Қазақстан Республикасының "Тұқым шаруашылығы туралы" 2003 жылғы 8 ақпандағы және "2012 – 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" 2011 жылғы 24 қарашадағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің тұқым шаруашылығын қолдауға 2012 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары;
2) жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелерінің аналықтарын отырғызуға берілетін бюджеттік субсидиялардың 2012 жылға арналған нормативтері;
3) ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің элиталық тұқымының 1 тоннасына берілетін бюджеттік субсидиялардың 2012 жылға арналған нормативтері бекітілсін.
2. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 322 қаулысымен бекітілген |
Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің тұқым шаруашылығын қолдауға 2012 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің тұқым шаруашылығын қолдауға 2012 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "2012 – 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қарашадағы Заңында 082 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тұқым шаруашылығын қолдауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер" бюджеттік бағдарламасы бойынша облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттер түрінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне (бұдан әрі – Министрлік) көзделген қаражат есебінен және шегінде өсімдік шаруашылығын дамытудың басым бағыттарын ескере отырып, ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқым шаруашылығын дамытуға арналған қаражатты (бұдан әрі – бюджеттік субсидиялар) пайдалану тәртібін айқындайды.
2. Министрлік облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттерді аударуды бюджеттік бағдарламаны төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына (бұдан әрі – төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспары) және облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері мен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі арасындағы нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімдерге сәйкес жүргізеді.
3. Бюджеттік субсидиялар:
1) бірегей тұқым өндірушілердің жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелерінің аналықтарын отырғызуға және жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелерінің отырғызылған аналықтарының аяқталмаған өндірісіне қызмет көрсетуге жұмсалған шығындарын толық өтеуге;
2) тұқым шаруашылықтарының (бұдан әрі – тұқымшарлар) және тұқым тұтынушыларының жүгері, күнбағыс, күріш, қант қызылшасы, мақта тұқымдарынан басқа нақты сатылып алынған ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің элиталық тұқымы (Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы саласындағы заңнамасына сәйкес республиканың басқа облыстарынан әкелінетін тұқымдарды қоса алғанда) үшін шығындарын ішінара өтеуге. Егер тұқымшар бір уақытта элиталық тұқым шаруашылығы (бұдан әрі – элиттұқымшар) болса және бiрiншi көбейтілген тұқым шығару үшін өзі өндіретін элиталық тұқымды пайдаланса, тұқымшардың шығындарын ішінара өтеу бiрiншi көбейтілген тұқымды өндірудің жоспардағы көлемін қамтамасыз ету үшін элиталық тұқымның ғылыми негізделген қажеттілігін ескере отырып жүргізіледі;
3) отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге сатылған жүгерінің, күнбағыстың, күріштің, қант қызылшасының, мақтаның элиталық тұқымының және жеміс дақылдары мен жүзімнің элиталық көшеттерінің (бұдан әрі – элиталық көшеттер) құнын ішінара арзандатуға арналады. Мақтаның элиталық тұқымының құнын ішінара арзандату кезінде 1 тоннаға субсидиялар мөлшері тұқымды өңдеу технологиясына (механикалық және/немесе химиялық тазарту әдісіне) байланысты белгіленеді.
4. Осы Қағидалардың 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген бюджеттік субсидиялар аттестатталған бірегей тұқым өндірушілерге жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелерінің аналықтарын отырғызу және отырғызылған жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарының аяқталмаған өндірісіне қызмет көрсету жөніндегі нақты орындалған іс-шаралар үшін төленеді.
5. Әрбір бірегей тұқым өндіруші үшін жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарын отырғызу және отырғызылған жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарының аяқталмаған өндірісіне қызмет көрсету алқабын облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ауыл шаруашылығы саласындағы жергілікті атқарушы органдарының (бұдан әрі – облыстың жергілікті атқарушы органы) өтінімдерін ескере отырып, Министрлік көп жылдық екпелер алқабына келетін телітушілерге қажеттіліктің ғылыми негізделген нормаларына сәйкес белгілейді.
6. Осы Қағидалардың 3-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген бюджеттік субсидиялар аттестатталған тұқымшарларға және тұқым тұтынушыларға әрбір облыс, Астана және Алматы қалалары үшін әрбір тұқымның түрі бойынша Министрлік белгілеген квоталар шегінде Қазақстан Республикасында пайдалануға жол берілген сорттардың элиталық тұқымының нақты сатылып алынған көлемі үшін төленеді.
7. Осы Қағидалардың 3-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген бюджеттік субсидиялар аттестатталған элиттұқымшарларға әрбір облыс, Астана және Алматы қалалары үшін әрбір сатқан жүгері, күнбағыс, күріш, қант қызылшасы элиталық тұқымдарының және көшеттің түрі бойынша Министрлік белгілеген квоталар шегінде Қазақстан Республикасында пайдалануға жол берілген сорттардың элиталық тұқымдары мен көшеттерінің арзандатылған бағамен отандық тауар өндірушілерге нақты сатылған көлемі үшін төленеді.
Отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге мақтаның элиталық тұқымының арзандатылған құны бойынша нақты сатылған көлемі үшін бюджеттік субсидиялар аттестатталған элиттұқымшарлар мен тұқым өткізушілерге төленеді.
Элиттұқымшарлар мен тұқым өткізушілер жүгерінің, күнбағыстың, күріштің, қант қызылшасының, мақтаның элиталық тұқымдарын және көшеттерді отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге Министрліктің бұйрығымен белгіленген шекті бағадан аспайтын баға бойынша сатады.
