«Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 7-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Тұқым шаруашылығының аттестатталған субъектілері үшін субсидиялауға жататын бірегей тұқымдарды өндіруге және элиталық тұқымдарды өткізуге жыл сайын квота белгілеудің қағидалары бекітілсін.
2. «Аттестатталған тұқым шаруашылығы субъектілері үшін субсидиялауға жататын бірегей тұқым өндірудің және элиталық тұқым сатудың жыл сайынғы квоталарын белгілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 24 ақпандағы № 111 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6139 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2012 жылғы 3 мамырдағы № 203-207 (27281) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
______________ Б. Сұлтанов
2016 жылғы 11 қаңтар
«КЕЛІСІЛГЕН» «КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі Ұлттық экономика министрінің
______________ Е. Досаев міндетін атқарушы
2015 жылғы «___» ___________ ____________ М. Құсайынов
2016 жылғы 6 қаңтар
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 30 қарашадағы
№ 4-2/1048 бұйрығымен
бекітілген
Тұқым шаруашылығының аттестатталған субъектілері үшін
субсидиялауға жататын бірегей тұқымдарды өндіруге және элиталық
тұқымдарды өткізуге жыл сайын квота белгілеудің қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Тұқым шаруашылығының аттестатталған субъектілері үшін субсидиялауға жататын бірегей тұқымдарды өндіруге және элиталық тұқымдарды өткізуге жыл сайын квота белгілеудің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 7-2) тармақшасына сәйкес әзірленген және тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялаудың бюджеттік бағдарламасы шеңберінде жергілікті бюджетте тиісті қаржы жылына көзделген қаражат есебінен және шегінде тұқым шаруашылығының аттестатталған субъектілері үшін субсидиялауға жататын бірегей тұқымдарды өндіруге және элиталық тұқымдарды өткізуге жыл сайын квота белгілеу тәртібін айқындайды.
2. Бірегей тұқымдарды өндіруге және элиталық тұқымдарды
өткізуге жыл сайын квота белгілеу тәртібі
2. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы тиісті жылдың 10 қаңтарына дейінгі мерзімде аттестатталған тұқым өндірушілерді қоса алғанда, тиісті облыстың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінен ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің түрлері бойынша өндірілген және өткізілген көлемдерін көрсете отырып, осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті жылы бірегей тұқымдарды өндіруге және элиталық тұқымдарды өткізуге арналған жазбаша өтінімдерді жинауды жүзеге асырады.
3. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы аттестатталған тұқым өндірушілер мәлімдеген өндірілген бірегей және өткізілген элиталық тұқымдардың көлемдерінің, сондай-ақ тұқым тұтынушылар мәлімдеген тұқым сатып алу көлемдерінің негізділігін және әрбір сорт бойынша тұқым шаруашылығы схемасына сәйкестігін тексереді және тиісті жылдың 10 наурызына дейінгі мерзімде облыс бойынша ұйғарылып отырған егіс алаңдарының құрылымына, сорт жаңарту мен сорт алмастырудың ғылыми-негізделген нормаларына, бірегей тұқымдарды өндіруге және элиталық тұқымдарды өткізуге арналған өтінімдерге сүйене отырып, облыстық бюджеттен тиісті жылға бөлінетін қаражат шегінде субсидиялауға жататын әрбір тұқым түрі бойынша квоталарды айқындайды:
1) бірегей тұқымдар бойынша – тұқым шаруашылығы саласындағы аттестатталған әрбір субъект үшін;
2) элиталық тұқымдар бойынша – әрбір әкімшілік-аумақтық бірлік үшін.
Элиталық тұқымдарды өткізу квоталары облыстағы ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру басымдығына (мамандандыру схемасы) және аудандардың жергілікті атқарушы органдарының ұсыныстарына сүйене отырып, бекітіледі.
4. Тиісті жергілікті атқарушы органның ауыл шаруашылығы басқармасы немесе бөлімі тұқым шаруашылығының аттестатталған субъектілері үшін субсидиялауға жататын бірегей тұқымдарды өндіруге және элиталық тұқымдарды өткізуге жыл сайын квоталарды айқындау және бекіту кезіндегі облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органының жұмыс органы болып табылады.
Тұқым шаруашылығының аттестатталған
субъектілері үшін субсидиялауға жататын
бірегей тұқымдарды өндіруге және элиталық
тұқымдарды өткізуге жыл сайын квота
белгілеудің қағидаларына
қосымша
Нысан
Бірегей тұқымдарды өндіруге және элиталық тұқымдарды өткізуге
арналған өтінім
___________________________________________________________ негізінде
(құрылтай құжаты)
әрекет ететін ________________________________________________ атынан
(шаруашылықтың атауы)
басшысы _____________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)
20____ жылы мынадай тұқымдарды өндіру және өткізу (қажеттісінің астын
сызу) туралы мәлімдейді:
№ |
Дақыл |
Сорт, будан |
Тонна/дана |
Ескертпе |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
Басшы ___________ ______________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))
Мөрдің орны
20__жылғы «___» ____________