермеу туралы шешім қабылдау үшін Қаржы агентінің уәкілетті органының қарауына шығарады. 750 млн. теңгеден асатын кредиттер бойынша Қаржы агенті алынған құжаттарды қарайды және тәуелсіз сарапшы ұйымдардың қорытындыларын алғаннан кейін 15 жұмыс күні ішінде Жобаны сараптамадан өткізу үшін Қаржы агенті тәуелсіз сарапшылар ұйымдарын тартқан жағдайда Банкте/Даму Банкінен құжаттарды алғаннан кейін 15 жұмыс күні ішінде кепілдік беру/бермеу туралы шешім қабылдау үшін Қаржы агентінің уәкілетті органының қарауына шығарады.
      Ұсынылған құжаттарға ескертулер болған және/немесе қосымша ақпарат беру қажет болған жағдайда анықталған ескертулерді және/немесе ақпарат беру туралы сұранысты Қаржы агенті 5 (бес) жұмыс күні ішінде жою және/немесе ақпарат ұсыну үшін Банкке/Даму Банкіне жолдайды. Бұл ретте Қаржы агенті үшін жоғарыда көрсетілген құжаттарды қарау мерзімі қайтадан жаңартылады.
      24. Қаржы агенті кепілдік беру туралы оң шешім қабылдаған жағдайда Қаржы агенті Банкке/Даму Банкіне Қаржы агентінің кепілдік беру мүмкіндігі туралы оң шешімі бар хатты жібереді.
      25. Банк/Даму Банкі Қаржы агентінен оң шешімі бар хатты алғаннан кейін Банк/Даму Банкі Кәсіпкерге кепілдіктің қажетті сомасын есептеуді көрсете отырып, жасалатын кредит шарты туралы тиісті хат жолдайды.
      26. Кәсіпкер Банк/Даму Банкінен хатты алғаннан кейін Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісіне мынадай құжаттарды қоса бере отырып, өтінішпен жүгінеді:
      1) Кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (Кәсіпкердің мөрімен/қолымен расталған көшірмесі);
      2) лицензия - егер қызмет түрі лицензияланатын болса (Кәсіпкердің мөрімен/қолымен расталған көшірмесі);
      3) жарғы, құрылтай шарты (бір құрылтайшы болған жағдайда құрылтай құжаты талап етілмейді). Акционерлік қоғаммен шарт жасасқан кезде қосымша акциялар эмиссиясының проспектісі және акционерлер тізілімінен үзінді (Кәсіпкердің мөрімен/қолымен расталған көшірмесі) ұсынылады;
      4) өтініш берілетін күнге дейін 30 күнтізбелік күннен кешіктірмей берілген салық комитетінен бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешегінің жоқтығы/бары туралы анықтама;
      5) Кәсіпкердің соңғы қаржы жылындағы салық декларациясының көшірмесін қоса, қаржы есептері және/немесе оның басшысы растаған WEB-сайттарда орналастырылған дебиторлық және кредиторлық берешегі (оның ішінде берешектің сомасы, пайда болған күні және тауарлар мен қызметтердің атауы) таратып жазылған қаржы жағдайы туралы талдау жасауға мүмкіндік беретін ақпарат;
      6) Банктің/Даму Банкінің кепілдік беру сомасының есебімен бірге Кәсіпкерге кредит беру мүмкіндігі туралы оң шешімі бар хат;
      7) Қаржы агентінің Кәсіпкерге кредит беру мүмкіндігі туралы оң шешімі бар хатының көшірмесі (Банктің/Даму Банкінің мөрімен куәландырылған);
      8) Жобаны іске асырудың болжамды мерзімдерін, шарттарын қамтитын Кәсіпкердің Жобасын іске асырудың бизнес-жоспары.
      27. Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісі Кәсіпкерден өтінішті алғаннан кейін мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:
      1) өтінішпен қоса берілген міндетті құжаттардың толықтығын тексеру, құжаттар пакеті толық тапсырылмаса немесе белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін құжаттар тапсырылған жағдайда, Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісі тапсырылған құжаттар бойынша нақты кемшіліктерді көрсете отырып, тапсырылған құжаттарды пысықтау үшін Кәсіпкерге қайтарып береді;
      2) Жобаны алдын ала қарау және Жоба бойынша ӨҮК үшін ұсынымдар тұжырымдау;
      3) ұсыныстар, ӨҮК отырыстарының күн тәртібін қалыптастыру, оларды өткізу күнін, уақытын және орнын айқындау, бұл туралы ӨҮК-нің барлық мүшелерін хабардар етеді. ӨҮК отырысы Жобалардың қалыптасу шамасына қарай ай сайын өткізіледі;
      4) Кәсіпкердің басқа да мемлекеттік бағдарламаға қатысуын, Мемлекеттік даму институттары арқылы өзге де мемлекеттік қолдау шараларын пайдалануын тексеру;
      5) толық кұжаттар пакетін қоса бере отырып, ӨҮК-ді қарау үшін Кәсіпкер Жобаларының тізімін қарауға жолдау.
      28. Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісі барлық құжаттар мен ақпаратты алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Кәсіпкердің материалдарын ӨҮК-нің қарауына шығарады.
      29. ӨҮК өткізілетін отырыс шеңберінде мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:
      1) Кәсіпкердің және ол іске асыратын жобалардың Бағдарламаның өлшемдеріне және жергілікті даму бағдарламаларына сәйкестігін тексереді;
      2) Кәсіпкерлердің экономиканың өңір үшін басым секторларында іске асырылатын Жобаларын, сондай-ақ Кәсіпкердің өтінішінде көрсетілген ақпаратты қарайды, өтінішпен бірге ұсынылған әрбір Кәсіпкер бойынша құжаттар пакетін зерттейді;
      3) Кәсіпкердің жобасы мен ұсынылған құжаттарды ӨҮК мүшелерінің арасында талқылайды;
      4) Кәсіпкерлер Жобаларын қарау нәтижелері бойынша Кәсіпкер кредиті жөнінде кепілдік ұсыну мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды, бұл хаттамамен ресімделеді, бұл ретте, хаттамада жекелеген Кәсіпкерлердің Бағдарламаға қатысудан бас тарту себептері міндетті түрде көрсетілуі тиіс.
      30. Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісі ӨҮК мәжілісінен кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде:
      1) ӨҮК хаттамасын Банкке/Даму Банкіне және Қаржы агентіне;
      2) Жобаны ӨҮК-де қарау нәтижелері туралы Кәсіпкерге жазбаша хабарлама жібереді.
      31. Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісінен Кәсіпкердің кредитіне ішінара кепілдік беруге келісу туралы ӨҮК хаттамасын алғаннан кейін Қаржы агенті Банкке/Даму Банкіне алдын ала кепілдік беру хатын жібереді.
      32. ӨҮК-мен келісілмеген жобалардан бас тартылады.
      33. Алдын ала кепілдік беру хатын алғаннан кейін Банк/Даму Банкі және Кәсіпкер Банктік қарыз алу шартын, кепілдік(тер) шартын(тарын) жасасады, көшірмелерін Қаржы агентіне жібереді. Алдын ала кепілдік беру хатын алғаннан кейін соманың 30 %-на дейін ішінара кредит беру Банктің/Даму Банкінің қарауына беріледі.
      34. Банктік қарыз алу шартының, кепілдік(тер) шартының(тарының) көшірмелерін алғаннан кейін Қаржы агенті Кепілдік беру шартының жобасын ресімдейді және қол қояды, оны Банкке/Даму Банкіне жібереді. Кепілдік беру шартына қол қойғанға дейін Кәсіпкер Қаржы агентінің ағымдағы шотына кепілдікке ақы төлеу қаражатын аударуды жүзеге асырады.
      35. Банк/Даму Банкі Кепілдік беру шартына қол қояды, оған Кәсіпкердің қол қоюын қамтамасыз етеді және қол қойылған Кепілдік беру шартын Қаржы агентіне жібереді.
      36. Банк/Даму Банкі Қаржы агентінен қол қойылған Кепілдік беру шартын алғаннан кейін Кәсіпкерге нақты түрде кредит беруді жүзеге асырады.
      37. Кепілдік беру шартын жасасқаннан кейін Қаржы агенті тиісті хабарламаны Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісіне жібереді.
      38. Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісі Қаржы агентінен Кепілдік беру шартын жасасу туралы хатты алған сәттен бастап кепілдік беру ақысы бойынша қаражатты Қаржы агентінің ағымдағы шотына аударуды жүзеге асырады.

5. Бағдарламаның мониторингі

      39. Бағдарламаны іске асыру мониторингін Қаржы агенті жүзеге
асырады, оның функцияларына мыналар жатады:
      1) Банк/Даму Банкі және/немесе Кәсіпкер ұсынған деректер мен құжаттар негізінде Кепілдік беру шартын жасасқан Кәсіпкердің кредитті мақсатты пайдалануының мониторингі;
      2) Банк/Даму Банкі ұсынған деректер негізінде Кәсіпкердің төлем тәртібінің мониторингі;
      3) Кәсіпкердің бизнес-жоспарды іске асыруының (Жобаны іске асыруының) мониторингі;
      4) Банк/Даму Банкі ұсынған деректер негізінде Банктік қарыз шарты бойынша Кәсіпкердің кепілдік берілген кредитті мерзімінен бұрын өтеуінің мониторингі.
      40. Мониторинг функцияларын жүзеге асыру үшін Қаржы агенті Кәсіпкер мен Банктен/Даму Банкінен барлық қажетті құжаттар мен ақпаратты, оның ішінде, коммерциялық және банктік құпияларды қамтитын ақпаратты сұратуға, Жоба іске асырылып жатқан жерге барып оның іске асырылуына мониторинг жүргізуге құқылы.
      41. Мониторингтің тәртібі мен мерзімдері, сондай-ақ есептілік нысандары Ынтымақтастық туралы келісімде көзделеді.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2012 жылғы 28 сәуірдегі
№ 541 қаулысына   
2-қосымша      

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2010 жылғы 10 маусымдағы
№ 556 қаулысына    
2-қосымша       

"Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасының бірінші бағытын
іске асыру шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші
деңгейдегі банктердің кредиттеріне кепілдік беру жөніндегі
ынтымақтастық туралы үлгі келісім

      Осы "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасының бірінші бағытын іске асыру шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктердің кредиттеріне кепілдік беру жөніндегі ынтымақтастық туралы келісім (бұдан әрі - Келісім) "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасын бекіту туралы" (бұдан әрі - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 қаулысын іске асыру үшін уәкілетті орган, қаржы агенті, жергілікті атқарушы орган жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау мақсаттарын басшылыққа ала отырып, бірлесіп "Тараптар", ал әрбірі жеке "Тарап" деп немесе жоғарыда көрсетілгендей аталатындар арасында төмендегілер туралы жасалды:

1. Терминдер мен қысқартулар

ҮИИДМБ

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасын Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама;

ЭҚЖЖ

Бағдарламаға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 683-од бұйрығымен бекітілген экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (бұдан әрі - ЭҚЖЖ) сәйкес экономиканың басым секторлары;

Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісі

"жалғыз терезе" қағидаты бойынша жергілікті жерлерде Бағдарламаны іске асыруға жауапты облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің шешімімен айқындалатын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;

Банктік қарыз шарты

шарттары бойынша Банк ЖКС-ге кредит беретін Банк пен ЖКС арасында жасалатын жазбаша келісім;

ЖКС

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген және өз қызметін ЭҚЖЖ-де көзделген экономиканың басым секторларында жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектісі;

Жоба

ЖКС Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін табыс алуға бағытталған бастамашылық қызмет ретінде бизнестің әртүрлі бағыттарында жүзеге асыратын іс-қимылдар мен іс-шаралардың жиынтығы;

Кредит

Банк Банктік қарыз шарты негізінде жеделділік, ақылылық, қайтарымдылық, қамтамасыз етілгендік және мақсатты пайдалану шарттары негізінде ЖКС-ге беретін ақша қаражатының сомасы;

Банктің ішкі кредит саясатын іске асыратын жұмыс органы

кредит беруді басқаруға жауапты және Банктің ішкі кредит саясатының ұйымдастырылуы мен іске асырылуын, Банктегі кредит процесінің кредит саясатына сәйкестігін қамтамасыз ететін негізгі органы болып табылатын Банктің тұрақты жұмыс істейтін алқалы жұмыс органы;

Өңірлік үйлестіру кеңесі (бұдан әрі- ӨҮК)

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері басқаратын, жергілікті атқарушы органдардың, Банктердің, бизнес-қоғамдастықтардың өкілдері және тәуелсіз сарапшылар қатысатын консультациялық-кеңесші орган;

Кепілдік беру ережесі

"Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасының "Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау" бірінші бағытын іске асыру шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктердің кредиттері бойынша кепілдік беру ережесі;

Кепілдік беру

ЖКС-нің кредиті бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету ретінде Бағдарламада, Кепілдік беру қағидалары мен Кепілдік беру шартында айқындалған талаптарда Қаржы агентінің ішінара кепілдік беруі түріндегі мемлекеттік қолдау нысаны;

Кепілдік беру шарты

Банк, ЖКС және Қаржы агенті арасында кепілдік беру туралы жасалатын жазбаша келісім;

Бірінші бағыт

жаңа бизнес-бастамаларды қолдау - ЭҚЖЖ және ҮИИДМБ басымдықтарына сәйкес Жобаларды экономиканың шикізат емес секторларында іске асыру кезінде мемлекеттік қолдау көрсетуді көздейді;

Тұрақтандырушы немесе дағдарысқа қарсы бағдарламалар

дағдарысқа қарсы бағдарламалар мен іс-шараларды орындау шеңберінде іске асырылатын мемлекеттік бағдарламалар мен іс-шаралар.

