Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитетінің "Мемлекеттiк авиациялық орталық" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 сәуірдегі № 538 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитетінің «Мемлекеттiк авиациялық орталық» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыз қатысу үлесімен «Авиациялық оқу орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі - серіктестік) қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
      2. Серіктестік қызметінің негізгі мәні азаматтық және мемлекеттік авиация үшін жеңіл және аса жеңіл әуе кемелерін қолдану саласында авиация персоналын даярлау, қайта даярлау және кәсіптік деңгейін қолдау бойынша білім беру саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) серіктестіктің жарғысын бекітуді;
      2) серіктестіктің Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
      3) жарғылық капиталына мемлекеттің қатысу үлесін Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне иеленуге және пайдалануға беруді;
      4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
      4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің       
2012 жылғы 27 сәуірдегі
№ 538 қаулысымен   
бекітілген      

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
      енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
      2. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405  қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
      «Астана қаласы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-148-жолмен толықтырылсын:
      «21-148. «Авиациялық оқу орталығы» ЖШС».
      3. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
      көрсетілген қаулыға қосымшада:
      «Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігіне» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 160-26-жолмен толықтырылсын:
      «160-26. «Авиациялық оқу орталығы» ЖШС».
      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.09.2014 № 995 қаулысымен.
      5. «Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 214-құжат):
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген жалпымемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 47-2-жолмен толықтырылсын:
      «47-2. «Авиациялық оқу орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 100%»;
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген жалпымемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі» деген бөлімде:
      реттік нөмірі 269-жол алынып тасталсын.