«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 20 қаңтардағы № 226 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Туризм индустриясы комитеті;
2) «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің аумақтық департаменті – «Бурабай» арнайы экономикалық аймағының әкімшілігі» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Туризм индустриясы комитетінің аумақтық департаменті – «Бурабай» арнайы экономикалық аймағының әкімшілігі» мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.
2. «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінiң кейбiр мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 47, 586-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
6-тармақ мынадай мазмұндағы 8-3) тармақшамен толықтырылсын:
«8-3) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Туризм индустриясы комитетінің аумақтық бөлімшелері - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі;»;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі туралы ережеде:
1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) – индустрия және елді индустриялық-инновациялық, ғылыми-техникалық дамыту, тау-кен металлургиялық кешен, машина жасау, химия, фармацевтика және медицина, жеңіл, ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсібі, құрылыс индустриясы және құрылыс материалдары өндірісі, инвестицияларды мемлекеттік қолдау, салалық бағыттылығына сәйкес машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі және химия өнімінің қауіпсіздігі; арнайы экономикалық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі және оларды тарату, экспорттық бақылау; техникалық реттеу және өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету; электр энергетикасы; көмірсутегі шикізатын қоспағанда, минералдық ресурстар; мемлекеттік геологиялық зерделеу, минералдық-шикізат базасын ұдайы өндіру, жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану, жер қойнауын пайдалануды қатты пайдалы қазбалар, жер асты сулары мен емдік балшық бөлігінде мемлекеттік басқару; көмір өнеркәсібі; атом энергиясын пайдалану, жаңартылған энергия көздерін пайдалануды қолдау, энергия үнемдеу, туристік қызмет саласында басшылық етуді, сондай-ақ оның құзыретіне жатқызылған қызмет саласында салааралық үйлестіруді (бұдан әрі – реттелетін салалар) жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.
Министрліктің мынадай ведомстволары бар: Инвестиция комитеті, Туризм индустриясы комитеті, Өнеркәсіп комитеті, Техникалық реттеу және метрология комитеті, Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті, Атом энергиясы комитеті, Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті.»;
12-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) индустрия және елді индустриялық-инновациялық, ғылыми-техникалық дамыту, тау-кен металлургиялық кешен, машина жасау, химия, фармацевтика және медицина, жеңіл, ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсібі, құрылыс индустриясы және құрылыс материалдары өндірісі, инвестицияларды мемлекеттік қолдау, салалық бағыттылығына сәйкес машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі және химия өнімінің қауіпсіздігі, арнайы экономикалық аймақтарды құру және олардың жұмыс істеуі, экспорттық бақылау, техникалық реттеу және өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету, электр энергетикасы, қатты пайдалы қазбалар, жер асты сулары және емдік балшық бөлігінде жер қойнауын пайдалану, көмір өнеркәсібі, мемлекеттік геологиялық зерделеу, минералдық-шикізат базасын ұдайы өндіру, жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану, жер қойнауын пайдалануды қатты пайдалы қазбалар, жер асты сулары мен емдік балшық бөлігінде мемлекеттік басқару, атом энергиясын пайдалану, жаңартылған энергия көздерін пайдалануды қолдау, энергия үнемдеу, туристік қызмет саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;»;
13-тармақта:
мынадай мазмұндағы 339-1), 339-2), 339-3), 339-4), 339-5), 339-6), 339-7), 339-8), 339-9), 339-10), 339-11), 339-12), 339-13), 339-14), 339-15), 339-16), 339-17), 339-18), 339-19) және 339-20) тармақшаларымен толықтырылсын:
«339-1) Қазақстан Республикасында туристік саланы дамыту бағдарламасын әзірлейді;
339-2) туристік салаға инвестициялар тарту жөніндегі бірыңғай саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;
339-3) туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты, туризм мен туристік индустрияны дамытудың стратегиясын, мемлекеттік, салалық (секторлық) бағдарламаларын іске асырады;
339-4) туристік қызмет саласындағы заңнаманы қолдану практикасын қорытып жинақтайды және оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
339-5) туристік қызмет саласындағы салааралық және өңіраралық үйлестіруді, оның ішінде облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімдіктерінің туризмді дамыту бағдарламалары мен жоспарларын үйлестіруді, туристік қызмет саласындағы меншік нысандарына қарамастан, отандық, шетелдік және халықаралық туристік, қоғамдық және басқа да ұйымдар мен туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалармен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асырады;
339-6) соттарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап-арыздар береді;
339-7) Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
339-8) өз құзыреті шегінде туристік қызмет саласындағы халықаралық шарттарды әзірлейді, жасасады және орындайды, сондай-ақ халықаралық ұйымдарда және халықаралық іс-шараларда мемлекеттің туризм саласындағы мүдделерін білдіреді және олардың жұмысына қатысады;
339-9) туристерді орналастыру орындарын жіктеу ережелерін бекітеді;
339-10) туристік қызмет саласындағы мамандарды қайта даярлау және біліктілігін арттыру ережелерін бекітеді;
339-11) туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың мемлекеттік тізілімін және туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және жүргізу ережелерін бекітеді;
339-12) туристік қызмет саласындағы стандарттау аясындағы қызметті реттейді;
339-13) Қазақстан мен оның туристік мүмкіндіктері туралы ақпаратты халықаралық туристік нарықта және мемлекет ішінде, оның ішінде туристік қызмет саласындағы республикалық және халықаралық көрмелер мен жәрмеңкелер өткізу жолымен таратады;
339-14) туризм мен туристік индустрияны дамытудың стратегиялық бағыттарын кешендік талдауды, болжауды жүзеге асырады және туристік саланы дамытудың жай-күйіне мониторинг жүргізеді;
339-15) туристік нарықты зерттеуге, туристік қызмет саласындағы баспа, жарнамалық және картографиялық өнімге мемлекеттік тапсырысты орналастырады;
339-16) туристік саланы дамытуға үлес қосқан тұлғаларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттауға және құрметті атақтарын беруге ұсынады;
339-17) Туризм жөніндегі кеңестің дербес құрамын және ол туралы ережені әзірлейді және бекітуге ұсынады;
339-18) туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды және туристердi уақытша болатын елдегi (жердегi) ықтимал қауiптер туралы хабардар етедi;
339-19) мүдделi министрлiктермен және басқа да атқарушы органдармен бiрлесiп, туристердi қорғау және олардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бағдарламасын әзiрлеп, оның орындалуын ұйымдастырады;
339-20) «Туроператордың және турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген туроператордың және турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу жөніндегі мiндетін туроператордың және турагенттің орындауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;»;»
осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Туризм индустриясы комитетінің аумақтық бөлімшелері - мемлекеттік мекемелерінің тізбесімен толықтырылсын.
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі осы қаулыны іске асыру үшін қажетті шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2012 жылғы 11 наурыздағы
№ 312 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2004 жылғы 26 қарашадағы
№ 1237 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Туризм индустриясы комитетінің аумақтық бөлімшелері - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Туризм индустриясы комитетінің аумақтық департаменті – «Бурабай» арнайы экономикалық аймағының әкімшілігі»