Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 31 наурыздағы
№ 407 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер
1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж. № 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Астана қаласы» деген бөлімде реттік нөмірі 21-133-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«21-133 «ТРМК Координатор» ЖШС».
2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетіне» деген бөлімде реттік нөмірі 292-2-1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«292-2-1 «ТРМК Координатор» ЖШС».
3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.09.2014 № 995 қаулысымен.
4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.
5. «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Координатор» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 қыркүйектегі № 1041 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж. № 53, 757-құжат) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Координатор» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыз қатысу үлесімен «ТРМК Координатор» (бұдан әрі - Серіктестік) жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.