2. Келісім нысаны

      1. Уәкілетті орган Бағдарламаны бірінші бағыт бойынша іске асыру мақсатында әрбір облыс, астана, республикалық маңызы бар қала үшін өңірдің халық санына барабар есептелетін қаржыландырудың жалпы лимитін айқындайды.
      2. Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісі қаржыландырудың жалпы лимитін Бағдарламаны іске асырудың бірінші бағыты бойынша мемлекеттік қолдау нысандары бойынша бөледі және Уәкілетті органмен келіседі.
      Келіскеннен кейін Уәкілетті орган жергілікті бюджетке нысаналы трансфертті жүзеге асырады.
      3. Осы Келісімге сәйкес Қаржы агенті осы Келісімде көзделген тәртіппен және шарттарда ӨҮК бекіткен, Банк пен Қаржы агенті мақұлдаған және Уәкілетті орган келіскен ЖКС-нің экономиканың басым секторларындағы Жобалары бойынша ЖКС-нің Банк алдындағы кредиттеріне Кепілдік беруді жүзеге асырады.
      4. Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісі ЭҚЖЖ-да көзделген секторлар шеңберінде өңір мүдделерін есепке ала отырып, Уәкілетті органмен келісілетін басымдықтарды айқындайды және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында және өзінің ресми веб-сайтында жариялайды.
      5. Бағдарлама шеңберінде Кепілдік беру республикалық бюджеттің ақша қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

3. Кепілдік беру шарттары

      1. Кепілдік беру шарттары "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасының "Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау" бірінші бағытының шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктердің кредиттері бойынша кепілдік беру ережесінде айқындалады.

4. Тараптардың өзара іс-қимыл жасау тәртібі

      1. ЖКС кредит алу үшін өтінішпен Банкке жүгінеді.
      2. Банктің ішкі құжаттарында белгіленген рәсімдерге сәйкес Банк ЖКС-нің өтінішін дербес қарайды, ұсынған құжаттарды, ЖКС-нің қаржылық жағдайын талдайды, кепілдік мүлікті бағалау туралы ЖКС берген қорытынды негізінде ЖКС қамтамасыз етудің кепілдік құнына бағалау жүргізеді және Жобаны Қаржы агентінің ішінара кепілдігі бойынша кредит беру мүмкіндігі туралы шешім қабылдау үшін Банктің ішкі кредит саясатын іске асыратын Жұмыс органының қарауына енгізеді.
      3. Оң шешім қабылданған жағдайда Банк осы Келісімге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 5 (бес) жұмыс күні ішінде кепілдік беру туралы шешім қабылдау үшін Қаржы агентіне қажетті құжаттарды жолдайды.
      4. Қаржы агенті Банктен құжаттарды алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде 60 млн. теңгеге дейінгі кредиттер бойынша және 15 (он бес) жұмыс күні ішінде 60 млн. теңгеден асатын кредиттер бойынша алынған құжаттарды қарайды және жобаны кепілдік беру/бермеу туралы шешім қабылдау үшін Қаржы агентінің уәкілетті органының қарауына шығарады. 750 млн. теңгеден асатын кредиттер бойынша Қаржы агенті алынған құжаттарды қарайды және тәуелсіз сарапшы ұйымдардың қорытындыларын алғаннан кейін 15 жұмыс күні ішінде жобаны кепілдік беру/бермеу туралы шешім қабылдау үшін Қаржы агентінің уәкілетті органының қарауына шығарады.
      Ұсынылған құжаттарға ескертулер болған және/немесе қосымша ақпарат беру қажет болған жағдайда анықталған ескертулерді және/немесе ақпарат беру туралы сұранысты Қаржы агенті 5 (бес) жұмыс күні ішінде жою және/немесе ақпарат ұсыну үшін Банкке жолдайды. Бұл ретте Қаржы агенті үшін жоғарыда аталған құжаттарды қарау мерзімі қайтадан жаңартылады.
      Қаржы агенті кепілдік беру туралы оң шешім қабылдаған жағдайда Қаржы агенті Банкке Қаржы агентінің кепілдік беру мүмкіндігі туралы оң шешімі бар хатты жібереді.
      4. Банк Қаржы агентінің оң шешімі бар хатын алғаннан кейін ЖКС-ға осы Келісімге 1-қосымшаға сәйкес кепілдік берудің қажетті сомасы есебін көрсете отырып, жасалатын кредит шарттары туралы тиісті хатты жолдайды.
      5. ЖКС Банктен хат алғаннан кейін Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісіне осы Келісімге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша төмендегі құжаттарды қоса беріп өтінішпен жүгінеді:

Құжаттың атауы

1.

ЖКС-ні мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (ЖКС-нің мөрімен/қолымен расталған көшірмесі).

2.

Лицензия - егер қызмет түрі лицензияланатын болса (ЖКС-нің мөрімен/қолымен расталған көшірмесі).

3.

Жарғы, құрылтай шарты (бір құрылтайшы болған жағдайда құрылтай шарты қажет емес). Акционерлік қоғамдар акциялар эмиссиясының проспектісін және акционерлер тізілімінен үзінді көшірмені (ЖКС-нің мөрімен/қолымен расталған көшірмесі) береді.

4.

Өтініш берген күнге дейін күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей берілген салық органынан салық берешегінің және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегінің жоқтығы/бары туралы анықтама.

5.

Басшылары растаған ЖКС-нің салық декларациясының көшірмесі қоса берілген соңғы қаржы жылындағы қаржылық есебінің көшірмесі және/немесе WEB-сайттарға орналастырылған дебиторлық және кредиторлық берешегі (оның ішінде берешектің сомасы, пайда болған күні және тауарлар мен қызметтердің атауы) таратып жазылған қаржы жағдайы туралы талдау жасауға мүмкіндік беретін ақпарат.

6.

Жобаны іске асырудың болжамды мерзімін, талаптары мен Қағидаларын қамтитын ЖКС Жобасын іске асырудың бизнес-жоспары (ЖКС мөрімен және қолымен расталған түпнұсқа/көшірме).

7.

Банктің кепілдік сомасы есебімен бірге ЖКС-ке кредит беру мүмкіндігі туралы оң шешімі бар хаты (түпнұсқа).

8.

Қаржы агентінің кепілдік беру мүмкіндігі туралы оң шешімі бар хаты (Банктің мөрімен расталған көшірме)

      6. ЖКС-ден өтінішті алғаннан кейін Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісі мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:
      1) өтінішпен қоса берілген міндетті құжаттардың толықтығын тексеру, құжаттар пакеті толық тапсырылмаған немесе ұсынылған құжаттар белгіленген нысандарға сәйкес келмеген жағдайда Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісі ұсынылған құжаттар бойынша нақты кемшіліктерді көрсете отырып, ЖКС-ге өтініштерді пысықтау үшін қайтаруға құқылы;
      2) Жобаны алдын ала қарау және ӨҮК үшін Жоба бойынша ұсыныстар әзірлеу;
      3) ұсыныстарды, күн тәртібін қалыптастыру, ЖКС отырыстарының өтетін күнін, уақытын және өтетін орнын айқындау, бұл туралы барлық ЖКС мүшелерін хабардар етеді. ЖКС отырысы Жобалардың қалыптастырылуына орай өткізіледі;
      4) ЖКС-нің басқа да мемлекеттік бағдарламаларға қатысуын, мемлекеттік даму институттары арқылы мемлекеттік қолдаудың өзге де шараларын пайдалануын тексеру;
      5) құжаттардың толық пакетін бере отырып, осы Келісімге 3-қосымшаға сәйкес нысанда ЖКС жобаларының тізімін ӨҮК-нің қарауы үшін енгізу.
      7. Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісі барлық қажетті құжаттарды және ақпаратты алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ЖКС материалдарын ӨҮК-нің қарауына береді.
      8. Өткізілетін отырыс шеңберінде ӨҮК мыналарды жүзеге асырады:
      1) ЖКС-нің және оның Жобаларының Бағдарламаның өлшемдеріне және жергілікті даму бағдарламаларына сәйкестігін тексеру;
      2) ЖКС-нің өңір экономикасы үшін басым секторларында іске асырылатын жобаларын, сондай-ақ ЖКС-нің өтінішінде көрсетілген ақпаратты қарайды, әрбір ЖКС бойынша өтінішпен бірге берілген құжаттар пакетін зерделейді;
      3) ЖКС-нің Жобалары мен ұсынылған құжаттарды ӨҮК мүшелерінің арасында талқылау;
      4) қарау нәтижесі бойынша ЖКС-нің кредиті бойынша осы Келісімге  9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хаттамамен ресімделетін кепілдік беру мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды, бұл ретте, хаттамада жекелеген ЖКС-нің Бағдарламаға қатысудан бас тарту себептері міндетті түрде көрсетілуі тиіс.
      9. Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісі ӨҮК хаттамасы ресімделгеннен кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде:
      ӨҮК хаттамасын Банк пен Қаржы агентіне;
      ЖКС-ге жобаларды ӨҮК-де қарау нәтижелері туралы жазбаша хабарлама жібереді.
      10. Жергілікті деңгейдегі бағдарламаның үйлестірушісінен ЖКС кредитіне ішінара кредит берумен келісу туралы ӨҮК хаттамасын алғаннан кейін Қаржы агенті Банкке осы Келісімге 5-қосымшаға сәйкес нысанда алдын ала кепілдік хат жібереді.
      11. ӨҮК-мен келісілмеген жобалардан бас тартылады және Кепілдік шарты жасалмайды.
      12. Қаржы агентінен алдын ала кепілдік хатты алғаннан кейін Банк ЖКС-пен Банктік қарыз шартын және кепіл шартын(тарын) жасасады, олардың Банктің мөрімен расталған көшірмелерін Қаржы агентіне жібереді. Алдын ала кепілдік хатын алғаннан кейін Банкке кредит сомасынан 30%-ға дейін ішінара беруді қарауға рұқсат етіледі.
      13. Осы Келісімнің 4.13-тармағында көрсетілген барлық құжаттарды алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде және ұсынылған құжаттарға ескертулер болмаған жағдайда Қаржы агенті осы Келісімге 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Кепілдік шартының жобасын ресімдейді және өз тарапынан қол қояды және оны Банкке жібереді.
      14. Банк Кепілдік шартын алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде қол қояды және ЖКС-нің қол қоюын қамтамасыз етеді.
      15. Банк Кепілдік шартына қол қойылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жасалған Кепілдік шартының нұсқаларын Қаржы агентіне жібереді.
      16. Банк Кепілдік шарты жасалған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей ЖКС-ге іс жүзінде кредит беруді жүзеге асырады және Қаржы агентіне ЖКС-нің кредитті нақты алғанын растайтын құжаттың Банктің мөрімен расталған көшірмесін жібереді. Егер кредит ЖКС-ге қалпына келтірілетін/қалпына келтірілмейтін кредит желісі нысанында берілген жағдайда, Банк Қаржы агентіне тиісті траншты берген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей ЖКС-нің қалпына келтірілетін/қалпына келтірілмейтін кредит желісі шеңберінде әрбір траншты алғанын растайтын кұжаттың Банктің мөрімен расталған көшірмесін беруге міндетті.
      17. Кепілдік шарты жасалғаннан кейін Қаржы агенті Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісіне тиісті жазбаша хабарлама жібереді.
      18. Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісі Қаржы агентінен Кепілдік шартының жасалғаны туралы хатты алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде кепілдікті төлеу бойынша Қаржы агентінің ағымдағы шотына қаражат аударуды жүзеге асырады.

5. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      1. Уәкілетті орган:
      1) әрбір облыс, астана, республикалық маңызы бар қала үшін қаржыландырудың жалпы лимитін айқындауға;
      2) Қаржы агентінен және Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісінен осы Келісімнің іске асырылу барысы туралы ақпаратты сұратуға құқылы.
      2. Қаржы агенті:
      1) кепілдік беруден бас тартуға;
      2) іске асырылатын Бағдарламаның жарнамалық науқанын жүргізуге;
      3) Қаржы агентіне ЖКС-ге Бағдарламаға қатысу шарттары мен тәртібі туралы консультацияны жүзеге асыруға;
      4) Тараптар үшін осы Келісімде көзделген міндеттемелердің орындалу мерзімдерінің сақталуын бақылауды жүзеге асыруға және олардың уақтылы орындалуын талап етуге;
      5) осы Келісімнің іске асырылу, оның ішінде Банктің міндеттемелерді орындау бөлігінде мониторингті жүзеге асыруға;
      6) Банктің жедел қызметіне араласпай, оның орналасқан жерінде осы Келісімнің іске асырылуын тексеруді жүзеге асыруға;
      7) өзінің ресми веб-сайтында Бағдарламаның іске асырылуы туралы ақпаратты орналастыруға;
      8) кепілдік беру туралы шешім қабылдау үшін ЖКС-нің кредитті мақсатқа сай пайдалануына бақылау және осы Келісімді және/немесе Банктің қарыз шартын Банк пен ЖКС-нің орындауына мониторингті жүзеге асыру Банктен қажетті толық және шынайы ақпаратты, өзге де қажетті ақпаратты алуға;
      9) Қаржы агентіне Банк тарапынан қойылған талаптардың көлемі Қаржы агентінің кепілдігі бойынша берілген кредиттер көлемінің 8 (сегіз) % шегінен асқан кезде ЖКС жобаларын қарауды және кепілдіктер беру шарттарын жасауды тоқтата тұруға құқылы.
      3. Қаржы агенті:
      1) ЖКС Банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындамаған жағдайда кепілдікті Кепілдік шартында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде орындауы туралы Банктің талабын орындауға;
      2) осы Келісімде көзделген мониторингті жүргізуге міндеттенеді.
      4. Банк:
      1) ЖКС Банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерін орындамаған жағдайда Банктің кепілдікті Кепілдік шартында белгіленген тәртіп пен мерзімдерде орындауы туралы Қаржы агентіне жазбаша нысанда талап қоюға;
      2) өз қалауы бойынша және өзі тәуекелге барып ЖКС-ге берілген өтініш негізінде ЖКС-ге кредит беру мәселелері бойынша шешімдер қабылдауға;
      3) ЖКС Жоба(лар)ны іске асыру барысына мониторингті жүзеге асыруға құқылы.
      5. Банк:
      1) мыналарды:
      ЖКС бастама жасайтын кредит беру шарттарының өзгеруіне байланысты;
      Банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді ЖКС-нің бұзуы себептері бойынша өндіріп алынатындарды қоспағанда, ЖКС үшін комиссиялар, алымдар және/немесе кредитке байланысты өзге де төлемдерді өндіріп алмауға және белгілемеуге;
      2) өз филиалдарының ақпараттық тақталарында өтініштерді толтыру үлгілері және Бағдарламаға қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесі бар Бағдарлама туралы ақпаратты орналастыруға;
      3) Банкке жүгінген ЖКС-ге Бағдарлама шарттары мен қатысу тәртібі туралы білікті консультация беруге;
      4) осы Келісім бойынша өзінің құқықтары мен міндеттерін осы Келісімнің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін Уәкілетті органның және Қаржы агентінің алдын ала жазбаша келісімінсіз үшінші тұлғаға бермеуге және қайта бермеуге міндеттенеді. Осы тармақтың қолданысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес үмітсіздер санатына көшкен қарызды қайтаруды қамтамасыз ету мақсатында Банктің үшінші тұлғаларға Банктік қарыз шарты бойынша ЖКС-ге талап ету құқықтарын беру жағдайларына таратылмайды;
      5) Қаржы агенті талаптарды/хабарламаларды алған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде Қаржы агентінің бірінші талабы бойынша ЖКС-тің кредитті мақсатты пайдалануын растайтын құжаттарды Қаржы агентіне беруге;
      6) Қаржы агентінің бірінші талабы бойынша Қаржы агентінің талаптарын алған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде Банктік қарыз шарты мен осы Келісімді іске асыру, сондай-ақ ЖКС-нің Қаржы агенті тарапынан кепілдік берілген кредитінің мониторингі бойынша негізгі түрде қажетті ақпаратты, оның ішінде банктік/коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты беруге;
      7) Кепілдік беру шартын жасасқан ЖКС Жоба(лар)сының іске асырылу барысына мониторингті жүзеге асыруға;
      8) Қаржы агентін осы Келісімге қол қойылған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде резидент-банктердегі қолда бар барлық корреспонденттік және өзге де шоттар, сондай-ақ резидент-банктерде осы Келісімге қол қойылғаннан кейін ашылған шоттар туралы - ашылған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде жазбаша хабардар етуге;
      9) Банктің заңды мекенжайы, пошта және банктік деректемелері, сондай-ақ нақты мекенжайы өзгерген жағдайда мұндай өзгерістер туралы Қаржы агентіне 10 (он) күнтізбелік күн ішінде жазбаша хабарлауға. Хабарламау және/немесе уақтылы хабарламау жағдайында мүмкін болатын салдарлар үшін Банк жауапты болады;
      10) Банктің қызметін жүзеге асыруға басталған шектеулер немесе тыйым салулар туралы, сондай-ақ Банк акцияларының 10 %-дан астамына қатысты меншік кұқығын біржолғы сату немесе өзгеше біржолғы көшуі және/немесе иелік ету және пайдалану құқықтарының көшуі туралы жазбаша түрде 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлауға;
      11) Қаржы агентіне қойылған талап бойынша Банкке Қаржы агенті төлеген қаражат сомасының 0,5%-ы мөлшерінде комиссия төлеуге міндеттенеді. Комиссияны төлеуді Банк жылдың соңында 31 желтоқсанға дейін жүзеге асырады.
      6. Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісі:
      1) іске асырылатын Бағдарламаның жарнамалық науқанын жүргізуге;
      2) Тараптар үшін осы Келісімде көзделген міндеттемелердің орындалу мерзімдерінің сақталуын бақылауды жүзеге асыруға және олардың уақтылы орындалуын талап етуге;
      3) ЖКС жоба(лар)сының өңірлік деңгейде іске асырылу барысын, оның ішінде алдын ала ЖКС мен Қаржы агентіне мониторинг басталған күнге дейін 10 (он) жұмыс күн бұрын, мониторингтің мерзімі мен шекаралары көрсетілген мониторинг жоспарын бере отырып, жүргізілетін мониторинг туралы хабарлап, оның жедел қызметіне араласпай, ЖКС жобасын іске асырып жатқан жерлерге бару жолымен визуалды мониторингті жүзеге асыруға құқылы.
      7. Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісі:
      1) ЖКС-нің өтініштерін ӨҮК-ге уақтылы жіберуге;
      2) ӨҮК шақыруды осы Келісімде белгіленген мерзімдерде жүзеге асыруға және ӨҮК шешімдерінің осы Келісімде белгіленген талаптарға сәйкес ресімделуін қамтамасыз етуге;
      3) ӨҮК отырысының хаттамасын Қаржы агенті мен Банкке уақтылы беруді қамтамасыз етуге;
      4) Қаржы агентіне оның кепілдік бергені үшін төленетін ақыны уақтылы және толық көлемінде жүргізуге міндеттенеді.

6. Мониторинг

      1. Осы Келісімнің іске асырылу мониторингін Қаржы агенті жүзеге асырады.
      2. Қаржы агенті мониторинг шеңберінде мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) Кепілдік шартын жасасқан ЖКС Жоба(лар)сының іске асырылу барысына Банкпен бірлесіп мониторинг жүргізеді;
      2) Уәкілетті орган мен Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісіне Бағдарламаның іске асырылуы туралы ақпарат береді.
      3. Банк мыналарды қамтитын ЖКС Жобасына мониторингті жүзеге асырады:
      ай сайын осы Келісімге 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ЖКС Жоба(лар)сының іске асырылу барысына ағымдағы мониторинг;
      жарты жылда бір рет Банктің ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен ЖКС жоба(лар)сының іске асырылу барысына, бірақ міндетті түрде Жобаның іске асырылу барысы туралы ақпаратты қамтитын (бизнес-жоспарға сәйкес) кеңейтілген мониторинг.
      4. Банк Қаржы агентіне есепті айдан кейінгі айдың 10-ы күнінен кешіктірмей ЖКС Жоба(лар)сының іске асырылу барысына ағымдағы мониторинг туралы есепті жазбаша түрде ұсынады және оны Қаржы агенті айқындаған жауапты орындаушының электронды мекенжайына қосымша жібереді.
      5. Банк есепті кезеңнен кейінгі айдың 30-ы күнінен кешіктірмей ЖКС Жоба(лар)сының іске асырылу барысына кеңейтілген мониторинг туралы есепті жазбаша түрде Қаржы агентіне ұсынады және оны Қаржы агенті айқындаған жауапты орындаушының электронды мекенжайына қосымша жібереді.
      6. Қаржы агенті ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 25-і күнінен кешіктірмей Уәкілетті органға және Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісіне осы Келісімге 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Кепілдік беру туралы есеп береді.

7. Тараптардың жауапкершілігі

      1. Осы Келісімдегі Тараптардың әрқайсысы осы Келісімнен туындайтын міндеттемелерді орындамаған және/немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.
      2. Банк осы Келісім шеңберінде ақпаратты/есептілікті бермегені үшін, ақпаратты/есептілікті толық, шынайы, уақтылы бермегені үшін Қаржы агентінің алдында жауапты болады.

8. Хабарламалар

      1. Тараптар осы Келісім шеңберінде талап етілетін немесе жасалған кез келген хабарлама, хабар, хат немесе сұрау салу жазбаша нысанда беріледі деп келіседі. Мұндай хабарлама, хабар, хат немесе сұрау салу олар Тараптың уәкілетті өкіліне қолма қол табыс етілген, қатысушы Тараптың осы Келісімде көрсетілген қатысушы Тараптың мекенжайына пошта немесе курьерлік байланыс бойынша, факсимильді және телексті байланыс арқылы жеткізілген жағдайлардың кез келгенінде тиісінше табыс етілді немесе жіберілді деп қаралатын болады.
      2. Кез келген хабарлама, хабар, хат немесе сұрау салу:
      1) алынған күні қойылған тиісті белгісімен - қолма-қол (курьермен) жөнелтілген;
      2) жөнелтілгеннен кейінгі үшінші күні (пошта кәсіпорны жөнелту кезінде берген құжат күнінен) - тапсырысты хатпен, жеделхатпен жөнелтілген;
      3) жөнелтудің табысты аяқталғаны туралы факсимильді аппарат растауының болуы шартымен жөнелту күнінде - факсимильді және телексті байланыс арқылы жөнелтілген жағдайда алынған болып есептеледі. Бұл ретте Тараптар мұндай хабарламаны, хабарды, хат немесе сұрау салуды 2 (екі) жұмыс күнінен кешікпейтін мерзімде қолма-қол (курьермен) немесе тапсырысты хатпен жөнелтуге міндеттенеді.
      3. Көзделген есептілік Банктің кейіннен Қаржы агентіне кұжаттардың түпнұсқаларын бере отырып, жөнелтудің табысты аяқталғаны туралы электрондық пошта растауының болуы шартымен электрондық пошта арқылы қол қойылған материалдарды жөнелту жолымен берілуі мүмкін.