8. Әрбір элиталық тұқымның түрі бойынша әрбір тұқымшарға және тұқым тұтынушыға, жүгерінің, күнбағыстың, күріштің, қант қызылшасының, мақтаның элиталық тұқымдары және көшеттің әрбір түрі бойынша әрбір элиттұқымшар және тұқым өткізушіге квоталарды белгіленген тәртіппен облыстардың жергілікті атқарушы органдары белгілейді.
9. Әрбір тұқымшар және тұқым тұтынушы үшін әрбір элиталық тұқымның түрі бойынша субсидиялар сомасын анықтау үшін әрбір ауданда ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының (бұдан әрі – ауданның жергілікті атқарушы органы) шешімімен құрамына аудан әкімдігінің, ауданның ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімдерінің, Министрліктің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті аумақтық инспекциясының, қоғамдық және ғылыми ұйымдардың қызметкерлері кіретін ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі – ВАК) құрылады.
Ауданның ауыл шаруашылығы бөлімі (бұдан әрі – бөлім) ВАК-тың жұмыс органы болып табылады.
Бөлім тұқымшарлар мен тұқым тұтынушылардан құжаттар қабылдау мерзімін көрсете отырып, 082 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тұқым шаруашылығын қолдауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер" субсидиялау бағдарламасында қатысуға өтінімдерді қабылдану басталғаны туралы хабарламаны, ВАК-тың жұмыс тәртібін облыстардың жергілікті атқарушы органдарының интернет-ресурстарында және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етеді.
10. Квоталардың белгіленген көлемінің орындалу барысын және бюджет қаражатын игерудің уақтылылығын бақылау үшін облыстың жергілікті атқарушы органы Министрлікке ағымдағы жылдың 30 шілдесінен кешіктірмейтін мерзімде нақты жетістіктердің тікелей және түпкілікті нәтижелерін көрсетіп, бірінші жарты жылдықтың қорытындылары бойынша бюджеттік бағдарламаны іске асыру туралы аралық есепті, ал қорытынды есепті келесі қаржы жылының 1 ақпанынан кешіктірмей береді.
Квоталардың белгіленген көлемі орындалмаған жағдайда дақылдар бөлінісінде республиканың облыстары үшін квоталарды қайта бөлуді Министрлік белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
Егер квоталардың белгіленген көлемінің орындалмауы бюджеттік субсидияларды облыстар бойынша қайта бөлуге әкелген жағдайда Министрлік Қазақстан Республикасының Үкіметіне заңнамада белгіленген тәртіппен 2012 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде бюджеттік субсидияларды облыстар бойынша қайта бөлу туралы ұсыныс енгізеді.
11. Элиттұқымшарлар элиталық тұқымдарды (жүгерінің, күнбағыстың, күріштің, қант қызылшасының және мақтаның тұқымынан басқа) отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге нарықтық баға бойынша сатады.
2. Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелерінің аналықтарын отырғызуға және отырғызылған жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарының аяқталмаған өндірісіне қызмет көрсетуге жіберілген шығындарды толық өтеуге арналған бюджеттік субсидияларды пайдалану тәртібі
12. Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелерінің аналықтарын отырғызуға және отырғызылған жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарының аяқталмаған өндірісіне қызмет көрсетуге жұмсалған шығындарды толық өтеу үшін:
1) бірегей тұқым өндірушілер жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелерінің аналықтарын отырғызу және отырғызылған жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарының аяқталмаған өндірісіне қызмет көрсету жөнінде келтірілген шығындар нәтижелері бойынша облыстың жергілікті атқарушы органына жасалған шарттардың және жұмсалған шығындар бойынша төлеу фактісін растайтын барлық құжаттардың, сондай-ақ кіріске алу актілерінің көшірмелерін тапсырады;
2) облыстың жергілікті атқарушы органы он жұмыс күні ішінде жасалған шарттардың және жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелерінің аналықтарын отырғызу және отырғызылған жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарының аяқталмаған өндірісіне қызмет көрсету жөніндегі шығындарды растайтын құжаттардың шынайылығын тексереді және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелерінің аналықтарын отырғызуға және отырғызылған жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарының аяқталмаған өндірісіне қызмет көрсетуге бюджеттік субсидиялар төлеуге арналған ведомость жасайды.
Төлемдер бойынша көрсетілген бюджеттік бағдарламаны жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес тиесілі сомаларды бірегей тұқым өндірушілердің ағымдағы шоттарына аудару үшін облыстың жергілікті атқарушы органы аумақтық қазынашылық бөлімшесіне екі данада ақы төлеу шоттарының тізілімін және ақы төлеу шоттарын береді.
3. Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің нақты сатып алынған элиталық тұқымдары үшін жүгеріден, күнбағыстан, күріштен, қант қызылшасынан, мақтадан басқа, тұқымшарлар мен тұқым тұтынушылардың шығындарын ішінара өтеуге арналған бюджеттік субсидияларды пайдалану тәртібі
13. Нарықтық құн бойынша сатып алынған ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің элиталық тұқымына бюджеттік субсидиялар алу үшін тұқымшарлар және тұқым тұтынушылар ВАК-қа:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімді;
2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы құжаттың көшірмесін (жеке тұлғалар үшін – шаруа қожалығын құруға әкім шешімінің көшірмесін);
3) жер учаскесіне сәйкестендіру құжатының көшірмелерін;
4) Қазақстан Республикасының қорғалатын өсімдіктер сорттарының мемлекеттік тізіліміне енгізілген ауыл шаруашылығы өсімдіктері сорттарының тұқымдарын сатып алған жағдайда – лицензиялық шартты, ол бойынша патент иесі (лицензиар) элиттұқымшарға немесе тұқым тұтынушыға (лицензиатқа) "Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі Заңына сәйкес селекциялық жетістікті уақытша пайдалану құқығын береді;
5) ай сайын 1-күнге қарай элиттұқымшарлар бөлінісінде сатып алынған элиталық тұқымның саны мен сапасы туралы ақпарат;
6) элиталық тұқымдарды сатып алу фактісін растау үшін мынадай мерзімде: жаздық дақылдар бойынша тиісті жылдың 20 маусымына дейін, ал күздік дақылдар бойынша тиісті жылдың 10 қарашасына дейін:
тұқымшар немесе тұқым тұтынушы нақты сатып алған элиталық тұқымдардың көлемі жөніндегі жиынтық тізілімді;
элиталық тұқымдардың сорттық және егу сапасын растайтын құжаттарды (тұқым аттестатының көшірмесін);
тексерілген тұқымның саны мен сапасының стандарттар талаптарына сәйкестігі туралы зертхана анықтамасының көшірмесін;
сатып алынған элиталық тұқымның бастапқы төлем құжаттарының, оның ішінде ішінара өтеуді растайтын, сондай-ақ тиеп-жөнелтуге арналған жүкқұжаттың және шот-фактуралардың көшірмелерін;
элиттұқымшар мен сатып алушылар арасындағы сатылған және сатып алынған элиталық тұқымның саны туралы элиталық тұқымды сатып алу-сату шартын ұсынады.
