Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 наурыздағы № 407 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2012 жылғы 31 наурыздағы
№ 407 қаулысымен     
бекітілген       

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер

      1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж. № 13, 124-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
       «Астана қаласы» деген бөлімде реттік нөмірі 21-133-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «21-133 «ТРМК Координатор» ЖШС».
      2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетіне» деген бөлімде реттік нөмірі 292-2-1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «292-2-1 «ТРМК Координатор» ЖШС».
      3. «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж. № 47, 586-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің қарамағындағы ұйымдарының тізбесінде:
      «Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер» деген бөлімде «Координатор» ЖШС, Астана қаласы» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «ТРМК Координатор» ЖШС, Астана қаласы».
      4. «Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж. № 19, 214-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері (қатысу үлесі) бәсекелі ортаға берілуі тиіс акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі» деген бөлімде реттік нөмірі 11-4-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «11-4. «ТРМК Координатор» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 100%».
      5. «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Координатор» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 қыркүйектегі № 1041 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж. № 53, 757-құжат) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Координатор» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыз қатысу үлесімен «ТРМК Координатор» (бұдан әрі - Серіктестік) жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.