9. Құпиялылық

      1. Тараптар осы Келісімнің шарттарына қатысты ақпарат, өздері осы Келісімді жасасу және орындау барысында алған банктік құпия, сондай-ақ қаржылық, коммерциялық және өзге де ақпарат құпия болып табылады және осы Келісімде және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, үшінші тұлғаларға жария етуге жатпайды деп келіседі.
      2. Тараптың құпия ақпаратты үшінші тұлғаларға беруі, жариялауы немесе оны өзгеше жария етуі осы Келісімде және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында тікелей көзделген жағдайларда мүмкін болады.
      3. Тараптар осы Келісімнің болуы мен шарттарының кұпиялығын сақтау үшін барлық қажетті, оның ішінде құқықтық сипаттағы шараларды қабылдайды. Тараптардың лауазымды тұлғалары мен қызметкерлеріне осы Келісімді іске асыру барысында алған мәліметтерді үшінші тұлғаларға жария етуге не беруге тыйым салынады.
      4. Тараптардың кез келгені осы Келісімнің талаптарын бұза отырып, кұпия ақпаратты жария ету не тарату жағдайында кінәлі Тарап, осындай ақпаратты жария ету салдарынан басқа Тарапқа келуі ықтимал залалдарды өтей отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілікті көтереді.

10. Еңсерілмес күш жағдайлары

      1. Еңсерілмес күш жағдайлары - Тараптардың кез келгенінің осы Келісім бойынша міндеттемелерін толық немесе ішінара орындауы мүмкін болмайтын (мыналарды қамтитын, бірақ бұлармен шектелмейтін: су тасқыны, жер сілкінісі, жарылыстар, дауылдар, індеттер, эпизоотиялар, апатты өрттер, ереуілдер, соғыс, көтерілістер, мемлекеттік органдардың ресми актілері) жағдайлары. Бұл ретте, еңсерілмес күш жағдайларының сипаты, болу кезеңі, басталу фактісі уәкілетті мемлекеттік органдардың тиісті құжаттарымен расталуы тиіс.
      2. Тараптар осы Келісім бойынша өздерінің міндеттемелерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін, егер орындаудың мүмкін болмауы еңсерілмес күш жағдайларының салдары болып табылса, жауапкершіліктен босатылады.
      3. Еңсерілмес күш жағдайлары басталған кезде осы Келісім бойынша өзінің міндеттемелерін орындау мүмкін болмауы туындаған Тарап мұндай жағдайлар туралы басқа Тараптарды олар басталған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде уақтылы хабардар етуі тиіс.
      4. Уақтылы хабарлау болмаған кезде Тарап хабарламау немесе уақтылы хабарламаудан келтірілген залалды басқа Тарапқа өтеуге міндетті.
      5. Еңсерілмес күш жағдайларының басталуы олардың болу кезеңіне осы Келісімнің орындалу мерзімінің ұлғаюын туындатады.
      6. Егер мұндай жағдайлар екі айдан астам жалғасатын болса, онда Тараптардың әрқайсысы осы Келісім бойынша өзінің міндеттемелерін одан әрі орындаудан бас тартуға құқылы болады.

11. Дауларды шешу

      1. Осы Келісімге байланысты немесе одан туындайтын барлық даулар мен келіспеушіліктер Тараптар арасында келіссөздер жолымен шешіледі. Реттелмеген даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiмен шешiледi.
      2. Осы Келісім Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес түсіндіріледі және реттеледі.

12. Қорытынды ережелер

      1. Тараптардың құқықтық мәртебесі өзгерген жағдайда осы Келісім бойынша және осы Келісімді орындау үшін барлық құқықтар мен міндеттер, оның ішінде туындаған даулар мен келіспеушіліктерді реттеуге байланысты пайда болған құқықтар мен міндеттер де, Тараптардың құқықтық мирасқорларына өтеді.
      2. Осы Келісім, осы Келісімнің құрамдас бөлігі болып табылатын қосымшаларымен бірге осы Келісімнің мәніне байланысты Тараптардың өзара толық түсіністіктерін білдіреді және олардың арасында Келісімнің мәніне қатысты алдыңғы жазбаша немесе ауызша келісімдер мен уағдаластықтардың барлығының орнын алмастырады.
      3. Осы Келісімде қамтылған баптардың атаулары мен басқа да тақырыптар қолайлылық үшін пайдаланылған және осы Келісімнің қандай да бір шектеулерін, қандай да бір ережелерінің сипаттамаларын немесе түсіндірмелерін қамтымайды, сондай-ақ осы Келісім баптарының орналасу тәртібі де біреуінің басқаларға қатысты басымдығын куәландырмайды.
      4. Осы Келісімнің ережелері өзгертілуі және/немесе толықтырылуы мүмкін. Тараптар үшін осы Келісімде көзделген жағдайларды қоспағанда, Тараптардың келісімі бойынша жазбаша нысанда жасалған және Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойған және фирмалық мөрмен бекітілген өзгерістер мен толықтырулар ғана нақты және міндетті болып танылады.
      5. Осы Келісім, олардың әрқайсысының заңды күші бірдей мемлекеттік және орыс тілдерінде, Тараптардың әрқайсысы үшін бір-бір данадан мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалды. Осы Келісімнің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндері арасында әртүрлі оқылулар туындаған жағдайда осы Келісімнің орыс тіліндегі нұсқасы басым мәнге ие болады.
      6. Осы Келісім барлық Тараптар қол қойған күннен бастап күшіне енеді және 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады. Осы Келісімнің кез келген Тарабы осы Келісімге қатысушы барлық Тараптарды күнтізбелік отыз күн бұрын жазбаша хабардар ету шартымен осы Келісімді біржақты тәртіппен бұзуға құқылы. Банктің осы Келісімді біржақты тәртіппен бұзуы Борышкерді субсидиялауды тоқтатуға әкеліп соқпайды. Осы Келісімге Банкті (жаңа) қосу Уәкілетті органмен, Қаржы агентімен қосымша Келісім жасасу жолымен мүмкін болады.
      7. Осы Келісімде көзделмеген өзге жағдайлардың бәрінде Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.

Ынтымақтастық туралы үлгі келісімге
1-қосымша          

(ЖКС атауы) жобасы бойынша кепілдіктің қажетті сомасының есебі

Жобаның атауы

Кредит сомасы, мың теңге

Кредиттің мерзімі, ай

Кепілдік қамтамасыз ету

Бағалау құны, мың теңге

Кепілдік құны, мың теңге

Кепілдің қажетті сомасы, мың теңге

Кредит сомасына кепілдік сомасы, (%)

1

2

3

4

5

6

7

8

9










Лауазымды тұлға ______________________________________________ Т.А.Ә.
қолы, мөр

Жауапты қызметкер ____________________________________________ Т.А.Ә.
қолы

Ынтымақтастық туралы үлгі келісімге
№ 2 қосымша           

Қайда ___________________________ әкімдігі
Кімнен ___________________________________

№_________________ өтініш

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің _____________ жылғы № _______
қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасының "Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау" бірінші бағыты шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктердің кредиттері бойынша кепілдік беру ережесіне сәйкес Сізден төмендегілерге сәйкес "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасы шеңберінде "______________" АҚ алдындағы кредитке ішінара кепілдік беру мүмкіндігін қарау туралы ______________________ жөніндегі мәселені Өңірлік үйлестіру кеңесінің қарауына шығаруға бастама жасауыңызды сұраймын:

1. Қатысушы туралы мәліметтер

ЖКС атауы


Құрылтайшы(лар) туралы деректер


Заңды мекенжайы


Нақты мекенжайы


Почта мекенжайы


Мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу күні


Мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәліктің нөмірі


Қызмет түрлері


Жетекшілік ететін ведомство, холдинг немесе негізгі компания


СТН


Жұмыс тәжірибесі


2. Басшылық

Бірінші басшы

Т.А.Ә.


Лауазымы


Жұмыс/үй тел.


Туған жылы және жері


Жеке куәліктің нөмірі, сериясы


Тұрғылықты жері (нақты)


Тіркелген жері


Жұмыс тәжірибесі


Бас бухгалтер

Т.А.Ә.


Жұмыс/үй тел.


Туған жылы және жері


Жеке куәліктің нөмірі, сериясы


Тұрғылықты жері (нақты)


Тіркелген жері


Жұмыс тәжірибесі


Байланыс жасаушы тұлға

(Т.А.Ә., лауазымы, телефон)


3. Меншік иелері
(құрылтайшы, қатысушылар, АҚ үшін - акцияларының 5 және одан да көп
пайызын иеленетін акционерлер).

Атауы / Т.А.Ә.

%

Деректемелер



















4. Ағымдағы қызметі туралы ақпарат

Сала (ЭҚЖЖ сәйкес)


Кіші сала (ЭҚЖЖ сәйкес)


Өнімдер мен қызметтердің түрлері


Жылдық айналым


Соңғы есепті күнге пайда немесе залал


Қызметкерлердің нақты саны

_______ оның ішінде әйелдер

Жобаның атауы (қысқаша сипаттама)


Жоба іске асырылатын жер (облыс, қала)


Жұмыс орындарының саны


5. Банк шоттары туралы ақпарат

     Банк деректемелері (қызмет көрсететін барлық банктердегі барлық
ағымдағы және жинақтау шоттарын көрсету):
      _______________________________________________________________
      __________________________________________________
      ______________________________________________________________
      __________________________________________________
      _______________________________________________________________
      __________________________________________________
      _______________________________________________________________
      __________________________________________________
      _______________________________________________________________
      _______________________________________________

6. Кредит тарихы

      Заңды тұлғаның жұмыс барысында пайдаланған осы уақытқа дейін өтелген, сондай-ақ өтелмеген барлық банк несиелері көрсетіледі.

Кредитор

Сомасы

Берілген күні

Сыйақыны өтеу шарттары

Негізгі борышты өтеу шарттары

Банктік қарыз шарты бойынша өтеу мерзімі

Нақты өтелген күні

1.







2.







7. Қолданыстағы кредиттер туралы ақпарат

Күні және валютаның бағамы: ___________/_________

Банк

Банктік қарыз туралы шарттың деректемелері (№, күні)

Сыйақы ставкасы, %

Кредит сомасы, теңге

Негізгі борыш бойынша берешектің қалдығы, теңге

Кредит валютасы

Кредит мерзімінің аяқталатын күні

Кредиттің мақсаты (қысқаша сипаттама)

1









2


















8. Басқа мемлекеттік бағдарламаларға қатысу және жеке
кәсіпкерлік субъектісіне қатысты қолданылатын мемлекеттік
қолдау шаралары туралы ақпарат

Мемлекеттік бағдарламалардың/мемлекеттік қолдау шараларының атауы

Мемлекеттік органның, ұлттық қордың/холдингтің атауы

Қосымша ақпарат

1.




2.




9. Кепілдіктер мен келісімдер

      Осы өтініште көрсетілген барлық деректер мен ақпараттың дұрыс екендігіне және шындыққа толық сәйкес келетіндігіне кепілдік беремін, көрсетілген деректер мен ақпаратта сәйкессіздік анықталған жағдайда, көрсетілген деректердің шынайы еместігін растайтын мәліметтер анықталған кез келген уақытта, осы өтініштің кері қайтарылуына келісемін.
      Жергілікті атқарушы органға осы өтініште көрсетілген деректер мен ақпаратты мүдделі үшінші тұлғаларға беруіне қайтып алынбайтын келісімімді беремін.