Бюджеттік субсидияларды төлеу сатып алынған тұқым үшін толық төлем жасаған сатып алушылармен қатар, сатып алынған тұқым үшін тұқымның нарықтық құнының кемінде елу пайызы мөлшерінде ішінара төлем жасаған сатып алушыларға да жүргізіледі.
Бұл ретте тұқымшарлар мен тұқым тұтынушылар қалған сомаға төлем құжаттарының көшірмесін ВАК-ға құнын толық төлегеннен кейін, бірақ бюджеттік субсидияларды алған күнінен бастап 15 күннен кешіктірмей тапсырады.
Құнын толық төлеу шарттары орындалмаған жағдайда тұқымшарлар мен тұқым тұтынушылар алған бюджеттік субсидияларды өз еркімен қайтарады.
Элиталық тұқымды сатып алу-сату шарты төрт данада жасалады: біріншісі – элиттұқымшар үшін, екіншісі – сатып алушы үшін, үшіншісі – ауданның жергілікті атқарушы органы үшін, төртіншісі – облыстың жергілікті атқарушы органы үшін.
14. Тұқымшар бір уақытта элиттұқымшар болған және бiрiншi көбейтілген тұқымды өндіру үшін өзі өндіретін элиталық тұқымды пайдаланған жағдайда тұқымшар элиталық тұқымға бюджеттік субсидиялар алу үшін:
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімді;
2) осы Қағидалардың 13-тармағының 2), 3), 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың тізбесін;
3) ай сайын 1-күніне қарай тұқымшар пайдаланған элиталық тұқымның саны мен сапасы туралы ақпаратты;
4) элиталық тұқымдарды пайдалану фактісін растау үшін мынадай мерзімде: жаздық дақылдар бойынша тиісті жылдың 20 маусымына дейін, ал күздік дақылдар бойынша тиісті жылдың 10 қарашасына дейін:
ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымшар нақты өндірген элиталық тұқымдардың көлемі жөніндегі жиынтық тізілімді;
ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің элиталық тұқымдарын кіріске алу актісін;
ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің элиталық тұқымдары егілген егістіктерді сынақтан өткізу туралы актіні;
егістіктерді сынақтан өткізу туралы екі данадағы есепті;
тексерілген тұқымның саны мен сапасының мемлекеттік стандарттар талаптарына сәйкестігі туралы зертхананың анықтамасын тапсырады.
15. ВАК тапсырылған құжаттарды тексергеннен кейін осы Қағидаларға 4-қосымшаға және/немесе 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әрбір тұқымшарға және тұқым тұтынушыға элиталық тұқымның әрбір түрі бойынша алдын ала квоталарды қалыптастырады және оны ауданның жергілікті атқарушы органына бекітуге жібереді.
Егер тұқымды сатып алуға арналған өтінімнің сомасы бөлінген бюджеттік қаражаттың сомасынан артық болса, онда әрбір элиталық тұқымның түрі бойынша квоталар ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өтінімдерінде көрсетілген егістік көлеміне барабар бөлінеді.
16. Ауданның жергілікті атқарушы органы екі жұмыс күні ішінде әрбір тұқымшарға және/немесе тұқым тұтынушыға элиталық тұқымның әрбір түріне алдын ала жасалған квоталарды бекітеді.
17. Бөлім үш жұмыс күні ішінде облыстың жергілікті атқарушы органына ауданның жергілікті атқарушы органы бекіткен әрбір тұқымшарға және/немесе тұқым тұтынушыға элиталық тұқымның әрбір түріне алдын ала жасалған квоталарды, сондай-ақ жаздық дақылдар бойынша тиісті жылдың 1 шілдесіне дейінгі, ал күздік дақылдар бойынша тиісті жылдың 20 қарашасына дейінгі мерзімде бюджеттік субсидиялар төлеудің негіздемесін растайтын мынадай құжаттарды:
1) тұқымшар және/немесе тұқым тұтынушы нақты сатып алған элиталық тұқымдардың көлемі жөніндегі жиынтық тізілімді;
2) элиттұқымшар мен сатып алушы арасындағы сатылған және сатып алынған элиталық тұқымның саны туралы элиталық тұқымды сатып алу-сату шартын;
3) зертхананың тексерілген тұқымның саны мен сапасының стандарттар талаптарына сәйкестігі туралы анықтамасының көшірмесін тапсырады.
