Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 20.08.2015 № 649 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
«Ғарыш қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 8-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеу және ғарышкерлікке кандидат, ғарышкер мәртебесін беру қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 20 сәуірдегі
№ 502 қаулысымен
бекітілген
Ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеу және ғарышкерлікке
кандидат, ғарышкер мәртебесін беру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеу және ғарышкерлікке кандидат, ғарышкер мәртебесін беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ғарыш қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленді және ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеуді және ғарышкерлікке кандидат, ғарышкер мәртебесін беруді жүзеге асырудың тәртібін айқындайды.
2. Ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеу тәртібі
2. Ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеуді ғарыш қызметі саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) ағымдағы және перспективалық ұшқыш басқаратын бағдарламалардың қажеттіліктерінен туындайтын ұшқыш басқаратын ғарыш аппараттарының барлық типтерінде ұшуға дайындық үшін жүргізеді.
3. Ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеуді ұйымдастыру және жүргізу үшін уәкілетті орган жанынан арнайы комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады. Комиссия туралы ережені және оның құрамын уәкілетті орган бекітеді. Комиссия ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеуді жүргізу кезеңінде әрекет етеді.
4. Ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеудің мерзімі, басталуы және аяқталуы жөніндегі шешім қабылдауды Комиссия жүзеге асырады.
5. Комиссияның құрамына ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеуге қатысушы кіре алмайды.
6. Ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеуге қатысушыға қойылатын талаптар:
1) ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеуге қатысушы Қазақстан Республикасының жасы 18-ге толған және 40-тан аспаған азаматы болуы тиіс;
2) жоғары білімінің болуы.
7. Ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеуге қатысуға:
1) осы Қағидалардың 6-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін;
2) заңды күшіне енген сот шешімімен іске қабілетсіз немесе іске қабілеті шектелі деп танылған;
3) соттылығы заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алып тасталмаған азаматтар жіберілмейді.
8. Комиссия осы Қағидаларға сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарының баспа басылымдарында, сондай-ақ уәкілетті органның интернет-ресурсында ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеу басталғанға дейін бір ай ішінде ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеу туралы хабарландыру орналастыруды жүзеге асырады.
Ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеуді жүргізу туралы хабарландыру мынадай мәліметтерді қамтуы тиіс:
1) ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеудің жүргізілетін күні мен орны;
2) ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеуге қатысушыларға қойылатын талаптар;
3) ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеуге қатысу үшін құжаттар қабылдаудың басталған және аяқталған күні.
Ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеуге қатысу үшін құжаттар қабылдау ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеу басталған күнінен бастап күнтізбелік он бес күн өткен соң аяқталады.
9. Ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеуге қатысуға тілек білдірген азаматтардан құжаттар қабылдауды, тіркеуді және сақтауды уәкілетті орган жүзеге асырады. Ұсынылатын құжаттар осы Қағидалардың 10-тармағының талаптарына сәйкес келмеген кезде, ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеуге қатысушыдан құжаттарды қабылдаудан бас тартылады және құжаттар пакеті қабылданғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде жазбаша түрде дәлелді жауап беріледі.
10. Қажетті құжаттар тізбесі:
1) уәкілетті орган басшысының атына еркін нысанда жазылған өтініш;
2) осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша толтырылған сауалнама;
3) түйіндеме;
4) еркін нысанда жазылған өмірбаян;
5) жоғарғы білімі туралы құжаттардың нотариалды расталған көшірмелері;
6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;
7) № 086/У нысандағы медициналық анықтама;
8) психикалық ауруларының, нашақорлығының, маскүнемдігі мен уытқұмарлығының болмауы туралы анықтама.
11. Барлық құжаттар болған кезде, сондай-ақ осы Қағидалардың 6 және 7-тармақтарының талаптарына тұлға сәйкес келгенде, Комиссия құжат тапсырушы тұлғаның ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеуге қатысу үшін жіберілгендігі туралы құжаттарды қабылдау аяқталған соң, бес жұмыс күні ішінде шешім қабылдайды. Тұлға осы Қағидалардың 6 және 7-тармақтарының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, Комиссия құжаттарды қабылдаудан шешім қабылдайды және уәкілетті орган тиісті шешім қабылдаған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде осы тұлғаға жазбаша түрде дәлелді жауап жібереді. Ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеуге қатысуға жіберілген тұлғалардың тізімі Комиссия хаттамасымен бекітіледі.
12. Ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеуге қатысуға жіберілген тұлғалардың тізімі бекітілгеннен кейін, Комиссия ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеуге қатысушылар ұсынған құжаттарды зерделейді және күнтізбелік он күн ішінде қатысушылармен әңгімелесу өткізеді.
13. Комиссия қатысушылармен әңгімелесу жүргізген кезде ғарыш қызметі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын білуін тексереді, сондай-ақ қатысушылардың жалпы білім деңгейі мен білгірлігін айқындайды.
14. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы Комиссия мүшелерінің жалпы санының жай көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған кезде Комиссия төрағасы берген дауыс шешуші болып табылады. Комиссия отырысы Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқанда заңды деп саналады.
Комиссия шешімі хаттама түрінде ресімделеді, оған Комиссияның барлық мүшелері мен Комиссия хатшысы қол қояды.
15. Ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеуге қатысушыларды медициналық тексеруді уәкілетті органмен жасалған келісімшарттарға және келісімдерге сәйкес ғарышкерлерді даярлау орталықтары жүргізеді. Комиссия шешіміне негізделген уәкілетті органның жолдамасы оны жүргізу үшін негіздеме болып табылады.
16. Іріктеу рәсімдері аяқталғаннан кейін Комиссия ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеуге қатысушылармен жүргізілген әңгімелесу, медициналық тексеру нәтижелерін талдауды жүзеге асырады және ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеу нәтижелері бойынша қорытындыны қабылдайды.
17. Уәкілетті орган Комиссия ұсынған қорытындыны күнтізбелік 5 күн ішінде қарайды және ғарышкерлікке кандидаттардың тізімін бекіту туралы шешім қабылдайды.
18. Уәкілетті органның ғарышкерлікке іріктелген және ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеу шарттарынан өтпеген кандидаттар бойынша шешімі уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланады.
Ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеуден өткен, ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеуге қатысушыларға күнтізбелік он күн ішінде уәкілетті орган бекіткен ғарышкерлікке кандидаттар тізімімен қоса хат жіберіледі. Ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеуден өтпеген, ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеуге қатысушыларға күнтізбелік он күн ішінде уәкілетті органның шешімінің хаттамасымен қоса дәлелді бас тарту жіберіледі.
3. Қазақстан Республикасының ғарышкерлігіне кандидат
мәртебесін беру тәртібі
19. Қазақстан Республикасының ғарышкерлігіне кандидат мәртебесі уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеуден өткен және ғарышкер біліктілігін алу үшін даярлыққа жіберілген тұлғаларға беріледі.
20. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметіне ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеуден өткен және ғарышкерлер біліктілігін алу үшін даярлыққа жіберілген тұлғалар тізімін уәкілетті орган ғарышкерлікке кандидаттар тізімін бекіткен сәттен бастап бір ай ішінде Қазақстан Республикасының ғарышкерлігіне кандидат мәртебесін беру туралы ұсынысты Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің тиісті жобасымен қоса ұсынады.
21. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының ғарышкерлігіне кандидат мәртебесін беру туралы ұсынысты Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген Қазақстан Республикасы Үкіметінің регламентіне сәйкес қарайды және аталған тұлғаларға Қазақстан Республикасының ғарышкерлігіне кандидат мәртебесін беру туралы шешімді қабылдайды.
22. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасының ғарышкерлігіне кандидат мәртебесін беру туралы шешім қабылдаған сәттен бастап бір ай ішінде ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеуден өткен тиісті тұлғаларға Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті шешімі туралы хабарлайды.
4. Қазақстан Республикасының ғарышкері мәртебесін беру тәртібі
23. Қазақстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасының ғарышкері мәртебесін алу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды:
1) Қазақстан Республикасының ғарышкері мәртебесін беру туралы еркін нысанда жазылған өтінішті;
2) ғарышкердің біліктілігін куәландыратын нотариалды расталған құжаттың көшірмесін ұсынуы қажет.
24. Қазақстан Республикасының ғарышкері мәртебесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен, уәкілетті органның ұсынысы бойынша ғарышкерлерді даярлау орталықтарында жалпы ғарыштық даярлау курстарын аяқтағандығы жөнінде ғарышкер куәлігін алған Қазақстан Республикасының азаматтарына беріледі.
Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы ғарышкерлерінің қажетті санын ағымдағы және перспективалық ұщқыш басқаратын бағдарламалардың қажеттілігі негізінде ұшқыш басқаратын ғарыш аппараттарының барлық типтерінде ұшуға дайындық үшін қарайды және белгілейді.
25. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының азаматынан өтінішті алған сәттен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті шешімінің жобасымен қоса, оған Қазақстан Республикасының ғарышкері мәртебесін беру туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс енгізеді.
26. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген Қазақстан Республикасы Үкіметінің регламентіне сәйкес Қазақстан Республикасының ғарышкері мәртебесін беру туралы ұсынысты қарайды және аталған тұлғаға Қазақстан Республикасының ғарышкері мәртебесін беру туралы шешім қабылдайды.
27. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасының ғарышкері мәртебесін беру туралы шешім қабылдаған сәттен бастап бір ай ішінде аталған тұлғаға Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті шешімі туралы хабарлайды.
Ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеу
және ғарышкерлікке кандидат,
ғарышкер мәртебесін беру
қағидаларына қосымша
ҒАРЫШКЕРЛІККЕ КАНДИДАТТЫҢ САУАЛНАМАСЫ
3x4
фото
1. Тегі, аты, әкесінің аты: _________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
бұрын басқа тегі, аты, әкесінің аты болған жағдайда оларды, оларды
қашан және қайда ауыстырғандығы туралы жазу
2. Туған күні, айы, жылы _________________________________________
3. Жынысы ________________________________________________________
4. Туған жері ____________________________________________________
республика, өлке, облыс, елді мекен
5. Тұрғылықты (тіркелген) жері ____________________________________
индекс, республика, өлке, облыс,
__________________________________________________________________
елді мекен, көше, үй, корпус, пәтер, телефон
6. Азаматтығы ____________________________________ Егер осымен қатар
басқа елдің азаматтығын иемденген болса, қай ел екендігі туралы жазу
___________________________________________________________________
7. Негізгі құжат, жеке куәлігі, Қазақстан Республикасы азаматының паспорты
сериясы _____ нөмірі ___________ «___» ___________ 20___ жылы берілді
___________________________________________________________________
кім бергені көрсетілсін
8. Ғарышкерлер жасағына кіру мақсаты _____________________________
__________________________________________________________________
9. Білімі: _______________________________________________________
10. Жұмыстағы кезеңіңізде (оқудағы, қызметтегі) мемлекеттік
құпияларға жатқызылған аса маңызды немесе аса құпия мәліметтерге
рұқсат ресімделді ме?
__________________________________________________________________
(болса, ұйымның қандай бағытында және қай жылы)
11. Шетелге шығуға кедергі болатын шарттық, келісімшарттық міндеттемелеріңіз бар ма?
__________________________________________________________________
(болса, ұйымның қандай бағытында және қай жылы ресімделген)
12. Әскери қызметке қатысы _______________________________________
13. Жасалған қылмыс үшін сотталдыңыз ба немесе айыпталушы ретінде шақырылдыңыз ба?
14. Сот шешімімен салынған міндеттемелерден жалтарып жүрген жоқсыз
ба? ______________________________________________________________
15. Жақын туыстар туралы мәліметтер.
Тегі, аты, әкесінің аты |
Туған күні, айы,жылы және жері. |
16. Еңбек кітапшасынан соңғы 10 жылдағы еңбек қызметі туралы үзінді
(оқу орындарындағы оқуы мен әскери қызметті қоса):
Айы және жылы |
Толық көрсетілген лауазымы және жұмыс орны |
Кәсіпорын, мекеме, ұйым, әскери бөлімнің орналасқан жері (мекенжайы) |
|
Кіру |
Шығу |
||
ӨТІНІШТЕ ЖАЛҒАН МӘЛІМЕТТЕР ЖАЗҒАНЫМ НЕМЕСЕ ҚОЛДАН ЖАСАНДЫ
ҚҰЖАТТАР ҰСЫНҒАНЫМ ҮШІН ЗАҢНАМАДА БЕЛГІЛЕНГЕН ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ
ТАРТЫЛАТЫНДЫҒЫМ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТІЛДІМ
20 жылғы « » (өтініш берушінің қолы)
________________