      Қосымшалар:
      Осы Келісімде көзделген құжаттардың тізбесі.
      _______________________________ (Т.А.Ә.)
            (қолы) күні

Ынтымақтастық туралы 
үлгі келісімге   
3-қосымша     

____________ бойынша Өңірлік үйлестіру кеңесінде қарау үшін
ЖКС жобаларының тізімі

ЖКС атауы

Жобаның атауы (сипаттама)

Заңды мекенжайы

Жоба іске асырылатын жер

Өнімдер мен қызметтердің түрлері

Жобаны іске асыру кезеңі

Бағдарлама бойынша бағыты

ЭҚЖЖ коды

ЭҚЖЖ секторының атауы

Қаржыландыру сомасы, теңге

Жұмыс орындарының саны

БЖДҮ-ге өтініш беру күні

Банктің атауы

нақты

жоспар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

















ЖИЫНЫ:














      Қосымшалар: (Өтініш және ЖКС-БЖДҮ-ге ұсынған құжаттар пакеті)
      1).
      2).
      ...

Қысқартулар және анықтамалар

ЖКС

Жеке кәсіпкерлік субъектісі

ЭҚЖЖ

ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 683-од бұйрығымен бекітілген Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші

БЖДҮ

Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісі

Лауазымды тұлға ______________________ Т.А.Ә.
қолы, мөр
Жауапты қызметкер ________________________ Т.А.Ә.
қолы

Ынтымақтастық туралы үлгі келісімге
4-қосымша             

ЖКС сараптамасын жүргізу үшін Банктің Қаржы агентіне беретін
құжаттарының тізбесі 1. Жалпы құжаттар:

Құжаттың атауы

нысаны

1

2

3

1

Құжаттар тізбесіне ілеспе хат

түпнұсқа

2

Құжаттар пакетіндегі бар барлық құжаттардың тізімдемесі немесе құжаттарды қабылдау-тапсыру актісі

Банктің уәкілетті қызметкері қол қойған және Банктің мөртабанымен расталған түпнұсқа

3

Банкте кредит алуға өтініш

Банктің уәкілетті тұлғасы түпнұсқамен салыстырған көшірме

4

Банктің уәкілетті органының Қаржы агентінің Кепілдігімен кредит беру туралы шешімі, Банктің кредит, кепілдік әрі заң басқармаларының және тәуекелдер басқармасының сараптамалық қорытындылары

Банктің уәкілетті тұлғасы түпнұсқамен салыстырған көшірме

5

ЖКС қаржы құжаттары - соңғы есепті күнге баланс (берешектің пайда болған күнін, өтеудің жоспарланып отырған күнін және берешектің мәнін көрсете отырып кредиторлық және дебиторлық берешекті толық жазу, ТМҚ, негізгі қаражатты толық жазу,) соңғы алты айдағы кірістер мен шығыстар есебі (жеке кәсіпкерлер үшін)*

Банктің уәкілетті тұлғасы түпнұсқамен салыстырған көшірме

6

ЖКС мөрімен расталған (заңды тұлғалар үшін) жыл басындағы және соңғы есепті күнгі жағдай бойынша ЖКС қаржы құжаттары (берешектің пайда болған күнін, өтеудің жоспарланып отырған күнін және берешектің мәнін көрсете отырып жылдың басына және соңғы күнге есепті кредиторлық және дебиторлық берешекті толық жазу, негізгі қаражатты толық жазу, ТМҚ)

Банктің уәкілетті тұлғасы түпнұсқамен салыстырған көшірме

7

Кірістер мен шығыстар туралы есебінің баптарын толық жазу- сатудың кірістері, өзіндік құны, кезеңнің шығыстары, өзге де кірістер мен шығыстар, қаралатын кезеңдегі ақшалай және заттай түрінде өткізілетін өнім көлемі

Банктің уәкілетті тұлғасы түпнұсқамен салыстырған көшірме немесе түпнұсқа

8

Қызмет көрсететін банктің толық деректемелерін қоса алғанда, құжаттарды қарау сәтіндегі жағдай бойынша қызмет көрсететін банктен соңғы 12 айға айналымдар туралы несиелік берешектің бар (жоқ) екендігі, сондай-ақ мерзімінде төленбеген (№ 2 картотека) есеп кұжаттары туралы анықтама;

Банктің нысаны бойынша түпнұсқа

9

Несиелік берешектің бар екендігі туралы, оның ішінде өзге де қаржы ұйымдарынан мерзімі өткен (кредиттер болған жағдайда, банктерді қоспағанда) анықтамалар

түпнұсқа

10

Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша, мiндеттi зейнетақы жарналары және әлеуметтiк аударымдар бойынша берешектің жоқ (бар) екендігі туралы анықтамалар.

түпнұсқа

11

Екінші деңгейдегі банктердің шоттарындағы бар барлық шоттар туралы мәліметтер

түпнұсқа

12

Лицензиялар, патенттер, квоталар және т.б. (егер өтініш берушінің қызмет түрі лицензияланатын жағдайда немесе қарыз қаражаты бағытталатын тауарлар мен қызметтердің жекелеген түрлерін өткізу лицензияланатын болса)

Банктің уәкілетті тұлғасы түпнұсқамен салыстырған көшірме

13

Жобаны іске асыру жөніндегі құжаттар (бар болса)
- келісімшарттар, сатып алу-сату шарты, ниет шарттары, жұмыс жүргізу шарттары, қызметтерді көрсету, атқарылған жұмыстар актісі, төлем шоттары және т.б.
- жоспарланған жұмыстар бойынша смета, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге тиісті рұқсат беру (егер кредит құрылыс, реконструкциялау және т.б. саласында қолдану үшін берілген жағдайда)
- Жобаны қарау шеңберінде Банк қолданатын өзге де құжаттар.

Банктің уәкілетті тұлғасы түпнұсқамен салыстырған көшірме

14

Бизнес-жоспар

түпнұсқа немесе Банктің уәкілетті тұлғасы түпнұсқамен салыстырған көшірме

15

Соңғы және ағымдағы жылдағы қолданыстағы және пысықталған келісімшарттар (бар болса)

көшірмелер

16

Кредиттік келісімдер (қолданыстағы кредиттер болған жағдайда)*

көшірмелер

17

Банктің атынан қарыз, кепіл және кепілдік шартын жасайтын тұлғаның өкілеттігін растайтын кұжаттар

Банктің мөрімен расталған көшірмелер. (Банк кепілдік беру шартын жасау сәтінде беруі мүмкін)

      Ескертпе*: 60 млн. теңгеден асатын кредиттер бойынша

2. ЖКС құқықтық мәртебесі мен өкілеттігін айқындайтын құжаттар

      2.1. Егер ЖКС дара кәсіпкер болған жағдайда:

Құжаттың атауы

нысаны

1

Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі

Банктің уәкілетті тұлғасы тұпнұсқамен салыстырған көшірме

2

Қазақстан Республикасы салық төлеушісінің куәлігі немесе ЖКС-нің салық төлеуші ретінде тіркелгенін растайтын құжат

Банктің уәкілетті тұлғасы түпнұсқамен салыстырған көшірме

3

Дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік немесе Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда - патент

Банктің уәкілетті тұлғасы түпнұсқамен салыстырған көшірме

4

Қолының және мөрінің бедері бар үлгілерімен құжат

нотариалды расталған көшірме

5

ЖКС-нің кредит бюросына ақпарат беруге және кредит есебін алуға келісімі

Түпнұсқа Қаржы агентінің атына беріледі

      2.2. Егер ЖКС Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген заңды тұлға болған жағдайда:

Құжаттың атауы

нысаны

1

Жарғы

нотариалды расталған көшірме

2

Заңды тұлғаның мемлекеттік қайта/тіркелгені туралы куәлік

нотариалды расталған көшірме

3

Қазақстан Республикасы салық төлеушісінің күәлігі

нотариалды расталған көшірме

4

ЖКС уәкілетті органының бірінші басшыны тағайындау туралы шешімі

Түпнұсқа не Банктің уәкілетті тұлғасы түпнұсқамен салыстырған көшірме

5

ЖКС атынан Банкте және Қаржы агентінде құжаттарға қол қоюға уәкілеттік берілген адамның жеке басын куәландыратын кұжат, сондай-ақ оның өкілеттігін растайтын құжаттар

Банктің уәкілетті тұлғасы түпнұсқамен салыстырған көшірме

6

Кепілдік тарту туралы шешім қабылдаған ЖКС уәкілетті органының шешімі

Қаржы агенті бекіткен нысан бойынша түпнұсқа

7

Кредит тарту туралы шешім қабылдаған ЖКС уәкілетті органының шешімі

Банк бекіткен нысан бойынша түпнұсқа

8

Бірінші басшы, бас бухгалтер қолдарының және ЖКС мөрі бедерлерінің үлгісі бар кұжат

нотариалды расталған көшірме

9

ЖКС-нің кредит бюросына ақпарат беруге және кредит есебін алуға келісімі

Түпнұсқа Қаржы агентінің атына беріледі

      Қажет болған жағдайда Қаржы агенті Жоба бойынша қосымша құжаттамаларды және ақпаратты сұратуы мүмкін.
      Бірнеше беттерден тұратын құжат ұсынылған жағдайда, осындай кұжат тігілген және нөмірленген болуы тиіс немесе уәкілетті адамдардың қолымен әр парағы бекітілуі тиіс.

Ынтымақтастық туралы үлгі келісімге
5-қосымша            

"_________________ " АҚ–ға

Алдын ала кепілдік хат

      "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасының бірінші бағыты шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттеріне кепілдік беру жөніндегі ынтымақтастық туралы №______ __________ келісімді (бұдан әрі - Келісім) іске асыру шеңберінде осы хатпен мынаны хабарлаймыз, "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ (бұдан әрі - Қаржы агенті) "_________________" Жобасы бойынша Қаржы агентінің кепілдігін беру туралы "___________" ДК/ЖШС/АҚ өтінішін қарады және мақұлдады.
      Қаржы агенті ________ "__________________ " жобасы бойынша мынадай шарттармен "_____________ " ДК/ЖШС/АҚ үшін кепілдік беруге дайын:
      - кепілдік сомасы: __________ (_________________) теңге, бұл кредит сомасының ___ %-ын құрайды;
      - кепілдік мерзімі:____________;
      - кепілдік берудің өзге де жағдайлары Келісім талаптарына сәйкес жасалуы тиіс Кепілдік шартымен реттеледі.
      Осы алдын ала кепілдік хаттың қолданылу мерзімі оны берген күннен бастап ____ (_______) айды құрайды.

      Құрметпен,
      __________________ ___________________ _________________
          (лауазымы)          (қолы, м.о.)       (Т.А.Ә.)

Ынтымақтастық туралы үлгі келісімге
6-қосымша         

№_____ Кепілдік шарты

_______ қаласы                                  20 жылғы "__ "______

      Бұдан әрі "Кепілгер" деп аталатын "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамының атынан ________________________ негізінде әрекет ететін _________ бір тараптан және
      бұдан әрі "Банк" деп аталатын "___________________" акционерлік
қоғамының атынан _________ негізінде әрекет ететін __________________
екінші тараптан және
      бұдан әрі "Қарыз алушы" деп аталатын ___________________ атынан ________________ негізінде әрекет ететін ____________________________
                                          (Қарыз алушының толық
                                                атауы)
________________ үшінші тараптан,
      бұдан әрі бірлесіп Тараптар деп аталатындар, ал жекелеп жоғарыда көрсетілгендей не Тарап деп аталатындар
      "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасының бірінші бағытын іске асыру шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттеріне кепілдік беру жөніндегі ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде Кепілгер мен Банктің арасында 20__ жылғы "_____" ______ № ___________
жасалған келісімнің (бұдан әрі - Келісім) шеңберінде,
      төмендегілер туралы осы Кепілдік шартын (бұдан әрі - Шарт) жасасты.