Егер тұқымшар бір уақытта элиттұқымшар болған және бiрiншi көбейтілген тұқымды өндіру үшін өзі өндіретін элитаны пайдаланған жағдайда:
1) ауыл шаруашылығы өсімдіктері элиталық тұқымдарының элиттұқымшар нақты өндірген көлемі жөніндегі жиынтық тізілімді;
2) зертхананың тексерілген тұқымның мөлшері мен сапасының стандарттар талаптарына сәйкестігі туралы тұқым сапасының сараптамасы жөніндегі анықтаманы ұсынады.
18. Облыстың жергілікті атқарушы органы:
1) он бес жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды тексереді, мыналарды жасайды және бекітеді:
әрбір тұқымшарға және тұқым тұтынушыға элиталық тұқымның әрбір түрі бойынша квоталарды;
облыс бойынша нақты сатып алынған элиталық тұқымдардың көлемі жөніндегі жиынтық актіні;
2) облыс бойынша элиталық тұқымдардың нақты сатып алынған көлемі жөнінде бекітілген жиынтық актілер бойынша, онда көрсетілген элиталық тұқымдардың көлемі мен бюджеттік субсидиялардың бекітілген нормативтері негізінде тиесілі бюджет қаражатының көлемін анықтайды. Пайыздық ара қатынаста бюджеттік субсидиялардың нормативтері сатып алынған тұқымның толық құнының 40 %-ын құрауы, бірақ осы қаулымен бекітілген ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің элиталық тұқымының 1 тоннасына 2012 жылға арналған бюджеттік субсидиялар нормативтерінен артық болмауы тиіс;
3) әрбір тұқымшарға және тұқым тұтынушыға белгіленген квоталар шегінде нақты сатып алынған элиталық тұқым үшін тұқымшарлардың және тұқым тұтынушылардың шығындарын ішінара өтеуге бюджеттік субсидияларды төлеу үшін осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жиынтық ведомость жасайды.
19. Тұқымшар бір уақытта элиттұқымшар болған және бiрiншi көбейтілген тұқымды өндіру үшін өзі өндіретін элиталық тұқымды пайдаланған жағдайда облыстың жергілікті атқарушы органы:
1) он бес жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды тексереді, мыналарды жасайды және бекітеді:
әрбір тұқымшарға элиталық тұқымның әрбір түрі бойынша квоталарды;
облыс бойынша нақты сатып алынған элиталық тұқымдардың көлемі жөніндегі жиынтық актіні;
2) облыс бойынша элиталық тұқымдардың нақты өндірілген көлемі жөнінде бекітілген жиынтық актілер бойынша онда көрсетілген элиталық тұқымдардың көлемі мен бюджеттік субсидиялардың бекітілген нормативтері негізінде тиесілі бюджет қаражатының көлемін анықтайды;
3) әрбір тұқымшарға белгіленген квоталар шегінде нақты өндірілген элиталық тұқымдар үшін тұқымшарлардың шығындарын ішінара өтеуге бюджеттік субсидияларды төлеу үшін осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жиынтық ведомость жасайды.
20. Ұсынылып отырған элиталық тұқымдарды сатып алу-сату шартының, тұқымшар немесе тұқым тұтынушы нақты сатып алған элиталық тұқымның көлемі жөніндегі жиынтық тізілімнің, облыс бойынша нақты сатып алынған элиталық тұқымның көлемі жөніндегі жинынтық актінің, химиялық әдіспен тазалау туралы жұмыстың орындалғаны жөніндегі актінің, ауыл шаруашылығы өсімдіктері элиталық тұқымдарының тұқымшар нақты өндірген көлемі туралы тізілімнің, облыс бойынша нақты өндірілген элиталық тұқымдардың көлемі жөніндегі жиынтық актінің нысандарын Министрлік бекітеді.
21. Облыстың жергілікті атқарушы органы төлемдер бойынша көрсетілген бюджеттік бағдарламаны жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес бюджеттік субсидиялар төлеу үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне екі данада ақы төлеу шоттарының тізілімін және ақы төлеу шоттарын береді.
4. Отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге сатылған жүгерінің, күнбағыстың, күріштің, қант қызылшасының және мақтаның элиталық тұқымдары мен элиталық көшеттердің құнын ішінара арзандатуға арналған бюджеттік субсидияларды пайдалану тәртібі
22. Арзандатылған құн бойынша сатылған жүгерінің, күнбағыстың, күріштің, қант қызылшасының және мақтаның элиталық тұқымдары мен көшеттерге (бұдан әрі – элиталық тұқымдар мен көшеттер) бюджеттік субсидиялар алу үшін:
1) Қазақстан Республикасының қорғалатын өсімдіктер сорттарының мемлекеттік тізіліміне енгізілген ауыл шаруашылығы өсімдіктері сорттарының тұқымдары мен көшеттері белгіленген квоталар шегінде сатылған жағдайда, элиттұқымшарлар мен тұқым өткізушілер ауданның жергілікті атқарушы органына лицензиялық шартты береді, ол бойынша патент иесі (лицензиар) элиттұқымшарға немесе тұқым өткізушіге (лицензиатқа) "Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі Заңына сәйкес селекциялық жетістікті уақытша пайдалану құқығын береді;
2) элиттұқымшарлар мен тұқым өткізушілер ай сайын 1-күніне қарай ауданның жергілікті атқарушы органына сатып алушылар бөлінісінде сатылған элиталық тұқымдар мен көшеттердің мөлшері мен сапасы туралы ақпарат береді;
3) элиттұқымшарлар мен тұқым өткізушілер элиталық тұқымдар мен көшеттерді сату фактісін растау үшін тиісті жылдың 20 маусымына дейін ауданның жергілікті атқарушы органына:
элиттұқымшар мен тұқым өткізуші нақты сатқан элиталық тұқымдар мен көшеттердің көлемі жөніндегі жиынтық тізілімді;
элиталық тұқымдар мен көшеттерді өндіруге арналған бастапқы материалдың шығу тегін растайтын құжаттарды (сынақтан өткізу актісі және сынақтан өткізу туралы есепті, ал молықтыру питомниктерінің тұқымдары мен суперэлитаны сатып алған жағдайда – тұқымға арналған аттестаттың көшірмесін) (тұқым өткізушілер - мақтаның элиталық тұқымдарының сорттық және егу сапасын растайтын құжаттарды (тұқым аттестатының көшірмесін));
тексерілген тұқымның (көшеттерді қоспағанда) мөлшері мен сапасының стандарттардың талаптарына сәйкестігі туралы тұқымдардың сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхананың анықтамасын;
сатылған элиталық тұқымдар мен көшеттердің бастапқы төлем құжаттарының, сондай-ақ көшеттерді тиеп жөнелтуге арналған жүкқұжаттың және шот-фактуралардың көшірмелерін;
элиттұқымшар (тұқым өткізуші) мен сатып алушының арасындағы сатылған және сатып алынған элиталық тұқымдар мен көшеттердің көлемі туралы элиталық көшеттерді сатып алу-сату шартын ұсынады.
