Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитетінің "Мемлекеттiк авиациялық орталық" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 сәуірдегі № 538 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитетінің «Мемлекеттiк авиациялық орталық» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыз қатысу үлесімен «Авиациялық оқу орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі - серіктестік) қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
      2. Серіктестік қызметінің негізгі мәні азаматтық және мемлекеттік авиация үшін жеңіл және аса жеңіл әуе кемелерін қолдану саласында авиация персоналын даярлау, қайта даярлау және кәсіптік деңгейін қолдау бойынша білім беру саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) серіктестіктің жарғысын бекітуді;
      2) серіктестіктің Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
      3) жарғылық капиталына мемлекеттің қатысу үлесін Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне иеленуге және пайдалануға беруді;
      4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
      4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің       
2012 жылғы 27 сәуірдегі
№ 538 қаулысымен   
бекітілген      

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
      енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысында (Қазақстан Републикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитетінің қарамағындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті» деген бөлімнің «Әуе көлігі» деген кіші бөлімінде:
      реттік нөмірі 55-жол алынып тасталсын.
      2. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405  қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
      «Астана қаласы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-148-жолмен толықтырылсын:
      «21-148. «Авиациялық оқу орталығы» ЖШС».
      3. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
      көрсетілген қаулыға қосымшада:
      «Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігіне» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 160-26-жолмен толықтырылсын:
      «160-26. «Авиациялық оқу орталығы» ЖШС».
      4. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 қарашадағы № 1232 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 46, 582-құжат):
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
      мынадай мазмұндағы бөліммен толықтырылсын:
      Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер
      1. «Авиациялық оқу орталығы» ЖШС;
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Азаматтық авиация комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
      2-тармақ алынып тасталсын.
      5. «Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 214-құжат):
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген жалпымемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 47-2-жолмен толықтырылсын:
      «47-2. «Авиациялық оқу орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 100%»;
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген жалпымемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі» деген бөлімде:
      реттік нөмірі 269-жол алынып тасталсын.