1. Анықтамалар

      Кредит шарты - Қарыз алушы мен Банк арасында жасалатын қалпына келтірілмейтін кредит желісін беру туралы Банктік қарыз шарты/келісім;
      Кредит - Банк Кредит шартының талаптарымен Қарыз алушыға беретін қарыз;
      Кредитті мақсатты пайдалану - Қарыз алушының кредит қаражатын Банкке растайтын құжаттарды бере отырып, Кредит шартында белгіленген мақсаттарға пайдалануы;
      Негізгі борыш - Қарыз алушының Кредит шарты бойынша міндеттемелерін орындамауынан және/немесе тиісінше орындамауынан туындаған, есептелген сыйақы сомасын, комиссияларды, тұрақсыздық айыбын, өсімпұлды, айыппұл санкцияларын, борышты өндіріп алу бойынша сот шығындарын, Банктің басқа да шығындарын есепке алмағанда, Кредит шарты бойынша негізгі борыштың сомасы;
      Кепілдік - Кепілдік Сомасы шегінде осы Шарттан туындайтын Кредит шарты бойынша Негізгі борыштың бір бөлігін төлеу бойынша Қарыз алушы міндеттемелерінің орындалуы үшін жауап беретін Кепілгердің Банк алдындағы міндеттемесі;
      Кепілдік сомасы - Кепілгердің Кредит шарты бойынша Негізгі борыштың бір бөлігін төлеу бойынша Қарыз алушы міндеттемелерінің орындалуы үшін жауап беруге міндеттенетін осы Шартта белгіленген сома;
      Қамтамасыз ету - Қарыз алушының және/немесе үшінші тұлғаның Қарыз алушының Кредит шарты бойынша міндеттемелерін қамтамасыз ету үшін беретін кез келген мүлкі және/немесе мүліктік құқығы, сондай-ақ Кепілдікті қоспағанда, Қарыз алушының Кредит шарты бойынша Банк алдындағы міндеттемелерін орындауды қамтамасыз етуі үшін берілген кепілдіктер, кепілгерліктер;
      Талап - осы Шарттың талаптарына сәйкес ұсынылған Кепілдік Сомасы шеңберінде Кепілдіктер бойынша міндеттемелерінің орындалуы туралы Банктің Кепілгерге талабы;
      Жұмыс күні - екінші деңгейдегі банктердің Қазақстан Республикасында өз қызметін жүзеге асыру үшін ашық күні (сенбі немесе жексенбі немесе ресми мерекелер мен демалыс күндерін қоспағанда);
      Қатысу мөлшері - Кепілдік Сомасының Негізгі борыш сомасына пайыздық мәндегі қатынасы.

2. Шарттың нысанасы

      2.1. Осы Шарттың талаптары бойынша Кепілгер Қарыз алушының Кепілгер мен Банктің арасында Кредит шарты бойынша Негізгі борыштың бір бөлігін төлеу бойынша Қарыз алушы міндеттемелерінің орындалуы үшін жауап беруге міндеттеме алады:
      Кредит шартының атауы және нөмірі: ___________;
      Кредит шартының жасалған күні: _______________;
      Кредит сомасы: ___________;
      Кредит бойынша сыйақы ставкасы: ___________;
      Кредиттің мерзімі: ___________;
      Кредиттің мақсатты бағыты: ___________;
      Шартқа Кредит шартының көшірмесі қоса беріледі (Шартқа 1-қосымша).
      Осы тармақтағы мәліметтер Кредит шартының талаптарына сәйкес көрсетіледі.
      2.2. Осы Шарт бойынша Кепілгердің Банк алдындағы міндеттемесі ________________ (______________) теңге _______________ тиын кепілдік сомасымен шектелген, бұл Негізгі борыштың сомасының ___________ % құрайды.
      2.3. Кепілдік бойынша Кепілгер міндеттемелерінің мөлшері Кепілгердің Талапты орындау сомасына азаяды.
      2.4. Кепілгер берілген кепілдіктің бастапқы мөлшерін азайтуға құқылы емес.
      Бұл ретте, Негізгі борышты өтеген/ішінара өтеген кезде Кепілдік сомасы Қатысу мөлшеріне көбейтілген, Негізгі борышты өтеу сомасына тең сомаға азаяды. Қалпына келтірілетін кредит желісі бойынша Кепілдік сомасы қол жетімділік кезеңінің өтуіне байланысты азаяды.
      2.5. Кепілдік Қарыз алушы Кредит шарты бойынша Негізгі борыш сомасын қайтару бойынша міндеттемесін орындамаған жағдайда ғана орындалуға жатады. Талап қою және Кепілдікті орындау тәртібі осы Шартта белгіленеді.
      2.6. Осы Шартқа қол қою арқылы Қарыз алушы Кепілгерге Банкке Қарыз алушыға, Кредит шарты мен оның орындалуына қатысты кез келген ақпаратты, оның ішінде Кредит шарты бойынша өтелген сомалар туралы, Кредит шарты бойынша несиелік берешектің қалдығы туралы мәліметтерді, сондай-ақ банк, коммерциялық және өзге де құпияны кұрайтын өзге мәліметтерді беру Құқығын ұсынады.
      2.7. Қарыз алушы осы Шартқа қол қою арқылы Кепілгердің Кепілгер акционеріне және мемлекеттік органдарға келесі мәліметтерді ұсынуға келісімін береді: Қарыз алушының фирмалық атауы, Қарыз алушының "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасына қатысуы, Қарыз алушы Жобасының атауы, Қарыз алушының Жобасы іске асырылатын өңір және сала, Кредиттің сомасы және мерзімі, Кепілдік сомасы, Кредит бойынша сыйақы ставкасы, Кепілдік бойынша комиссияның мөлшері. Сондай-ақ қарыз алушы Кепілгерге осы тармақта көрсетілген мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде Кепілгердің веб-сайтында жариялау құқығын береді.
      2.8. Кредит шартында Қарыз алушы міндеттемелерінің орындалуын Қамтамасыз ету ретінде көрсетілмеген және/немесе Кредит шартына және/немесе Кепілгердің алдын ала келісімінсіз Кепіл шартына енгізілген мүлік, құқықтар, кепілдіктер, кепілгерліктер және т.б. Кредит шарты бойынша Қамтамасыз ету ретінде болуы мүмкін емес. Осы талапты сақтамау Кепілдіктің тоқтатылуына алып келеді, ал Кепілдікті Кепілгер толық немесе ішінара орындаған жағдайларда - Кепілгердің жазбаша талаптарын алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде Банктің Кепілгердің Кепілдік бойынша алған барлық сомасын қайтару міндеттемесінің орындалуына әкеп соғады.
      2.9. Қамтамасыз ету ретінде Кредит шарты бойынша қабылданған мүлік Кепілдік шартының қолданылу мерзімі ішінде Қарыз алушының және/немесе үшінші тұлғаның (Кепілгермен жазбаша келісілген жағдайды қоспағанда) басқа міндеттемелері бойынша қамтамасыз ету ретінде қолданылмайды.
      2.10. Қарыз алушы Кепілгерге Кепілдік бергені үшін Кепілдіктің мөлшерінен 1% (бір пайыз) ставка комиссия төлейді, ол ______________ (_________ жазбаша ________) теңгені құрайды.
      2.11. Кепілгерге комиссияны Қарыз алушы осы Шартта көрсетілген Кепілгер есебіне ақша аудару жолымен осы Шартқа қол қойғанға дейін бір рет төлейді.

3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      3.1. Кепілгер:
      3.1.1. Осы Шарттың талаптарында Банктің Талаптарын алған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей Банкке төлем жүргізуге міндетті.
      3.2. Кепілгер:
      3.2.1. Банктен және Қарыз алушыдан осы Шартта белгіленген міндеттемелердің орындалуын талап етуге;
      3.2.2. Банктен Қарыз алушының Кредитті мақсатты пайдаланылуына бақылауды және Банк пен Қарыз алушының осы Шартты және/немесе Кредит шартын орындалуына мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті толық және шынайы ақпарат, сондай-ақ осы Шартқа байланысты басқа да қажетті ақпаратты, оның ішінде банктік және коммерциялық құпияны сақтау жөніндегі талаптарды сақтай отырып, Кепілгердің өкілдерінің Банкке баруымен де ақпарат алуға;
      3.2.3. Кредит шарты бойынша қаржыландырылған Жобаның іске асырылу барысын тексеру мақсатында Қарыз алушының Жобасының іске асырылу жеріне баруды жүзеге асырады;
      3.2.4. Банк Талапты осы Шарттың талаптарын бұза отырып қойған болса, Банкке жазбаша дәлелді жауап жіберу жолымен Талапты орындаудан бас тартуға;
      3.2.5. Қарыз алушы беруі мүмкін, тіпті Қарыз алушы борышын таныған және/немесе Қарыз алушы Банкке қарсылығынан бас тарқан жағдайда да Банктің талаптарына қарсылық білдіруге;
      3.2.6. Қарыз алушыдан және Банктен Кепілгердің сұранысын алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей Қарыз алушының Кредит шарты бойынша міндеттемелерді орындауы, оның ішінде жасалған Кредит шарты талаптарының жол берілген бұзушылықтары туралы ақпарат беруді талап етуге;
      3.2.7. Банктен (Кепілгер Кепілдік шарты бойынша міндеттемелерді орындаған жағдайда) Банктің Қарыз алушыға талаптарын растайтын құжаттар мен ақпаратты беруді және осы талаптарды қамтамасыз ететін құқықтарды Кепілгерге осы Шартта белгіленген көлемде беруді талап етуге;
      3.2.8. Қарыз алушыдан (Кепілгер Кепілдік шарты бойынша міндеттемелерді орындаған жағдайда) Кепілгерге Кепілдік бойынша жүргізілген төлемдердің сомасын толық көлемде өтеуді, оның ішінде Банкке Кепілдік бойынша төленген сомаға сыйақы төлеуді және Қарыз алушы үшін жауапкершілікке байланысты келген өзге де зияндарды өтеуді талап етуге;
      3.2.9. Қарыз алушының кез келген шоттарынан Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен осы Шарт бойынша туындаған берешек сомасын акцепсіз тәртіппен алуға (есептен шығаруға);
      3.2.10. Осы Шартта және Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды иеленуге құқылы.
      3.3. Қарыз алушы:
      3.3.1. Кредитті оның Нысаналы мақсатына сәйкес пайдалануға;
      3.3.2. Банктің және/немесе Кепілгердің бірінші талабы бойынша оның өкілдеріне Кредиттің мақсатты пайдалануын, оның қамтамасыз етілуін және Қарыз алушының қаржы-шаруашылық қызметін оның өндірістік (сауда) объектілерін тікелей қарау және/немесе Банкке және/немесе Кепілгерге қажетті шарттарда (мерзімі, көлемі) қаржы-шаруашылық қызметі туралы құжаттар мен ақпаратты тексеруге беру жолымен тексеруге мүмкіндік беруге;
      3.3.3. дереу, алайда Кредит шартының талаптары бұзылған күннен кейінгі 3 (үш) Жұмыс күнінен кешіктірмей кез келген жағдайда Кепілгерді орын алған барлық бұзушылықтар туралы, оның ішінде Негізгі борыштың және кредитті пайдаланғаны үшін сыйақы сомасын төлеу (қайтару), мерзімін өткізгендігі туралы, сондай-ақ Қарыз алушының Кредит шарты бойынша өз міндеттерін орындауға әсер ететін басқа да барлық жағдайлар туралы жазбаша хабарлауға;
      3.3.4. Банк Кредит шарты бойынша міндеттемелерді орындау туралы талап қойған жағдайда өз міндеттемелерін тиісінше орындауға қалыптасып отырған жағдайда барлық ақылға қонымды және қолжетімді шаралардың бәрін қабылдауға;
      3.3.5. Кепілгер Кепілдік бойынша міндеттемелерді орындаған жағдайда Кепілгерге Кепілдік бойынша Кепілгер жүргізген төлемдер сомасын толық көлемде өтеуге, оның ішінде Банкке Кепілдік бойынша төлеген сомасына Кредит шартында көрсетілген ставка бойынша сыйақы төлеуге (Кепілгердің тиісті талабы болған жағдайда) және Кепілгердің талаптарында көрсетілген тәртіпте және мерзімде Кепілгердің Қарыз алушы үшін жауапкершілігіне байланысты келген өзге де залалдарын өтеуге;
      3.3.6. Кепілгерден Кредит шарты бойынша міндеттемелердің орындалуы, оның ішінде жасалған Кредит шарты талаптарының жол берілген бұзылуы туралы ақпаратты алған күннен бастап 5 (бес) Жұмыс күнінен кешіктірмей оны Кепілгерге сұратуда көрсетілген ақпаратты жазбаша нысанда беруге;
      3.3.7. банк деректемелері және/немесе орналасқан жері өзгерген жағдайда 3 (үш) Жұмыс күні ішінде бұл туралы Банкті және Кепілгерді хабардар етуге;
      3.3.8. осы Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін орындамаған және/немесе тиісінше орындамаған жағдайда Кепілгердің алдында барлық өз мүлкімен жауапты болуға міндетті.
      3.4. Банк:
      3.4.1. Кредит шартының талаптары өзгерген (Кепілгер жауапкершлігінің ұлғаюына немесе Кепілгер үшін өзге де қолайсыз салдарларға әкелетін) жағдайда дереу, алайда кез келген жағдайда, Кредит шартына өзгерістер енгізілген күннен кейінгі 10 (он) Жұмыс күнінен кешіктірмей Кепілгерге бұл туралы жазбаша хабарлауға;
      Кредит шартына Кепілгер жауапкершілігінің ұлғаюына немесе Кепілгер үшін өзге де қолайсыз салдарларға әкелетін өзгерістер енгізілген жағдайда Банк Кепілгерден осындай өзгерістерді енгізуге алдын ала жазбаша келісімін алуға міндетті.
      Шарттың осы тармағының екінші абзацында көрсетілген өзгерістер Кредит шартына Кепілгердің алдын ала жазбаша келісімінсіз енгізілген жағдайда, Кепілдік тоқтатылады.
      3.4.2. Кепілгерден Кредит шарты бойынша міндеттемелердің орындалуы, оның ішінде жасалған Кредит шарты талаптарының бұзылуына жол берілгені туралы жазбаша сұрау алған жағдайда, оны алған күннен бастап 5 (бес) Жұмыс күнінен кешіктірмей Кепілгерге сұрауда көрсетілген ақпаратты жазбаша нысанда ұсынуға;
      3.4.3. Кепілгерді Қарыз алушының Кредит шарты бойынша өз міндеттемелерін толық көлемде (оның ішінде міндеттемелерін мерзімінен бұрын орындаған жағдайда) орындағаны туралы 5 (бес) жұмыс күніненкешіктірмей жазбаша хабарлауға;
      3.4.4. осы Шартта белгіленген жағдайларда Кепілгерге осы Шартта белгіленген тәртіпте және мерзімде ақшаны қайтаруды жүзеге асыруға;
      3.4.5. Кепілгер Кепілдік бойынша міндеттемелерді орындаған жағдайда 5 (бес) Жұмыс күнінен кешіктірмей Кепілгерге Банктің Қарыз алушыға Талап ету құқықтарын растайтын құжаттар мен ақпаратты беруге және осы талаптарды қамтамасыз ететін құқықтарды Кепілгерге осы Шартта белгіленген көлемде беруге. Банктің құжаттары Кепілгерге түпнұсқада беріледі, ал мұны жасау мүмкін болмаған жағдайда - нотариалды куәландырылған көшірмелер түрінде беріледі. Құжаттарды Банктен Кепілгерге беру құжаттарды қабылдау-тапсыру актілерін жасаумен жүзеге асырылады;
      3.4.6. Кепілгерге Кредит берілген күннен бастап 3 (үш) Жұмыс күнінен кешіктірмей Қарыз алушының Кредит сомасын іс жүзінде алғанын растайтын кұжаттың көшірмесін беруге. Егер Кредит Қарыз алушыға қалпына келтірілетін/қалпына келтірілмейтін кредит желісі нысанында берілген жағдайда, Банк Кепілгерге тиісті транш берілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде Қарыз алушының қалпына келтірілетін/қалпына келтірілмейтін кредит желісі шеңберінде әрбір траншты алғанын растайтын Банктің мөрімен расталған құжаттың көшірмесін беруге міндеттенеді.
      3.4.7. Кепілгердің Кепілдікті орындау нәтижесінде алған құқықтарын жүзеге асыруға кедергі келтірмеуге;
      3.4.8. осы Шартта белгіленген өзге де міндеттемелерді тиісінше орындауға міндетті.
      3.5. Банк:
      3.5.1. Қарыз алушының Кредит шарты бойынша Негізгі борышты төлеу бойынша өз міндеттемелерін орындамаған (тиісінше орындамаған) жағдайда Кепілгерге осы Шартта белгіленген тәртіпте және мерзімде Талап қоюға;
      3.5.2. Кепілгерден және Қарыз алушыдан осы Шартта көзделген өзге де міндеттемелердің орындалуын талап етуге кұқылы.
      3.6. Осы Шартты орындау кезінде Банк Қазақстан Республикасы Үкіметінің дағдарысқа қарсы бағдарламаларын іске асыру шеңберінде Кепілгер Банкте орналастырған қаражат есебінен Кепілгер алдында өз міндеттемелерін төмендетуге құқысыз.