Элиталық тұқымдар мен көшеттерді сатып алу-сату шарты төрт данада жасалады: біріншісі – элиттұқымшар (тұқым өткізуші) үшін, екіншісі – сатып алушы үшін, үшіншісі – ауданның жергілікті атқарушы органы үшін, төртіншісі – облыстың жергілікті атқарушы органы үшін.
Химиялық әдіспен тазартылған мақтаның тұқымын отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге арзандатылған құны бойынша сатқан элиттұқымшарлар бюджеттік субсидиялар алу үшін қосымша мақта тұқымын химиялық әдіспен өңдеуге арналған шарттардың көшірмелерін және химиялық әдіспен тазарту бойынша орындалған жұмыстардың актісін (тұқым өткізушілер - химиялық әдіспен тазарту бойынша орындалған жұмыстардың актісін) тапсырады;
4) ауданның жергілікті атқарушы органы ұсынылған бастапқы төлем құжаттарының көшірмелерін түпнұсқаларымен салыстырады және өзінің мөрімен куәландырады. Куәландырылған бастапқы төлем құжаттарының көшірмелері, элиталық тұқымдар мен көшеттердің нақты сатылған көлемі жөніндегі жиынтық тізілімнің бір данасы және сатып алу-сату шартының бір данасы ауданның жергілікті атқарушы органында сақтауға тапсырылады;
5) ауданның жергілікті атқарушы органы тиісті жылдың 1 шілдесіне дейінгі мерзімде облыстың жергілікті атқарушы органына мынадай құжаттарды:
элиттұқымшар (тұқым өткізуші) нақты сатқан элиталық тұқымдар мен көшеттер көлемі жөніндегі жиынтық тізілімді;
элиттұқымшар (тұқым өткізуші) мен сатып алушы арасындағы сатылған және сатып алынған элиталық тұқымдар мен көшеттердің саны туралы элиталық тұқымды сатып алу-сату шартын;
тексерілген тұқымның (көшеттерді қоспағанда) мөлшері мен сапасының стандарттар талаптарына сәйкестігі туралы тұқымдардың сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхананың анықтамасын тапсырады;
6) облыстың жергілікті атқарушы органы:
он бес жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды тексереді, облыс бойынша элиталық тұқымдар мен көшеттердің нақты сатылған көлемі жөніндегі жиынтық актіні жасайды және бекітеді;
облыс бойынша элиталық тұқымдар мен көшеттердің нақты сатылған көлемі жөнінде бекітілген жиынтық актілер бойынша, онда көрсетілген элиталық тұқымдар мен көшеттердің көлемі мен бекітілген бюджеттік субсидиялар нормативтері негізінде тиесілі бюджет қаражатының көлемін анықтайды;
әрбір элиттұқымшарға (тұқым өткізушіге) белгіленген квоталар шегінде осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге сатылған элиталық тұқымдар мен көшеттер құнын ішінара арзандатуға бюджеттік субсидиялар төлеуге арналған жиынтық ведомость жасайды;
7) ұсынылып отырған элиталық тұқымдар мен көшеттерді сатып алу-сату шартының, элиттұқымшар (тұқым өткізуші) нақты сатқан элиталық тұқымдар мен көшеттердің көлемі жөніндегі жиынтық тізілімнің, облыс бойынша сатылған элиталық тұқымдар мен көшеттердің көлемі жөніндегі жиынтық актінің нысандарын Министрлік бекітеді.
23. Облыстың жергілікті атқарушы органы төлемдер бойынша көрсетілген бюджеттік бағдарламаны жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес бюджеттік субсидиялар төлеу үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне екі данада ақы төлеу шоттарының тізілімін және ақы төлеу шоттарын береді.
24. Ай сайын 5-күнге қарай, бірақ тиісті жылдың 25 желтоқсанынан кешіктірмей облыстың жергілікті атқарушы органы Министрлікке тұқым шаруашылығын дамытуға бюджеттік субсидиялар төлеуге арналған ведомостардың және жиынтық ведомостардың көшірмелерін, бюджеттік субсидиялардың төленген көлемі туралы есепті ұсынады.
25. Бюджеттік субсидияларды төлеу тиімділік, қол жетімділік, жариялылық және айқындық қағидаттарында жүзеге асырылады.
082 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тұқым шаруашылығын қолдауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер" бюджеттік бағдарламасы бойынша тұқым шаруашылығын қолдауға бөлінген субсидиялар туралы ақпарат осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жылына бір рет, тиісті жылғы 31 желтоқсаннан кешіктірмей облыстардың жергілікті атқарушы органдарының интернет-ресурстарында орналастырылады.
