«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдар саласындағы қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
2. «Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу үшін арнайы техникалық құралдар саласындағы қызметті лицензиялау ережесін және осы қызмет түрлеріне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 маусымдағы № 528 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 21, 238-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 31 наурыздағы
№ 412 қаулысымен
бекітілген
Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы
техникалық құралдар саласындағы қызметке қойылатын
біліктілік талаптары
1. Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды (бұдан әрі - АТҚ) әзірлеу, ендіру, жөндеу және өткізу жөніндегі қызмет мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
1) АТҚ-ны әзірлеу және өндіру;
2) АТҚ-ны жөндеу және өткізу.
2. АТҚ саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары:
1) жоғарғы техникалық білімі бар маманның;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын құрайтын мәліметтерді пайдалана отырып, мәлімделген қызмет түрі бойынша жұмыс жүргізуге Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары беретін рұқсаттың;
3) осы біліктілік талаптарының қосымшасына сәйкес ең аз техникалық құралдар мен бақылау-өлшеу жабдықтарының;
4) біліктілік сынақтың нәтижелері бойынша жүзеге асырылатын мәлімделген тұлғалардың білім деңгейін бағалаудың болуын қамтиды. АТҚ саласындағы біліктілік сынақтарын тапсыру үшін сұрақтар тізбесін лицензиар белгілейді.
3. АТҚ-ны әзірлеу және өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін мынадай қосымша біліктілік талаптары белгіленеді:
1) арнайы бөлінген өндірістік үй-жайдың (жеке меншік құқығы немесе өзгеше заңды негіз болған кезде);
2) әзірленетін және өндірілген АТҚ-ны сақтау үшін оқшауландырылған үй-жайдың (жеке меншік құқығы немесе өзгеше заңды негіз болған кезде).
Бұл ретте үй-жайлар:
1) терезелері темір тормен;
2) тәуліктік күзет пультіне қосылған күзет және өрттен қорғау сигнализациясы жүйелерімен;
3) екі құлыпты құрылғысы бар мөрленетін темір есіктермен;
4) мөрленетін кемінде бір темір шкафпен жабдықталуы тиіс.
4. АТҚ-ны жөндеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін жеке меншік құқығында немесе өзге заңды негіздегі арнайы бөлінген үй-жайдың болуын қамтитын қосымша біліктілік талап белгіленеді.
Бұл ретте үй-жай;
1) терезелері темір тормен;
2) тәуліктік күзет пультіне қосылған күзет және өрттен қорғау сигнализациясы жүйелерімен;
3) құлыпталатын мөрленетін темір есіктермен;
4) арнайы техникалық құралдарды, және оларға техникалық құжаттамаларды сақтау үшін мөрленетін кемінде бір темір шкафпен жабдықталуы тиіс.
Жедел іздестіру іс-шараларын
жүргізуге арналған арнайы техникалық
құралдар саласындағы қызмет түріне
қойылатын біліктілік талаптарына
қосымша
Техникалық құралдардың және бақылау-өлшеу
жабдықтарының ең аз қажетті
ТІЗБЕСІ
Р/с |
Техникалық құралдардың және бақылау-өлшеу жабдықтарының атауы |
1 |
мультиметр |
2 |
осциллограф |
3 |
вольтметр |
4 |
амперметр |
5 |
жиілік өлшегіш |
6 |
жоғары жиілікті сигналдардың генераторы |
7 |
төменгі жиілікті сигналдардың генераторы |
8 |
ток күші мен кернеуі реттелінетін тұрақты ток көзі |
9 |
реттелінетін айнымалы кернеу көзі (автотрансформатор) |
10 |
өріс индикаторы |
11 |
дәнекерлейтін станция |