4. Кепілдікті орындау тәртібі

      4.1. Қарыз алушының Негізгі борыштың сомасын және/немесе Кредит шарты бойынша сыйақы сомаларын өтеу бойынша міндеттемелерді орындамаған күннен бастап 15 (он бес) Жұмыс күні мерзімінен кешіктірмей Банк бұл туралы Кепілгерді Қарыз алушының Банк алдындағы берешегінің бар екендігі туралы анықтаманы және Банктің Қарыз алушыға жіберген мерзімі өткен берешегін өтеу туралы жазбаша талабының көшірмесін қоса беріп хабарлайды.
      4.2. Қарыз алушының Кредит шарты бойынша Негізгі борыштың сомасын өтеу бойынша міндеттемелерді орындамаған күннен бастап күнтізбелік бір жүз жиырма күн ішінде Банк Қарыз алушыдан және Қамтамасыз етуді берген тұлғалардан мерзімі өткен берешекті алу мақсатында ақылға қонымды және қалыптасып отырған жағдайда барлық қолжетімді шараларды қабылдауға құқылы (оның ішінде өндіріп алуды Қамтамасыз етуге айналдыру, үшінші тұлғалардың (Кепілдікті қоспағанда) банк кепілдігі, кепілдіктер/кепілгерліктер бойынша талаптар қою, Қарыз алушының шоттарына төлем талап-тапсырмаларын қою және т.б. жолмен).
      4.3. Банктің Қарыз алушыдан берешекті өндіріп алу жөнінде қабылдаған шараларының нәтижесінде алынған сомалар Кепілгерге Талап қойылғанға дейін келесі кезекпен Қарыз алушының берешегін өтеуге жіберіледі:
      1) Кредит шарты бойынша сыйақыны және тұрақсыздық айыбын өтеу;
      2) Кредит шарты бойынша мерзімі өткен Негізгі борышты өтеу;
      3) Кредит шарты бойынша Негізгі борышты өтеу;
      4) Кредит шарты бойынша өзге де берешектерді өтеу.
      Қарыз алушының берешегін өтеуді Банк ақшаны алған күннен кейінгі 1 (бір) Жұмыс күні ішінде жүргізуі тиіс. Бүл ретте Кепілдік Сомасы Негізгі борышты өтеудің Қатысу мөлшеріне көбейтілген сомасына (оның ішінде мерзімі өткен) тең сомаға азаяды.
      4.4. Қарыз алушы Кредит шарты бойынша Негізгі борыштың сомасын өтеу жөніндегі міндеттемелерді орындамаған/тиісінше орындамаған күннен бастап Кредит шарты бойынша Негізгі борыштың сомасын өтеу жөніндегі міндеттемелерді бір жүз жиырма күн ішінде орындамаған жағдайда Банктің Кепілгерге талап қою құқығы бар.
      4.5. Талапта мыналар көрсетілуі тиіс:
      1) Кепілдік шартының деректемелері;
      2) Кредит шартының деректемелері;
      3) Қарыз алушының атауы;
      4) Кепілгердің Кепілдік бойынша төлем сомасының есептеулері;
      5) ақша қаражаты есепке алынуға жатқызылатын Банк шотының деректемелері.
      4.6. Талапқа:
      1) Қарыз алушының Банк алдындағы берешегінің бар екендігі туралы анықтама;
      2) Қарыз алушының Банк алдындағы берешегін (бар болса) растайтын өзге де құжаттардың көшірмелері;
      3) Банктің Қарыз алушыға жолдаған талабының (қарсылығы) көшірмесі;
      4) Қарыз алушының Банктің талабына (қарсылығы) жауабының көшірмесі (бар болса);
      5) Банктің Кредит шарты бойынша берешекті өндіріп алу жөніндегі қолданған шаралары және растайтын құжаттарды қоса бере отырып (бар болса), қабылданған шаралардың нәтижесінде алынған сомалар туралы ақпарат;
      6) берешекті өндіріп алу туралы сот шешімінің көшірмесі (бар болса);
      7) орындау парақтарының көшірмесі (бар болса);
      8) Кредит шартына қосымша келісімдердің көшірмесі (бар болса) қоса беріледі.
      4.7. Талапта көрсетілген сома Кепілдік шартының талаптарына сәйкес болуы тиіс, алайда ол кез келген жағдайда осы Шарттың 2.2-тармағында белгіленген Кепілдіктің шекті Сомасынан аспауы тиіс.
      4.8. Банк Талапты Кепілгерге осы Шартта көрсетілген мекенжай бойынша тапсырысты хат жіберу немесе қолма-қол беру жолымен жібереді.
      4.9.Талап Кепілгерге ағымдағы Жұмыс күні Алматы уақыты бойынша 16.00-ге дейін қойылуы мүмкін. Алматы уақыты бойынша сағат 16-00-ден кейін қойылған Талап келесі Жұмыс күні қойылған деп саналады.
      4.10. Банктің Талабын алғаннан кейін, алайда кез келген жағдайда, ол қанағаттандырылғанға дейін Кепілгер Қарыз алушыны Банк қойған Талаптар туралы осы Шартта көрсетілген қарыз алушының мекенжайы бойынша тапсырысты хатпен хабар жіберу жолымен немесе Қарыз алушының қолын қойғызып қолма-қол беру жолымен жазбаша нысанда хабардар етеді. Хабарлама тапсырысты хатпен жіберілген кезде пошта мекемесі берген құжатта көрсетілген күннен кейін 3 (Үшінші) күні хабарлама алынды деп саналады.
      4.11. Кепілгер Банктің Талаптарын және осы Шартта көзделген барлық құжаттарды алған сәттен бастап, сондай-ақ Талаптарға және ұсынылған құжаттарға қарсылығы болмаған кезде 10 (он) Жұмыс күнінен кешіктірмей Талапта көрсетілген сомалар мөлшерінде төлем жүргізеді немесе Банкке қарсылықтарын көрсетіп хат жібереді.
      4.12. Кепілдік бойынша міндеттемесін орындаған Кепілгерге Кредит шарты бойынша Банктің барлық құқықтары және Банкке Қамтамасыз ету шарттары бойынша кепіл ұстаушы ретінде тиесілі құқықтары Кепілгер Банктің Талаптарын қанағаттандыру көлемінде өтеді. Кепілгер Талапты орындағаннан кейін Банк Кепілгерге 5 (бес) Жұмыс күні ішінде қабылдау-тапсыру актісі бойынша келесі құжаттарды:
      1) қосымша келісімдерімен бірге Кредит шартының түпнұсқасын немесе нотариалды расталған көшірмесін;
      2) қосымша келісімдерімен бірге Қамтамасыз ету шарттарының түпнұсқаларын немесе нотариалды расталған көшірмелерін;
      3) Кепілгердің талабы бойынша Кепілгердің құқығын растайтын өзге де құжаттарды беруге міндетті.
      4.13. Кепілгер Кепілдік бойынша міндеттемелерді орындағаннан кейін Банк Қарыз алушыдан өндіріп алу бойынша шаралардың, оның ішінде Қамтамасыз етуді іске асыру жолымен алған барлық сомалар Кепілгер мен Банк арасында келесі кезекпен бөлінеді:
      1) Кредит шарты бойынша Банктің алдында сыйақылар мен тұрақсыздық айыбын өтеу;
      2) Қарыз алушының Банк алдындағы Негізгі борышы қалдығының сомасын өтеу;
      3) Қарыз алушының Кепілгердің алдындағы берешегін өтеу.