26. Министрлік Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес нәтижелер туралы жасалған келісімдер негізінде төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес төмен тұрған бюджеттерге нысаналы трансферттердің уақтылы аударылмағаны үшін жауапты болады.
27. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшілерінің бірінші басшылары нысаналы трансферттерді нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы жасалған келісімге сәйкес келмейтіндей пайдаланғаны, тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізбегені, алынған нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есепті табыс етпегені үшін жауапты болады.
Қағидаларға 1-қосымша |
Бекітемін
___________ облысы (Астана және Алматы қалалары)
Ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы
_______________________________________
(Т.А.Ә., қолы, мөрі)
20 жылғы " "
20__ жылғы "___" _______ - "___" __________ кезеңінде жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелерінің аналықтарын отырғызуға және отырғызылған жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарының аяқталмаған өндірісіне қызмет көрсетуге бюджеттік субсидиялар төлеуге арналған ведомость
Ауданның атауы | Бірегей тұқым өндірушінің атауы | Дақыл | Іс-шара атауы (отырғызу және/ немесе қызмет көрсету) | Отырғызудың және/немесе қызмет көрсетудің жылдық квотасы | Отырғызудың және/немесе қызмет көрсетудің нақты көлемі, га | ||
га | сомасы, (теңге) | жыл басынан бері | 20__ ж. "__" ____ - "__" ____ кезеңінде | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Жиыны: |
кестенің жалғасы
Отырғызудың және/немесе қызмет көрсетудің 1 гектарына арналған бюджеттік субсидиялар нормативі, теңге | Жыл басынан бері тиесілі бюджеттік субсидия сомасы, теңге | Жыл басынан бері төленгені, теңге | Тиесілі бюджеттік субсидиялар сомасының қалдығы, теңге | 20__ ж. "__" ____ арналған квота шегінде төлеуге жататыны, теңге |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
_________________ облысының
(Астана және Алматы қалаларының)
Ауыл шаруашылығы басқармасы
құрылымдық бөлімшесінің басшысы (Т.А.Ә., қолы)
Қағидаларға 2-қосымша |
__________________ ауданының
(Астана, Алматы және облыстық маңызы
бар қалаларының) ведомствоаралық комиссиясына
Нарықтық құнына сатып алынған
ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің элиталық тұқымдарына бюджеттік субсидиялар алуға
өтінім
1. _______________________________________ негізінде әрекет ететін
(құрылтай құжаты)
____________________________________________________________ атынан
(ауылшарттауарын өндіруші)
бірінші басшы _____________________________________________________
(Т.А.Ә., лауазымы)
осымен __________ тонна мөлшерінде сатып алынған және егіс жұмыстарын жүргізуге пайдаланылған ____________________________________________
(ауыл шаруашылығы дақылы, сорты, көбейтілуі) тұқымын сатып алуға жұмсалған шығындарды ішінара өтеуге бюджеттік субсидия бөлуді сұрайды.
2. Пайдалану мақсатының қысқаша сипаттамасы: _______________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
3. Өтінімге мыналар қоса беріліп отыр:
заңды тұлғаны тіркеу туралы құжаттың көшірмесі (жеке тұлғалар үшін – әкімнің шаруа қожалығын құруға арналған шешімінің көшірмесі);
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер учаскесіне құқық белгілеуші құжаттың көшірмесі;
Қазақстан Республикасының салық төлеушісі куәлігінің көшірмесі;
статистикалық картаның көшірмесі;
шот-фактуралар, төлем құжаттары, тауарлық-көлік жүкқұжаттары және басқа да растайтын құжаттар;
ағымдағы шоттың болуы туралы екінші деңгейдегі банктің анықтамасы.
Тұқымшардың немесе тұқым тұтынушының заңды мекенжайы
және банктік деректемелері: __________________________________
_________________________________________________________________
(Т.А.Ә., қолы, мөрі)
Қағидаларға 3-қосымша |
__________________ ауданының
(Астана, Алматы және облыстық маңызы
бар қалалардың) ведомствоаралық комиссиясына
Бiрiншi көбейтілген тұқым өндіруде өзі өндірген ауыл
шаруашылығы өсімдіктерінің элиталық тұқымдарын пайдаланғаны үшін бюджеттік субсидиялар алуға өтінім
1. _______________________________________ негізінде әрекет ететін
(құрылтай құжаты)
____________________________________________________________ атынан
(ауылшарттауарын өндіруші)
бірінші басшы _____________________________________________________
(Т.А.Ә., лауазымы)
осымен __________ тонна мөлшерінде егіс жұмыстарын жүргізуге пайдаланылған _____________________________________________________
(ауыл шаруашылығы дақылы, сорты, көбейтілуі)
бiрiншi көбейтілген тұқым өндіру үшін өзінің өндірісіндегі элиталық тұқымды пайдаланған элиталық тұқымға субсидия бөлуді сұрайды.
2. Пайдалану мақсатының қысқаша сипаттамасы: _______________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
3. Өтінімге мыналар қоса беріліп отыр:
заңды тұлғаны тіркеу туралы құжаттың көшірмесі (жеке тұлғалар үшін – әкімнің шаруа қожалығын құруға арналған шешімінің көшірмесі);
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер учаскесіне құқық белгілеуші құжаттың көшірмесі;
Қазақстан Республикасының салық төлеушісі куәлігінің көшірмесі;
статистикалық картаның көшірмесі;
ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің элиталық тұқымдарын кіріске алу актісінің көшірмесі;
басқа растайтын құжаттар;
ағымдағы шоттың болуы туралы екінші деңгейдегі банктің анықтамасы.
Тұқымшардың заңды мекенжайы
және банктік деректемелері: __________________________________
_________________________________________________________________
(Т.А.Ә., қолы, мөрі)
Қағидаларға 4-қосымша |
Бекітемін
____________ облысы (Астана және
Алматы қалалары) ________________
ауданының әкімі _________________________
(Т.А.Ә., қолы, мөрі)
20 жылғы " "
Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің элиталық тұқымдарын нарықтық құнымен сатып алғанына бюджеттік субсидиялар алу үшін 2012 жылға әрбір тұқымшарға және тұқым тұтынушыға элиталық тұқымның әрбір түрі бойынша алдын ала квоталар
Р/с № | Тұқымшар немесе тұқым тұтынушының атауы | Субъектінің мәртебесі (тұқымшар немесе тұқым тұтынушы) | Дақыл | Сорт, будан | Көбейту |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Облыс бойынша барлығы |
кестенің жалғасы
Квотаны белгілеуге арналған тұқымшардың немесе тұқым тұтынушының өтінімі | ВАК белгілеген алдын ала квота | |||
тонна | сатып алынған 1 тоннаның нарықтық құны, теңге | тонна | 1 тоннаға субсидия нормативі, теңге | барлық көлемге тиесілі сомма, теңге |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
ВАК төрағасы ______________________
(Т.А.Ә., қолы, мөрі)
ВАК мүшелері ____________________ ____________________
(Т.А.Ә., қолы, мөрі) (Т.А.Ә., қолы, мөрі)
____________________
(Т.А.Ә., қолы, мөрі)
Қағидаларға 5-қосымша |
Бекітемін
____________ облысы (Астана және
Алматы қалалары)
________________ ауданының әкімі
_______________________________
(Т.А.Ә., қолы, мөрі)
20 жылғы ""
Бiрiншi көбейтілген тұқымдарды өндіру кезіндегі өзі өсірген ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің элиталық тұқымдарын пайдаланғанына бюджеттік субсидиялар алу үшін 2012 жылға әрбір тұқымшар элиталық тұқымның әрбір түрі бойынша алдын ала квоталар
Р/с № | Тұқымшар немесе тұқым тұтынушы атауы | Субъектінің мәртебесі (тұқымшар немесе тұқым тұтынушы) | Дақыл | Сорт, будан | Көбейту |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Облыс бойынша барлығы |
кестенің жалғасы
Квотаны белгілеуге арналған тұқымшар өтінімі | ВАК белгіленген алдын ала квота | |||
тонна | сатып алынған 1 тоннаның нарықтық құны, теңге | тонна | 1 тоннаға субсидия нормативі, теңге | барлық көлемге тиесілі сома, теңге |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
ВАК төрағасы _____________________
(Т.А.Ә., қолы, мөрі)
ВАК мүшелері ____________________ ____________________
(Т.А.Ә., қолы, мөрі) (Т.А.Ә., қолы, мөрі)
____________________
(Т.А.Ә., қолы, мөрі)
Қағидаларға 6-қосымша |
Бекітемін
______________ облысы (Астана және
Алматы қалалары)
Ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы
_______________________________________
(Т.А.Ә., қолы, мөрі)
20 жылғы " "
20___ жылғы "___" ______ - "___" __________ кезеңінде тұқымшарлардың және тұқым тұтынушылардың элиталық тұқымдардың нақты сатып алынған шығындарын ішінара өтеуге бюджеттік субсидиялар төлеуге арналған жиынтық ведомость
Ауданның атауы | Тұқымшар немесе тұқым тұтынушы атауы | Субъектінің мәртебесі (тұқымшар немесе тұқым тұтынушы) | Дақыл | Сатып алынған күн | Элиталық тұқымды сатып алудың жылдық квотасы | |
тонна | сомасы, (теңге) | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
ЖИЫНЫ: |
кестенің жалғасы
Бюджеттік субсидиялауға құжаттар тапсырылған элиталық тұқымның нақты сатып алынған көлемі, тонна | Сатып алынған элиталық тұқымдардың 1 тоннасына арналған бюджеттік субсидиялар нормативі, теңге | Жыл басынан бері тиесілі бюджеттік субсидиялар сомасы, теңге | Жыл басынан бері төленгені, теңге | Тиесілі бюджеттік субсидиялар сомасының қалдығы, теңге | 20__ж. "__" ____ арналған квота шегінде төлеуге жататыны, теңге | |
жыл басынан бері | 20__ ж. "__" ____ - "__" ____ кезеңінде | |||||
8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
_________________ облысының
(Астана және Алматы қалаларының)
Ауыл шаруашылығы басқармасы
құрылымдық бөлімшесінің басшысы (Т.А.Ә., қолы)
Қағидаларға 7-қосымша |
Бекітемін
______________ облысы (Астана және
Алматы қалалары) Ауыл шаруашылығы
басқармасының бастығы
_______________________________________
(Т.А.Ә., қолы, мөрі)
20 жылғы " "
20___ жылғы "___" ______ - "___" __________ кезеңінде
өндірілген элиталық тұқымдар үшін тұқымшарлардың шығынын ішінара өтеуге бюджеттік субсидиялар
төлеу үшін жиынтық ведомость
Ауданның атауы | Элиталық тұқым өндірушінің атауы | Дақыл | Көбейту | Элиталық тұқымды өндірудің жылдық квотасы | |
тонна | сомасы, (теңге) | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
ЖИЫНЫ: |
кестенің жалғасы