5. Кепілдіктің қолданылу мерзімі

      5.1. Кепілдік "___ " ______ мерзімді қоса алғанда беріледі.
      5.2. Келесі жағдайлардың кез келгенінің басталуымен Кепілдіктің қолданысы тоқтатылады:
      1) Кредит шарты бойынша Кепілдікпен қамтамасыз етілген Негізгі борыштың сомасын толық өтеу;
      2) осы Шартта көрсетілген Кепілдік мерзімі өткенде;
      3) егер Кепілгер жаңа борышкер үшін жауапты болуға келісімін бермесе, Кредит шартының Кепілдікпен қамтамасыз етілуі бойынша борышының басқа тұлғаға ауысуы;
      4) егер Кепілдікпен қамтамасыз етілген міндеттемелердің орындалу мерзімі келгеннен кейін Банк Қарыз алушы немесе Кепілгер ұсынған тиісінше орындаудан бас тартса;
      5) Кепілгердің алдын ала жазбаша келісімінсіз Кепілгер үшін жауапкершілікті ұлғайтуға немесе басқа да қолайсыз салдарларға әкеліп соғатын Кредит шартының кез келген талаптарының өзгеруі;
      6) шынайы емес мәліметтер (ақпарат) және /немесе құжаттардың берілуі Қарыз алушының тарапынан алаяқтық әрекеттерден туындаған жағдайларды қоспағанда, Банктің Кепілгерге шынайы емес, мәліметтер (ақпарат) және /немесе Кепілгердің Кепілдік беру туралы шешім қабылдауы үшін қажетті құжаттар берген жағдайда;
      7) Қазақстан Республикасының заңдарында, Келісімде және/немесе осы Шартта көзделген өзге де негіздер бойынша.

6. Жауапкершілік

      6.1. Кепілгер Банкке Талапта көрсетілген соманы уақтылы төлемеген жағдайда, Кепілгер Банкке мерзімі өткен әрбір күн үшін уақтылы төленбеген соманың 0,01 % (нөл бүтін жүзден бір пайыз) мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (өсімпұл) төлейді.
      6.2. Банк Кепілгерге осы Шарттың талаптарына сәйкес Кепілгерге тиесілі кез келген соманы уақтылы қайтармаған жағдайда Банк Кепілгерге мерзімі өткен әр күн үшін уақтылы төленбеген соманың 0,01 % (нөл бүтін жүзден бір пайыз) мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (өсімпұл) төлейді.
      6.3. Банк осы Шарттың 3.4.1., 3.4.2., 3.4.3., 3.4.5., 3.4.6-тармақтарында белгіленген міндеттемелерді бұзған жағдайда, Банк Кепілгерге мерзімі өткен әр күн үшін тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бес еселенген мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (өсімпұл) төлейді.
      6.4. Қарыз алушы осы Шарттың 3.3.3., 3.3.5., 3.3.6., 3.3.7-тармақтарында белгіленген міндеттемелерді бұзған жағдайда, Қарыз алушы Кепілгерге мерзімі өткен әрбір күн үшін тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (өсімпұл) төлейді.
      6.5. Тұрақсыздық айыбын төлеу талабы кінәлі Тарап Құқығын бұзған Тараптың құқығы болып табылады. Тұрақсыздық айыбын төлеу кінәлі Тарапты осы Шарттың талаптарын тиісінше орындаудан босатпайды.

7. Қорытынды ережелер

      7.1. Шартқа барлық өзгерістер мен толықтырулар жазбаша түрде ресімделуі, Тараптардың уәкілетті өкілдерінің қолдары қойылуы және Тараптардың мөрлерінің бедерлерімен бекітілуі тиіс.
      7.2. Осы Шарттың өзгеруіне, бұзылуына және орындалуына байланысты барлық даулар мен келіспеушіліктерді Тараптар келіссөздер және талқылаулар жолымен шешетін болады, егер келіссөздер нәтижесінде Тараптар келісімге келмеген жағдайда, онда осындай дау Қазақстан Республикасының заңнамаларында көзделген сот тәртібімен қаралатын болады.
      7.3. Шарт әрбір Тарап үшін заң күші бірдей үш данада жасалды.
      7.4. Осы Шартта көзделмеген өзге жағдайлардың бәрінде Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.
      7.5. Кредит шартының көшірмесі осы Шартқа 1-қосымша болып табылады.
      7.6. Тараптардың келісуі бойынша Кепілгер алушы осы Шарт бойынша өз міндеттемелерінің орындалуы үшін тек Кепілгердің өз қаражаты/мүлкі шегінде жауап береді, оларға "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы № 1039 және "Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі
2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын бекіту туралы" 2008 жылғы 25 қарашадағы № 1085 қаулылары шеңберінде Кепіл алушы іске асырып жатқан дағдарысқа қарсы бағдарламаларды іске асыру үшін Кепілгерге берілген қаражат енгізілмейді.

8. Тараптардың орналасқан жері, деректемелері және қолдары

Қарыз алушы:             Кепілгер:             Банк:
                        /________/         /________/

Ынтымақтастық туралы үлгі келісімге
7-қосымша          

"__________________" АҚ-ның
_________ бастап _____________ жыл кезеңі бойынша ЖКС
Жобаларын іске асыру барысының ағымдағы мониторингі
туралы есебі

Банктің атауы

ЖКС өтініш берген жер (облыс, өңір)

Қарыз алушының атауы

Қарыз алушының СТН

1

2

3

4

5







Заңды мәртебесі (ЖШС, ДК, ШҚ, ӨК)

Кредит желісін ашу туралы Банктік қарыз шартының/Келісімнің №

Кредит желісін ашу туралы Банктік қарыз шартының/Келісімнің күні

Кредит мерзімі


6

7

8

9







Кредит сомасы

Кредит бойынша сыйақы ставкасы

Негізгі борышты өтеудің жеңілдікті кезеңі

Сыйақы төлеу бойынша жеңілдікті кезең


10

11

12

13







Кредит бойынша берілген күні (транш)

Нақты берілген қаражат сомасы

Есепті күнге негізгі борыш берешегінің қалдығы

Кепілдік шартының нөмірі


14

15

16

17







Кепілдік шартының күні

Қаржы агентінің кепілдік сомасы

Қаржы агентінің кепілдік бойынша міндеттемесінің орындалу сомасы

НБ бойынша мерзімі өткен берешектің сомасы


18

19

20

21







НБ бойынша мерзімі өткен күндердің саны

Сыйақы төлеу бойынша мерзімі өткен күндердің саны

Кредит беру объектісі (инвестициялық кредит/айналым қаражатын толтыру)

ЭҚЖЖ бойынша код


22

23

24

25







Жоба бойынша бизнес (бастапқы/қолданыстағы)

Жобаны іске асыру есебінен құрылатын жаңа жұмыс орындары

Банктің уәкілетті органы шешімінің күні

ҚҚА әдістемесі бойынша сыныптамалық санат


26

27

28

29






      Лауазымды тұлға __________________________ Т.А.Ә.
      қолы, мөр
      Жауапты қызметкер ________________________ Т.А.Ә.
      қолы

Ынтымақтастық туралы үлгі келісімге
8-қосымша             

Кепілдік беру туралы есеп
(Қаржы агенті Уәкілетті органға және Бағдарламаның
жергілікті деңгейдегі үйлестірушісіне береді)

Банктің атауы

ЖКС өтініш берген жер (облыс, өңір)

ЖКС атауы

ЖКС-нің СТН

1

2

3

4

5







Заңды мәртебесі (ЖШС, ДК, ШҚ, ӨКК)

Банктік қарыз шартының №

Банктік қарыз шартының күні

Кредит мерзімі


6

7

8

9







Кредит сомасы

Кредит бойынша сыйақы ставкасы

Негізгі борышты өтеудің жеңілдікті кезеңі

Сыйақы төлеу бойынша жеңілдікті кезең



10

11

12

13







Кредит бойынша берілген күні (транш)

Нақты берілген қаражат сомасы

Есепті күнге негізгі борыш берешегінің қалдығы

Кепілдік шартының нөмірі


14

15

16

17







Кепілдік шартының күні

Қаржы агентінің кепілдік сомасы

Қаржы агентінің кепілдік бойынша міндеттемесінің орындалу сомасы

Негізгі борыш бойынша мерзімі өткен берешектің сомасы


18

19

20

21







Негізгі борыш бойынша мерзімі өткен күндердің саны

Сыйақы төлеу бойынша мерзімі өткен күндердің саны

Кредит беру объектісі (инвестициялық кредит/айналым қаражатын толтыру)

ЭҚЖБ бойынша код


22

23

24

25







Жоба бойынша бизнес (бастапқы/қолданыстағы)

Жобаны іске асыру есебінен жасалатын жаңа жұмыс орындары

Банктің уәкілетті органы шешімінің күні

ККА әдістемесі бойынша сыныптамалық санат


26

27

28

29






      Лауазымды тұлға __________________________ Т.А.Ә.
      қолы, мөр
      Жауапты қызметкер ________________________ Т.А.Ә.
      қолы

Ынтымақтастық туралы үлгі келісімге
9-қосымша

(ұсынылатын нысан)

_______________ бойынша Өңірлік үйлестіруші кеңес отырысының
№ ____________ ХАТТАМАСЫ

Өткізілген орны


Өткізілген күні


Кеңес төрағасы


Қатысқан кеңес мүшелері


Болмаған кеңес мүшелері


Шақырылғандар


Кеңес хатшысы


Күн тәртібі


Мәселелердің атауы

1


2


...


Кеңес қарастырды

1-мәселенің атауы

1




      Кеңес шешті

      1. Мыналарға:
      "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасының өлшемдеріне сәйкестігіне;
      өңір үшін басым салаларға сәйкестігіне;
      мемлекеттік даму институттары арқылы қолдаудың басқа шараларының қолданбауына байланысты.
      жеке кәсіпкерлік субъектілер жобаларының төмендегі тізіміне:

Атауы

ЖКС

Жобаның

Саланың (ЭҚЖЖ кодын көрсете отырып)

Банктің

1

2

3

4

5






Кредит сомасы

Кепілдіктің қажетті сомасы

Кредит сомасына кепілдіктің қажетті сомасы (%)

Жоба сипаттамасы

Ескертпе

6

7

8

9

10






       кепілдік беру нысанында мемлекеттік қолдау нысанын қолдану мүмкіндігі мақұлдансын.
      2. Мақұлданған жобалардың тізімі "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ-ға және көрсетілген екінші деңгейдегі банктерге жіберілсін.
      3. Мыналарға:
      "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасының өлшемдеріне сәйкес болмауына;
      өңір үшін басым салаларға сәйкес болмауына;
      Мемлекеттік даму институттары арқылы қолдаудың басқа шараларын қолдануына байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілер жобаларының төмендегі тізіміне:

Атауы

Бас тартудың себебі

ЖКС

Жобаның

Саланың

Банктің







      кепілдік беру нысанындағы мемлекеттік қолдау нысанын қолдануды мақұлдаудан бас тартылсын.

      Кеңес мүшелерінің қолдары

Кеңес мүшесінің ТАӘ мен мәртебесі

"ҚОЛДАЙМЫН"

"ҚАРСЫМЫН"

ТҮСІНІКТЕР

1

Кеңес төрағасы




2

Кеңес төрағасының орынбасары




3

Кеңес мүшесі




4

Кеңес мүшесі




5

Кеңес мүшесі




      Кеңес қарады

2-мәселенің атауы

1




      Кеңес шешті

1.
2.
3.
...
Кеңес мүшелерінің қолдары

Кеңес мүшесінің ТАӘ мен мәртебесі

«ҚОЛДАЙМЫН»

«ҚАРСЫМЫН»

ТҮСІНІКТЕР

1

Кеңес төрағасы




2

Кеңес төрағасының орынбасары




3

Кеңес мүшесі




4

Кеңес мүшесі




5

Кеңес мүшесі




...





      Кеңес хатшысы________________ Т.А.Ә.
      Егер кеңес мүшесі «қарсы» дауыс берген жағдайда «түсініктер» деген бағанда қабылдаған шешімінің себебі көрсетілуі тиіс.