Бюджеттік субсидиялауға құжаттар тапсырылған элиталық тұқымның нақты көлемі, тонна | Өндірілген элиталық тұқымдардың 1 тоннасына арналған бюджеттік субсидиялар нормативі, теңге | Жыл басынан бері тиесілі бюджеттік субсидиялар сомасы, теңге | Жыл басынан бері төленгені, теңге | Тиесілі бюджеттік субсидиялар сомасының қалдығы, теңге | 20__ж. "__" ____ арналған квота шегінде төлеуге жататыны, теңге | |
жыл басынан бері | 20__ ж. "__" ____ - "__" ____ кезеңінде | |||||
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
_________________ облысының
(Астана және Алматы қалаларының)
Ауыл шаруашылығы басқармасы
құрылымдық бөлімшесінің басшысы (Т.А.Ә., қолы)
Қағидаларға 8-қосымша |
Бекітемін
______________ облысы (Астана және
Алматы қалалары) Ауыл шаруашылығы
басқармасының бастығы
_______________________________________
(Т.А.Ә., қолы, мөрі)
20 жылғы " "
20___ жылғы "__" _________ - "__" ___________ кезеңінде отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге сатылған элиталық тұқымдар мен көшеттер құнын ішінара өтеуге бюджеттік субсидиялар төлеуге арналған жиынтық ведомость
Ауданның атауы | Элиттұқымшардың (тұқым өткізушінің) атауы | Дақыл | Сатылған күні | Элиталық тұқымдар мен көшеттерді сатудың жылдық квотасы | Бюджеттік субсидиялауға құжаттар тапсырылған элиталық тұқымдар мен көшеттердің нақты сатылған көлемі, тонна/дана | ||
тонна (дана) | сомасы, (теңге) | жыл басынан бері | 20__ ж. "__" ____ - "__" ____ кезеңінде | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 4 | 4 | 7 | 8 |
ЖИЫНЫ: |
кестенің жалғасы
Сатылған элиталық тұқымдар мен көшеттердің 1 тоннасына (данасына) арналған бюджеттік субсидиялар нормативі, теңге | Жыл басынан бері тиесілі бюджеттік субсидиялар сомасы, теңге | Жыл басынан бері төленгені, теңге | Тиесілі бюджеттік субсидиялар сомасының қалдығы, теңге | 20__ ж. "__" ____ арналған квота шегінде төлеуге жататыны, теңге |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
_________________ облысының
(Астана және Алматы қалаларының)
Ауыл шаруашылығы басқармасы
құрылымдық бөлімшесінің басшысы (Т.А.Ә., қолы)
Қағидаларға 9-қосымша |
Бекітемін
______________ облысы (Астана және
Алматы қалалары) Ауыл шаруашылығы
басқармасының бастығы
_______________________________________
(Т.А.Ә., қолы, мөрі)
20 жылғы " "
082 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тұқым шаруашылығын қолдауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер" бюджеттік бағдарламасы бойынша тұқым шаруашылығын қолдауға бөлінген субсидиялар туралы ақпарат
Субсидия алушылардың атауы | Субсидиялар берілетін іс-шаралардың атауы | Жыл басынан бері тиесілі бюджеттік субсидиялар сомасы, теңге | Нормативтік құқықтық құжаттың атауы, күні және нөмірі |
1 | 2 | 3 | 4 |
ЖИЫНЫ: |
_________________ облысының
(Астана және Алматы қалаларының)
Ауыл шаруашылығы басқармасы
құрылымдық бөлімшесінің басшысы (Т.А.Ә., қолы)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 322 қаулысымен бекітілген |
Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелерінің аналықтарын отырғызуға берілетін бюджеттік субсидиялардың 2012 жылға арналған нормативтері
Р/с № | Өнімнің түрі, іс-шаралар | 1 гектарға берілетін бюджеттік субсидиялар нормативі, теңге |
1 | Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелерінің аналықтарын отырғызу | 1323723,4 |
2 | Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелерінің отырғызылған аналықтарының аяқталмаған өндірісіне қызмет көрсету | 1126047,2 |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 322 қаулысымен бекітілген |
Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің элиталық тұқымының
1 тоннасына берілетін бюджеттік субсидиялардың
2012 жылға арналған нормативтері
Р/с № | Өнімнің түрі | Элиталық тұқымның 1 тоннасына (данаға) бюджеттік субсидиялар нормативі, теңге (дейін) |
1 | 2 | 3 |
1 | Жұмсақ бидай | 19330 |
2 | Қатты бидай | 20160 |
3 | Қара бидай | 19330 |
4 | Арпа | 15080 |
5 | Сыра дайындауға арналған арпа | 15900 |
6 | Сұлы | 15080 |
7 | Тары | 18400 |
8 | Қарақұмық | 21120 |
9 | Жүгері: кеш пісетін, орташа кеш және орташа пісетін бірінші ұрпағының будандары, бірінші көбейтілген будандық популяциялар; ерте пісетін бірінші ұрпағының будандары, бірінші көбейтілген будандық популяциялар | 130264 94746 |
10 | Күріш | 52007 |
11 | Асбұршақ | 23270 |
12 | Ноқат | 23950 |
13 | Қытайбұршақ | 23870 |
14 | Басқа дәнді бұршақты дақылдар | 17670 |
15 | Күнбағыс: элиталық тұқымдар; бірінші ұрпағының будандары | 249715 221715 |
16 | Рапс | 150000 |
17 | Басқа майлы дақылдар | 100441 |
18 | Картоп | 55519 |
19 | Көкөніс | 1000000 |
20 | Көп жылдық шөптер: бұршақты; дәнді | 309940 223170 |
21 | Біржылдық шөптер | 184430 |
22 | Қант қызылшасы | 2108300 |
23 | Бірінші көбейтуді қоса алғанда, мақта: механикалық әдіспен тазаланған кезде химиялық әдіспен тазаланған кезде | 48151 141611 |
24 | Жеміс дақылдарының көшеттері | 140 |
25 | Жүзім көшеттері | 90 |